Растыру жұмыстарын қауіпсіздік өндіру бойынша шарттар
Түсініктемеде және жобаның графикалық бөлімінде құрылыс құрастыру жұмыстарын қауіпсіз тәсілдермен өндіру бойынша мәселелер зерттеліп, шешілуі тиіс.
ҚМЕІІІ-4-80-ге сәйкес құрастыру пландарында және үлгілерінде құралымдардың барлық элементтерін құрастыру зоналарының тектері анықталып және белгілену керек, құрастыру процесінде құралымдар элементтерінің тұрақтылығы және құрастырушылар мен пісірушілердің биікте қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шарттар беріледі, құралымдарды стропылау және ілмектен босату тәсілдері көрсетіледі, биікке кісілер көтеру, қоршаулар, сақтық жазулар, плакаттар орнататын белгілер белгіленеді, құрылыс алаңында өрт қауіпсіздігін қаматамасыз ететін жүйелер анықталады.
Құрылыс – монтаж ұйымдарының міндеттеріне мыналар жатады:
Құрылыс қуаттары мен объектілерін салу және пайдалануға беру жөніндегі тапсырмаларды дер уақытында (нормативтік мерзімдерде) және сапалы орындау;
А)арнаулы құрылыс және монтаж жұмыстары кешенін орындау;
Ә)құрылыс өндірісі технологиясының тиімділігін ұдайы арттыру;
Б)құрылыс өндірісін ұйымдастыруды жетілдіру;
Еңбекті ұйымдастырудың ілгерілемелі нысандары мен әлеуметтік саланы дамыту, тұрақты және оңтайлы еңбек ұжымдарын құру.
Мамандандырылған ұйымдар негізінен біртекті жұмыстардың кешенін – электротехникалық санитарлық-техникалық, жүк және жолаушылар лифтілерін монтаждау, техникалық жабдықтарды монтаждау және т.б. жұмыстарды орындайды. Маманданудың кең қанат жаюы жағдайында, сондай-ақ жалпы құрылыс жұмыстарының кейбір түрлерінде (жер, әрлеу жұмыстары, жұмсақ жабын салу, аумақты көркейту және т.б.) мамандандырылған ұйымдар орындайды.
Сондай-ақ әлеумет-мәдени-тұрмыс, өнеркәсіп, көлік, тұрғынүй құрылысы және т.б. салалар бойынша мамандандырылған ұйымдар да бір-бірінен ерекшеленеді.
Шарттық қатынастардың сипатына қарай құрылыс ұйымдары бас мердігерлік және субмердігерлік болып бөлінеді.
Мамандандырылған және монтаждық (санитарлық-техникалық құрылғы, электротехникалық, технологиялық жабдықты монтаждау, болат, темірбетон құрастырмалары мен телерадио мұнараларын монтаждау және т.б.) ұйымдар, әдетте, субмердігерлік болып табылады.
Бас мердігерлер мен субмердігерлердің арасындағы өзара қарым-қатынас субмердігерлік шарттармен реттеледі. Субмердігерлік жұмыстардың шартына өндіріс жұмыстары технологиясының кестесі, технологиялық және электр-монтаж жабдықтарын монтаждап берудің мерзімдері және т.б. қоса беріледі. Бұдан басқа сметалық құн, жұмыстардың физикалық көлемі және сондай-ақ арнаулы жұмыстарға бағаның босатылуына, кабельдік-сымдық өнімнің, жабдықтың құнының өсуіне, монтаждаушылардың еңбекақыларының өсуіне және т.б. байланысты шығыстардың орнын толтыру айқындалады.
Қала үлгісіндегі құрылыс ұйымдары құрылыс-монтаж жұмыстарынан әртүрлі министрліктер мен ведомстволар (тапсырыс берушілер) үшін, әдетте, қала шекарасының шегінде (ішінде) орындайды.
Мамандандырылған ұйымдар (трестер) республиканың әртүрлі аймақтарында (облыстарында) орналасқан бағыныстағы ұйымдардың жұмыстарына басшылық етеді. Мұндай ұйымдар (трестер) негізінен «Монтажспецстрой» акционерлік холдинг компаниясының қарамағында болады.
Құрылыс ұйымдарының жүйесін аумақтық орналастыру перспективалық тұрғыдан қарастырылуы және өндіріс күштерін орналастыру, сондай-ақ құрылыс индустриясын дамыту сызбасына сәйкес келуі тиіс.
Басқару құрылыстарының үлгілері бойынша құрылыс ұйымдары функционалдық, желілік және құрамдылық болып бөлінеді.
Функционалдық басқаруды қаржы, өндірістік-техникалық жоспарлау және т.б. басқармаларының мамандандырылған органдары жүргізеді. Бұл жүйеде бағыныстылық басқармалардың функциялары бойынша қатаң түрде жүзеге асырылады. Басқарудың желілік құрылымында бір жоғарыда тұрған және бірнеше төменде тұған құрылымдық бөлімшелер болады. Құрамды құрылым дегеніміз – бұл басқарудың әрбір буынында өзінің мамандандырылған басқару органы бар желілік құрылым. Құрылыс өндірісін ұйымдастыру және басқару негізінен құрамды жүйе арқылы жүзеге асырылады.
Жобалау-құрылыс бірлестігі (ЖҚБ), әдеттегідей, бас мердігерлік ұйым болып табылады және өзінің өндірістік-шаруашылық қызметін бірыңғай құрылыс балансында жүзеге асырады: жергілікті табиғи-климаттық жағдайларды және т.б. ескеріп ғимараттар мен құрылыстардың үлгілік жеке жобалары бойынша жобалау жүргізіледі; құрылыс нормалары мен ережелерінің және заң актілерінің өзгерісін және т.б. ескеріп ғимараттар мен құрылыстардың үлгілік жобаларына түзетулер енгізеді; бұйымдар мен құрастырмалар шығару саласында құрастырмалық шешімдердің элементтері, жинақтау, тасымалдау, құрылыс салу, бригадалық және тікелей мердігерлікті ұйымдастыру бойынша жинастырудың барлық сатыларының байланысын қамтамасыз етеді; коммерциялық құрылыс салушылармен (тапсырыс берушілермен), жобалау ұйымдары, сәулет-жоспарлау басқармалары, аудандар, қалалар мен облыстардың әкімдерімен өзара іс-қимыл жасайды.