Йым мен оның ішкі ортасының ұйымдастырушылық-құқықтық фомасын үйрену және анализ жасау.

Кіріспе

Мен, Иманқұл Нұржан Нұрланұлы, өзімнің дипломалды практикамды 23.01.2017 – 24.03.2017 аралығында «СП Малакут» Сақтандыру брокері ЖШС-де өткіздім.
Нарықтық қатынастардың күрделі және тез өзгермелі тұсында барлық экономикалық субъектілер мен жеке тұлғалар өзінің барлық назарын экономиканың аса күрделі мәселелері мен қатаң бәсеке жағдайына аса көңіл аударады. Осы мәселелер тұрғысынан алғанда тәуекелділік пен қатаң бәсекелестікке төтеп беруде және оның алдын алуда елімізде қарқынды дамып келе жатырған сақтандыру қызметі аса маңызды рөл атқаратыны артық айтқандық емес. Сақтандыру қызметі тек жоғарыда айтылған жағдайлар тұрғысынан қызмет атқарып қана қоймайды, сонымен қатар қоғамның инвестициялық қуаттылығын көтеруге және ұлттық байлықты көбейтуге мүмкіндік береді.
Сақтандыру – бұл қоғамдық экономикалық қатынастың ерте уақыттан келе жатырған категорияларының бірі және ол өндірістік қатынастардың ажырамас бөлігі болып саналады. Қазіргі жағдайда сақтандыру әрбір жеке адамның тұрақты және қауіпсіз өмір сүруінің маңызды алғышарттарының біріне айналып отыр. Ол экономикасы жақсы дамыған мемлекеттердің ұзақ мерзімді қаржылық ресурстарының негізгі көзіне айналып отыр. Сондықтан, сақтандыру қызметі нарықтық экономикалық қатынастары тұрақты дамып келе жатырған Қазақстан үшін өте маңызды болып табылады.
Қазіргі уақтытта біздің елімізде сақтандыру, қайта сақтандыру және шетелдік сақтандыру ұйымдарымен бірлескен жоғары білікті компаниялар сақтандыру нарығында тұрақты қызмет орната бастады. Солардың ішіндегі алдыңғы қатарларда келе жатқан компаниялардың бірі "СП Малакут" ЖШС болып табылады.
"СП Малакут" ЖШС 2005 жылдан бастап сақтандыру нарығында өз орнын таба білген компаниялардың бірі. Бұл компания қазңргң таңда сақтандырудың барлық түрлері бойынша сапалы қызмет көрсетіп, шетелдің көптеген компанияларымен серіктес бола отырып, Қазақстанның сақтандыру нарығына өз үлесін қосуда.
Мен практика өту барысында жалпы компанияның қызмет етуін, оның құрылымы мен жұмыс істеу жүйесіне, көрсетілетін қызмет түрлеріне тоқталып өттім. Сақтандыру үрдісі қалай жүзеге асатынын, онымен байланысты құжаттар, шарттары, жұмыс істеу бағдарламасын оқып үйрендім.

Сақтандыру кәсіпкерліктің саласы ретінде салыстырмалы түрде бизнестің жас сегменті болып табылады. Ол шығын қаупін төмендете отырып оның барлық салаларына енеді. Аталмыш есептің мақсаты – сақтандыру ұйымдарының өмір сүруі мен дамуын қамтамасыз ететін басқару құралдарын қарастыру. Елде пайда болған жаңа экономикалық көзқарастарға байланысты, қазақстандық кәсіпкер – сақтандырушылар өздеріне әсерлі қаржылық стратегия, маркетингтік саясат ойлап табуды, оңтайлы капитал құрылымын қалыпқа келтіруді, салық төлемдерін реттеу әдістерін пайдалануды үйренбейінше өркениетті нарыққа ене алмайды. Сақтандыру ісінің ақырғы нәтижесін сақтандыру ұйымының есебі көрсетеді. Сақтандыру компаниясының эффективті қызметі мен қаржылық тұрақтылығы үшін оның ұйымдастыру формасы мен жүргізіліп отырған басқару саясаты үлкен рольге ие. Бұл жұмыстың өзектілігін төмендегідей түсіндіріп кетуге болады: қоршаған ортаның тұрақсыз жағдайында дамып келе жатқан заманауи ұйымға алдын-ала жасалынатын қызмет анализі және қоршаған ортаның өзгеруін болжау мүмкіндігі қажет, себебі бұл мақсат қою мен оны орындаудағы әрекеттердің кезегін әзірлеуге бірден-бір жақсы жағдай болып табылады.

йым мен оның ішкі ортасының ұйымдастырушылық-құқықтық фомасын үйрену және анализ жасау.

«SP Malakut» Сақтандыру брокері ЖШС сақтандыру нарығында 2005 жылдан бері жұмыс жасауда. Компания сақтандыру нарығының кәсіби қатысушылары болып табылады және сақтандыру брокері ретінде жұмыс жасау құқығына уәкілетті орган атынан лицензияға ие.

Сақтандыруда жетістікке жету қоғамның экономикалық жағдайына және салықтықтық саясатқа байланысты. Сақтандыру компаниясы – қоғамның ажырамас бөлігі – онда болып жатқан өзегрістерге нақты жауап береді. Иә, тіпті сақтандыру компаниясындағы құрылым мен қарым-қатынастар да сол өзгерістерге тәуелді. Демек сақтандыру компаниясының жағдайы мен қызметіне ішкі және сыртқы орта әсер етеді. Сақтандыру компаниясы азаматтарға, кәсіпорындарға олардың қызметі мен өмірінде сақтандыру жағдайлары басталғанда зиянның орнын толтыру және көмек көрсету жөніндегі операцияларды жүзеге асырады Сақтандыру компаниясы бірқатар белгілері бойынша: меншік нысанына қарай (мемлекеттік, жекеше, өзара қарыз, бірлескен сақтандыру компаниясы); капиталының көлеміне қарай (ірі, орта, ұсақ сақтандыру компаниясы), аумақтық қызметіне қарай (аймақтық, ұлттық, халықаралық сақтандыру компаниясы); сақтандыру қызметінің бағытына қарай (мамандандырылған, әмбебап сақтандыру компаниясы) сыныпталады.

Сақтандырушының сыртқы ортасы өзіне мыналарды қосады: демографиялық және басқа да мінездемелері бар сақтандырушылар, бәсекелес сақтандырушылар, жарнама агенттіктері, банктер, мемлекеттік органдар, қабылданған және қабылданғалы жатырған заңдар, жалпы экономикалық жағдайды, саяси климатты, мәдени және басқа да дәстүрлерді.

Наши рекомендации