Көкөніс дақылдарына сипаттама
Көкөніс дақылдары – көкөніс (шырынды өнімдер, жапырақты өсімдіктер, тамыр жемісті өсімдік, баданалар) алу үшін өсірілетін өсімдіктер. Олардың 80 тұқымдасының 600-ден астам түрі бар. Жемісұрықтылар (мысалы, қызанақ, қияр, бұрыш), жапырақтылар (орамжапырақ, салат), баданақ (пияз және сарымсақ), тамыр жемісті өсімдіктер (сәбіз, қызылша, ақжелкен, шалғам) Қазақстанның суармалы егіншілікпен айныласатын аудандарында өсіпріледі.
Көкөніс шаруашылығы – көкөніс алу мақсатында оларды өсірумен айныласатын өсімдік шаруашылығының бір саласы. Көкөніс шаруашылығының басқа өсімдік шаруашылығынан ерекшелігі – мұнда көкөніс дақылдары ашық және қорғалған жерлерде өсіріледі. Көкөніс шаруашылығы өсіру тәсілдері бойынша: танаптық көкөніс шаруашылығы, ашық танаптағы көкөніс шаруашылығы және қорғалған жердегі көкөніс шаруашылығы болып бөлінеді. Қорғалған жердегі көкөніс шаруашылығының ең жетілген түрінде (мысалы, осы заманғы жылыжайларда) өсімдіктің өсіп-дамуына қажетті барлық жағдайлар жасанды түрде жасалады және оны басқаруға болады, жылдың кез келген мезгілінде (қыста, ерте көктемде және қара күзде) көкөніс алуға мүмкіндік береді; жылдық өнімділігі 1га-дан 250-800 т. Ашық танаптағы және қорғалған жердегі көкөніс шаруашылықтары өзара бір-бірімен тығыз байланысты, олар көкөніс өндіруді жыл бойына қамтамасыз етеді. Көкөніс шаруашылығында өсімдікті ерте көктету, өсіріп жетілдіру (мысалы, түсті орамжапырақ), көшеттерді тығыз (мысалы, кеш пісетін орамжапырақтар отырғызылады) және қайта егу (мысалы, ерте алынатын шалғам орнына аскөк отырғызылады) мен отырғызу әдісі кеңінен қолданылады. Әсірісе, көкөніс шұаруашылығына – мелиорацияланған жерлерді пайдаланудың маңызы зор, себебі суармалы жерлерден 75% көкөніс өнімі алынады. Көкөніс шаруашылығы көкөніс дақылдарының санаулы түрін (биологиялық ерекше түрлерін) өсірумен айналысады. Деректерге сүйенсек, б.з.б. 3-мыңыншы жылдары-ақ көөкніс өсірумен Ежелгі Қытайда, Мысырда, Ежелгі Грекияда және Ежелгі Римде айналысқан. Көкөніс өсіру бұл елдерге қарағанда кеш қолға алынғанымен, қазір Қазақстанда көкөніс шаруашылығы жақсы жолға қойылған. Статистика бойынша 1991 ж. 75,1 мың га жерге көкөніс отырғызылып, одан 954,9 мың т өнім алынсы, 2000 ж 102,6 мың га жерден 1543,6 мың т алынды.
Көкөніс шаруашылығы – көкөніс дақылдарының биологиясын, көкөніс өнімділігін жоғарылату мен сапасын жақсартудың озық технологиясын, еңбек шығыны мен өзіндік құнын төмендетуге бағытталған прогрессивті тәсілдерді зерттейтін ғылым. Көкөніс өсірушісі ғалымдар көкөніс дақылдарының жаңа, жетілген сорттарын шығарумен де шұғылданады.
Тағамдық көкөніс дақылдарында сан алуан физиологиялық сергіткіш компоненттер өте көп. Атап айтқанда, мұндай компоненттерге, адам ағзасындағы тағамдардың дұрыс алмасуына қажетті дәрумендер, пайдалыминералды тұздар мен микроэлементтер, зичнды заттарды ағзадан шығаруға әсерін тигізетін пектиндер, ауруды қоздыратын көптеген микроорганизмдерді жоятын фитонцидтер мен т.б. жатады.
Тағамдық көкөністердің қосындысындағы дәрумендер тағамның бағалы факторларында басты орын алады. Дәрумендер аз мөлшерімен-ақ әсерін тигізеді. Ал жеткіліксіз болғанда алмасуының бұзылыуына, жүйке жүйесчінің дұрыс қызмет істемеуіне және басқа да ауруға шалдығуларға, бірқатар аурулардың пайда болуына әкеліп соғады. Көптеген дәрумендердің жоғарғы биологиялық әсерлілігі: олар ақуыздың, көміртегінің және басқа да метаболикалық процестерді катализдейтін ферменттердің құрамды бөлігі болып табылады. Ал кейбір дәрумен жетпей қалса, онда қажетті фермент қалыптаспайды, деменк онда катализдейтін биологиялық реакция жүрмейді. Бірқатар дәрумендердің әсер ету аймағының (диапазон) молшылығы сонша, олардың ерекшеліктерін айтып жеткізу мүмкін емес, әр түрлі дәрумендердің әсер ету күші бір-бірінен асып түседі, сондықтан олардың бірін-бірі сүйеп қолдайтыны, ауңыстыратана, кейде пнтпгониятік немесе синергиялық әрекет жасалатыны белгілі.
Витамин – вита - өмір деген ұғымды білдіретін латын сөзі, қазақша баламасы – дәрумен.
Көкөніс дақылдарының қайсысында дәрумендердің анағұрлым көптігін және, олардың қызметтерін атап өтейік.
Тек қана майда еритін дәрумендер – А, Д, Е, ал суда еритендері - С және В тобындығылар. Ал К дәрумені майда да, суда да ериді. Осы дәрумендердің адам ағзасына жақсы сінуі үшін олардың қасиеттерін де білген дұрыс.
