Табиғи суларды тазартудың технологиялық сұлбалары

Суды тазартудың механикалық сұлбасы деген технологиялық процестермен имараттардың үйлестіруімен өзара орналастыруы.

Технологияқ сұлбаларды мынадай түрлерге жіктеуге болады:

1. Реагентсіз;

2. Реагентті;

3. Мөлдірету;

Технологиялық процестер саны мен сатылар саны бойынша:

1. Арынды;

2. Арынсыз;

Реагентті технологиялық сұлбаларды оған жататын гидроциклондармен окустикалық және баяу циклонмен тазалау. Көбінесе шағын су тұтынылады, бастапқы су түстілігі 50 градусқа дейін.

Реагентсіз сұлбаларды өнеркәсіптік орындарын сумен жабдықтауға, суды жартылай мөлдіретуге қолдануға болады. Ол үшін тұндыру дөрекі түйірлі сүзгіде тазартулуы қажет.

Суды реагенттік өңдегенде тазарту процесі тез қарқынмен және нәтижелі өтеді.

Мысалы: қалқыма заттардың көбін тұндыру үшін реагенттерді қолдансақ 2-4 сағат, ал реагентсіз сұлбада бірнеше тәулік керек.

Ал реагентпен 5-12 сағат, ал реагентсіз 0,1-0,3 сағат жылдамдықпен өтеді.

Мөлдірету нәтижесіне байланысты технологиялық сұлбалар суды толық не терең мөлдіретуге және толық емес мөлдіретуге арналған сұлбалар болып бөлінеді.

Толық мөлдірету - ауыз суда, ал толық емес – өндірісте пайдаланылады.

Технолгиялық процестер сатылар саны бойынша технолгиялық сұлбалар 1,2 және көп сатылы болып бөлінеді.

Өңделетін қозғалыс өзгешелігіне байланысты технологиялық сұлбалар: өзбетімен ағатын (арынды, арынсыз).

Табиғи суларды тазартудың технологиялық сұлбалары - student2.ru

Сурет. Су тазарту станциясының технологиялық имараттарының биіктік сұлбасы

a) Тік тұндырғыштары және жедел сүзгілерімен;

б) Мөлдіреткіштер және сүзгілермен;

в) Түйіспелі мөлдіреткіштермен;

1-Бірінші көтергіш сорғы станциясы; 2- жапалақ пайда болатын камер; 3-реагент қоймасы; 4-судың иісі мен дәмі; 5-коагулянт 6-араластырғыш; 7-тұндырғыш; 8-тұнба тығыздағыштан суды әкететін құбыр; 9-хлоратор; 10-жедел сүзгі; 11-таза су резервуары; 12-екінші көтергіш сорғы станциясы; 13-қалқыма-тұнбалы мөлдіреткіш; 15-озонатор;

ТАЗАРТУ СТАНЦИЯСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ҒИМАРАТТАРЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ

Араластырғыш

Суға қосатын реагенттер жөнді әсер ету үшін оларды сумен тез және толық араластыру керек. Бұл процесті арнайы араластыру қондырғыларында жүргізеді. Бұл қондырғылардың баптау және тазалауға арналған судың бәрі өту керек. Реагенттің ерітіндісі дозатор арқылы араластырғыштың алдындағы су жіберетінқұбырға, әйтпесе қондырғының бас жағына енгізіледі.

Реагенттің ерітіндісімен судың араласуының себебі болуы араластырғышта қатты құйын сияқты судың қозғалысын пайда болуы немесе әртүрлі болғауышпен механикалық араластыру жолы.

Біздің су тазарту станцияларды көбінесе қолданатын бірінші принципке негізделген қондырғылар. Араластыру қондырғылар ішінде ең кең тараған қалқалы тесікті тік құйын тәрізді және бұлғауыш бар қондырғылар.

Арынның жойылуын ең алдымен әр тарылуда анықтап содан кейін бәрін қосады:

Табиғи суларды тазартудың технологиялық сұлбалары - student2.ru , м (1)

мұндағы, vт – тарылуда судың қозғалыс жылдамдығы, м/с

Ал суды әк сүтімен өңдейтін станцияларда қалқалы және тесікті араластыру қондырғыларын пайдалануға болмайды, өйткені олардағы судың жылдамдығы әктің бөлшектерін қалқыма түрінде ұстап тұруға қамтамасыз ете алмайды, сол себептен ол бөлшектер жақсылап араласпай қалқалардың алдында шөгіп қалады.

Біздің жағдайымызда ең жарамдысы тік құйын тәрізді араластырғыштар болып келеді. Себебі, суды әк сүтімен өңдейтін станцияда тесікті және қалқалы араластырғышты пайдалануға болмайды. Өйткені, олардағы судың жылдамдығы әк бөлшектерін қалқыма түрінде ұстап тұруды қамтамасыз ете алмайды. Сол себепті әктің бөлшетері жақсылап араласпай шөгіп қала береді.

Тік араластырғыштарда әктің, бөлшектері толық еріп сумен жақсы араласады. Планда тік араластырғыштар дөңгелек немесе квадратты, ал төменгі жағы конус немесепирамида тәрізді болады. (Сурет 2). Төмен жақтағы көлбеген қабырғалардың арасындағы бұрышты 30-40° -қа тең етіп қабылдайды. Суды құбыр арқылы араластырғыштың төменгі жеріне жылдамдығы 1-1,2 м/с-ке тең етіп енгізіледі.

Араластырғыштың диаметрін судың өрлеп келе жатқан қозғалысының жылдамдығы арқылы анықтайды. Бұл жылдамдық су жинайтын науаның деңгейінде 25-29 мм/с-ке тең. Бұл қондырғылар суағынның турбулент қозғалыс принципіне тіркелген. Турбулент қозғалысы пайда болатын себебі араластырғыштың тірідей көлденеңқимасыныңүлкеюі және оған байланысты судың қозғалысжылдамдығының да өзгеруі.

Коагулянтпен араласқан суды қондырғының жоғары жағында орналасқан сұйық жапқан тесіктері бар айналмалы науамен жинап әрі қарай әкетеді. Бұл науаның мөлшерлерін ондағы судың қозғалыс жылдамдығы арқылы анықтайды. Бұл жылдамдық 0,6м/с-тен артық болмауы керек.

Тік араластырғыштағы судың болу ұзақтығы коагулянтпен баптағанда 1,5-2 мин. тең болады, ал әкпен әсер еткенде 3 мин-ке тең болады.

Табиғи суларды тазартудың технологиялық сұлбалары - student2.ru

Наши рекомендации