Практикалық жұмыс. Қошқар жасау үшін қажетті заттар
Қошқар жасау үшін қажетті заттар. Қошқар суретін қатырмақағаз бетіне көшір.
Сызық бойымен екі бөлік қиып ал.
Екі бөлігін бір-бііне беттестіріп желімде. Аяғының басын қайырып бүкте.
Дайындалған пішін бетіне желім жағып, оның үстіне мақта талшығын жабыстыр. Қошқардың көзі мен аузын қаламмен белгілеп шық.
Сөзжұмбақ шешу.1.Бойы 1 метр, 1 жылдық, жылы аймақта өседі. 2.Іс тіккен кезде саусаққа киетін темір қалпақ. 3.Қағаз, матаны қиғанға пайдаланатын құрал. 4.Үлгіні жылжытпайтын құрал. 5.Қыздарға арналған зергерлік бұйым.
м | а | т | а | |||||
о | й | м | а | қ | ||||
қ | а | й | ш | ы | ||||
т | ү | й | р | е | у | І | ш | |
а | л | қ | а |
III.Сабақты қорытындылау: сабақ соңында оқушылар орындаған жұмыстарын үлгіге қарап салыстырады. Жұмыс сапасын тексеру.
IV.Үйге тапсырма: 71 бет. Оқу. Қошақан пішінін жасау.
Бағалау:
Тексерілді:
Күні: 26.01.15 пәні: еңбекке баулу сынып: 2«Ә»
Сабақтың тақырыбы: Матаны қайда тоқиды?
Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға мата туралы түсінік беру. Дамытушылық: шығармашылық қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: тұрмыстық бұйымдарды ұқыппен пайдалана білуге баулу.
Сабақтың көрнекілігі және қажетті материалдар: мата түрлері, қайшы, мақта, т.б.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
ü Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
Үй тапсырмасын тексеру
- Қошақаннан басқа қандай төлдерді білесің?
- Қошақан жасау үшін қандай материалдар қолдандың?
Жаңа сабақ:
Мата (лат. textile — мата, материя) — химиялық талшықтар мен жіптерденжасалған. Химиялық талшықтар мен жіптер табиғи синтетикалық жоғары молекулярлық қосылыстарды химиялық өңдеу нәтижесінде алынады. Бастапқы шикізатқа байланысты химиялық талшықтар, жіптерді жасанды және синтетикалық деп бөлінеді.
Жасанды талшықтар мен жіптерді табиғи жоғары молекулярлық қосылыстардан(әдетте шыршадан алынатын целлюлозадан)жасайды. Оларға вискозды, мысты аммиак талшықтар мен жіптер, ацетатты(негізінен триацетапты)жіптер жатады. Мұнайды, газ бен көмірді қайта өңдеу арқылы алынатын синтетикалық полимерден талшықтар мен жіптер жасалады.
III.Сабақты қорытындылау: Сабақ соңында оқушылар орындаған жұмыстарын үлгіге қарап салыстыру.
Жұмыс сапасын тексеру.
Табиғи маталар неден алынады?
Киімдерді қандай матадан тігеді?
Жүнді неден алады?
Жібек матаны қайдан алады?
IV.Үйге тапсырма:
73 бет. Әртүрлі мата қалдықтарынан жинақтама дайында.
Бағалау:
Тексерілді:
Күні: 30.01.15 пәні: еңбекке баулу сынып: 2«Ә»
Сабақтың тақырыбы: Жіптің түрлері
Сабақтың мақсаты: Білімділік: жіп түрлерімен, оның дайындалу барысымен таныстыру және жіпті жинақтап пішін құрастыра білуге үйрету. Дамытушылық: шығармашылық, ойлау қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: ұқыптылыққа, тазалыққа баулу. Сабақтың көрнекілігі және қажетті материалдар: жіптің түрлері. Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:
ü Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
Үй тапсырмасын тексеру
- Табиғи маталар неден алынады?
Киімдерді қандай матадан тігеді? Мысалдар келтір.
II.Жаңа сабақ:Жіпті талшықтардан дайындайды. Талшықтан жіпті иіру арқылы алады.
Талшықтар жіп иіретін фабрикаға бума күйінде әкелінеді. Олар ұйпалақтанған, шатасқан, қоқыстар араласқан түрде келеді. Талшықтарды арнайы машиналармен тазалайды және тарайды. Олардың талшықтарын бір бағытта жазып қояды. Содан кейін оларды ұзын бойына бірдей бөліктерге бөледі. Бөліктерді созу, иіру арқылы жіп алады.
