Н өнімдерінің қоректік құндылықтары

Н және макарон өнімдері

Орындаған: Абусахит М. К.

Тексерген: Молдахметова З. Қ

Останай, 2014

ЖОСПАР:

Кіріспе------------------------------------------------------------------------------------ 3

Негізгі бөлім----------------------------------------------------------------------------- 4

1. Ұн өнімдері--------------------------------------------------------------------------- 4

2. Ұн өнімдерінің қоректік құндылықтары ------------------------------------ 5

3. Ұн өнімдерін сақтаудың ұсынылатын тәсілдері--------------------------

4. Макарон өнімдерінің жалпы технологиясы----------------------------------- 6

Қорытынды----------------------------------------------------------------------------11

Пайдаланған әдебиеттер-----------------------------------------------------------12

Кіріспе

Астық, ұн өндірісі Қазақстан бойынша әлемдегі ірі экспорттаушы мемлекет болып саналады. Бірақ, соған қарамастан бізде ұннан өндірілетін тағамдар ішкі сұранысты қамтамасыз етуге жеткіліксіз. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, 2009 жылы елімізде 127 228 тонна макарон өнімдері өндірілген, бұл 2008 жылмен (128 858 тонна) салыстырғанда 1,3%-ға кем. Ал, макаронның ішкі тұтыну көлемі қарқыңды өсу үстінде. Бұл ретте, соңғы жылдары макарон өнімдерін ішкі тұтыну өсімі өндіріс көлемі өсімінен артық. Осыған байланысты соңғы жылдары өндірістегі экспорттың үлесі төмендеп, 2009 жылы 7%-ды құрады. Осы кезеңдегі макарон өнімдерінің импорты (20 422 тонна) 2,5 есеге артқан. Сондықтан биыл "Даму-Қолдау" бағдарламасы бойынша қаржыландырылған шикізаттық емес сектордағы 10 жобада тамақ түрлеріне басымдық берілуі кездейсоқтық болмаса керек. Оның ішінде, атап айтар болсақ, ұн және ұннан дайындалатын өнімдерді шығарумен айналысатын "Мулен" ЖШС, макарон өнімдерін шығаратын "Злак плюс М", ұн және ұннан дайындалатын өнімдер өндіретін "Тағам-Регион" және дәнді дақылдарды өңдеумен айналысатын "Компания "Аманат ЛТД" серіктестіктері де бар. Осының ішінде бүгіндері өндіріс аясын кеңейтіп, нарықта тұрақты жұмыс істейтін кәсіпорынға айналғандығының арқасында үкімет тарапынан берілетін қаржылық қолдауға бірнеше мәрте қол жеткізе алған "Злак Плюс М" серіктестігінің директоры Александра Деменева өз пікірін былайша білдіреді: "Алғашқы қадамдарымыз киын болғанымен, іс бірте-бірте түзеле бастады. Ал, Италиядан алынған жаңа құрал-жабдық ісіміздің өнімділігі мен бәсекелестік қабілетімізді әрі қарай арттыруға мүмкіндік беретініне көз жеткізген соң, ескірген құрал-жабдықтарды жаңасына ауыстыруға шешім қабылдадық. Алайда, бүкіл қаржы айналымда болғандықтан, "Даму" кәсіпкерлікті қолдау қорынан несие алуға бел будық. Алынған несиеге Италиядан макарон өнімдерін өндіруге арналған жаңа құрал-жабдық сатып алдық. Бұл өзгерістер өнім көлемін 30%-ға өсіруге көмектеседі деп жоспарлап отырмыз".

"Злак Плюс М" серіктестігі берген мәлімет бойынша, 2009 жылы кәсіпорынның өнім көлемі 133 тоннаны құрапты. 133-ке 30%-ды қосқанда 172,9 тонна шығады. Демек, өнім ауқымы 39,9 тоннаға артпақ. Отандық компания енді экспорт бойынша жоспар құруда. Алғашқы экспорт Қырғызстанға бағытталмақшы. Отандық өнімге сұраныс бар... Экспорт демекші, отандық тамақ өнімдерінің Еуропа нарығына шығуы оңай шаруа емес. Үстіміздегі аптада Алматыда өткен "Сауда академиясы: шикізаттық емес экспортты қолдау" семинарына қатысқан "Kaznex Invest" Ұлттық экспорт және инвестиция агенттігінің басқарушы директоры Жәлел Болатов мырзаның айтуынша, Батыс мемлекеттерінің тамақ өніміне қоятын талабы жоғары, әрі бұл сала бойынша стандарттау процесі күрделі. Сондықтан көбіне көтерме саудамен отандық тамақ түрін ол жаққа жеткізу қиындық туғызуда.

