Жаңа сабақты түсіндіру. Оқушылардың назарын жаңа тақырыпты зерттеуге және меңгеруге бағыттау

Оқушылардың назарын жаңа тақырыпты зерттеуге және меңгеруге бағыттау. Оқушыларды сабақ тақырыбымен, мақсатымен және өзектілігімен таныстырады.

Көз дәрілік түрлері қолдану тәсіліне байланысты ерекше топқа бөлінеді. Офтальмологиялық ерітінділерді дайындау процессі дәріхана жағдайында қиын және жұмысы көп.

Көз тамшылары - Guttae ophthalmіcaе. Көз тамшылары сулы немесе майлы ерітінділер, дәрілік заттардың майда суспензиясы.

Көз тамшыларына, көзге басуға арналған ерітінділерге келесі талаптар қойылады: стерильділік, тұрақтылық, қарусыз көзбен көрінбейтін механикалық қоспалардың болмауы және изотондық.

Көз тамшыларының және көзге басуға арналған ерітінділердің стерильділігін қамтамасыз ету.Көз тамшыларының және басуға арналған ерітінділердің стерильділігін қамтамасыз ету үшін, оларды асептикалық жағдайда дайындайды. Термостабильді ерітінділерді (атропин сульфаты, пилокарпин гидрохлориды, цинк сульфаты ерітінділерді) стерильдейді. Термолабильді дәрілік заттардың ерітінділері (резорцин, физостигмин, салицилат, бензилпенициллин натрий, кейбір көп компонентті жазылымдар) асептикалық жағдайда стерильдеусіз дайындалады. Микроорганизмдерді және олардың спораларын ұстап қалатын мембранды және терең қабатты фильтрлер көмегімен (стерильді фильтрлеу) стерилдейді. Көз тамшыларының және көзге басуға арналған ерітінділердің қолдану кезінде стерилділігін сақтау үшін, олардың құрамына дәрігердің рұқсатымен консерванттар: мертиолат (0,005%), этанолмеркурий хлориды (0,06%), цетилпиридин хлориді (0,01%), хлорэтон (0,5%), нипагин (0,1%), левомицетин (0,15%), бензил спирті (0,9%) қосылады.

Көзге арналған ерітінділерді тұрақтандыру.Жылумен стерилдеу кезінде гидролиз, сабындану, дәрілік заттардың тотығуы реакцияларының жылдамдығы артады. Сондықтан көптеген көз тамшыларын тұрақтандырады. Шаншуға арналған ерітінділердегідей, шартты түрде, тұрақтандыруды қажет ететін көзге арналған ерітінділерді үш топқа бөледі: әлсіз негізбен және күшті қышқылдан тұратын тұздар, күшті негізден және әлсіз қышқылдан түзілген тұздар, жеңіл тотығатын заттар.

Құрамында бірінші топтың дәрілік заттары бар көз тамшылары мен көзге басуға арналған ерітінділерін тұрақтандыру үшін, хлор сутек қышқылын қолдану тиімсіз, себебі ол көздің кілегей қабығын тітіркендіреді. Хлор сутек қышқылының орнына дәрігердің көрсетуі бойынша 1,9-2% әлсіз бор қышқылы қолданылады. Бұл тұрақтандырғыш шыныдан бөлінетін сілтіні нейтралдайды және гидролиз, тотығу, күрделі эфир байланыстарының сабындану реакцияларын болдырмайды. Әлсіз негіз бен күшті қышқылдан түзілген тұздар: физостигмин салицилаты, дикаин, новокаин, мезатон, совкаин және цинк тұздары бар қышқылының 1,9-2% изотондық ерітіндісімен тұрақтандырады.

Күшті негіз бен әлсіз қышқылдан түзілген тұздардың сулы ерітінділерін 0,1 н. натрий гидрооксид ерітіндісімен тұрақтандырады.

Жеңіл тотығатын дәрілік заттардың (сульфацил-натрий, аскорбин қышқылы, адреналин гидрохлориді) ерітінділерін тұрақтандыру үшін натрий сульфит, натрий метабисульфит, трилон Б және басқалар қолданылады.

Сульфацил-натрий 30% ерітіндісінің құрамы МФ Х басылымда келтірілген.