Жіптің түрлері:
ü Тігін жіптері
ü Кесте жіптері
ü Мата тоқыға арналған жіптер
ü Тоқыма жіптер.
Жіптен шашақбау түю
Шашақбау жасау үшін алдымен қатырмақағаз дайындаймыз. Қатырмақағаздың өлшемі дайындалатын шашақбаудың көлеміне байланысты болады.
Шашақбау жасаудың реті:
1.Дайындалған қатырмақағазға жіпті керегінше ора. Толық орап болған соң, жоғарғы жиегін иненің көмегімен мықтап байла. Сонда жіп тарқатылмайды.
2.Жіптің қатырма қағазға оралған төменгі жиегін қайшымен қиып, жіпті босатып ал.
3.Шашақталған жіптің жоғарғы тұсынан сәл төмен мықтап орап байла. Іліп қоюға қажетті жіп ұшын қалдыр. 4.Төменгі ұштарын қайшымен тегістеп қи.
III.Сабақты қорытындылау: сабақ соңында оқушылар орындаған жұмыстарын үлгіге қарап салыстыру. Жұмыс сапасын тексеру.
-Жіпті неден дайындайды?
-Жіптің қандай түрлері бар?
-Жіпті қайда пайдаланады?
IV.Үйге тапсырма: Жіптен шашақбау түйіп үйрен.
Бағалау:
Тексерілді:
Күні: 2.02.15 пәні: еңбекке баулу сынып: 2«Ә»
Сабақтың тақырыбы: Шөже жасау
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға жіп туралы мағлұмат бере отырып, жіптен шөже жасап үйрету. Дамытушылық: шығармашлық, ойлау қабілеттерін дамыту.Тәрбиелік: ұқыптылыққа, тазалыққа, сауаттылыққа баулу.
Сабақтың көрнекілігі және қажетті материалдар: жіп, қайшы, қатырмақағаз.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
Үй тапсырмасын тексеру
- Жіпті неден дайындайды?
-Жіптің қандай түрлері бар?
-Жіпті қайда пайдаланады?
Жаңа сабақ:
Жұмыстың орындалу реті: 1.Қатырмақағаздан диамерті 5см болатын екі дөңгелек дайында. Олардың ортасынан диаметрі 2см болатын дөңгелекті ойып, қиып ал.
2.Екі дөңгелекті беттерсіріп, жіп орауға дайында. 3.Дөңгелектің ортасындағы ойық толғанша жіпті тығыздап ора. 4.Екі қатырмақағаздың арасын ашу үшін жіптерді дөңгелек жиегінен айналдыра қи. 5.Қабатталған дөңгелек қатырмақағаз арасын аш. Топтасқан жіптің тең ортасынан қосымша жіппен байла. 6.Әрбір қатырмақағазды қайшымен қиып, жіп топтамасынан босатып ал. Дөңгелек шашақ пайда болды. Осындай шашақтың сары жіппен көлемі кішірек тағы біреуін жаса. 7.Шөженің қанаты мен айдарын, құйрығын, көзін, тұммсығын қағаздан қиып алып, желіммен жабыстыр.
Сабақты қорытындылау:Сабақ соңында оқушылар орындаған жұмыстарын үлгіге қарап салыстыру. Жұмыс сапасын тексеру. Шашақты не үшін қолданады? Дөңгелек шашақтан шөжеден басқа тағы не жасауға болады?
Үйге тапсырма: 78 бет Шөже жасау.
Бағалау:
Тексерілді:
Күні: 6.02.15 пәні: еңбекке баулу сынып: 2«Ә»
Сабақтың тақырыбы: Өрнекті жіптер торламасы
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларды тігін ісіне қажетті құрал-жабдықтардың атауымен, қызметімен, құрылысымен таныстыру.Дамытушылық: оқушылардың шығармашылық қиялын, шеберліктерін арттыру, еңбекке деген қызығушылығын дамыту.Тәрбиелік: оқушыларды өзіне деген сенімділікке, өз бетінше жұмыс орындауға, батылдыққа, шыдамдылыққа, дәлділікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі және қажетті материалдар: жіп, ине, біз, қайшы, циркуль, сызғыш.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
Үй тапсырмасын тексеру
- Жіптің қандай түрлерін білесің?
- Шөжені қалайжасайды?