Негізгі бөлім

Н өнімдері

Н өнімдерінің қоректік құндылықтары - student2.ru
Ұн өнімдері ас қорыту процестеріне мүмкіндік туғызатын балластық заттың бай көзі болып табылады. Артық килограмдардан құтылғысы келетін тұлғаларға целлюлозалық емдәм ұсынылған. Олардың құрамында көмірсулар және крахмал, темір, Е дәрумені және В тобының дәрумендерібар.

Ұн өнімдеріндегі калориялар мөлшері
Өнімдер Сан Энергетикалық құндылығы (ккал) Ағуыздар (г) Майлар (г) Көмірсулар (г)
1-ші сортты бидай ұны 100 г 10,6 1,3 67,6
1-ші сортты макарондар 100 г 10,7 1,3 68,4
2-ші сортты бидай ұны 100 г 11,7 1,8 63,7
Ақ күріш 100 г 6,7 0,7 78,9
Арпа ботқасы 100 г 8,4 2,0 74,9
Арпа жармасы 100 г 10,0 1,3 66,3
Арпа жармасы 100 г 9,3 1,1 66,5
Арпа үлпегі 100 г 9,8 3,6 79,4
Аршылған бұршық 100 г 23,0 1,6 48,1
Атбас бұршақ 100 г 7,1 0,4 14,0
Бидай кебегі 100 г 16,0 4,6 61,9
Бидай үлпегі 100 г 9,0 3,0 81,0
Бидай ұны 100 г 9,2 1,2 74,9
Бұршақ, дән 100 г 20,5 2,0 49,5
Бытыраңқы бидай ботқасы 100 г 3,4 0,4 22,1
Бытыраңқы күріш 100 г 2,4 0,2 24,9
Бытыраңқы қарақұмық ботқасы 100 г 4,5 2,3 25,0
Бытыраңқы тары ботқасы 100 г 4,7 1,1 26,1
Геркулес сұлы үлпектері 100 г 11,0 6,2 50,1
Ерекше тартылған қара бидай ұны 100 г 10,7 1,9 56,8
Ет және көкөністер қосылған ризотто 100 г 6,6 10,0 18,3
Ет қосылған ризотто 100 г 7,4 11,8 24,2
Жартылай майы алынған соя ұны 100 г 43,0 9,5 19,1
Жасымық, өскіндері 100 г 9,0 0,6 22,1
Жемістер қағы қосылған мюсли 100 г 8,4 3,4 72,2
Жоғары сортты бидай ұны 100 г 10,3 1,1 68,9
Жоғары сортты макарондар 100 г 10,4 1,1 69,7
Жүгері үлпегі 100 г 6,9 2,5 83,6
Жүгері ұны, емдәмдік 100 г 7,2 1,5 70,2
Жұмыртқа қосып пісірілген макарондар 100 г 4,6 8,3 14,8
Жұмыртқа макарондары 100 г 11,3 2,1 68,0
Жылтыратылған күріш 100 г 7,0 1,0 71,4
Кептірілген ақ үрме бұршақ 100 г 7,0 0,5 16,9
Кептірілген бұршақ 100 г 20,5 2,0 48,6
Кептірілген бұршаққынды үрме бұршақ 100 г 2,0 0,2 3,6
Кептірілген жасымық 100 г 24,0 1,5 42,7
Кептірілген қызыл үрме бұршақ 100 г 8,4 0,3 13,7
Кептірілген ноқат 100 г 20,1 4,3 46,4
Кускус жармасы 100 г 13,0 2,0 72,0
Күріш десерті 100 г 3,0 2,9 23,5
Күріш пісірмесі 100 г 4,0 5,6 19,4
Күріш пудингі 100 г 5,6 5,7 32,0
Күріш ұны,емдәмдік 100 г 7,4 0,6 82,0
Қара бидай үлпегі 100 г 6,4 3,2 82,6
Қарақұмық ботқасы 100 г 12,6 3,1 69,3
Қарақұмық дәні жармасынан пісірілген қарақұмық ботқасы 100 г 3,0 3,4 14,6
Қарақұмық ұны, емдәмдік 100 г 13,6 1,2 73,7
Қоңыр күріш 100 г 6,3 4,4 65,1
Май қосып пісірілген макарондар 100 г 3,4 5,0 19,0
Майда жарма 100 г 10,3 1,0 67,7
Майда жарма котлеттері 100 г 3,0 5,3 20,2
Майы алынбаған соя ұны 100 г 36,5 18,6 17,9
Майы алынған соя ұны 100 г 48,9 1,0 21,7
Мейіз және жаңғақ қосылған мюсли 100 г 11,5 12,7 62,9
Пісірілген бұршақ 100 г 6,0 0,0 9,0
Пісірілген жасымық 100 г 7,8 0,0 20,1
Пісірілген үрме бұршақ 100 г 7,8 0,5 21,5
Соя 100 г 2,0 0,1 1,0
Соя, құрғақ тұқымдары 100 г 34,3 19,6 32,7
Соя, өскіндері 100 г 13,1 6,7 9,6
Спагетти 100 г 0,0 18,0 0,0
Суға пісірілген арпа ботқасы 100 г 2,3 0,3 15,7
Суға пісірілген геркулес ботқасы 100 г 2,9 1,4 14,8
Суға пісірілген жабысқақ тары ботқасы 100 г 3,0 0,7 17,0
Суға пісірілген жабысқақ бидай ботқасы 100 г 3,2 0,3 18,7
Суға пісірілген жабысқақ қарақұмық ботқасы 100 г 3,2 0,8 17,1
Суға пісірілген күріш ботқасы 100 г 1,5 0,1 17,4
Суға пісірілген майда жарма ботқасы 100 г 2,5 0,2 16,8
Суға пісірілген сұлы ботқасы 100 г 3,0 1,7 15,0
Сүзбе қосылған арпа биточкиі 100 г 7,9 6,4 18,9
Сүзбе қосылған күріш пісірмесі 100 г 5,1 7,1 26,1
Сүтке пісірілген геркулес ботқасы 100 г 3,2 4,3 14,2
Сүтке пісірілген күріш ботқасы 100 г 2,5 16,0 3,1
Сүтке пісірілген майда жарма ботқасы 100 г 3,0 3,2 15,3
Сүтке пісірілген сұлы ботқасы 100 г 3,2 4,1 14,2
Сұлы жармасы 100 г 11,0 6,1 49,7
Сұлы ұны, емдәмдік 100 г 13,0 6,8 64,9
Тары 100 г 11,5 3,3 66,5
Тары биточкиі 100 г 6,9 5,9 22,2
Тары ботқасы 100 г 10,5 2,9 71,6
Үгілмелі арпа ботқасы 100 г 3,4 0,4 22,1
Үгілмелі арпа жармасы ботқасы 100 г 3,1 0,4 23,0
Үзбе қамыр 100 г 3,9 1,0 20,3
Үй кеспесі 100 г 12,0 3,7 60,1

