Жұп. Мақсат Ақанов(Қарағанды) пен Аспанбек Шұғатаевтың(Павлодар) айтысы
Мақсат Ақанов:
-Ағайын, екі ұлыңды тең қолдасан,
Алдына келер ме едім ер болмасам?
Қарасайдай болайын ел қорғасам,
Қабан жырау болайын шер қозғасам.
Жансаядан жанымыз әрен қа(лы)п ед(і),
Ініме жарар еді жем болмасам.
Намысқа отырындар қамшы басып,
Қамыс та қозғалмайды жел болмаса.
Ауылдан «жүйрікпін»-деп неге келдім?
Сауырдан сорғалаған тер болмасан.
Ассалаумағалейкум, қайсар қазақ,
Көңілінді қайтейін көл болмасан.
«Алатау»-деп несіне қадірлейміз,
Алашқа қасиетті төр болмасан.
Екі күн дүбірлетіп айтыс жасап,
Ерлерін ұмытпайтын ел болмасан.
«Жетісу»-деп несіне желпінеміз,
Жерұйыққа татитын жер болмасан.
Бәрін айт та, бірін айт, Аспанбегім,
Сен кіммен айтысар е(ді)н мен болмасам?
Атыңнан айналайын, Азаттық-ай,
Осылай отырар ме е(ді)к сен болмасан?!
-Бастайын бісміллә, жырымды әрман,
Күрмелгеннен сақтай гөр тілімді, Аллам.
«Мәңгі» кімнің басында тұрып еді,
Бір намазға татымас құнын жалған.
Қасірет пен бәленің бәрін көрген,
Қазақтай халық бар ма шығындалған?
Енді жинап жатқанда етек-жеңін
Сүрінгеннен сақта, Алла, жығылғаннан.
Тәуелсіздік тойларын құтты болсын,
Киелі Алматыдай тұғырлы Ордам.
Қозыларын көрінбей көгендерден,
Желін де босамасын құлындардан.
Азаттықтың қадірін қастерлейік,
Кім опа тауып жатыр құбылғаннан?
Бабамның қаныменен келді емес пе?
Ананың көз жасымен бүгінгі арман.
-Қасымда Аспанбектей, міне-мықты,
Ерекше сүйетін ұл жүрек ұлтты.
Әй, қайран, менің әділ қазыларым,
Шешімді қабылдатты тым ерікті.
Екеуміз бір Арғынның баласы едік,
Естіген оны жұртым түгел ұқты.
Ол аздай, ең бірінші жұпқа салып,
Соңына қалған екен түгел мықты.
«Бірінші жұп- құрбандық жұбы» емес пе?
Халіміз тығырыққа тіреліпті.
Билікті де білесін не бо(лы)п жатыр,
Ол жақта да бізге бұлт тіреліпті.
Бірімізді айдап са(лы)п бірімізге,
Байқаймын, жағдайымыз міне, бітті.
«Арғындарды қудалау» саясатын,
Айтысқа да кіргізіп жіберіпті.
-Аспанбек, інім едін күшті ағынын,
Жорғадай, ал, алдыма түс бауырым.
Амал жоқ, енді, інішек айтысамыз,
Алланың солай бо(лы)п тұр күшті әмірі.
Жүкеңнің де бұл жерде жазығы жоқ,
Күрмеуге келмей отыр қысқа жібі.
Әй, бірақ, жездемізге бәрі бір ғой,
Қанша мықты болса да күшті ағыны.
«Бірі-өліп, бірі-қалсын»- деп отыр ғой,
Өзі сондай жігіт ед(і) ұстанымы.
Бәрінен апамызға қиын болды,
Інісінің біреуі қысқаруы.
«Бауырымның қайсына болысам(ын)»-деп,
Езіліп от(ыр)қан шығар іш-бауыры.
Аспанбек Шұғатаев:
-Ал, сөйле ақ өлеңім, аңғалағым,
Дәнекері өзінсін хан-қараның.
«Бірінші жұпқа шықтық, құлаймыз»-деп,
Ағамның түсінбедім салған әнің.
Бақытжамал әпкемді айтып от(ыр)сын,
Жөн болды төрт жол өлең арнағаның.
Әр ақынды көретін баласындай,
Ол әпкем бірі емес пе арлы ананың?
Жүкеңді осы жерде өлең қылсан,
Мен енді осы жайды толғанамын.
