Жаңа сабақты түсіндіру. Оқушылардың назарын жаңа тақырыпты зерттеуге және меңгеруге бағыттау
Оқушылардың назарын жаңа тақырыпты зерттеуге және меңгеруге бағыттау. Оқушыларды сабақ тақырыбымен, мақсатымен және өзектілігімен таныстырады.
Балалар өте тез дамиды. Бала өмірінің әр кезеңін (апта, ай, жыл) ағзаның мүлде басқа түрі деп қарау қажет. Бұл фармацевттерге балаларға арналған дәрілік препараттарды дайындауда қажет.
Жаңа туған кезеңде балаларда барлық мүшелер мен жүйелердің, әсіресе ОЖЖ толық жетілмегендігімен сипатталады. Бұл кезеңде туу актісінің қиын болуы немесе кіндік арқылы инфекцияның енуі нәтижесінен (ми қанайналымының бұзылуы, асфиксия, гипертонус және басқалар) өте жиі паталогия көрініс табады.
Жоғарыда айтылған паталогиялардың терапевтік эффектісін қамтамасыз етуі үшін, дәріханаға келіп түскен рецептердің препараттарына, өз кезегінде, провизор және фармацевттен санитарлық режимді қадағалауды, асептикалық жағдайды қамтамасыз етуді және дайындаудың ережелерін сақтауды талап етеді.
Емізулі балаларға (1 жасқа дейін) бой және массаның тез өсу темпі, зат алмасудың интенсивтілігі, ООЖ жетілуі, ас қорыту жүйелерінің және ішкі секреция бездерінің әлі толық дамымауымен сипатталады. Нәресте туылған бастап дәм сезуі дамиды, ол тәтті мен ащы сезе бастайды, тәтті қоспаларды . 6 айдан бастап нәрестелер түсті ажырата бастайды, бірақ иіс сезу әлсіз дамиды, сондықтан олар кейбір әлсіз иістерді сезеді.
Балаларға арналған дәрілік препараттарды дайындау және жасау кезінде дәм, түс және иіс корригенттер мәселесін технологтар осыны ескере отырып шешеді.
Жаңа туған нәрестелерге арналған дәрілік түрлерге қойылатын талаптар бөлек бланкілерде «Жаңа туған нәрестелер үшінң деген белгімен, ал рецептерде – нәрестенің дәл жасын көрсетіледі.
Фармацевтік экспертизада жазылған рецептердегі препараттардың сонымен қатар масса және көлеміне ерекше көңіл аударады, себебі біруақытта нәрестелерге босатылуы қатаң регламенттеледі.
Ішке қолдануға арналған (пероральды) препараттардың дәріхана технологиясының ерекшеліктері. Көбінесе жиі сұйық дәрілік түрлерді белгілейді. Балаларға арналған дәрілік препараттарды дайындау және жасау үшін, асқазан-ішек жолдары ерекшеліктері туралы білімсіз дұрыс қадам жасауға болмайды.
Балаларға арналған пероральды дәрілік түрлердің ішінде біраз мөлшерін ұнтақтар орын алады. Дегенмен талаптарды бұзу арқылы, толықтырғыштар, тұрақтандырғыштар, бояғыштар және басқа қоспалар әсерінен жіберілмейтін, таблеткаларды майдалап (мысалы тавегил, энтеросептол, панангин, пентоксил және басқалары) дәріханада шамамен 25% ұнтақтар дайындалады.
Ішке қолдануға арналған ұнтақтар оптимальді дәрілік түр болып есептелмейді (әсіресе нәрестелер үшін), себебі олар қабылдағанда ерітетін немесе суспендирлейтін жартылай фабрикаттар.Жиі фармакологиялық эффектісін өзгертуге әкелетін үйде дайындалатын корригенттер (сөлдер, шырындар, варенье) қосылады.
Стерильді ерітінділерді дайындау, химиялық сиымдылықтың мәліметінің, стерильдеу технологиясы және тәртібі, толық химиялық бақылау үшін талдау әдістерінің жоқтығынан тиым салынады. Бір жұмыс орнында, бір уақытта, құрамында дәрілік заттардың әртүрлі атаулары немесе бір атауы, бірақ әртүрлі концентрацияда бірнеше ерітінділерді дайындауға қатаң тиым салынады.
Сабақты қорытындылау
1. Нәрестелер және балалардың 1 жасқа дейінгі анатомо-физиологиялық ерекшеліктері немен өзгешеленеді?
2. Балаларға арналған дәрілік түрлердің технолдогиясының ерекшеліктері.
3. Балалар тәжірибесінде қолданылатын корригенттер.
4. Энтеральды қолданылуға арналған дәрілік түрлер.
5. Парентеральды қолданылуға арналған дәрілік препараттар.
6. Нәрестелер және балаларға 1 жасқа дейінгі арналған дәрілік препараттардың сапасын бағалау.
7. Балаларға арналған дәрілік препараттарды жасау жолдары.
Йге тапсырма беру
Өзіндік дайындалуға арналған сұрақтарды пайдаланып, бастапқы білім деңгейін тексеру. Келесі тапсырмаларды конспектілеу қажет: