Зертханалық жұмыс. Тема: Динамикалық жүктеу жағдайында дән шикізатының қауыздалу коэффициентін анықтау.
Тема: Динамикалық жүктеу жағдайында дән шикізатының қауыздалу коэффициентін анықтау.
Жұмыстың мақсаты:Арпа және сұлының қауыздау коэффициентін анықтау.
Жалпы мәліметтер.Қауыздау үдерісіне екі негізгі талаптар қойылады: яғни біріншісі дәннен қабықты толығымен алуды қамтамасыз ету; екіншісі ядроның бүтіндігінің максималды сақталуын қамтамасыз ету, яғни ұншық пен жармашықтың минималды түзілуін қамтамасыз ету
Дәнің қауыздалу үдерісінің тиімділігін бағалау үшін машина жұмысының белгілі деңгейін қамтамасыз ету, сондай –ақ әртүрлі конструкциялардың сипаттамасын қамтамасыз ету қажет.
Қауыздау тиімділгі екі: сандық және сапалық көрсеткіштермен бағаланады.
Биоқұрамажем өндіру кезінде сандық көрсеткіштер қолданылады, ол қауыздау коэффициенті болып табылады (%)
(4.1)
мұндағы: Н1 – машинаға келіп үсетін, өнімдегі қауыздалмаған дәннің мөлшері, %; H2 — машинадан шығатын өнімдегі қауыздалмаған дәннің мөлшері, %.
Динамикалық жүктеу жағдайында арпа мен сұлы дәндерінің қауыздалуын зерттеу үшін УИД -1 соққылау –жаншу әсеріндегі эксперименталды қондырғысы қолданылады.
4 –ші суретте қондырғының кинематикалық схемасы көрсетілген. Ол ішкі беті тегіс болып келетін қозғалмайтын цилиндрлік корпустан, радиалды орнатылған пластиналық бичтері бар бичтік ротордан тұрады. Ротордың айналысы электрқозғалтқыштан клиноременді беріліс арқылы жүзеге асырылады.
Өңделетін өнімді жүктеу және түсіру үшін қабылдау және шығарушы қондырғылары қарастырылған. Ротордың айналу жиілігі жұмысшы органның білігіне шкивтерді ауыстыру жолымен реттелінеді. Дәнді қауыздауда, зерттелінетін материалдың беріктік шегінен жоғарыламайтын динамикалық жүктеу жағдайында жүзеге асырылады.
Қондырғы келесі түрде жұмыс жасайды; алдын ала дайындалған астық массасы қондырғының жоғарғы бөлігінде орналасқан қондырғының қабылдағышы 1 арқылы түседі. Цилиндрдің жұмыс аумағында дәндер айналмалы бичтермен ұсталынады және оларды ішкі жұмысшы бетіне тастайды.
Көпреттік соққылардың нәтижесінде, яғни дәннің жұмыс бетіне қарқынды үйкеліп, зерттелінетін материалда қауыздалу жүреді. Өңдеу уақытының аяғында өнім машинадан шығарылып, қауыздалған өнімдер сүрыпталуға бағытталады.
4 -сурет – Дәннің жоғарғы бетін өңдеуге арналған кинематикалық қондырғының схемасы
Экспериментальді қондырғынң теникалық сипаттамасы:
1. Өнімділігі– 40 кг/сағ.
2. Ротордың айналу жиілігі – 720 айн/мин.
3. Цилиндрдің ішкі диаметрі – 0,5 м.
4. Бичтер саны – 2 дана.
5. АОЛ 211-4 типті электрқозғалтқыштың қуаты – 1,2 квт.
6. Салмағы – 70 кг.
Тапсырма.(4.1) формуласы бойынша берілген уақыт аралығында, зерттелінетін өнімнің қауыздалу коэффициентін анықтау. Алынған нәтижелерді кестеге ененгізу
.
Бақылау сұрақтары :
1. Қандай мақсатта дәндік шикізаттарға қауыздау жүргізіледі?
2. Дәнді қауыздау коэффициенті қандай формуламен анықталады?
3. Дәнді қауыздауға арналған қондырға неден тұрады?
4. Дәнді қауыздауға арналған қондырғы қалай жұмыс істейді?
Дебиеттер
1. Егоров Г.А., Мельников Е.М., Максимчук Б.М. Технология муки, крупы и комбикормов. М, Колос, 1984.
2. Егоров Г.А. и др. Практикум по технологии мукомольного, крупяного и комбикормого производства. М, Колос, 1974.