«Әкеңнің ең жақсысы жездедей»-деп
Қазақтың айтқанына таң қаламын.
Бірінші бо(лы)п шықсам да, ештеңе емес,
Жөн болар баба жолын жалғағаным.
Мен «бірлерді» былайша түсінемін,
Жөн болар соған өлең арнағаным.
Ең бірінші Азаттықтың оты жанған,
Алматы өзінсін ғой арман әнім.
Ең бірінші сұлу жер- туған жерім,
Болса да көрмегенім, бармағаным.
Ең бірінші жырауым-Бұқар еді,
Алдында иілмеген хан-қараның.
Ең бірінші фольклор- Мәшһүр Жүсіп,
Маңғаз әулиесі ғой ман даланың.
Ең бірінші киноның көшбасшысы-
Шәкендей шоқ жұлдызға таң қаламын.
Ең бірінші режиссер- Жұмат Шанин
Театрдың төрі еді таңдағаным.
Ең бірінші тарихшым-Әлкей еді,
Қазынасын тауып берген тау, даланың.
Ең бірінші ғалымым-Сәтбаев қой,
Мен соның ізі болып жалғанамын.
Сондықтан, бірінші бо(лы)п шықсам дағы,
Алаштың мен айтайын арман әнің.
Сондықтан, біріншіге ренжімеймін,
Реттестіріп тұр ғой Алла бәрін.
Біріншілер елінен келіп тұрып,
Ұят қой бірінші орын алмағаным.
-Қабағынан жау түгіл, жылқы өтпейтін,
Жан едін құлжа мініп, жылқы ерттейтін.
«Арғындарды шетінен құлатад(ы)»-деп,
Бұл қалай көңіліне мұң төкпейтін.
Құлап, құлап үйрендік тік тұруды,
Аспанбек қалай бүгін жыр төкпейтін.
Неменеге соншама қорқып от(ыр)сын,
Үкінің баласындай үркектейтін.
Әлімханның інісі емес пе едін,
Қабырғасын сөксен де қынқ етпейтін.
Әлиханның інісі емессін бе,
Аю талап жатса да мыңқ етпейтін.
-Даламның ойшылындай ойдан безген,
Жүрегінді қайтейін майданда езген.
Жүрсін жездем орнынан тұрып кетті,
Сол жайлы айтам деп е(ді)м байлау сөзбен.
Жездекем айтыс үшін не істемеді?
Албастыны да алдады айлау көзбен.
Бірақ та оған қарсы оқ атылды,
Биліктен қайыр болмай байлар кезген.
Онымыз аз болғандай, қанша жүйрік
Құлын кезін ұмытып, тайдан безген.
Аңқаулыққа келгенде жездеміздің,
Алтын түгіл аспайды Айдан, жезден.
Шалқайып отырушы еді Ұлытаудай,
Қартайып қалған ба өзі қайран жездем?!
-Мақсат ағам, келдін бе?
Екпіні қатты ебідей.
Жолбарыс көрсе мерт қылған,
Кешегі Шақан Шерідей.
Бауырына басарсын,
Өз бауырыннан жерінбей.
Қайтерінің қайыстай,
Қызыл жағын тайыстай,
Қызыл тілін келідей.
Сондықтан бүгін сөйлейік,
«Жастарға қолдау көрсет»-деп,
Сөйлеп кеткен кешегі
Бабаң Букетов ебіней.
Сол жастың бірі мен едім ,
Шапалақ соқсан, ағайын,
Шабытым қайтсын кеңімей.
Қарап отыра алмаймын,
Жанымды жесен жегідей.
Әуелетіп ән салсан,
Көңіл қайтсын ерімей.
Ел бо(лы)п елтіп отырмыз,
Қоскөлдегі перідей.
Ақанның ұлы армасың,
Кешегі Ақан серідей.
-Мен сөйлейін қасында,
Кешегі Шоң мен Шормандай.
Қирап қалма қисасып,
Қытайлар соққан қорғандай.
Тұқымы тұздай құрыған,
Аты өшіп қалған жоңғардай.
Қисынсыз екен әңгімең,
Бала кезіндей болғандай,
Ойларын қайда ормандай?
Сенің мына сөзіне
Кімнің көңілі толғандай?
«Айтысамын»-деп ке(лі)п от(ыр)сан,
Сөзін мәнді шықса екен,
Елбасы айтқан жолдаудай.
Ақындардың ішінде
Жырыңмен емес бұл елге
Үніңмен жаққан ақынсын,
Таңдайында мөр бардай.
Көп жұлдыздың ішінде,
Оқшауланған орнайдай.
Әуелетіп ән салса,
Халық келіп қолдардай.
Қасында мен отырмын,
Жарты сөзім болғайдай.
Тамағым қалған қарлығып,
«Ешкінің етін жеймін»-деп,
Ішіме қатқан тоң майдай.
Сені елін сыйлайды,
Шапан жауып жіберер,
Қазақтың Біржан салына
Ат мінгізген Көлбайдай.
Саңқылдап тағы сөйлеші,
Биікке шыққан жол бойдай.
Бәрін айт та, бірін айт,
Әупілдек дейтін бір құс бар,
Дауысы жер жарады,
Қасына барсан торғайдай.
Мақсат Ақанов:
-Ағаңа айып емес торғай болған,
Торғайын толғауларын толғайды әрман.
Сен білмесен торғайды мен айтайын,
Жырымды тыңдай отыр балдай болған.
Сен менсінбей отырған «Қараторғай»
Ақан сері салатын әнге айналған.
Айырылып Базар, Назар қос ұлынан,
Кененді де қайғы бұлт торлай қалған.
Сол уақытта торғайға мұңын шағып,
Атамыздың көз жасы көлге айналған.
Алтынбек ағамыздың «Бозторғайын»,
Қалай кетем(ін), есіне салмай, қарғам.
Алақандай Торғайда өмірге ке(лі)п,
Ахмет, Міржақыптар нарға айналған.
«Торғай көз» сауыт киіп бабаларым,
Жауына асу бермес таудай болған.
Байғұс торғай қанша әлсіз болса-дағы,
Қауіп келсе, ұясын қорғай да алған.
Аспанбек, айналайын түсіндін бе?
Торғайдың қасиеті сондай, қарғам.
Шырылдап ұлттың сөзін айтып жүрсем,
Мен үшін арман бар ма ондай, қарғам?!
-Шайыр десем таңдайдан шақұт төккен,
«Торғайсын»- деп отырсын-ау шатып тектен.
Торғайдан не жамандық көріп едін,
Қой үстіне бозторғай жұмыртқалар,
Аспанбек, дәл қазір сондай уақыт жеткен.
Одан да көкелерінді айтпайсын ба,
Көкектей өз Отаның сатып кеткен.
-Тағы басын ашайын бір қайғының,
Заманның зарын айтып жырлайды ұлын.
Білмеймін, қияметке ке(лі)п қалдықпа,
Белгісінің көремін ыңғай бірін.
Педофилдер дегенін қаптап кетті,
Бұрын-сонды естіп еді ондайды кім?
Азғындар ел ішінде белең алды,
Біреудің қорлап жүрген қылдай гүлін.
Жазасы жеңіл болып тұрғандықтан,
Осындай азғындықты қылмайды кім?
«Ұсталад(ы), жиырма жылға тоғыттық»-деп,
Соттар да көрсетеді түрлі айбының.
Мәңгіге қамалса да, бәрібір, ол
Ішінде «өмір» дейтін жүр бәйгенің.
Оны үкімет өлгенше асырайды,
Қаншама қаржы бөліп, тынбай бірін.
Жер басып жүргендігі осылардың
Мына менің ішімді тырнайды мұң.
Баяғыда «ату» жазасы бар кезінде,
Қылмыстың көріп пе едін мұндай бірін?
Сол заңды қайта әкелу керек бізге,
Әй, бірақ мына мені тыңдайды кім?
Ағайын-ау, «айтпады» демеңіздер,
Сабағынан тұрғанда сынбай гүлін.
«Өлтіруді» жазаға кіргізбесен,
Өкініші бітпейді бұл қайғының.
-Дақ түсті «Алаш» деген ар-ұятқа,
Ақ түсті қанымдағы қағидатқа.
Бәріміз де отырмыз бала өсіріп,
Әлі жасы толмаған бариғатқа.
Солардың тағдырына алаңдайық,
Солай кеңес беремін жамиғатқа.
Ол түгіл жай зинаға өлім деген,
Құрандағы қарасан қағидатқа.