Жаңа сабақ:
Өрнекті жіптер торламасы – сәндік-қолданбалы өнердің тамаша бір түрі. Жіппен торлай отырып, сәндік бейнелеу тәсілін ағылшын тоқымашылары ойлап тапты. Олар тақтай бетіне кішкентай шегелерді ретімен қағып, оған жіптерді орау арқылы белгілі бір бейнені, өрнекті шығарды. Ол бұйымдарды үйді сәндеу, безендіру үшін қолданды.
Қауіпсіздік ережесін еске түсіру.
Жұмысты орнының тәртібі мен жеке тазалықты сақтау. Арнаулы жұмыс киімін кию. Жұмыс орнында тазалық сақтау. Жұмысорнында артық заттардың болмауы. Құрал-жабдықтарды тиісті орынға қою. Құралды керекті орнына ғана пайдалану. Жұмыс соңында жұмыс орнын жинастыру. Инені, түйреуіштерді түгендеу. Жұмыстан кейін құрал-жабдықтарды мұғалімге тапсыру. Жұмыс соңында қолды сабындап жуу, киімді щеткамен тазалау.
Практикалы жұмыс.
Жіптер торламасы өнерін меңгеру оңай және әрбір адамға қолжетімді. Оны игеру үшін екі тәсілді меңгерсе болғаны, олар: бұрышты толтыру және дөңгелекті толтыру.
Бұрышты толтыру әдісі: 1.Қатырмақағаздың теріс бетіне бұрыш сызып, әр қабырғасын теңдей 12 бөлікке бөл. 2.Бұрыш сызығының екі ұшін «О» әрпімен, басқа нүктелерді цифрмен белгіле. «О» - дан басқа нүктелерді бізбен тес. 3.Инені сабақтап, көрсетілген үлгі бойынша бұрышты толтыр. Бұрыш торланды.
Дөңгелектің ішін толтыру тәсілі: 4.Қатырмақағазға радиусы 50см болатын дөңгелек сыз. 5.Дөңгелекті теңдей 12 бөлікке бөліп, нүктелердіңбарлығын бізбен тес. 6.Инені сабақтап, көрсетілген үлгі бойынша дөңгелек ішін толтыр. Дөңгелек жіппен торланды.
Сабақты қорытындылау: сабақ соңында оқушылар орындаған жұмыстарын үлгіге қарап салыстыру. Жұмыс сапасын тексеру. Бейнелі жіп дегеніміз не? Жіппен бенелеуде қандай реттілікті сақтау керек?
Үйге тапсырма: 80 бет. Жіппен бұрышты, дөңгелекті толтыр.
Бағалау:
Тексерілді:
Күні: 9.02.15 пәні: еңбекке баулу сынып: 2«Ә» Сабақтың тақырыбы: Түйме қадауды үйренеміз
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларды түйменің түрлерімен, түйме қадау тәсілімен таныстыру. Дамытушылық: Шығармашылық, ойлау қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тазалыққа, сауаттылыққа баулу.
Сабақтың көрнекілігі және қажетті материалдар: жіп, қайшы, әртүрлі түймелер, мата.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
Үй тапсырмасын тексеру
- Жіппен бейнелеуде қандай реттілік сақтау керек?
- Жіптің қандай түрлерін білесің?
-Түйме дегеніміз не?
II.Жаңа сабақ:
Түйме киімнің жеке бөліктерін құрастыру үшін қадалады. Мысалы, киімнің өңірін, жағасын, жеңін, шалбар мен белдемшенің белдігін түйме арқылы бекітеді. Түймені сонымен қатар киімге сән беру үшін де тағады. Оларды матаның түсіне сәйкес таңдап алады. Түйменің жазық және құлақшалы түрлерңі бар. Жазық түйменің екі немесе төрт тесігі болады. Жазық түймені түйменің түсіне, ал құлақшалы түймені негізгі матаның түсіне сәйкес жіппен қадайды.
Алдымен екі тесігі бар түйме мен құлақшалы түймені қадап үйренеміз.
Екі қабатталған жіпті матаға бекіт.
Түймені бір-екі іліп қада.
Жіп ботау үшін болу үшін, жіптің астына сіріңкенің шиін салып, жіппен ілуді жалғастыр.
Сіріңкенің шиін алып, жіпті түйменің астынан бірнеше рет айналдырып ора.
Түйме қадалды.
III.Сабақты қорытындылау: сабақ соңында оқушылар орындаған жұмыстарын үлгіге қарап салыстыру. Жұмыс сапасын тексеру.