Дәрумендерді пайдалану тәсілдері, тегінде дәрумен профилактикасына байланысты жасалынады. Айталық, тағамдардағы дәрумендердің жетіспеуі ағзаның жұқпалы ауруларға, әр түрлі жетіспеулері (авитаминоздарға) және иммундық қасиеті төмендеп, әлсіреуіне әкеліп соқтырады. Қазіргі кезде химиялық, таза табиғи немесе синтетикалық дәрілер пайдалынады, бірақ дәрумендерге бай көкөніс дақылдарын (жастай не кепкен күйінде) пайдалану әлдеқайда жақсы нәтиже береді, өйткені оларда витаминдер мен пайдалы минералды тұздардың болуы өзара әсер ету күшін ұлғайта түседі.
С дәрумені (аскорбин қышқылы) көкөніс дақылдарында өте көп болады, бұл дақылдардың барлық мүшелерінде, яғни жапырағында, сабағында, гүлінде, тамыржемістілерінде болады. С дәруменіне өте бай дақылдар: көк пияздардың барлық түрлері, тәтті бұрыш, қызанақ, кғартоп, аскөк, ақжелкен мен балдыркөктің жапырақтары, сондай-ақ тамыржемісті, сүтті салаттар, саумалдық, қымыздық, желкөк, шомыр, тарна. Бұл дәруменнің жақсы қалыптасуына өсіп-өну жағдайының, кезеңдерінің, сақтау тәсілдері мен мерзімдерінің үлкен мәні бар. Мысалы, С дәрумені төменгі жылылықтарда басқа дәрумендерге қарағанда анағұрлым тез қалыптасады, ал құрғақшылық пен ыстықта аскорбин қышқылы азаяды. Тәтті бұрыштың өсу кезеңінде жиілетіп суарып тұрса, онда С дәруменнің көбірек жинақталатыны анықталған.
Р дәрумені тек қана көкөніс дақылдары мен жидектерден табылған. С дәруменімен қосылғанда жақсы әсерін тигізеді, оның бойға сіңімділігн арттырады, қышқылдандыруңдан алдын ала сақтандырады деген анықтама бар. Р және С дәрумендері заттардың алмасуының көптеген процестеріне қатысады да, әдетте, өзара қосылып жақсы әсерін тигізеді. Осы Р дәрумені аскорбин қышқылына бай дақылдарда, итмұрын, қара қарақат, қарылған, тәтті бұрыштың әбден піскенінде, орамжапырақтардың барлық түрлерінде, порей пиязында, сәбізде, балдыркөк пен ақжелкеннің тамыржемісінде, ботташықта, шалқанда, сарымсақ пен шампиньонның құрамында көптеп кездеседі (шамамен 100 грамында – 4,03 мг). Соңғы кезде Р дәрумені сирек кездесетін заттарды іздестірудің арқасында флавондар, катехиндер, антоциандар, лейкоантоциандар болып табылатын қоспалардың көп топтарын анықтауға мүмкіндік туды.
В тобының дәрумендері. Бұлар - әр түрлі қоспалар, осылардың әрқайсысының өзіндік ерекше қасиеттері бар.
В1 дәрумені (тиамин) көкөніс дақылдарының барлығында бар. Атап айтқанда, ең көптері жас ас бұршақта, картоп пен сәбізде, пияздың кейбір түрлерінде – батун, порей, көп сатылы пиязда, тәтті бұрышта, балдыркөкте, салатта, аскөкте бар. Бұны С дәруменімен бірге пайдалану қажет. В1 витамині жүйке жүйесінің қызметінде үлкен рол атқарады, жүректің бұлшық еттері мен ішек-қарын жолдарының дұрыс жұмыс істеуі үшін өте қажет. Осының жетіспеуінен май мен көміртегінің алмасуы бұзылып, жүйке жүйесі ауруларына шалдықтырады. Тәуіліктік қажеттігі – 1-3 мг.
В2 дәрумені (рибофлавин) көкөніс дақылдарының барлығында бар, бірақ сәбізде, пияздарда, желкөкте, кресс-салаттарда, ақжелкенде көп, бірақ бұның ең көбі қозықұйрықта – 6,40 мг. B2 дәруменнің шипалы болуы үшін В1 және В6дәрумендері қажет. Бұл дәрумендердің қажеттілігі суық түскенде немесе күннің көзі күшті сәуле шашқан кезде анағұрлым арта түседі.
А дәрумені.Дақылдарда құралатын провитаминдерде (каротин пигменттері мен каротиноидтар) ғана кездеседі, олар ферменттердің әсерімен А витпминіне айнашлады. Канротиннің таралуы (латынның «cаrota» деген сөзі). Қызғылтсары немесе қызыл түске боялып, жапырақтардың хлоропластарында, сондай-ақ тамыржемістерінің хромопластарында жинақталған. Еңкөп жинақталған дақылдар – сәбіз, асқабақ, саумалдық, тәтті жүгері дәні, ақжелкен. Бұл дәруменнің жетіспеуінен көз ауруы пайда болады, яғни көздің көруі нашарлайды, көздің мөлдір қабығы құрғақтанады, бауырдың қызметі, холестериннің алмасуы бұзылады, жұқпалы ауруларға қарсылығы төмендейді. Тәуіліктік қажеттігі – 4-5 мг.
Е дәрумені (токоферол). Көкөніс дақылдарының барлығында бар, осылардың ішінде ең көбі – сүтті салаттарда, сәбізде, орамжапырақтарда, пияздарда, бұршақтарда, картоп, тәтті жүгері дәнінде. Бұларды пісіргенде не қайнатқанда дәруменнің қасиеті біраз төмендейді.
Е дәрумені жетіспегенде пайдалы минералдардың, ақуыздардың, майлардың, көміртегінің алмасуы нашарлайды, осымен қатар бактериялық, вирустік жұқпалы ауруларға қарсы тұрғыштығы төмендейді және Е дәрумені А дәруменін қышқылдандырудан сақтайды. Тәуілікті физиологиялық қажеттігі – 20-30 мг.
Соңғы кезде бұл дәруменнің көп антиоксиданттық заттардың жетіспеуінен қышқылщдану процесінің күшеюіне жеткізеді (тотық қоспалардың биохимиялық әсерін радикалдардың құралуын күшейтеді), мұның өзі бірқатар патологиялық жағдайлардың (атеросклероз, бұлшық еттер дистрофиясы, бауыр ауруларының) дамуына себепші болады. Антиоксиданттарға Е дәруменнен басқа С, А дәрумендері және танин, пирокатехин туындылары, флавонид пигменттері т.б. заттары кіреді.
U дәрумені. Жаралардың жазөылуына күшті әсерін тигізетін қосынды. Бұл дәруменнің ең көбі ақ қауданды орамжапырақта , ас қызылшасында, қызанақта, сәбізде және де басқа көкөніс дақылдарында бар. U дәрумен,і асқазан қызметін жақсартып қалыптастырады, оның шырышты нәзік қабықшаларына жақсы әсерін тигізеді, осымен қатар ол склерозға да күшті әсер е,те алады, өйткені көміртегінің, майдың алмасуына ықпал жасайды, майдың бауырда артық қорлануына кедергі болады. U дәрумені жылуды көтермейді, сондықтан көкөністерді езіп пісірген дұрыс. Жас күйінде мұздатқан және консервіленген көкөністерде U дәрумені аса ұзақ сақталады.
К дәрумені К – коагуляция деген сөздің алғашқы әрпі) қанды қоюландыратын ұйытуға себепші әсерін тигізеді, мұның өзі қансыраған кезде, кесіліп жарақаттанғанда пайдасы зор.
К дәрумені барлық көкөніс дақылдарында бар, соның ішінде ең көп бай дақылдары қайнатпа күйінде және галендік дәрі ретінде жүгерінің аналық шашақтарында, орамжапырақта, сәбізде,ақжелкенде, фенхельде мол болады. Адам ағзасында К дәруменнің жетіспеуінен болар-болмас жарақаттың өзі ұзақ бойы қайнап, қаны тоқтамайды.
Табиғи қышқылдар. Көкөніс дақылдары – көптеген табиғи қышқылдардың қайнар көзі.
Табиғи қышқылдардың (алма, лимон) ықпалымен ас қорыту сөлдерінің бөлінуі артады, ішектердің жиырылуы жақсарып күшейеді, ас қорыту процестері жақсарады, әсіресе бұл кімде-кімнің тұз қышқылының бөлінуі нашар, төмен болса, сол адамдар үшін өте қажет.
Табиғи қышқылдар қышқылдық-сілтілік тепе-теңдікті реттеуші ретінде өте маңызды болып табылады, ішкі ортаны сілтілендіріп, ағзаны ацидоз жағдайынан арылтады.
Қышқылдардың маңызы зор, бұлар қолайсыз жағдайларда жұмыс істеуді жақсартатын адаптоген дәрі ретінде әсерін тигізеді. Бірақ мынаны ескеру керек, көміртегі көп тағамды аса көбірек ішу сірке қышқылының тым көбейіпкетуіне, демек холестериннің көбеюіне әкеледі (өйткені сірке қышқылының бір бөлігі холестеринді синтездеуге пайдаланады). Қымыздық қышқылы көп дақылдарды (бұл қышқыл әсіресе қымыздықта, саумалдықта, рауғашта) сақтықпен тағамға пайдалану керек, өйткені олар тұздардың алмасуына теріс әсерін тигізеді, кальциймен қосылып ерімейтін тұз құрайды, бұның өзі бүйрікке, т.б. тастардың жиналып пайда болуына жағдай туғызады.
Эфир майлары. Өте тез ұшқыш, химиялық құрамдары жағынан әр түрлі қосындылардың күрделі қоспасы. Эфир майлары көп жиналған дақылдар – ақжелкен, балдыркөк, аскөк, желкен, шомыр, сарымсақ, пияздар. Бұл дақылдардың әрбіреуі өзденріне тән хош-жұпар иістерімен айқындалады. Майдың мөлшері мен құрамдары өсіп-өну кезеңдерінде өзгеріп тұрады. Гүлдену кезеңінде жапырақтары мен сабақтарында көп болады.
Фитонцидтер. Адам ағзасындағы микроағзаларды жоюға үлкен әсерін тигізетін қорғаныштың химиялық құрамдары түрлі қоспалардан құралған.
Фитонцидтік қасиеттері бар көкөніс дақылдарын ертеден медицинада кең көлемде пайдаланған. Фитонцидті көкөніс дақылдары – женлкен, шомыр, сарымсақ, пияздар. Осылардың ішіндегі желкен мен шомырда күкірт қосындылары бар. Қазіргі кезде көптеген ауруларды: тұмауды, жоғарғы тынысты, демікпені, тіс ауруларын, терінің ірінді жараларын емдеуге, сақтандыруда (профилактикада фитонцидтерапия деп аталады) жетістікті қолданып келеді, бұның үстіне бұлар ішек-қарынның қозғалыс, секрециялық қызметін күшейтіп жақсартады, ішектегі шіру мен іру процестерін жойып, ішектің жұмысын жақсартуға себепші болады.
Ақуыздар (белоктар), майлар, көміртегілер – тағамдағы күнделікті маңызды компоненттер. Ақуыздар және майлар әсем, нәзік, сіңімді шипалы заттарға жатады, яғни ағзадағы ескіні ауыстырып, жаңаны жасауға қолданылады. Ақуыздар заттардың алмасуы қоспаларының құрамдарына амин қышқылдары, амидтер, амин қышқылдарымен (олардың барлығы 20) анықталады, бұлардың ішіндегі 9 қышқылды ауыстыруға болмайтын қышқылдар, олардың көпшілігі цистин, лизин, тритофан, аргинин, метионин көкөніс дақылдарында кездеседі. Амин қышқылдарының бірқатары – лейцин, тирозин, аргинин, гистамин дақылдардың пісіп келе жатқан дәндерінде, тамырларында, түйнектеріндет еркін жағдайда қалыптасады.
Көміртегі - ағзадағы күшь қуаттың қайнар көзі, әр түрлі қанттар түрінде сақталады. Көміртегінің моно, олиго және полисахаридтер деген түрлері бар. Моносахаридтердің ішінен глюкоза, фруктоза дақылдардың жапырақтарында, жемістерінде, дәндерінде аса көп болады. Дисахаридтерге сахароза жатады. Бұл әр түрлі дақылдардың жапырақтарында, сабақтарында, дәндерінде, жемістерінде, тамыржемістерінде, түйнектерінде болады.
Пектиндер галоктурон қышқылынан құралған, дақылдардың ұлпаларындағы дасушааралық заттардан жасалынады. Пектиндерсіз ағза дұрыс қызмет істей алмайды. Олардың сору және тұтқырлық қасиеттерімен улы заттарды зиянсыз етіп шығаруға және артық холестеринді ағзадан шығаруға себепші әсерін тигізеді.