Қодар менен Қамқаны өлтірткенде,
Құнанбай да сүйенген шариғатқа.
Біздерге де дәл солай жасау керек,
Тағы қалғын келмесе, тағы ұятқа.
Мараторий атуға болмағанда,
Малғұндар айналмас ед(і) маньякка.
-Аллаға құл болу үшін адал артық,
Алдымен жасау керек амал артық.
«ИГИЛ» деген бір бәле қаптап кетіп,
Заманаға барады зауал артып.
Өздерін «мұсылманбыз» деп қояды,
Бұл жерде мәселе жоқ қаралар түк.
Мұсылман емес, олар-қанышерлер,
Оларға берем(ін) қалай бағаны артық.
Мұсылман жазықсыздан жан өлтірмес,
Бетіне тұмшалап а(лы)п қара барқыт.
Ресейдің ұшағына бомба салып,
Екі жүз адам кетті ауаға қарпып.
Француздың жұрты да қайғы шекті,
Парижден де жер таппай паналар түк.
Солардың кесірінен Сирияда
Босқындардың сандары барды артып.
Кеше ғана солардың бар ақшасын,
Көлікпен әкетіпті тонап, артып.
Оны істеген өзіміздің екі қазақ,
Олардың да жөнім жоқ қаралар түк.
Менінше, олар дұрыс қылған екен,
Сол үшін алмаса да сауап артық.
Әйтпесе, ұры деген аз емес қой,
Ақша көрсе ашылған арыны артық.
Тендрден теңге ұрлаған тексіздерден,
Террористті тонаған солар артық.
-Аспанбек, айтысқанда тым жігерлі е(ді)н,
Осы күні талай жас үлгі көрген.
Баяндай өнерге бай жерден келдін,
Қазағыма Естайдай ұлды берген.
Жарылқапберді атаңыз ән салғанда,
Жаңғыртып аспан астын, күнді керген.
Жаяу Мұса бабаңның дауысына
Таң қалып тоқтағандай күллі керуен.
Исі қазақ білетін Иса атаңыз,
Қыз Ертістің бұрымын жыр қы(лы)п өрген.
Ал, сенің дауысын мүлде бөлек екен,
Мен оны естімесем, дүрлігерме е(д)ім?
Осыншама бұлбұлдар шыққан жерден,
Қарғасын қарқылдатып кім жіберген?
Аспанбек Шұғатаев:
-Мен сені «торғай» демедім,
Бір түрлі екен дерегін.
«Қарғам-ау»-деп бастап а(лы)п,
Қарғаға неге теңедін?
Қарға дегенше сен мені,
Қарға бойлы кешегі
Қазтуған жырау неге демедін?
Қарғадымды дүниеге
Алшаңдау үшін ке(лі)п едім.
Сен айтқандай, ағасы,
Қарға болсам шынымен
Үш жүзімнің тарихын
Үш жүз жыл жырлап беремін.
Бірақ қарға емеспін,
Қарға тамырлы қазақтың
Ақсұңқар ұлы мен едім.
Ұядан қарқылдағанша,
Қиядан құлап өлемін!
-Тақырыбы айтыстың:
Тәуелсіздікке тағзым,
Түсінер болсан маңызын.
Бостандық үшін бас құрбан
Азаматтық парызын.
Қалған дәстүр бабадан,
Терісей мен Төлейді
Арлан қасқыр қарызын.
Сирияны сен айтсан,
Артында қалсын әр ізін.
Тәңір қаласа деген ғой,
Бәрі тұрақ екені,
Бір дарынның қауызын.
Иісі шығып соғыстың,
Түрік пенен орыстың,
Қақтығысы көбейді
Елемей әлем арызын.
«Анау түрік еліне
Атом бомбасын таста»-деп,
Жириновский жауызын.
Дәріс айтып жүр Думада
Сары сайтан, кәрі жын.
Түсінбедік сол жайлы,
«Түріктер артық кетті»-деп,
Түркілік тегін тепкілеп,
Тоқаевтың айтқан уағызын.
Қайта күйсегісі ке(лі)п жүр ме,
КСРО-ның сағызын?
Сол Жирен орыс емес пе?
Қазақстанда туса да,
«Қазақ деген ел жоқ»-деп,
Айтып жүрген аңызын.
«Президент болсам шабам(ын)»-деп,
«ТМД-ны жаулап алам(ын)»-деп,
Торсылдап жүрген әр жерде
Талай да, талай жауызын.
