Мектеп:«Ақши жалпы білім беретін мектеп жанындағы интернат»КММ

Сабақ жоспары

Сыныбы: 5 - сынып

Мерзімі:_______________

№: 11 - сабақ

Сабақтың тақырыбы : «Отбасы жарастығы»

Сабақ мақсаты:балалардың «Сыйластық», «махаббат» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Міндеттері: Білімділік:сыйластық, махаббат, сүйіспеншілік ұғымдарының мәнін ашу. Тәрбиелілік: өзара сыйластыққа, мейірімді болуға ықпал ету. Дамытушылық: шығармашылық жұмысты топпен бірге істеу арқылы оқушылардың шығармашылық қасиеттерін шыңдауға, қызығушылығын оятып, әр түрлі шығармашылық жұмыс орындату арқылы оқушылардың қиялын дамытуға, зейінін тұрақтандыруға, өз ойын еркін жеткізе алуға, белсендіктерін арттырып, шығармашылық қабілеттеірн шыңдау. Сабақтың типі:білім, іскерлік, дағдыны қалыптастыру. Сабақтың түрі:шығармашылық. Сабақтың жабдықталуы:интерактивті тақта, оқулық, түрлі бояу қарындаштар, таратпа қағаздар. Сабақтың көрнекілігі:слайд, таратпа қағаздар. Сабақтың құрлымдық жоспары: 1. Ұйымдастыру кезеңi. 2. Үй тапсырмасын тексеру. 3. Сабақтың дәйек сөзі 4. Проблемалық сұрақ 5. Жаңа ақпарат беру 6. Сергіту сәті 7. Мәтінмен жұмыс 8. Ойын «Неге теңеймін» 9. Ән шырқайық достар 10. Үй тапсырмасын беру 11. Проблемалық сұрақ 12. Рефлекция 13. Қортынды Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер) Интерактивті тақта, слайдтар, үлестірме қағаздар.
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңi. Сәлеметсіздерме! Көңіл – күйлеріңіз қалай?   Сабақ барысын талдау: Ұйымдастыру кезеңі арқылы оқушылармен танысу.Амандасу, оқушыларды түгендеу. 1 мин
  2. Сабақтың дәйек сөзі Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Отбасы жарастығы ». Бүгінгі сабақтың дәйек сөзі. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің».   Халық мақалы   Отбасы – ол үлкен қуаныш, шаттық, мейірімділік, қамқорлық, сүйіспеншіліктің ортасы. Бала отбасында жақсы тәрбиеленсе, өскенде әдепті, ақылды азамат болып шығады. Отбасы мүшелеріне қашанда көмектесу, қамқор болу, үлкендердің айтқандарын тыңдау, ұқыпты болу әр баланың қолынан келеді.     Дәйексөзді бірнеше рет оқып мағынасын ашу. Оқушыларға түсіндіру.     3 мин    
3. Проблемалық сұрақ Отбасы берік болу үшін ондағы әрбір адам бойында қандай қасиеттер болуы керек?   4. Жаңа ақпарат беру   Адамға өмірде ең қымбаты – отбасы. Отбасында сүйіспеншілік, сыйластық, татулық, бауырмалдық болғанда бірлік болады. Бір-бірін аялап, кешіре, түсіне білгенде отбасы берік болады. Халқымыздың мақал - мәтелдерінен, даналық сөздерінен де ата-ананың қадір –қасиеті туралы айтылған асыл сөздерді табар едік. «Алты аға бірігіп - әке болма Жеті жеңге бірігіп - ана болмас»,- деген сөзде де терең ой жатыр. Ата-ананың үміт-арманы баласымен бірге жасайды. Сол себепті олардың бар тілеуі балаға бағышталған. Ақыры, ең қастерлі тілектері: бала-шағаның алдында дүние салып, солардан топырақ бұйырса, - дейді. Осындай ата-ананы сыйлау сәби шағыңда өзіңді олар қалай бағып-қақса, қартайғанда оларды да солай алақанға салып аялап, күту қандай ғанибет! Қазақтар – « Төріңнен қарт кетпесін» деп тілеген халық. Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу – біздің ата дәстүріміз.     5. Сергіту сәті Жаңа ақпаратты алдық, енді ата-ана туралы бейне материал көрейік.   Осы проблемалық сұрақ бойынша сабақтың мазмұнын ашу және мақсатына жету. 1 мин   Жаңа ақпарат беру арқылы отбасында сүйіспеншілік, сыйластық, татулық, бауырмалдық болғанда бірлік болатыны туралы түсіндіру.     7 мин     Оқушыларға өлең тыңдату арқылы зейінін тұрақтандыруға мүмкіндік беру.   2 мин