Құрамы: Сульфацил натрий 300 г

Натрий метабисульфит 5,0 г

Күйдіргіш натрий ерітіндісі pH 7,7 - 8,0 1 г

Инъекция арналған су 1 л дейін

Сақталу мерзімі 18 ай. Бұл құрам бойынша өндіріс жағдайында, дәріханада сульфацил-натрий ерітіндісін асептикалық жағдайда, стерильдеусіз, тұрақтындырғыш қоспай дайындайды.

Көз тамшыларының және көзге басуға арналған ерітінділердің комфорттығын қамтамасыз ету.Көптеген көз тамшылары инстилляциялау кезінде қолайсыз сезім, әдебиеттерде көрсетілгендей, дискомфортты құбылыстар, көзге арналған ерітінділердің осмостық қысымы және pH мәнінің көз жасы сұйығының мәндеріне сәйкес келмегенімен түсіндіріледі. Көз жасы сұйықтығының осмостық қысымы нормада, қан плазмасының және (0,9 %) натрий хлориды ерітіндісің осмостық қысымына сәйкес. Сондықтан көзге арналған ерітінділердің де осмостық қысымы сондай болуы керек. Бірақ, егер көз тамшыларының осмостық қысымы натрий хлориды ерітіндісінің концентрациясы 0,7 % тен 1,1 %-ке дейінгі концентрациясының осмостық қысымына сәйкес келетін болса, онда олардың қолайсыз сезім тудырмайтындығы іс жүзінде дәлелденген, яғни көз тамшылары шамамен изотонды.

Офтальмологтар рецепте изотонды, гипо- және гипертонды көз тамшыларын жазуы мүмкін. Кейбір жағдайларда дәрігерлер гипертонды көз тамшыларын рецепте жазады, себебі олар жылдам, әсіресе микробқа қарсы әсер көрсетеді. Жиі дәрігерлер дәрілік заттардың ерітінділерінің осмостық қысымын ескермейді. Сондықтан фармацевттер гипертонды көз тамшыларының науқастарға, әсіресе, балалар тәжірибесінде қолайсыз жағдай тудыратына көңілін аударуы керек.

Рецепте гипотонды көз тамшылары жазылса, бұл жағдайда фармацевт өз бетінше, дәрілік заттардың натрий хлориды бойынша эквивалентін қолданып, көз тамшыларын изотондауы керек. Кейбір жағдайларда дәрілік заттармен натрий хлоридымен сыйымсыз болса, онда изотондаушы компонент ретінде натрий сульфатын немесе нитратын қолданады.

Көз тамшыларының комфорттылығына ерітіндінің pH мәні де үлкен әсер көрсетеді. Көз жасы сұйықтығының pH мәні - 7,4. Көз тамшыларының pH мәні 4,5 - нан 9,0 дейін болатын ерітінділер комфортты. pH мәні 9,0 жоғары, 4,5-тен төмен ерітінділер көзге тамызған кезде өте қатты көз жасын ағызады, күйдіргіш сезім, ауырсыну туғызады.

Көз тамшыларының pH мәнін реттеу үшін буферлі еріткіштер қолданады. Бұл жағдайда көз тамшыларының терапевтік әсері және дәрілік заттардың тұрақтылығын қамтамасыз етуге көңіл аудару керек.

Көз тамшыларында механикалық қоспалардың болмауын қамтамасыз ету.Көзге арналған ерітінділердің механикалық қоспамен ластануы көздің кілегей қабығын қатты тітіркендіреді механикалық қоспалардан көзге арналған ерітінділерді шаншуға арналған ерітінділердей (N 3) шыны фильтр, қағаз немесе мембранды фильтр, фильтрлер арқылы сүзеді.

Жазылым бойынша көлемі 5-10 мл көз тамшыларын дайындаған кезде фильтрлеу процессінде ерітіндінің көп мөлшері фильтрлеуші материалда, әсіресе қағазда жоғалуы мүмкін. Осы шығынды болдырмау үшін «Тамшыларң тарауындағы фильтрлеу тәсілін қолдануды ұсынады. Дәрілік заттарды инъекцияға арналған судың жарты мөлшерінде ерітіп, оны алдын-ала жуылған қағаз фильтр және мақта тампоны арқылы фильтрлейді, содан соң осы фильтрден инъекцияға арналған судың қалған мөлшерін өткізіп, фильтрді шаяды.

Көз тамшыларында дәрілік заттың концентрациясының дәлдігіне, заттың дәл өлшенуі, әсіресе жазылған дәрілік заттың мөлшері 0,05 г төмен болса, әсер етеді. Мұндай жағдайда дәрілік заттардың концентрлі ерітінділерін қолдануға болады. Концентрлі ерітінділер асептикалық жағдайда дайындалады және стерильденеді.

Көзге арналған ерітінділер.Көзге арналған ерітінділер көзге басуға арналған ерітінділер, ирригациялық ерітінділер (офтальмохирургияда жууға), тазалауға арналған ерітінділер, жұмсақ контакті линзаларды дезинфекциялауға және сақтауға арналған ерітінділер түрінде қолданылады. Көзге арналған ерітінділердің сапасын қамтамасыз ету көз тамшыларына қойылатын талаптарына сәйкес жүргізіледі. Олар стерильді, тұрақты, механикалық қоспаның болмауы керек. Көзге басуға арналған және ирригациялық ерітінділер изотонды болуы керек. Көзге басуға арналған ерітінділер ретінде фурацилин, натрий гидрокарбонаты, бор қышқылы, этакридин лактаты ерітінділері және т.б. қолданылады.

Көз тамшыларының және көзге арналған ерітінділердің әсерін ұзарту.Көз тамшыларының кемшілігі - құрамында арнайы қоспалары жоқ дәрілік заттардың сулы ерітінділерінің терапевтік әсері қысқа болады. Бұл, науқасқа және медициналық персоналға қолайсыз, сонымен қатар көзге қауіпті, оларды жиі инстилляциялау қажеттілігімен түсіндіріледі. Мысалы, пилокарпин гидрохлоридының сулы ерітіндісінің максимум гипотензивтік эффектісі, глаукомамен ауыратын науқастарда, 2 сағат аралығында байқалады, сондықтан көз тамшысы тәулігіне 6 ретке дейін инстилляциялауды қажет етеді. Осы кезде көз іші қысымының тез өзгеруі байқалады.

Сулы ерітінділерді жиі инстилляциялау, құрамында лизоцим бар көз жасы сұйықтығын жуып, соның әсерінен инфекциялық процестің пайда болуына жағдай жасайды.

Көз тамшыларының инстилляциялау жиілігін қысқарту және бірден көз ұлпаларымен жанасу уақытын ұзарту үшін, дәрілік заттардың әсерін ұзарту: көз тамшыларының құрамына тұтқыр еріткіштер, синтетикалық гидрофильді ЖМҚ, метицеллюлоза (0,5-2%), карбоксиметилцеллюлозаның натрий тұзы (0,5-2%), поливинил (1,5%), полиглюкин және т.б. қосу арқылы жүргізеді. Бұл заттар көздің шырышты қабығын тітіркендірмейді, кей жағдайларда көздің мүйізді қабығының эрозиясының эпителизациясын тездетеді және де көптеген дәрілік заттармен, консерванттармен сыйымды.

Сонымен бірге көзге арналған ерітінділердің әсерін ұзарту үшін, конъюнктивті қалтаға енгізілетін, таблеткалар (oculents), жартылай өткізгіш капсулалар, желатинді дискілер, желатин-глицеринді дискілер (ламеллалар - lamellae) ұсынылған. Келтірілген дәрілік түрлер кейбір артықшылығына қарамастан кеңінен қолдану таппаған, себебі көз жасы сұйықтығында нашар ериді.

Көз тамшысының әсерін ұзартудың (пролонгирлеу) бір түрі көзге арналған пленкаларды қолдану - дәрілік көз пленкалары (ДКП). ДКП алғаш бүкіл одақтық медициналық техниканы ғылыми зерттеу және сынау институтында, Гельмгольц атындағы Мәскеулік ғылыми зерттеу институтында және И.М.Сеченов атында бірінші Мәскеулік медицина институтының дәрілер технологиясы кафедрасында зерттелген. ДКП технологиясы өндірістік дәрілер технологиясы курсында қарастырылады.

Көз тамшыларының және көзге арналған ерітінділердің сапасын тексеру: химиялық (сандық, сапалық) талдау жүргізіледі, механикалық қоспаның болмауын, түстілігі, көлемінің сәйкестігі тексеріледі.

Орамдау және буып түю.Көз тамшыларын сыйымдылығы 5-10 мл флакондарда, резина тығынмен және металл қалпақтармен бекітілген күйінде босатылады. Мұндай орауышта көз тамшыларын жиі қолданған кезде, микроорганизмдермен ластануы мүмкін, яғни қойылатын талаптарға жауап бермейді. Көз тамшыларының орауышы олардың стерильділігін қамтамасыз етуі және қолданғанда ыңғайлы болуы керек. Шет елдерде, науқасқа гигиеналы және қолдануға қолайлы оригинальды орауышта шығарылады. Олар полиэтиленнен жасалынған пипеткасы бар арнайы флакондар. Стандартты пипетканың болуы ерітіндіні дәл және жеңіл дозалауға мүмкіндік береді.