Түймелер қандай болады?
Олардың бір-бірінен айырмашылығы қандай?
Түймені қадауға қажетті жіптің түсін қалай таңдайсың?
IV.Үйге тапсырма:
Жазық және құлақша түймелерді қада. (82 бет)
Бағалау:
Тексерілді:
Күні: 13.02.15 пәні: еңбекке баулу сынып: 2«Ә» Сабақтың тақырыбы: Дөңгелек пішінді ойыншықтар
Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға дөңгелек пішінді ойыншықтар жасап үйрету. Дамытушылық: шығармашылық, ойлау қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: ұқыптылыққа, тазалыққа, сауаттылыққа баулу.
Сабақтың көрнекілігі және қажетті материалдар: жіп, қайшы, әртүрлі түймелер, мата.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
Үй тапсырмасын тексеру
Түймелер қандай болады?
Олардың бір-бірінен айырмашылығы қандай?
Түймені қадауға қажетті жіптің түсін қалай таңдайсың?
II.Жаңа сабақ:
Матадан орындалған қабырғаға іліп қоятын сыйлықтық қоян мен қонжықты жасап үйренеміз.
Жұмыстың орындалу реті:
Негізгі бөлшегін және құлағын 2 данадан, басқа бөлшектерін 1 данадан дайында. Мұрны мен көзі үшін түйме таңдап ал.
Екі дана негізгі бөлшектің ортасына қатты қағаз салып, шеттерін торлап тігіп біріктір.
Қонжықтың бейнесін негізгі бөлшектің бетіне желімде.
Сыйлықтың ілетін бауын тік.
III.Сабақты қорытындылау: Сабақ соңында оқушылар орындаған жұмыстарын үлгіге қарап салыстыру. Жұмыс сапасын тексеру. Қандай тігіс түрін қолдандың? Жөрмеп тігу және торлап тігу. Сыйлық қандай бөлшектерден тұрады? Оны қандай бөлмеге іліп қоюға болады?
IV.Үйге тапсырма:
Сыйлықтық бұйымдар тігіп үйрен.(84 бет)
Бағалау:
Тексерілді:
Күні: 16.02.15 пәні: еңбекке баулу сынып: 2«Ә» Сабақтың тақырыбы: Дөңгелек пішінді ойыншықтар
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға дөңгелек пішінді ойыншықтар жасап үйрету. Дамытушылық: Шығармашылық, ойлау қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тазалыққа, сауаттылыққа баулу.
Сабақтың көрнекілігі және қажетті материалдар: жіп, қайшы, әртүрлі түймелер, мата.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
Үй тапсырмасын тексеру
Түймелер қандай болады?
Олардың бір-бірінен айырмашылығы қандай?
Түймені қадауға қажетті жіптің түсін қалай таңдайсың?
II.Жаңа сабақ:Матадан орындалған қабырғаға іліп қоятын сыйлықтық қоян мен қонжықты жасап үйренеміз. Жұмыстың орындалу реті: -Негізгі бөлшегін және құлағын 2 данадан, басқа бөлшектерін 1 данадан дайында. Мұрны мен көзі үшін түйме таңдап ал. -Екі дана негізгі бөлшектің ортасына қатты қағаз салып, шеттерін торлап тігіп біріктір. -Қонжықтың бейнесін негізгі бөлшектің бетіне желімде. Сыйлықтың ілетін бауын тік.
III.Сабақты қорытындылау:
Сабақ соңында оқушылар орындаған жұмыстарын үлгіге қарап салыстыру. Жұмыс сапасын тексеру.
Қандай тігіс түрін қолдандың? Жөрмеп тігу және торлап тігу. Сыйлық қандай бөлшектерден тұрады? Оны қандай бөлмеге іліп қоюға болады?
IV.Үйге тапсырма:
Сыйлықтық бұйымдар тігіп үйрен.
Бағалау:
Оқушылардың жұмыстарынан көрме ұйымдастырып, бағалау.
Тексерілді:
Пән мұғалімі: Талдыбаева Ә
Күні: 20.02.16 пәні: еңбекке баулу сынып: 2«Ж»
Сабақтың тақырыбы: Ою-өрнек туралы түсінік
Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға ою-өрнек туралы мағлұмат беру.Дамытушылық: шығармашылық, ойлау қабілеттерін дамыту.Тәрбиелік: ұқыптылыққа, тазалыққа, сауаттылыққа баулу.
Сабақтың көрнекілігі және қажетті материалдар: қайшы, түрлі-түсті қағаз, қарындаш, т.б.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
Үй тапсырмасын тексеру Қандай тігіс түрін қолдандың?
Жөрмеп тігу және торлап тігу.
Сыйлық қандай бөлшектерден тұрады?
Оны қандай бөлмеге іліп қоюға болады?
II.Жаңа сабақ:
«Ою-өрнек» сөзі – латынның «орнамент» деген сөзінің баламасы. «Орнамент» сөзі – «сәндеу» немесе «әсемдеу» деген ұғымды білдіреді. «Ою» сөзі, біріншіден, ағаш немесе темір материалдарын ойып, затты көркемдеу дегенді білдірсе, екіншіден, материалды ою немесе ою үлгісін дайындау деген де ұғым білдіреді. Ал «өрнек» сөзі – бірнеше көркемдеп сызылған сызықтар жиынтығынан құралған әсемдік сызба.
Ою-өрнек – бұл сызба. Халық ерте заманнан ою-өрнекті дамытып келеді. Ою-өрнек түрлері көп. Ол – көркем қолөнердің бір саласы.
Халық шеберлері ою-өрнекті өсімдік, құс, жануарлар, ғарыштық денелер бейнесіне ұқсатып құрастыра білген. Ою-өрнекті тұрмыстық мүліктер мен бұйымдарды безендіруге қолданған.
Ою-өрнек түрлері:
1.Қошқармүйіз
2.Қосмүйіз
3.Қыңырмүйіз
4.Құс қанаты
5.Айша бибі
6.Қазмойын
7.Ботамойын.
«Қошқармүйіз» өрнегі - қазақ оюының негізгі және ең көнесі. Бұл ою үй жиһаздары, тұрмыстық заттар, киім-кешек, ат әбзелдеріне салынады. «Қошқармүйіз» оюын қию
Төрт бөліктен құралған «қошқармүйіз» оюын қиып үйренейік.
Ол үшін өлшемі 10х10 см шаршы пішінді қағаз аламыз. Өлшемін өз қалауыңша алуыңа да болады.
Жұмыстың орындалу реті:
Қағазды алдымен 4 қабаттап бүкте.
Төртке бүктелген қағаздың бетіне ою белгісін сыз.
Белгі бойымен қиып алынған оюыңды жазып, тегісте.
Төрт бөліктен тұратын «Қошқармүйіз» оюы шығады.
III.Сабақты қорытындылау:Сабақ соңында оқушылар орындаған жұмыстарын үлгіге қарап салыстыру. Жұмыс сапасын тексеру.
Оюды неге «Қошқармүйіз» деп атаған?
IV.Үйге тапсырма:
Ою-өрнек түрлерін қиып үйрен.(85-86 бет.)
Бағалау:
Тексерілді:
Пән мұғалімі: Талдыбаева Ә
Күні: 26.02.16 пәні: еңбекке баулу сынып: 2«Ж» Сабақтың тақырыбы: Ою салынған телефон қабы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға ою салынған телефон қабын тігіп үйрету.
Дамытушылық: шығармашылық, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: ұқыптылыққа, тазалыққа, сауаттылыққа баулу.
Сабақтың көрнекілігі және қажетті материалдар: мата, үш түрлі жіп, поролон жастықша, түйреуіш, ине, қайшы.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
Үй тапсырмасын тексеру
-Оюдың қандай түрлерін білесің?
-Жиі көретін оюың.
Инемен жұмыс жасғанда қауіпсіздік ережелерін сақта.
Инені қорапшаға сал.
Инені аузыңа салма.
Жіптің ұшын қайшымен қиып ал.
Қайшымен ойнама.
II.Жаңа сабақ:
Жұмыстың орындалу реті:
1.Ұзындығы 80см болатын үш түрлі жіп дайында. Үш жіптің ұшын түйреуішпен поролонды жастықшаға түйреп, суретте көрсетілгендей жіпті өр.
2.Өлшемі 9см х13см үлгі қағазды екі бүктелген матаға түйреуішпен түйре. Қағаз үлгінің шетін айналдыра сызып, сызық бойымен қапшыққа қажетті матаны қиып ал.
3.Қапшықтық матаны теріс жағынан тігістік орынға 1см қалдыра отырып, көктеп тік. Тігісін ішіне қалдырып, оң бетіне қарай айналдыр. Қапшықтың аузын ішіне қаратып қайырып көктеп тік.
4.Қызыл түсті арнайы жапсырмалауға арналған мата бетіне ою суретін салып, оюды қиып ал. Оюды қапшық бетіне жабыстыр.
5.Дайыян қапшықтың шетіне өрілген бауды айналдыра бастырып тік.
6.Баудың ұштарын бір-бірімен біріктіріп тік.
Ұялы телефон қабы дайын болды.
III.Қорытынды:
Ұялы телефон қабына салынған ою қалай аталады?
Өрілген баудан басқа не жасауға болады?
IV.Үйге тапсырма:
Өзіңе ұялы телефон қабын тігіп ал.
Бағалау:
Тексерілді:
Күні: 27.02.15 пәні: еңбекке баулу сынып: 2«Ә»
Сабақтың тақырыбы: Қуыршаққа арналған кілемше
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Оқушылардың қолөнерге деген ынтасын арттыру, кілемнің тарихы туралы мағлұмат беру.
Дамытушылық:Шығармашылық, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік:Оқушыларды ұқыптылыққа, тазалыққа, сауаттылыққа баулу.
Сабақтың көрнекілігі және қажетті материалдар: мата, үш түрлі жіп, поролон жастықша, түйреуіш, ине, қайшы.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
Үй тапсырмасын тексеру
Ұялы телефон қабына салынған ою қалай аталады?
Өрілген баудан басқа не жасауға болады?
II.Жаңа сабақ:
«Үй жасауы - кілем» дейді халық. Кілем жайсаң – төсеніш, ілсең – сән. Асыл қасиетін әлі де сақтапкеле жатқан бағалы, әрі құнды зат. Кілем бетіндегі әртүрлі сәнді өрнектерге қарап отырсақ, тұнып тұрған халық өнерінің шежіресін көргендей боламыз. Ата-бабамыздың өмір сүріп келген тұрмысы, көшпелі елдің ағаш үйі, мал қорасы, есік қорғандар осының бәрі кілем бетіне бейнеленген.
Қауіпсіздік ережесі:
Инені арнаулы жастыуқшаға түйреу керек.
Инені киімге қыстыруға болмайды.
Инені ауызға салуға болмайды.
Қайшыны арнаулы қобдишаға салып ұстау керек.
Қайшыны жолдасыңа үшкір ұшымен берме.
Жолдасың қайшымен жұмыс істеп жатқанда көңілін бөлме.
Жұмыстың орындалу реті:
Шаршы пішінді ақ қағаз дайында.
Шаршыны төртке бүкте.
«Қошқармүйіз» оюының суретін салып, сызық бойымен оюды қиып ал.
Ою үлгісін қызыл түсті мата бетіне қойып, айналдыра сызып, қиып ал.
Сары матадан дайындалған кілемшенің ортасына қызыл матадан қиылған оюды желімде.
Кілемше шетін қалауыңша әсемдеуіңе болады.
Төрт шашақбау дайындап, кілемшенің бұрыштарына теріс жағынан іліп тік.
Қуыршақтың кілемшесі дайын болды.
III.Қорытынды:
Жіптің орысша атауы.
Кітап...бұлағы.
Қалыңдықтың бас киімі.
Киім тігетін құрал.
Іс тіккенде саусаққа киетін қалпақ.
н | И | т | К | а | ||||
б | І | л | і | м | ||||
с | ә | у | к | е | Л | е | ||
и | н | Е | ||||||
О | й | М | а | қ |
Бүгін біз не үйрендік?
Кілем үй тұрмысымызда қандай мақсатта қолданылады?
Үлгіні не үшін дайындадық?
Кілемшеге қандай ою-өрнектер түсіруге болады?
Шашақбау жасау үшін қандай жіп түрлері қажет?
IV.Үйге тапсырма:
Қуыршаққа кілемше дайында.
Бағалау:
Балалардың жұмыстарын бағалау.
Тексерілді:
Күні: 2.03.15 пәні: еңбекке баулу сынып: 2«Ә»
Сабақтың тақырыбы: Аяққап тігу (1)
Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларды ұлтық бұйым – аяққапың қолданылу мақсатымен таныстыру. Дамытушылық: шығармашылық, ойлау қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: ұқыптылыққа, тазалыққа, сауаттылыққа баулу.
Сабақтың көрнекілігі және қажетті материалдар: мата, жіп, ине, қайшы, сызғыш, ою.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылардың зейінін сабаққа аудару