Дәріс. Технологиялық есептеу әдістері

Технологиялық есептеу әдістеріне мыналар жатады:

- жинақталуға тиісті қалыбтардың барлық түрлерінің саны;

- басу формаларының саны;

- ойыңқы басу түріндегі форма цилиндрлерінің саны;

Терілімнің еңбексыйымдылығын есептеу шарттары: операциялардың аталуы; есеп бірлігі; есеп бірлігінің саны; есеп бірлігінің уақыт нормасы; енбексыйымдылығы. Есептеуінің үшінші шартты құрастырғанда жеке операцияларда алынған есеп бірлігіндегі көлемі (мысалы диапозитивтерде, электрондық бетте көрсетіледі), ал төртінші шартта – бір есеп бірлігіне кететін уақыт нормасы (сағатта) көрсетіледі. Бұл норманы істеп тұрған кәсіпорынның анықтамасынан алады. Машина-сағаттағы операция еңбексыйымдылығы (бесінші шарт) мына өрнекпен анықталады:

Т = Q × N, (4.1)

Мұндағы Q - есеп бірлігінің саны;

N – есеп бірлігіне кететін уақыт нормасы.

Жұмыс көлемін есептеу кезінде тұпнұсқаның, сурет қалыбтардың, электрондық бейнелердің өлшемдеріне көңіл бөлу керек.

Кітаптық (вклейкалар, мұкабалар және т.б.) өнімдердің қалыбтарың даярлау процестері бойынша жүктемесің есептеу кезінде, біріншіден ұғу керек, басу қалыбында қанша суреттер орналасқаның (жеке операцияда көлемі есеп бірлігінде мын.см), уақыт нормасы (сағатта) бір есеп бірлігіне.

Қалыбтау бөлмелердегі машина саның есептеу

Негізгі жабдықты және бақылау-өлшеу аппаратураны таңдау, оның өнімділігіне, технологиялық операцияларды орындау сапасына, автоматтандырудың дәрежесіне, ыңғайлы жұмыс істеуге сәйкес таңдалады.

Жабдықтың санын есептеу шарттары: үрдістің аталуы, қолдану жабдықтардың маркасы, ауысым саны, жүктемесі, жабдықтың есептелген саны. Жабдықтың санын келесі теңдеумен есептеуге болады:

М = Q / N1 × n × Кн.о., (4.2)

Мұндағы М – жабдықтар саны;

Q – жылдық жүктеме бірлікте;

N1 – машинаның жұмыс уақыттың жылдық фонды;

n – жабдықтың ауысым саны;

Кн.о. – машинаның сағаттық өндіру нормасы.

Жобаланған жабдықтар мен технологиялық атқару әдістерінің тиімділігі, талапқа сай болуы, шығарылатын өнімнің жылдық мөлшерінің әр кезеңінде дайындалатын көлемін, былайша айтқанда, масштабын анықтайтын технологиялық есептеулермен нақтылы дәлелденуі керек. Жұмыс ауқымының өндірістік үрдістің әр кезеңдегі мөлшері цехтардың өндірістік қуатын тиімді сәйкестендіреді және технологиялық үрдістердің операциялар жүктемесін есептеуде нақтылы дәйектер саналады.

Теру және қалыб жасауы өндірісінің жылдық өнімі әр позицияда физикалық терілім табақ өлшемінде мына формулалар бойынша анықталады:

Тт = А×V×в, (4.3)

мұндағы:

Тт – жылдық физикалық табақ саны;

А – басылымдардың атау саны;

V – физикалық басу табақ өлшемінде берілген басылымның орташа көлемі;

в – басылымның мерзімділігі;

Теру процесінің жүктемесін есептеу үшін өнімнің келтірілген шартты терілім табақ өлшемінде алынғаны ыңғайлы:

Тшар.т = Тт × Кемк (4.4)

Мұндағы:

Тшар.т – терілім өндірісінің шартты терілім табақ өлшемінде алынған өнімі;

Кемк – сыйымдылық коэффициенті, ол берілген физикалық терілім табақ өлшемінің шартты терілім табаққа қатынасы.

Басу қалыбтағы мәтін және бейне суреттердің % - тік (пайыздық) ара-салмағы басылымның техникалық көрсеткіштерінің маңыздыларының бірі саналады. Бұл көрсеткіштің көмегімен терілім табақтардың мәтіндік және бейнелік элементердің санын есептейді:

Тт м(бт) = Тт × а / 100, (4.5)

мұндағы:

Ттм(бт) – тек мәтінмен не бейнелерден құралған терілім табақтардың саны;

Тт – тапсырма бойынша есептелген жалпы терілім табақтар саны;

а – терілім табақ көлеміндегі мәтіннің немесе бейненің % (пайыздық) мөлшері.

Бұл дәйектер басу қалыбтарын жасайтын цехтың технологиялық процестеріндегі әр операцияның жүктемесін есептеу үшін қажет.

Берілген басылымды жасауға арналған басу өнімін мына формуламен есептеуге болады:

Ттаңба = V×Т×А×в = Т т × Т (4.6)

мұндағы:

Ттаңба – физикалық басу табақ өлшеміндегі басу өнімі (мың);

Тт – тапсырма бойынша есептелген жалпы терілім табақтар саны;

Т - басылымның мың дана бірлігінде берілген орташа таралымы.

Басу өндірісінің жұмыс көлемін басылымдардың бояулылығын ескере отырып есептегенде кағаздың бір жағына ғана басылатын бояу табақ өлшемінде алынады.

Т бояу г.= Ттаңба × Кор (4.7)

мұндағы:

Кор – басылымның орташа бояулылығы. Ол басылымның әр басу табағының бояулылығын есепке ала отырып табылған орташаландырылған көрсеткіш.

Полиграфия кәсіпорындарының қуаты, басу цехтарының өнім көлемі шартты (келтірілген) басу табақ өлшемінде есептеледі

Т ш.т = Ттаңба × К2 (4.8)

мұндағы:

К2 - келтіру коэффициенті.

Ол қағаз басылым табағының 60 × 90 см өлшеміндегі табаққа қатынасы.

Негізгі: 3[40-44];

Қосымша: 12[24-52]

Наши рекомендации