Салем Алматы түні және оның жүргізушілері. Мен жаным ЕРланға оны қатты сүйетінімді айтамын! Алия Оралдан.

Н: 1

Махаббат. Кім- кімді де мас қылып, жетегіне алған ұлы сезім. Махаббатты жырлауға сөз жеткен бе, оған теңесер күш те жоқ. Жаныңды баурап алып, сені дуалағандай өз әлеміне ертіп кетеді емес пе? Дүниеде талай ұлылар бар. Махаббат жолында «ұлылық » дегенннің өзі түкке тұрмайды. Олар да сүйді, олар да ғашық болды.

Иә, махаббаттың өртіне күйіп,отына түсті. Тағдыр оларға атақ пен құрметті тарту етіп, көп алдында құдіретті етсе де, махаббат алдында олады дәрменсіз жандар. Өйткені сезім адамды топқа, нәсілге, жасқа бөлмейді...Тек қана бірде бақыт, бірде қайғы сәттерін сыйлайды...Қазақ тарихында берік орын алған ұлылар аз емес, Олардың махаббат хикаялары біреуге мәлім болса, бірімізге тіпті бейтаныс. Біз бүгін солар жайында сөз қозғайтын боламыз. Біздің толқыннан алыстамаңыздар.

Ұлы тұлғалар да пенде...Пендеге тән сүйіспеншілік ұлылар ауылын да айналап өтпеген. Бұл туралы біз сәл кейінрек, осы тұста біздің 8 778 670 24 25 нөмірімізге келген хаттарды оқи отырсақ.

Хаттар.

*********

Салем Алматы түні, менің хатымды міндетті түрде оқысаныздар екен. Дариға сені қатты сағындым. Сенсіз өмірім мұңға толды. Менің жанымнан табылғаныңды қалаймын, ардақтым менің. Абай

*************

Салем Алматы түні және оның жүргізушілері. Сіздерге үлкен табыс тілеймін. Сіздер арқылы ғашығым Ғазизаға сені сүйемін, ешкімге бермеймін және бақытты етемін деп уаде бергім келеді. Аділбек.

*************

Алматы түні бағдарламасына қайырлы түн. Және жүргізушілерге алғыс айтқым келеді. Сіздердің бағдарламаларыңызды үзбей тыңдаймын. Хабар арқылы Мен Алтынай Қойшыбаеваны сүйетінімді айтып, қателіктерімді кешіруін сұраймын. Мұхит.

**********

Салеметсіз бе, Динара. Мен Шымкент қаласы Ворашиловка деген районда турамын. Өз сезімімді сіздер арқылы білдірсем деген едім. Мен Бахадир деген жігітті қатты- қатты жақсы көремін. Ол Созақ ауданында турады менін атым Айжан. Сіздерден өтініш сезімді білдіретін бір жақсы ән қойсаңыздар екен махаббат жайында. Алғысым шексіз көп,көп рахмет.

Айжан сізге де рахмет! Қадірлі тыңдарман хат жазыңыздар Алматы түні айқұлақ казрадио кей зет электронды почтасы дәл қазір онлайн режимінде, немесе Алматы қаласы, Желтоқсан көшесі 175 үй біздің мекен жайымызға, болмаса 8 778 670 24 25 нөмірі сіздердің ақ қанат хаттарыңды қабылдауға әзір. Әзірге Айжанның өтінішімен махаббат жайлы әсем ән. «Жігіттер» квартетінің «О, махаббат» әні біздің толқында. Қазақ радиосынан алыстамаңыздар.

Н:2

Қазақ радиосының эфирінде «Алматы түні» бағдарламасы, ал жүргізушілер Динара Бақытбек және Қарашаш Есенбай. Біз әр қарай жалғастырамыз. Танымал жандар өздерінің сүйгендеріне қосыла алмай кетсе де, махаббат тосқауылдардың ең берігін бұзып өткен асау сезім.

Жарқ етпес қара көңілім не қылса да,
Аспанда ай менен күн шағылса да,
Дүниеде сірә сендей маған жар жоқ,
Саған жар менен артық табылса да.