Пектиндер ас қорытуды жақсартады, тазалайды, өтті айдауға, несеп жүргізуге, ішті босатуға әсер етеді. Бұны балалардың іш өтуін емдеуге (алма диетасы) пайдаланады, өндірістегі уланудың қатерін төмендету үшін сақтандырғыш дәрі ретінде қолданады.
Жас көкөністердің жемістерінде пектин өте көп болады.
Пектин барлық көкөністерде бар, соның ішінде ең көбі шалқанда, ас қызылшасында, балдыркөкте.
Минералдық элементтер. Көкөніс дақылдары – осы элементтердің қайнар көзі, бұлар сан алуан реттеуші қызметтер атқарады, фармакалогиялық келелі рол атқарады. Дақылдардың тағамдық мүшелеріне қарай, бұлар макроэлементтер болып бөлінеді. Макроэлементтер – калий, кальций, магний, кпемний, фосфор, темір, бұлардан басқалары да көкөніс дақылдарында айтарлықтай көп болады. Әсіресе калийдің маңызы орасан зор: ол барлық физиологиялық процестерге қатысады. Калийдің тұзы адам ағзасының қышқыл-сілтілік жағдайын реттеп тұрады, денедегі артық сұйық (су) пен натрий тұзын шығваруға әсерін тигізеді.
Кальций фосфор қышқылымен және магниймен қосылып, адамның сүйектерінің құүрамына белсенді қатысады, қанның сарысуында болады. Бұл калиймен бірге қанның ұюына, нерв жүйесі мен бұлшық еттерді қозғауға қатынасады, жүрек бұлшық еттерінің қуатын (тонусын) күшейтеді. Қауданды және жапырақты салаттарда, орамжапырақтарында, көк пияздарда, порей пиязында, ақжелкенде, шалғамда, шомырда, сәбізде кальцийдің айтарлықтай көп екндігі анықталған.
Темір гемоглобиннің құрылуына негіз болып жұмыс атқарады; ал гемоглобин жеткіліксіз болса, әлсіздік, қан құрамының төмендеуіне соқтырады. Адам ағзвасында С дәрумені болған жағдайда темір макроэлемкенті бойға жақсы сіңеді. Қан құрамы төменднмегегн адамдарға темірі көп көкөніс пайдаланған дұрыс. Темір макроэлементі ақжелкенде, балдыркөкте, шалғамда, шомырда, пияздарда, салаттарда, саумалдықта, қызанақта, баялдыда ағзаға сіңімді болады.
Микроэлементтер – бор, йод, мыс марганец, никель, мышьяк, кобальт, молибден, қалайы, мырыш, бұлар көкөніс дақылдарында аздаған мөлшерде болады(әдетте, мыңнан бір пайызында). Орамжапырақтарда бор, мыс, мырыш, сәбізде боор мен йод; ас қызылшасында йод, темір, мыс, марганец көптеп кездесенді, ал басқаларында аз мөлшерде.
Ферменттердің, дәрумендердің, гармондардың құрамдарына кіретін микроэлементтер негізінен заттар алмасуларына, жасушалардың ішіндегі ұлпалардың тынысына, қанның жасалуына, жас балалардың бойының өсуіне әсер етуі анықталған. Қайсібір микроэлементтердің әсерлері күштері басқа микроэлементтердің ағзада болуына байланысты кобальт, мыс пен мырыш жеткілікті мөлшерде болғанда ғана жақсы әсерін тигізеді. Дақылдардың құрамында микроэлементтері барлары медицинада макроэлеметтер сияқты дәрі ретінде пайдаланады, өйткені бірталай аурулардың қайсібірі элементтердің жетіспеуіне байланысты болады. Соңғы кездері қан ауруын емдеуге кобальті бар өсімдіктерден жасалған дәрілерді пайдалануда, бұның үстіне кобальт В12 дәруменнің құрамына кіреді.
Гликозидтер (гректің «гликос» - қант деген сөзінен алынған) қантқа байланысты тәтті емес, агликон («агликонды» аударғанда қант емес деген сөз) компонентінен тұратын табиғи күрделі, тіпті сан алуан түрлілерден құралады. Атының «тәттілігіне» қарамастан, гликозидтер өте ащы болады (жусанға ұқсас). Гликозидтер тұрақсыз, сондықтан суда, әсіресе қышқылданған суда ферменттердің әсерімен бөлініп, тәттіге және агликонға тез ажырайды.
Көкөнісч дақылдарында көп кездесетін илік заттар немесче таниндер глюкозидтерге өте жақын. Бұлар ақуыздармен қосылып, су өткізбейтін эластикалық берік пленка жасай алады, Медицинада тұтқыр дәрі ретінде пайдаланғанда жақсы әсерін тигізеді.
Кумариндердің сан алуан топтарының ішінде медицина үшін спазмолитикалық, қан тамырларын кеңейтетін және тыныштандыратын күшті әсері бар фурокумарин туындысы аса маңызды. Осының үстіне бұлардың біреуі ішек құртына қарсы, екіншісі гприбок ауруына қарсы пайдаланады. Ос қосындылардың кейбіреуі күннің ультракүлгін сәулесіне қарсы адам терісінің сезімталдығын күшейтеді. Фурокумариндер барлық көкөністерде бар, ал соның ішінді ең көбі балдыркөк пен ақжелкенде, ал бұлардың күні көзінде өңдегенде қолда дерматит ауруларын қоздыратыны белгілі.
Алкалоидтар – күрделі органикалық, құрамында азоты бар, сілтілік қасиеті күшті, ерекше әсер ететін қосындылар. Алкалоид екі сөзден құралған: арабша «алкали» сілті, грекше «эйдос» сол тәрізді деген мағына береді. Алкалоидтар спиртте тез ериді, бұлардың көбі улы, бірақ адам ағзасында аз ғана енгізілгеннің өзінде емдік әсері күшті. Алкалоидтардың құрылымы өте күрделі. Дақылдардың мүшелерінде алкалоидтардың мөлшерлері біркелкі емес.