Жауларыңнан сақтасын
Алмағайып күн туса
Ашып беретін қақпасын,
Жаудың жалап дәлізін.
Шовинизммен құныққан,
Империямен былыққан,
Қайда туғанын ұмытқан,
Бүйткен Жириновскийдің
Әкесінің аузын!
-Мақтанып жатса бұл қазақ,
Былайша сөзін бастайтын.
«Байтағына бабамның,
Алтын төсіне даламның
Бес Франция сияр»-деп,
Төлқұжатымен растайтын.
Алтын, күміске малдырып,
Астанасын салдырып,
Ақшасын босқа шашпайтын.
Белін жазып байлары
Темір қазық жастайтын.
Қарапайым қазақ жүр,
Көмбеге таяп қалғанда
Аяғы сынып ақсайтын.
Қарын тойдырып қанағат,
Жетім құрыш жағалап,
Өзге ұлттың үйін паналап,
Қабырғасы қақсайтын.
Табанына тас байлап,
Құлбазарда жүр «жас Қайрат»,
Одан артылып қалғаны,
Қанбазарларға Тәшке айдап,
Қадам алға баспайтын.
Астанасы әдемі болғанмен,
Баспанасы жоқ басында,
Кешегі замандар қайда,
Берекесін шашпайтын.
Көдененің үйі жоқ,
Қайда барсан бытпылдап,
Есігін ешкім ашпайтын.
Сөйтіп жүріп бұл қазақ,
Ақыннан күтіп жыр ғажап,
Баласының аузынан
Жұлып алып жұлмалап,
Билет а(лы)п кіріп айтысқа,
Ақындарын аспанға
Бір көтеріп тастайтын.
Біздің қазақ осындай,
Дағдарысы көп заманмен,
Ар-намысы жоқ қоғаммен
Күресуден саспайтын.
Қайран қазақ жүрсін бе?
Зарплаттан тапқаны
Квартплаттан аспайтын.
-Бұл ағам жай ақынға бет бұрсын ба?
Жырыңды қарағайдай ектін шыңға.
Қарағанды даласын кім білмейді?
Топырағы айналған көп тылсымға.
Екі метр жер қазсан алтын шыққан,
«Сары алтынның Отаны»бо(лы)п тұрсын ба?
Ал, сен ке(лі)псін «Алтын домбыраға»,
Шынымен күміс көмей текті ұлсын ба?
Өз алтының кәрістерге беріп қойып,
Қазақтардан алуға ке(лі)п тұрсын ба?
-Таймайын бабам салған жарқын жолдан,
Бұл домбыра биліктен тарту болған.
Бірақ, маған ол жүлде керегі жоқ,
Мақсатым-алтын емес, халқым болған.
Мен кешегі Жаяу Мұсаның ұрпағы едім,
Аттылардан кек алу салтым болған.
Аяқ-қолына ұстағаны былай тұрсын,
Аяғына кигені алтын болған.
Мақсат Ақанов:
-Інішек Жириновскийді даулайды екен,
Жырменен ел көңілін жаулайды екен.
Сөзі жетпей жатса ,егер, қолы жетіп,
Алдындағы халықты баурайды екен.
Қолдарын ербеңдетіп сөйлегенде,
Өзі сол сары орыстан аумайды екен.
Жүрген жігіт емес е(ді)н өспейін деп,
Суырып өлең айту еш қиын жоқ.
Жириновский ке(лі)п қалса, отыр едін
Әкесінің аузын не істейін деп?
Берсен-бер, бермесен-қой алтыныңды,
Мен бәрібір қоймаймын талпынуды.
Жасырмай сүт сұрай келіп шелегінді,
Жасындай көрсетейін жарқылымды.
Қызғанғаның, әй, меннен осы болса,
Меннен басқа бер тауып артық ұлды.
Оған бола бұл ағаң өкпелемес,
Мен қайта үдетермін қарқынымды.
Алтынды алмаса да не жетеді,
Халқыммен бөліскенге жарты күнді.
-Аспанбек, аяқ-асты батырсынба,
«Шындық айтсам, шығад(ы)»-деп-«атым шыңға».
«Кәрісті айтсам, есінен тандырам(ын)»-деп,
Әдісінді қолданып отырсын ба?
