Біліктілік жұмыстың орындалуын бағалайтын бақылау парағы
Біліктілік жұмыстың орындалуын бағалайтын бақылау парағы
Емтихан тапсырушының аты-жөні______________________________
Тапсырма №1 | Далалық әдіспен пен топырақтың механикалық құрамын анықтау. |
Білімді, білікті, үйрену түрлерін бақылау. | Топырақтың үлгісін алуды білу. Топырақты түрлі көлемдегі елегіштен өткізіуді үйрену. Топырақтан әр түрлі жіпше жасауды дағдылау. |
Орындау уақыты | 45минут |
Тапсырманы орындау бағаларының алғы шарттары | Топырақтың фракциясын,тобын,түрін және түсін нақтылау. Ауылшарушылығында егісті дұрыс орналастыру |
Тапсырманы орындау технологиясы | Топырақ салмағының үлгісі 0,5-1,5 кг , алынған терендігі (0-20 см ), құрғақ күйге келгенше қағаз бетіне кішкентай қалындықпен себіледі. Құрғаған топырақты електен өткізеді (ситаның диаметрі 20-25 см).Елек белгіленген бір ретпен қойылады да , жоғарғы жағынан қақпағы жабылады.1-2 минут аралығында електен өткізіледі. Сосын әр електегі топырақты ыдысқа салып алады, аздап су құйған сон араластырады,сөйтіп жіпше жасап ,оны созылуына қарай топарақтың түрлерін анықтайды. |
Керекті жабдықтар тізбесі | Түрлі көлемдегі топырақ електері, ыдыс , тақтайша.. Кесте : «топырақтын негізгі механикалық құрамы далалық әдіс арқылы анықтау» |
Оқу материалы | Әр түрлі топырақ үлгісі және су |
Біліктілік: 1504000 «Фермер шаруашылығы»
Біліктілік жұмыстың орындалуын бағалайтын бақылау парағы
Емтихан тапсырушының аты-жөні______________________________
Тапсырма № 2 | Көптеп таралған арамшөптерді гербарий арқылы оқып білу және сипаттама беру. |
Білімді, білікті, үйрену түрлерін бақылау. | Арамшөптердің түрін және биологиялық ерекшеліктерін,зияндылығын білу.Тұқым және гербарий топтарын және құрамын анықтауды үйрену.Оларға қарсы күрес шараларын жоспарлауды жасау |
Орындау уақыты | 45 минут |
Тапсырманы орындау бағаларының алғы шарттары | Көптеп таралған арамшөптердің түрлерін оқып білу және егіске тигізетін зияндылығын анықтау |
Тапсырманы орындау технологиясы | Гербарий арқылы арамшөптердің биологиялық тобын,түрлерін, олардың жіктелу әдістеріне анықтама беру және әр қайсысын сипаттау а) қысқа мерзімді ( эфемерлілер, жаздық, ерте мерзімді және кеш мерзімді, қысқы мерзімді , ұзақ мерзімді, екі жылдық) б)көпжылдық арамшөптер қанқалық тамырлар , жартылай қанқалық тамырлар , шашақ тамырлар, сорғыш тамырлар. ауыспалы тамырлар,өткізгіш тамырлар. в) паразитті арамшөптер ( тамыр паразиті , жартылай паразиттер) |
Керекті жабдықтар тізбесі | Оқу құралдары, таратылатын материалдар, лупа Классификация бойынша арамшөптердін кестесі. |
Оқу материалы | Тірі арамшөптер өсімдігі, гербарий және тұқымдары |
Біліктілік: 1504000 «Фермер шаруашылығы»
Біліктілік жұмыстың орындалуын бағалайтын бақылау парағы
Емтихан тапсырушының аты-жөні______________________________
Тапсырма № 3 | Жаздық дақылдар үшін топырақ өңдеу жүйесін құру |
Білімді, білікті, үйрену түрлерін бақылау. | Топырақ өңдеудің әдістері мен жүйесін білу. Өңделген топырақтың сапасын анықтауды үйрену |
Орындау уақыты | 45 минут |
Тапсырманы орындау бағаларының алғы шарттары | Топырақ және ауа рай жағдайларын ескере отырып жаздық дақылдар үшін топырақ өңдеу сапасын ,әдісін құру |
Тапсырманы орындау технологиясы | Топырақ өңдеу жүйесін және ауыл шаруашылық құрамын анықтау.Топыраққа қойылатын агротехникалық талаптарды оқу. Топырақ өңдейтін машиналар мен құралдарды білу және реттеу,белгілі мөлшерге қою. |
Керекті жабдықтар тізбесі | Технологиялық карта,оқу құралы,анықтамалар |
Оқу материалы | Машиналар мен құралдар макеті, соқа ,тырма,қопсытқыш |
Біліктілік: 1504000 «Фермер шаруашылығы»
Біліктілік жұмыстың орындалуын бағалайтын бақылау парағы
Емтихан тапсырушының аты-жөні______________________________
Тапсырма №4 | Минеральды тыңайтқыштарды анықтау |
Білімді, білікті, үйрену түрлерін бақылау. | Тыңайтқыштардың химиялық және негізгі бөлігін меңгеру тыңайтқыштардың құрамын және қасиетін білу.Қарапайым әдіспен тыңайтқыштарды ажырата білу |
Орындау уақыты | 45минут |
Тапсырманы орындау бағаларының алғы шарттары | Тыңайтқыштарды қарпапайым әдіспен анықтау |
Тапсырманы орындау технологиясы | 1. Фосфор тыңайтқышын және азот ерітіндісін анықтау . Әр тыңайтқышты байқап көру,оны проба құрылғысына салып,үстіне дистильденген су құады,саусақпен басып тұрып бірнеше рет шайқайды.Егер тыңайтқышы суда тез ерісе таза болып шығады,көрінбейтін ерітінді,егер әлсіз ерітілсе онда бұлыңғыр суспензия немесе ластанған ерітінді пайда болады. |
Керекті жабдықтар тізбесі | Колба, пробирка,индикатор, пипетка, фильтрлі қағас |
Оқу материалы | Минералды тыңайтқыштар түрлері , су |
Біліктілік: 1504000 «Фермер шаруашылығы»