Топырақтың егудің алдыңдағы өңдеуден кейін алаңды олардың арасындағы сүрлеумен кішкентай бөлініс қатарларға бөледі. Бөліністердің ұзындығы 1,5 м–н 2-3 м–ге дейін, ені 70-90 см, сүрлеудің ені 50 см. Қатарлардың саны мен олардың арасындағы, бөліністегі өсірілетін көкөністердің ерекшеліктерін анықтайды. Кестеде көрсетілген.
Кесте 1. Қызылшаның отырғызу нормасы.
Өсімдік атауы | Тұқым егу тереңдігі (см) | 1 м–ге тұқым саны (г) | Қашықтық | |
Қатар арасындағы | Қатардағы | |||
Қызылша | 2-3 | 1,5-2 |
Топырақ - өсімдіктерге өсу мен дамуға қажетті, оларды сумен қамтамасыз ете алатын, жер қыртысының үстіңгі шұрайлы қабаты. Топырақ әр түрлі болады. Біреулер жаңбыр суын жақсы сіңіріп және оны тамырларға жеңіл береді, басқалары тығыз, олардан су төгіліп, өсімдіктер құрғақшылықтан зардап шегеді. Қоректік элементтері көп және аз топырақтар бар.
Топырақта 2 бөлікті айырады: органикалық және минералды. Органикалық–қарашіріктен, бактерийлерден, топырақты саңырауқұлақтардан, өсімдік тамырлардан тұрады. Минералды, көбінесе, құм, саз және шаңнан, сонымен қатар тау жыныстарының қалдықтарынан тұрады. Құм мен саз құрамының тәуелділігінен топырақтар құмды, сазды, балшық топырақты, құмайт болады. Топырақтың механикалық құрамын білу үшін, жыртылатын қабаттың топырақ уысын алып, суды қосып, қамыр күйіне дейін жақсы араластырады. Пайда болған массадан жіңішке шыйрақ ысу және доғаш формасын беру. Егер майыстырған кезде шыйрақ жарылмаса, онда құм сазды. Егер майысқақта сызат болса – топырақ балшықты. Ал құмды топырақтан «қамыр» иле алмайсың.
Сазды топырақ құрамы жаман, сондықтан шұрайы аз. Олардың шұрайын жоғарлату үшін, күзде топырақ қазған кезде органикалық тыңайтқыштарды қосады (1 м² – 5-10 кг), ағаш күлін (1 м² – 200-300гр) және 4-5 жылға бір рет әктасты (1 м² - 300-400гр).
Құмайт топырақ, әсіресе құмды топырақтар қоректік заттың құрамы бойынша кедей. Олар суды жақсы өткізеді, дегенмен суды әлсіз ұстайды. Топырақтың төменгі қабаттарына сумен бірге қоректік заттар өтеді.Мұндай топырақта құрамын жақсартуға, шұрайлығын жоғарлату қажет. Бұл үшін органикалық тыңайтқыштар және күлді сазды топырақтағыдай сияқты қолданылады. Оларды 2 қабатта да ендіру керек: бірінші жартысын күзгі өңдеуде, екінші жартысын – көктемде. Минералды тыңайтқыштар тек қана көктемде ендіреді және де органикалық тыңайтқыштармен бірге.
Балшықты–топырақ механикалық құрамы бойынша және ерекшеліктер бойынша құмайт және сазды топырақтар арасында аралық болып келеді. Жақсы құрамы бар және өсімдіктерге қолайлы, қоректік заттардың үлкен қоры бар, бұл топырақ шұрайлы. Бұл топырақ көкөніс өсімдіктерін өсіруге ыңғайлы топ.
Жыл сайын көкөніс өсімдіктері топырақтан қоректік заттардың үлкен қорын шығарады. Сондықтан да көкөніс дақылдарының жаңа өнімін қамтамасыз ету үшін топыраққа органикалық тыңайтқыштармен бірге минералды тыңайтқыштарды қосу керек.
Рабатка - сәндік–гүлді өсімдіктерге арналған ұзартылған атыз. Оның ені 40 см–н 80 см–ге дейін. Рабатка сүрлеу бойымен, көк алаңның шетінде немесе қоршау, ғимараттың алдында орналастырады.
Көшетхана - көкөніс көшеттерін немесе ерте көкөністерді өсіру үшін арналған құрылыс немесе тетік. Оқушыларға ең ыңғайлысы күн жылулығындағы көшетхана.
Көшетхананың қорапшасы 20х30 см тақтайлар мен бөренелерден жасалынады. Оның үстіне жоғары байланған атты брус, итарқа қойылады.
Көшетхана жылы және суық болады. Жылы көшетхана 30-650 см тереңдігі бар котлованнан тұрады. Котлованға биооттың қолды (қи, ағашты жапырақтар, қоқыс), оны ыстық сумен ысыту керек (таспен, кірпішпен ысытылған) және 20 см шұрайлы жердің қабатымен төгу керек. Биоотын жанған кезде және топырақ 15˚С дейін жылынса, егуді және өсімдіктерді отырғызуды бастайды.
Көшетжайлар күн қыздыруда жылы көшетхана сияқты орналастырады. Мезгіл, қайта қазудың тереңдігі және топырақты тыңайтқыштармен толтыру өсірілетін мәдениетке байланысты. Топырақ қызуы үшін, көшетжайды отырғызудан бірнеше күн бұрын қабыршақпен жабады.
Жылы күнде қабыршақты көшетжай тез қызады да, ондағы температура 40˚С жоғары болады. Бұлыңғыр және суық күндерде қабыршақты жабулар тез суыды. Егер температура -2-3˚С дейін төмендетілсе, онда қабыршақты жабуда температура 0 түседі де, кейбір кезде өсімдіктердің зақымдалуы байқалады. Сондықтан, қабыршақ астында өсетін жылысүйгіш мәдениеттерді қосымша ескі қолданылған қабыршақ кесектермен немесе қағазбен, шетпірмен, шөпті матрастармен жабуды қажет етеді.
Оқу – тәжірибелік алаңы мен сынып мөлтекті белгілеу: Бұл жұмысты күзде жасағаны ыңғайлы. Мөлтектерді 50 және 70 см өлшем таяқшалардың немесе баудың көмегімен белгілейді. Ең алдымен оқушылар көкөніс телімде сынып мөлтегіңнің орнын белгілейді де, олардың арасындағы ені 70 см сүрлеуді қазады. Содаң соң алдын – ала қажетті тыңайтқыштарды қоса, сүрлеуді қайтадан қазады.
Қайта қазудан кейін оқушылар атыздарды белгілейді. Ұзындығы 70 см таяқшамен атыздардың енін белгілейді. Шекара желін жерге қағылған таяқшаларға бекітілген бау арқылы анықтайды.
Жеңіл топырақта атбасбұршақты, тамыржемісті өсімдіктердің сәндік–гүлді мәдениеттердің егілуі екі немесе үшжолақты таспа түзу бетте жүргізіледі. Бір таспа басқа таспадан бөлу үшін олардың арасында топты топырлату керек.
Ауыр сазды топырақта көкөністерді атыздарда өсіреді. Егер алаң төмен жерде орналасса, онда атыздарды жоғары істеу қажет. Және керісінше, жоғары ашық орында биік 12-15 см атыздарды жасайды.
Мөлтектерін бөлген кезде атыздар арасында күрекпен тазалайды. Жұмыс істейтін оқушы меже шетінде тұрады да, берілген тереңдікке жерді таңдайды. Алынған жерді атыздарға біркелкі бөледі. Меже қазғаннан кейін, күректің сырт жағын атыздардың шетін тығыздату қажет.
Көктемде күзде жасалынған атыздардағы топырақ тез қыздырылады және тез кебеді. Бұл атыздардың түзетуден басталған жұмыстарға тез кірісуге көмектеседі. Олардың түзу бетті және дұрыс формасы болу қажет. Бұл түзетілген дұрыс өскіндердің өсуін қамтамасыз етеді де, жұмыста ыңғайлы телімге жинақы түр береді.
Көкөніс дақылдарының телімі. Оқу-тәжірибелік алаңның көп бөлігін көкөніс дақылдары орын алады.
Оқушылар көкөніс телімінде тамыржемісті, қызанақ және асқабақ, орамжапырақтарды өсіреді.Бізге белгілі, ауысымсыз мәдениеттерінде бір жерде өсімдіктердің бір түрін отырғыза берсе, топырақ әлсірейді, түсім төмендейді, көп мөлшерде арамшөптер мен зиянкестер пайда болып өсірілетін өсімдіктердің аурулары тез таралады.
Қызанақтар мен асқабақ дақылдары үшін жақсы ізашар орамжапырақ болып табылады, тамыржемістілер үшін – қызанақтар, қияр, орамжапырақ, орамжапырақ үшін – бұршақтар. Бұдан шығатыны, көкөніс дақылдары үшін арналған телімді танап көлемі 4 бірдей танапқа бөлеміз.
Танаптың біріне қи құяды, онда оқушылар орамжапырақты өсіреді. Екінші танапта оқушылар шірікті әкеліп, қызанақ пен асқабақ дақылдарын өсіреді (қияр, асқабақ, кәді), үшінші танапта шымтезек пен минералды тыңайтқыштар бойынша тамыржемістілерді өсіреді. Төртінші танапта – бұршақ дақылдарын. Келесі жылы бірінші танапта қызанақ пен асқабақ дақылдарын, екінші танапта – тамыржемістілер, үшінші танапта – бұршақ, төртінші танапта – орамжапырақ өсіріледі.
Көкөніс дақылдарының телімнің жоспарын құрғанда, оған тіктөртбұрышты формасы сай келеді. Тіктөртбұрышты телімде дақылдардың алмасуы жақсы болады.
Қазіргі кезде көкөніс дақылдары морфологиялық, биологиялық ерекшеліктеріне және тағамдық мүшелерінің өніп-өсу, дамуларының талаптарына сай топырақтың құнарлылығын жақсартуды және мол сапалы жоғарғы өнім алу үшін минералды тыңайтқыштарды қолдануды қажет етеді.
Көкөніс дақылдарын әр түрлі топырақтарда өсіруге болады. Дегенмен, аса құнарлы және жетерліктей ылғалды топырақтан, онша көп шығын жасамай, мол өнім алуға болады.
Жерді өңдеу жүйесі мынадай буындардан тұрады:
1. Негізгі өңдеу.
2. Егу алдыңдағы өңдеу.
3. Қатараралық өңдеу.
Негізгі өңдеу барлық көкөніс дақылдарны егілетін жерді өңдеу жүйесінің басты буыны болып саналады. Күзгі айда (терең етіп қайта жырту) енгізілген тыңайтқыштардың және топыраққа сіңген тамырлар мен өсімдік қалдықтарының жақсы іріп-шіруіне топырақтың беткі қабатының тоңазуына және қыстап жатқан зиянкестерді құртуға жағдай туғызады. Күзде қайта жыртылған жер жауын-шашын мен еріген қар суын көп сіңіреді, ылғалды жақсы сақтайды. Жерді топырақтың айдауға келген – «шыққан» кездеөңдейді, яғни топырақ өңделген кезде жабыспайды, үлкен кесектерге бөлінбейді және де бытырап кетпейді, кішкентай түйіртпектерге бөлініп, жақсы жентектеледі. Мұны анықтау үшін әр жерден жарты уыс топырақ алып, оны сәл сығады да жерге тастап жібереді. Сонда «шыққан» саздақ және құмдақ топырақ ұсақ түйіртпектерге бөлінеді, ал сазды топырақ формасын өзгертпейді. Әлі «шығып» болмаған тым ылғалды топырақ жерге түскенде жаңшылып қалады.
Жер асты суы тым жақын, ылғалды төмен жерлерде, сондай-ақ жылы сүйгіш дақылдарды анағұрлым ерте отырғызуға дайындау үшін телімде күзді күні енін 1-1,5 м, биіктігін 20-25 см етіп жүйекшелер жасайды. Жүйекшелерде қар тез ериді, олар жақсы жылынады және желдетіледі, мұндай жүйекшелерге егуді және отырғызуды әдеттегі мерзімнен 10-15 тәуілік ерте жүргізуге болады.
Егу алдындағы өңдеу топырақты өсіп шыққан арамшөптерден тазарту, топырақтың беткі қабатын қопсыту, ылғалдың булануын азайту (ылғалды ұстау), топырақтың беткі қабатын тегістеу және оны майда түйіртпектендіру үшін қажет, ал онысыз көкөніс дақылдарының ұсақ дәндерін жерге біркелкі сіңіру мүмкін емес. Егу алдындағы өңдеу кезінде ауыр, қысты күні мықтап шөккен жерді қайта жыртады (қайта айдайды), топырақты (тырнауышпен, тырмамен) тегістейді.
Қатараралық өңдеу – топырақты үнемі отау (арамшөптерді құрту), қатар аралықты қопсыту (тамыр жайылған қабатта қолайлы ауа-газ режимін жасау) болып табылады.
Топырақты тырмамен тегістеу және қопсыту , көктемгі қайта қазудан кейін жүргізіледі. Тырмамен жұмыс істеген кезде жұмыскер-оқушының дене ахуалы ассиметриялы, ал бел омыртқасы мен жамбас-бел буындары иілген болу қажет. Қолдар тырманы ұстап, бір-бірінен алшақталған болу керек. Тырмамен қопсытқанның нәтижесі жер кесектері ұсақталады: ол екі фазадан тұрады: бірінші – серме, екінші – соққы. Тырмамен қопсыту әдісі екі фазадан тұрады: бірінші – тырманың берілуі алға, екінші - кері айналыс. Бірнеше жұмыс әрекеттерден кейін алға бір қадам жасалады. Ауыр топырақта кесектердің тегістеу мен ұсақтау кезінде замах пен соққының күші күшейеді.
Топырақтың көктемгі өңдеу кезінде мұғалім оқушыларға ірі кесектерді ұсақтауды және мөлтекті тегістеуді ұсынады. Топырақты тырмамен тегістеу жеңіл жұмыс сияқты көрінеді. Алайда, егер топырақты жеткілікті құрғақ және тырмамен соққанда жеңіл шашып қалғандай болса, онда сол кезде ғана оқушылардың жұмысы жемісті болады.
Атыздарды құрған кезде топырақтың тырмамен тегістеуде ерекше назарды қажет етеді. Тар мөлтектерде, атыздарда топырақты қопсыту және тегістеу кезінде тырманың айдаршамен шетте ұстау маңызды, себебі топырақтың бөлінуін алдын алу қажет. Балалар атыздың шетін жалпы үстірттен кішкене ғана жоғары істеуді үйрету маңызды. Бұл атыздың үсті бойынша суару кезінде біркелкі суды үлестіруді рұқсат береді.
Топырақты кетпенмен қопсыту. Кетпенмен жұмыс істеген кезде қолдың көп бұлшықеттері, иық белдігі, дене бітімі жұмысқа кіріседі. Қопсыту кезінде дене ахуалы ассиметриялы, ал бел омыртқасы мен жамбас-бел буындары иілу қажет. Сондықтан оқушының дене бітімі ұзақ уақыт бойы жалған иілген ахуалында болады. Бұл тез шаршауына әкеліп соқтырады. Оқушылардың еңбегін ұйымдастырған кезде, жұмысты белсенді демалуымен жүйелі түрде алмастыруды есепке алу отыру керек (денені тегістейтін бірнеше шынықтырылған жаттығулар, олар белдікте жәнеиық белдікте ыңғайсыз сезімін тез шешеді).
Әдетте қызанақтар, орамжапырақтар, біржылдық және көпжылдық сәндік-гүлді дақылдар отырғызылатын телімде оқушыларды топырақты кетпенмен қопсытады. Бұл құралмен оқушылар жұмыс әдістеріне тез үйренеді.
Әдетте кетпенмен топырақты қопсытқанда отаумен бірге сәйкестендіреді.
«Мысық» - кетпенмен топырақты қопсыту деп өскіндерді суарғаннан немесе жаңбырдан кейін пайда болатын қыртыстың бұзылғаннан кейін жүргізіледі. Бұл жұмыстың түрімен оқушылар бастауыш сыныптарда танысты. Жұмысшы-оқушы жеңіл соққымен кетпен тістерін жерге кіргізіп, өзіне кішкене ғана тартып шығару керек. Топырақты қопсытуды атыздың шетінен бастау керек. Жұмыстың алғашқы минуттарынан оқушылар кетпен тістерін қажет тереңдігіне кіргізу сәтті болмайды. Кейбіреулер кетпенді атызға қойып, содан соң оған қолмен тіреліп жерге кіргізеді. Оқушылармен жасалатын тағы бір қателік: кейбіреулер қопсытуды шетінен емес, ортасынан бастайды. Кетпенді жерге енгізіп, олар оны шетке әкеледі. Мұндай әдіс жердің бөлінуіне және қыртысын жаман бұзады. Өскіндермен бірге қатар арасындағы топырақты қопсытудан соң, оқушылар арамшөптерді алып тастайды.
2 Картоп, жүгері, қарақұмық өсімдіктерінің агробиологиялық сипаттамасы.Картоп – ауыл шаруашылығының маңызды дақылдарының бірі, ол бағалы халық тағамдарының бірі, малдың жемі және өнеркәсіп үшін шикізат.
Биологиялық ерекшелігі – жылу сүйгіш өсімдік. Түйнектері 4…5° жылы температурада өне бастайды, түйнектің өсуіне қолайлы температура – 10…15° жылылық. Топырақта ылғал мол, ал температура төмен болса, түйнек шіріп кетеді. Отырғызылған түйнек 18…20 күнде көктейді, 3°-тан төмен суықта өсімдік үсіп кетеді. Картоптың кеш отырғызылған сорттары суыққа төзімді келеді. Онда 1° суыққа дейінгі температурада қант жиналады.
Егер түйнекті бөлме температурасында 5…10 күн ұстаса, тәттілігі жойылады. Отырғызар алдында түйнекті яровизациядан өткізген дұрыс. Ол 30…40 күнге созылады. Вегетациялық дәуір – 60…80 күн. Топырақ температурасы 17…18° жылы болғанда, түйнек түзуге, крахмал жинауға қолайлы. Жарық сүйгіш. Жақсы тыңайтылған құмдық және саздық топырақтар, ылғалды, жеңіл қара топырақ өте жарамды. Сортаң топырақ жарамайды.
Жүгерінің азық-түліктік және техникалық маңызы болғандықтан, оның шаруашылықта, өндірістікте мәні бар. Оның дәнінен, сабағы мен собығынан 150-дей түрлі заттар даярланады. Олар: крахмал, сірне, спирт, май, қағаз, жарма, түрлі консервілер және басқалар.
Негізінен ол – мал шаруашылығы үшін аса бағалы, құнарлы азық. Сабағы мен жапырағынан даярланған сүрлем басқа дақылдардан әзірленген сүрлемге қарағанда, қоректілігі жағынан едәуір жоғары. Дәнге арналып егілген жүгерінің сабақтары мен жапырақтары мал азығына пайдаланылады. Шашақ шығара бастаған кезде, жиналып алынған жүгері сүрлемге қолданылады. Жүгеріні ықтырмалы дақыл ретінде ексе, қар тоқтатады және аңызақ желден қорғайды.
Зиянкестермен және аурулармен күрес. Картоп зиянкестері мен ауруларын жою үшін әртүрлі улы химикаттар пайдаланылады. Мысалы,фитофторезбен күресте төмендегідей фунгицидтер: 80%-дық цинеба препараты, 50%-дық хлорокси жезді препараты, 50 %-дық қаптан препараты, купрозин немесе хомецин жерде тұрып өңдегенде бір пайыздық бордос сұйығы қолданылады.
Отырғызылған картопқа улы химикаттар бүрку үшін қант қызылшасы егісіне бүркетін агрегаттар мен сондай жұмыс тәртібі қолданылады. Отырғызылған егістің күйіп кетпеуі үшін оны ертеігісін немесе кешкісін бүркеді. Бірінші бүркуді әдетте дақылдың бүрлену кезеңінде жүргізу ұсынылады. Бірақ мұны ауа райын болжау пуктінің сигналы және ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің зиянкестерімен бүлінуі туралы, сондай-ақ олардың аурулары туралы мәліметтерге сүйене отырып бастаса өте тиімді болады.
Картоп жапырағында қара дақ пайда болғанда оны бір пайыздық бордоска сұйығымен бүрку өнімділікті 0,8 %-ға, бүрлену кезінде бүріксе – 9%-ға, тез өзгертетін болжауға сүйеніп жасаса – 16,4 %-ға өсіреді. Ауа райына байланысты екінші және онан кейінгі бүркулерді 8...12 күннен кейін жүргізеді. Мұның артынша жаңбыр жауса, онда жаңбыр тоқтағаннан кейін 1...2 сағаттан соң бүркуді қайталау қажет.
Картоп өсімдігіне көп зиян келтіретін нематодтар (1а-сурет), сымшалар (2ә-сурет), колорадтық қоңыздар т.б (2б-сурет).
Картоп жинайтын жалпы құрылысы. Картоп жинайтын машиналардың бірі – КТН-2Б картоп қазғыш. КТН-2Б (2а-сурет) қатар аралықтары 70 см етіп отырғызылған картопты жинауға арналған. Оны МТЗ-80 немесе Т-40М тракторларына тіркеп пайдаланады. Картоп қазғыш екі жүріс доңғалағы бар жақтаудан, түреннен (1), негізгі элеватор (2) мен сатылы элеватордан (4), ірі електен (5), беріліс механизмінен тұрады.
-сурет) екі қатарлы картопты қазып, оны негізгі элеваторға жібереді. Ол үшін бөліктен (5, 6 және 7) тұрады. Әр бөліктің арт жақ шетінен тілік жасалған, оларға тас, кесек тағылып қалмас үшін саусақтар (2) бекітілген. Әр саусақ жоғары қарай 90°-қа ауытқиды. Ал түреннің бүйір бөлшектері тұрыққа бекітілген кронштейндерге (1, 4) орнатылады. Орталық бөлік (6) ұзынша бойтасаға (3) бекітіледі. Ал түрен екі жағынан жақтауға бұрылған қапталдармен шектелген. Түреннің ең көп тереңдеуі – 24 см.
Негізгі элеватор топырақты қопсытуға және елеуге арналған, ол ұзыннан тік бөлінген екі полотнодан, әр полотно диаметрі 10 мм болат шыбықтардан тұрады (2б-сурет). Олар төлкелі-аунақшалы шынжырдың буындарына (1, 2) екі-екіден қосылған. Әр шыбық ортасынан доғаша, екіншісі төмен иілген, мұның өзі түйнектерді элеватордан түсірмей, топырақ пен пәлектің түйнектен бөлінуін жақсаратды. Элеватордың буын адымының ені – 21 мм. Полотно алдыңғы жағынан шарикті айгөлекте (3) айналатын тұрық тәрізді шойын аунақшаға тіреледі. Ал полотноның жоғарғы тармағы орта тұсынан 10 тісті, сопақша келген жұлдызша-сілкуішке тіреледі. Соның нәтижесінде полотноның жоғарғы тармағы жұмыс кезінде ауық-ауық тербеліп отырады да, ірілі-уақты кесектерді тұтып қалады. Негізгі элеватордың жетекші білігіне шпонкамен және тоқтатқыш винтпен жұлдызша бекітіледі. Білік тұрықтары жақтауға орнатылған шарикті үш айгөлекпен бірге айналады.
2б – элеватор
2 (а, ә, б) суреті. Картоп агротехникасы
Енді КСТ-1,4 картоп қазғышөдестелегіштің жұмыс принципіне қысқаша тоқталып өтелік. Машинаның жалпы көрінісі мен құрылысы 3-суретте көрсетілген. КСТ-1,4 машинасы қатар аралықтары 70 см-лік екі қатардағы картопты қазуға, түйнектерді бір қатарға салс отырып, топырақ пен пәлекті картоп түйнектерінен бөлуге арналғаню
Бұл картоп қазғыштың жұмыс принципі КТН-25 картоп қазғышына ұқсас. КТН-25 және КСТ-1,4 картоп қазғыштарының техналогиялық схемаларын пайдалана отырып, олардың жұмыс принципін өз бетіңше түсініп ал.
КСТ-1,4 картоп қазғышы (жалпы көрінісі). 1- сатылы элеватор; 2 – негізгі элеватор; 3 – бәсеңдеткіш; 4 - карданды беріліс; 5 – бағдарлауыш доңғалақ; 6 – түрен; 7 – жылдам жүретін элеватор; 8 – жүріс доңғалағы; 9 – тарылтқыш қалқандар.
3 сурет. Картоп қазғыш