Сарыарқадан сары алтын кетіп жатыр,
Олар маған граммын татырсынба.
Аспанбек, ол тек менің қайғым емес,
Оған тек бұл Ақанов «ах» ұрсын ба?
Ол сенің Қаныш атаң тапқан байлық,
Меннен көрі сен соған жақынсын ба?
Енді ке(лі)п мына алтынға жолатпайсын,
Есі бар адам өйстіп шатылсынба?
Огайлар алып жатқан қу дүниеңді,
Ағайыннан қызғанып отырсын ба?
-Басшым бар болашақты бағдарлайтын,
«Мәңгілік ел қылсам»-деп армандайтын.
Дәл қазір бізге сондай басшы керек,
Әлемнің арбауына алданбайтын.
Биім бар, бишігі ұзын, ақылы аз,
Зер салып қарамайтын Заңдарға айқын.
Халқым бар аңғалдығы жас баладай,
Қауіп төніп тұрса да, қамданбайтын.
Кризис пен кредит қысса дағы,
Ешқашан шап етпейтін, шамданбайтын.
Теңге түсіп кетсе де таң қалмайтын,
Доллар өсіп кетсе де долданбайтын.
Сайлаубекті сайратып сахнадан,
Сандырағын естуге арланбайтын.
Шатып-пытып жүрсе де тентектері,
Ешқандай тезге салып қолданбайтын.
Көтеріп ол сұмдықты төбесінде ел,
Сынасам мені тағы сөгесіндер.
«Рухани дағдарыс» дейді мұны,
Тек мұны жабылсандар жеңесіндер.
Бірақ, қазақ үйренген мұндайларға,
Амал жоқ, қайтесіндер, көнесіндер.
Алдыда үлкен сайлау келе жатыр,
Бұйырса, бәрін дауыс бересіндер.
Өзге түгіл, өздері түсінбейтін,
Көпірме көп сөздерге сенесіндер.
Сайлаубектің көкесін, Алла жазса,
Сайлау жақындағанда көресіндер.
-Ортаға сөз тастайын ойдан бөлек,
Алашқа ақын болсам, пайдам керек.
Орыстың отарында жүрген кезде,
Бұл елге келіп еді қайдан көмек?
Оны істеген Алаштың арыстары,
Әйтпесе, келген жоқ қой Айдан көмек.
Ахмет, Сәкен, Мағжан, Міржақыптың
Тар жолда табандары тайған кенет.
Бәйгеге басын тіккен қазақ үшін,
Әйгілі істеріне қайран бо(лы)п е(ді)к.
Лениннің мысын басқан Әлімханның
Білімінің түбіне бойлау керек.
Қылмыскер Сталиннің бар арманы-
Соның бәрін қуғынға айдау бо(лы)п ед(і).
Ал, Алаштың көсемі Әлиханды
Бұл жерде ең бірінші ойлау керек.
Ол- менің Ақтоғайымның азаматы,
Сондықтан, мақтанышпен сайрау керек.
Қасиетті Қызыларайымның баурайында,
Шентаудағы ол туған жайлау бөлек.
Бабам биыл келеді жүз елуге,
Бұл жайды аса терең ойлау керек.
«Кризисте ешқандай той болмайд(ы)»-деп,
Өткенде ел ішіне жайған дерек.
Ал, Елбасы Әлихан атам жайлы,
Деп отыр-«Алған беттен таймау керек».
«ЮНЕСКО көлемінде өтеді»-деп,
Басшымыз жасап отыр байлам бөлек.
Патшамның сол сөзіне разы болдым,
«Келед(і)»-деп отыр едім «қайдан көмек?»
Әлихан Азаттықпен егіз ұғым,
Сондықтан, ол атаусыз қалмау керек.
Дағдарыс келмек түгіл Әлекеңді
Дамбалсыз қалсақ тағы тойлау керек!
-Ақынның тыңда жарғысын,
Аллаға айтқан алғысын.
Арманның түбі шыңырау,
Халқыңның алсан қарғысын.
Дәуренің әсте өтеді,
Өмірдің бітер шекері.
Бірлігін тайса, қайтадан,
Берекең тағы кетеді.
Бақыттан шалқып мекені,
Жетпей тұр Көкке екі-елі.
Қаныңды шаштын қанша жыл,
Барынды шашпа жетеді.
Сабын тер болып сауырым,
Тағдырдың кештім ауырын.