Деп жырлаған ұлы Абайдың тәнті болып, сүйген қызы Тоғжан екені белгілі. Бірге ғұмыр кешпесе де, өздерінің сезімдерін бағалай білген, олар көпке үлгі. Атастырған аталарға қарсы келмегені және пәк сезімде кірлетпеуі қазақ қызының ұятты, арды биік ұстағанының дәлелі іспеттес.

Қазақ қыздарының ерлігі таусылған ба? Өзіміз білетін Ақан серінің Ақтоқтысыда солай етпеп пе еді. Зеренді көлінің жағасында орналасқан бір ауылдың шілдеханасында Сері Ақтоқты арумен танысса керек.Бұл уақытта үйленіп, үй болған сақа жігіттің жүрегіне шоқ түсіп, сұлулыққа бұрыннан құштар көңілі алабұртып, өзгеше күйге енеді. Қызымыз да кет әрі емес.Ғашықтың тілі тілсіз тіл... Ынтызар жүректер бір-бірін үнсіз ұғысады. Түні бойы екеуі қосылып ән шырқап, таң атқанда Ақтоқты сұлу серіге кестелі орамал сыйлап кете барады. Бұл кезде Ақтоқтының атастырылып қойған жары бар еді.

Олар бірге болмаса да, ғашықтығы үшін бақытты болды ғой. Қазіргі ғашықтарға бірге болу бақытын тілеп, олардан келген хаттарды оқи отырсақ. Келесі хат....

Хаттар

Салем Динара Мен Тараздағы Айдар есімді жігітті жақсы көргенмін және әліде жақсы көремін. Менің бақытым қашан болады деп оны зарыға күтудемін. Армандарым қашан орындалар екен. Меркеден Мейірім.

**********

Рметті Қазақ радиосы және оның тындармандары баршаңызға қайырлы түн. Алматы түні бағдарламасы арқылы алғашқы махаббатым және менің сүйіктім Абзалды өте қатты сүйетінімді айтқым келеді. Мен оны қатты сағындым. Мен мәңгі сенің жаныңдамын Абзалым менің. Ыстық сезімдерді жолдаушы сенің аяулың Айжан.

***********

Салем Алматы түні және оның жүргізушілері. Мен жаным ЕРланға оны қатты сүйетінімді айтамын! Алия Оралдан.

****************

Алматы түнінің жүргізушілеріне салем. Мен сіздер арқылы асыл жарым Қуаныш пен балапандарым Асылжан, Арнат, Жанәділге және кішкентай Адия мен Жанияға салем жолдағым келеді. Сендер менің өмірімсіңдер.Сендерді шексіз сүйемін. Алматы түніне алғыс айтып әсем ән жолдауын өтінемін. Мүмкін болса МузАРТ тобының әні болса, рахмет! Мадина.

Ғашық болу келсе кімнің қолынан

Әлем соған сенеді,

Құлай сүю ерлікпен тең себебі. Қол ұстасқан ғашықтар көбейсін. Мадина үшін және тыңдармандарымыз үшін «Мөлдіреген жанарың » әнімен біздің арнада МузАрт тобы.

Н: 3

Саған айттым сырлы сөздер тізбегін.

Жаным сенсіз, сарғыш тартқан күз дедім.

Жүрегімнің ақ жылуын аңсаған

Сенің тұнық көздеріңді іздедім.

Осылай жырлайтын ғашықтардың сырласы «Алматы түні» бағдарламы эфирде. Өздеріңіздің пәк сезімдеріңізді хатқа түсіріп бізге жолдаңыздар. Ол үшін Алматы түні айқұлақ казрадио кей зет электронды почтасы және Алматы қаласы, Желтоқсан көшесі 175 үй біздің мекен жайымызға , сондай-ақ 8 778 670 24 25 нөміріне хат жіберіңіздер. Біз асыға күтеміз. Бүгін танымал жандардың ғашықтары жайында сөз қозғап отырмыз. Алаш жұртына әйгілі Тұрар Рұсқұловтың төрт рет үйленгені тарихтан белгілі. Деседе, соңғы жары Әзизаның орны ерекше. «Халық жауының» жұбайы деген ат оның өміріне кері әсер етседе, олар сол қорлық үшін бір бірінен бас тартқан жоқ. Бұл да болса, ғашықтардың тұрақтылығының дәлелі сияқты.