Көзге арналған дәрілік түрлердің сапасын және технологиясын жетілдіруді келесі бағыттармен дамытқан ұтымды:

- көз тамшыларын фильтрлеу, дозалау, орамдау, стерильдеу үшін ықшамды, жоғары өнімді, қолданғанда сенімді және қарапайым қондырғылар мен аппараттарды дамыту;

- жаңа жетілген қосымша заттарды биоадекватты табиғи полимер коллаген, полисахарид аубазидан, карбопол және басқа қосымша заттарды консервант, тұрақтандырғыш, буферлі еріткіштер, пролонгаторлар ретінде қолдану;

- көз тамшылары мен ерітінділерінің сапасын бағалауда, әсіресе, олардың стерильділігін тексергенде адекватты экспресс бақылау әдістерін жете зерттеу;

- көз тамшыларын, ерітінділерін, жағар майларын радикалды жетілдіру, оларды бір рет қолданылатын орауыштағы дайын дәрілік құралдар ретінде шығару.

Кейбір дәрілік заттар көз тамшыларында аз концентрацияда дайындалады. Жазылған рецепте ерітіндінің көлемі аз болуына байланысты, өлшегенде және дәрілік заттарды еріткенде қиындық туғызады.

Бұндай жағдайда стерилді немесе асептикада дайындалған дәрілік заттардың концентрлі еріттінділерін (бір компонентті және комбинирленген) қолдану тиімді. Қолдануға рұқсат етілген офтальмологиялық ерітінділердің номенклатурасы ҚР ДСМ бекітілген. Бұл тізімде құрамында сиымды дәрілік заттары бар, стерилдеудің термиялық әдістеріне шыдамды, талдау әдістері бар (химиялық бақылау үшін) және бекітілген сақтау мерзімдері жазылымдар кірген.

Стерилді концентрлі ерітінділер стерилдеусіз дайындайтын офталмологиялық ерітінділер үшін қолданылады. Стерилді концентраттардан (стандартты емес жазылымдар) дайындалған көз тамшыларының сақтау мерзімі - 2 тәулік. Стерилді офталмологиялық концентраттармен ашылған құтылар, тәулік ішінде қолданылуы қажет. Сонымен қатар асептикалық жағдайда стерилдеусіз дайындалған концентрлі ерітінділер, тәулік ішінде пайдаланылуы қажет. Оларды стандартты жазылымдар бойынша стерилдеу режимі бекітілген, көз тамшыларын дайындау үшін қолданылады.

Концентрлі ерітінділер дайындаумен байланысты, сонымен қатар бюреткалық қондырғылар үшін концентрлі ерітінділерді есептерді орындағанда ерітінділердің концентрациясы 3% және одан жоғары мүмкін болатын көлемінің өзгеруін ескеру қажет.

Дайындау технологиясы аса қиындық туғызбайды. Кейбір қиындықтар құрамында рибофлавин, никотин қышқылы, глюкоза, цитраль бар, ерітінділерді дайындағанда тууы мүмкін. Суда аз еритін (1:5000) рибофлавин (витамин В2) ерітіндісін, никотин қышқылын (салқын суда қиын ериді, ыстық суда ериді ), және концентрациясы 20% жоғары глюкоза ерітінділерін, қыздырып ерітеді. Глюкоза ерітінділерін дайындау барысында зат массасын ылғалдылығын ескеріп дайындайды. Цитраль ерітіндісінің ұшқыштығын ескеріп, бөлме температурасындағы стерилді тазартылған суға қосып, асептикалық жағдайда дайындайды

Концентрлі ерітінділерді қағаз, шыны немесе нормативті құжатта рұқсат етілген фильтр арқылы фильтрлейді. Концентрлі ерітінділер сандық және сапалық бақылаудан өтеді. Бақылау нәтижелерін органалептикалық, физикалық және химиялық тіркеу журналында тіркейді

Ерітінділер құтыларын резиналық тығынмен тығындап. Металдық қалпақтармен бекітіп, нормативті құжаттарға сай стерилдеп және безендіреді.

Наши рекомендации