Отыз жазып жатырмын,
Жанымның ащы жауырын.
Көршілес елдер бастады,
Көтерілістің дауылын.
Жер астынан жік шығып,
Қаққа айырды қауымын.
Алысқа көзін жетпесе,
Қырымға қара, бауырым.
Әй, Аспанбек бауырым,
Ертістей қатты ағының.
Баянды болып ғұмырын,
Сау болсын, есен ауылын.
Нөсердей қатты дауылын,
Осымен, қош бол, бауырым.
Сеніменен тоқтамас,
Киелі Баянауылын.
Ал, енді қош бол, жамағат,
Жатпайды жерде жаман ат.
Бірлігіне бекем бол,
Бабадан қалған аманат.
Ел менен елді аралап,
Жатпайды жерде жаман ат.
Қағанаттың ұрпағы
Қанағат керек, қанағат!
Аспанбек Шұғатаев:
-Мені Жириновский дейсін ғой,
Осыдан көңіл жүдеген.
«Осы жерге келсе»-деп,
«Не істейсін?»-деп отыр ғой,
Мақсат дейтін бір өрен.
Жириновский келсе бұл жерге
Сыбағасын беремін.
Сұрағанға тілеген,
Қолыма билік берсе, егер
Жириновский деген түк емес,
Бүкіл орыстарыңды қазақтан қуып жіберем(ін).
-Мен қазақтың баласы,
Ер түріктің бөбегі.
Арғы бабам Алаштан,
Бергі бабам Шоң еді.
Оның рас, менімен тоқтамайды Баянтау,
Әлі талай қазаққа алыптарын береді.
Туып- өскен жеріміз Баянтаудай жер еді,
Жасыбайдай көл еді,
Суы бал, шөбі сөл еді.
Осы Алматыда да
«Баянауыл» деп аталған,
Қаншама жер көп еді.
Төмен қарай түссеңіз,
«Баянауыл» деген аудан бар,
Екі-үш ауылдай көлемі.
«Баянауыл» деген базардан,
Көлік сатып алмаған,
Бұл жақта қазақ жоқ еді.
«Кино көрем(ін)»-десе бұл қазақ,
«Шәкен үйінен» көреді.
«Білім алам(ын)»-десе де,
Сәтбаевтың атындағы білім ордасына енеді.
Бабаларым айтқандай:
Баянауылда туғандар,
Алматыға ке(лі)п өледі.
Бұйыртып мына, ағайын,
Бұл жерге менің бүгінгі келуімнің себебі:
«Көріп қайтам(ын)»-деп ке(лі)п тұрмын,
Ертең жататын төбені.
-«Елді айтат»-десем-«бұл ағам»,
Одан соң «Сайлаубек»-дейді.
Сайлаубегін кім еді,
Тегін білмес тексіздер,
Төріне келіп ет жейді.
«Өлең айтып бер»-десен,
«Кламанана флэк»-дейді,
Бұл сөзін маған өтпейді.
Біздің қазақ неліктен,
Эстрадасын ысырып,
Домбырасын неге шертпейді.
Анау Сайлаубектердің
Түбіне неге жетпейді?
Сайлаубектерді шығарып,
Керісінше, қазақтың осы айтысын шектейді.
Сайлаубектерін кім еді,
Мына халыққа өтпейді.
Есіңде болсын, ағайын,
Тырнадан қарауды қойсан,
Төбеңнен қиқу кетпейді.
-«Боламын»-деп е(ді)н-«бауырдай»,
Жағаластын ғой жауымдай,
Ағалығын тұр таңылмай.
Асып-тасып сөйлейсін,
Ашытқы салған қамырдай.
Әкіреңдеп қоймайсын,
Комплескілеген байларды,
Секілді қызыл ауылнай.
Осыменен тоқтайық,
Тұрған кезде бұл жерде,
Көз шығып, бас жарылмай.
Аман-есен жүре бер,
Сексен жасында ат мініп,
Тоқсанда белді шарт буып,
Жүз жаста тілін жаңылмай.
Беделін биік болса екен,
Алаштың Алатауындай.
Білегімізді сыбанып,
Бір-бірімізді сынадық,
Енді құшақтасып тұралық,
Құдаға артқан кәделі
Құйрық пенен бауырдай.
Жыл.
Алматы қаласы
Республика сарайы