Иә, тағдырдың адамға не тарту ететінін ешкімде білмейді. Бірақ, жүрегіне махаббат нұры құйылған жандар- өмірдің сыйын алғандар. Тірліктің талай баспалдағында шынайы сезім мен төзімді тұрақтылықты ұщтастырғандардың құрметіне арнап «Алматы түнінде» Медеу Арынбаев «Мөлдір сезім» әнімен толқында. Мөлдір сезімдер кірлемесін.

Н: 4

Әсем әнді хаттар легімен жалғасақ.

Хаттар

**********

Салем Алматы түні. Мен Алмасты сүйемін бірақ ол оны білмейді. Біз бірге бола алмаймыз. Өкінішті, неге махаббат мұнша қатыгез едің...?

**********

Кеш жарық Алматы түні! Қырқабаев Дәуренді қатты сағынамын. Сағыныш жайлы ән қойып беріңізші. Айжан Алматы қаласы. Сіздерге рахмет.

**********

Салем Қазақ радиосына. Қайратыма оның Саясынан сағынышты сәлем. Барлық ғашықтарға бақыт тілеймін.

********

КАйырлы кеш Алматы түні. Мен Талап Әйгерімді шексіз сүйемін. Мен оны бақытты етуге тырысамын. Сонымен бірге барша Қазақстандағы ғашықтарға бақыт тілеймін.

********

Салем түнгі Алматы. Мен сүйіктім Балаусаны шын жүрегіммен сүйемін, оны қатты сағындым. Шыменттен сүйгені мен Еркебұлан.

********

Салем, мен шымкенттен Сайд мен ардақты жарым Дилфузаны сүйемін, және барлық отандастарға салем жолдап керемет махаббат тілеймін. Қазақ радиосының, Алматы түні бағдарламасына рахмет.

**************

Салем Алматы түні бағдарламасы. Мен өзімнің асыл жарым Інжуді шын сүйетінімді баршаға жар салып айтқым келеді. Еркетайым мен сені өмір бойы сүйіп өтем. Сенімен табыстырған Аллаға алғысым шексіз.

Қадірлі ғашықтар біз де сіздерге бақыт тілей отырып Еркін Нұрданов пен Төреғали Төреәлінің орындауындағы «Ботам- ай » әнін өздеріңізге арнаймыз.

Н: 5

«Жүз макхаббаттың бірі ғана мәңгілік болуы мүмкін. Қалғанының әрқайсысының өз эпопеясы бар»деген сөздің авторы Шыңғыс Айтматов өз әйелі бола тұра, жүз махаббатттан таңдап алған сүйіктісі Қырғыз халқының атақты бишісі БүБүсара атты ару болған деседі. Жарық жазушының жүрегіне өшпес сәуле түсіріп, тағдырына тағдырына таңбаланған Бүбісара келбеті қаламгердің талай шығармасына арқау болған болған. Оның сол сезімі, сол махаббаты, жүрек дүрсілі мен нәзік қиялы Бүбүсараның есімінің өшпеуіне әсер етті.

Мұндай оқиғалар айта берсек таусылмақ емес, махаббат мәңгі ертегі деген осыдан шықса керекті. Осы кезде бізге келіп түсіп жатқан хаттарды оқи отырсақ.

Хаттар

Мен сүйіктім Асхатқа салем жолдап әдемі ән арнауларыңызды сұраймын. Алдын ала рахмет. Асхат әрдайым менің қасымды жүзіңнен күлкі кетпей жүре берші. Салем жолдаған Ақтөбеден Қарлығаш.

**********

Салем Қазақ радиосы. Мен жан жарым Нурхатты өмір бойы сыйлап өтем, сенем, өмір бойы сүйем.Сондай ақ баршаңызға бақыт тілеуші Ақерке.

*********

Салем Қазақ радиосы. Менің хатымды міндетті түрде оқыңыздаршы. Мен Қызылордалық жаным Нұрбаев Нысанбекті қатты, қаттыыыы сүйемін! Сағындым сені жаным. Алтыным, Қызылордадан Несібелі.

*********

Салем Алматы түні ,

Наши рекомендации