н өнімдерінің қоректік құндылықтары

Майда тартылмаған ұннан пісірілген өнімдерде фосфор, мырыш, магний, темір, марганец, күкірт, хлор сияқты көптеген минералдық компоненттер, сондай-ақ В тобының дәрумендері - әсіресе тиамин (B1дәрумені) бар. Ұн өнімдерінде майлар мен кальцийдің құрамы аз болады, алайда олар қышқыл түзетін қасиеттерін көрсетеді. Олар энергияның жақсы көзі болып табылады және біршама жоғары қоректік құндылықты иеленеді.

Ұн өнімдерін күнделік емдәмде қолдану

Ұн, нан, ботқалар және макарондар қоректену негізін құрайды және кез келген тамақты ішкенде болуы тиіс. Оларды организмнің қажеттілігіне сәйкес мөлшерде қолдану, қалыптасқан пікірлерге қарамастан, семіруге әкелмейді, ал керісінше, тоқтық сезімін беріп, оның болу қаупін азайтуы мүмкін. Ірі түйірлі ботқалар іш қатудан және геморройдан зардап шегетін тұлғаларға ұсынылады. Ұсақ түйіршікті, жарма типті ботқалар асқазан-ішек жолының ауыр зақымдануынан зардап шегетін тұлғаларға ұсынылады. Құрғақ ірі бұршақ өсімдіктерінің тұқымдарының (бұршақ, үрме бұршақ, соя, жасымық) құрамында өсімдік белогы бар. Ең құнды белок сояда болады, оның құрамы мал өнімдерінің белогына өте ұқсас болады. Ірі бұршақ өсімдіктерінің ерекшелігі олардың іштің ісінуін және диарея тудыратыны болуы мүмкін.

Барлығы дерлік қоректік құраушылар негізінде бидайдың сыртқы бөлігінде болады. Сондықтан майда тартылмаған ұннан немесе дәнді дақылдар қосылып пісірілген ұн өнімдері қоректік компоненттердің аса бай көзі болып табылады. Алайда олардың құрамындағы белоктар құнды болып табылмайды. Аспаздық рецептерде ұн өнімдері белогының орнын жұмыртқа, сүт және сүт өнімдері, ет сияқты мал өнімдерінің құнды белоктарымен үйлестіріп толтырудың көптеген мүмкіндіктері бар. Осының арқасында емдәмде құрамында толық амин қышқылдары бар белок болады. Ұн өнімдерінен тамақтар әзірлеу кезінде сондай-ақ көкөністер мен жемістерді қосу пайдаланылады, бұл оларды минералдық компоненттермен және дәрумендермен қосымша байытады.

Наши рекомендации