6. Мәтінмен жұмыс. (Аңыз әңгіме) Отбасы татулығы Баяғыда бір үлкен отбасы өмір сүріпті.Отбасындағы адамдар саны өте көп екен, бір қауым ел болып, бірге тұрыпты.Ол отбасы еркше екен, отбасының өзара келісімде, татулықта өмір сүруі елді таң қалдырадаы. Оларда ұрыс-керіс, дау жан-жал деген атымен болмайды екен. Бұл отбасы жайлы патшаның құлағына да жетеді.Патша естігенінің ақ-қарасын білгісі келіп, ауылға келеді. Ауыл тап-таза, барлығы да жеткілікті, тыныштық пен береке қонған. Патшаның көңілі толып, ерекше бір шаттыққа бөленеді.Сыйластығы жарасқан бақытты отбасында қариялардың орны төрде, уайым-қайғысыз, балалары бақытты, мәз-мейрам екен.Бұған патша таң-тамаша болады.Отбасының қалайша бақытты, тату-тәтті өмір сүруінің мәнісін білгісі келеді.Ауыл ақсақалына келіп, отбасындағы татулық пен бірлікке қалай жеткендерін айтуын өтінеді. Қарт үнсіз ғана жүз рет «сүйіспеншілік», жүз рет «кешірім», жүз рет «бірлік» деп қағазға мұқият жазып шығады. Үш сөзді оқыған патша таң қалып: -Осы ақ па? -Иә, -деді ақсақал.-Барлық жақсы отбасылары тек осы қасиеттерден құрылады,-деді дее дәл сол ойланып, «және шыдамдылық» деген сөзді қосып қойды. · Өсиет әңгіменің мәні неде? · Неліктен патшаны Ұйымшыл отбасы қызықтырады?       Мәтінді оқу арқылы оқушылардың отбасы құндылығын анықтауға үйрету.     7 мин    
7. Топтық жұмыс. -Ата-анаңның бойынан қандай қасиеттерді көргің келеді? -Ата-анаңның бойынан көргің келмейтін қасиеттер? -Ата-анаңның үмітін ақтаудағы әрбір баланың өзінің үлесі?   Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдау, белсенділігін ояту.     8 мин    
8. Ән шырқайық достар. Топпен бірге Еркін Нұржановтың орындауындағы «Ана туралы жыр» әнін бірігіп айту.   Ән шырқайық достар әдісі арқылы оқушылардың шаршағанын басып, көңіл-күйлерін көтеру.   3 Мин
9. Үй тапсырмасы. Менің отбасым тақырыбында эссе жазу.   Танымдық қабілеттерін арттыру, тіл байлықтарын кеңейту мақсатымен.   1 мин  
10.Проблемалық сұрақты талдау Отбасы берік болу үшін ондағы әрбір адам бойында қандай қасиеттер болуы керек?     11.Рефлекция. Тақтаддағы кестеде берілген сұрақтарға бір сұраққа 3 жауауптан береміз.    
Бүгінгі сабақта сөздік қорыңа қандай сөзді қостың?   Сабақта ең жақсы жауап берген оқушылар Бүгінгі сабақтан алған әсерім
  Сұрақты қоя отырып оқушылардың сабақты қаншалықты түсінгенін анықтау.     3 мин   6 мин    
12.Қортынды. Сонымен, балалар, бүгінгі сабағымызды қорытындылай келе, Отбасы: · сүйіспеншілікті сезінуге үйретеді; · жақсылыққа жетелейді; · еңбектенуге, білім алуға көмектеседі; · үлкендерді құрметтеуге, кішілерге қамқор болуға тәрбиелейді.   Адамға өмірде ең қымбатты-отбасы.Отбасында сыйластық,сүйіспеншілік,татулық,бауырмалдық болғанда ғана бірлік болады.Бір-бірін аялап,кешіре,түсіне білгенде отбасы берік болады.         Сабақты қортындылай отырып, аяқтау.     3 мин    

Наши рекомендации