Мұғалiм: Алдашова. Ш

Күні:11.05.15 пәні: еңбекке баулу сынып: 2«Ә» Сабақтың тақырыбы:Экскаватор құрастыру. Сабақтың мақсаты:

Білімдік: оқушыларға конструктор жиынтығының көмегімен бұйымдарды құрастыруға үйрету.

Дамытушылық: техникалық бөлшектерді пайдалану ептілігі мен дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелік: техникалық шығармашылық жұмыстарға баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың көрнекілігі және қажетті материалдар: пластмасса, темір конструктор, кіліт, сомын, бұранда. Конструктордан құрастырылған заттар, конструктор сызбасы. Еңбек нысаны: конструктор бөлшектерін жинақтау.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

Сабаққа дайындықты тексеру.

Жұмыс орнын дайындау.

II.Жаңа сабақ:Конструктор (құрастыру) дегеніміз – бөлшектерді біріктіріп бір зат жасап шығару (орындау). Бөлшектер мен бөліктерді бір-бірімен түрлі тәсілдерді қолдана отырып біріктіреді. Атап айтсақ, желім, бұранда (болт), кертік, штифтермен бекітеді. Конструктор бөлшектері пластмасса, ағаш, темір, қатырмақағаздан жасалады.

Жұмысты мынадай ретпен орында:

1.Экскаватордың шөмішін жйнау.

2.Экскаватордың тұғырын құрастыру.

3.Экскаватордың иінін құрастыру.

4.Дөңгелектерін бекіту.

5.Экскаватордың шөмішін, иіні мен тұғырын, дөңгелектерін біріктіру.

6.Экскаватордың дайын үлгісі.

Темір бұрандамен жұмыс жасағанда қолыңды жарақаттап алма. Ұсақ бөлшектерді аузыңа салма.

III.Сабақты қорытындылау:

Біз бүгінгі сабақта не жасап үйрендік?

Конструктордың қандай түрлерін білесіңдер?

Конструктор бөлшектерінен қандай заттар құрастыруға болады?

Үй тапсырмасы:

Темір конструктор бөлшектерінен экскаватор құрастыру. (118-119 бет) жұмысты аяқтау.

Бағалау:Оқушылардың жұмыстарынан көрме ұйымдастырылып, бағалау.

Тексерілді:

Мұғалiм: Алдашова. Ш

Күні:15.05.15 пәні: еңбекке баулу сынып: 2«Ә» Сабақтың тақырыбы:Пластмасса конструктор бөлшектерінен көліктер құрастыру. Сабақтың мақсаты:

Білімдік: оқушыларға пластмасса конструктор жиынтығының көмегімен бұйымдарды құрастыруға үйрету.

Дамытушылық: техникалық бөлшектерді пайдалану ептілігі мен дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелік: техникалық шығармашылық жұмыстарға баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың көрнекілігі және қажетті материалдар: пластмасса, темір конструктор, кіліт, сомын, бұранда. Конструктордан құрастырылған заттар, конструктор сызбасы. Еңбек нысаны: конструктор бөлшектерін жинақтау.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

Сабаққа дайындықты тексеру.

Жұмыс орнын дайындау.

Көрнекіліктерді: фотосуреттер, ойыншықтарды орналастырып, соларға негізделе отырып кіріспе әңгіме өткізу.

II.Жаңа сабақ:

Конструктор (құрастыру) дегеніміз – бөлшектерді біріктіріп бір зат жасап шығару (орындау). Бөлшектер мен бөліктерді бір-бірімен түрлі тәсілдерді қолдана отырып біріктіреді. Атап айтсақ, желім, бұранда (болт), кертік, штифтермен бекітеді. Конструктор бөлшектері пластмасса, ағаш, темір, қатырмақағаздан жасалады.

Конструктордың негізгі бөлшектері: бұрыш, бастырма, тақта, дөңгелек, жолақтар.

Бекіту құралдары: жалғастыру білікшелері, бұрамасұқпа, сомын, бұранда.

Конструктордың кішкентай бөлшектерін аузыңа салма! Құрал саймандарды қолданғанда біреуге қарай сілтеуге, лақтыруға болмайды.

Конструктор бөлшектерін құрастыру үшін құрал-саймандар қажет. Олардың ішіндегі ең негізгісі – сомын кілт пен балға кілт.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрамыз,

Қолды алға созамыз.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз шынығып аламыз.

V. Сабақты Қорытындылау кезеңі:

Конструктордың қандай түрлерін білесіңдер?

Конструктор бөлшектерінен қандай заттар құрастыруға болады?

Біз бүгінгі сабақта не жасап үйрендік?

Үй тапсырмасы:

Пластмасса конструктор бөлшектерінен көліктер құрастыру.

(120бет) жұмысты аяқтау.

Бағалау:Оқушылардың жұмыстарынан көрме ұйымдастырылып, бағалау.

Тексерілді: Күні: 18.05.15 Пәні: еңбекке баулу сынып: 2«Ә» Сабақтың тақырыбы:Қатырма қағаздан ұшақ үлгісін құрастыру.Сабақтың мақсаты: Білімдік: оқушыларға қағаз және қатырмақағаз туралы мәлімет беру және бейнелер құрастыра білуге баулу. Дамытушылық: шығармашылық қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: тұрмыстық бұйымдарды ұқыппен пайдалана білуге баулу.Сабақтың көрнекілігі және қажетті материалдар: Қатырмақағаз.Түрлі түсті фломастер, қалам циркуль, сызғыш ,қайшы.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылардың зейінін сабаққа аудар. Үй тапсырмасын тексеру

II.Жаңа сабақ:Қатырмақағазбен жұмыс түрлері.

Сабақ тақырыбымен қатысты орындалатын жұмысқа қажет қатрмақағаз түрі мен құрал-жабдықтарды, жұмыс орнын дайындау; сарамендық жұмысты орындауға оқушылар технологиялық қартада көрсетілген сызбалық белгілерді өлшеп, қатырмақағазға түсіріп, нүктелік және сызықтық белгі түрінде анық әрі түзу салуға үйрету; қатырмақағаздан жасалатын пішін жақтауларын бүктеуде қырларының түзу, тегіс болуына назар аудару.

Наши рекомендации