Борпылдақ жағдайда

Жер асты суларын классификациялау. Жер бетіндегі, жердің қатты

Абаттарындағы және қабатаралық сулар.

Жер асты суы екі факторғабайланысты қарастырылады.Біріншісігидравликағабайланысты,екіншісі – жайласуыбойынша. Гидравликалық байланысты жер асты суы тегеурінді және тегеурінсіз болып, жайласуы (орналасуы) бойынша маусымды және топырақтық, қабатаралық, жарықтық, бұлақтар болып бөлінеді (5.1.-сурет).

Топырақтық және маусымды жер асты суларыжер қыртысының ең жоғарғы қабатына жайласқан болады. Бұл суларда су өткізбейтін қабат болмайды, топырақтың тесіктерінен капилляр сулары көтерілу байқалады. Бұл сулар маусымды, температурасы маусым бойынша өзгеруші, органикалық және микроорганикалық заттарының барлығы. (5.1-сурет). Маусым жер асты сулары уақтынша болып, олар жаңбырдың көп жаууының салдарынан жер сіңу нәтижесінде пайда болады.

Маусымды жер асты сулары үлкен емес су өткізбейтін қабатта аллювиалдық жайылмада жайғасқан болады.

Топырақтың жер асты суыбірінші су өткізбейтін ең жоғарғы су сақтағыш қабатта жататын суды айтады. Ол төмендегі ерекшелігімен сипатталады.

1. Оның үсті айдын, ол жер бетінен 1-50м тереңдікте жатады.

2. Бұл типтегі жер асты суы жаңбыр суының жерге сіңуі және айналадағы су қоймалары өзендерден қоректенеді.

3. Мұндай сулар өнебойы жалпылай қиялық бойынша динамикалық қозғалыста болады.

4. Жер асты суының тереңдік бойынша орналасуы (жайғасуы), оның тарқалуы, жердің геологиялық жағдайына ауа райы және геоморфологиялық факторларға байланысты.

Қабатаралықжер асты сулары екі өткізбейтін қабаттардың арасында жатады. Олар тегеурінді және тегеурінсіз болады.

Тегеуріндіжер асты суына артезиан сулары жатады. Бұл сулар өзендердің түрлері бойынша қабатаралық суға жатады және оларды жаңбыр суының фильтрациясынан қоректенеді.

Қабатаралықжер асты жер бетінен едәуір тереңдікте жатқандығынан олар таза болғандығынан адамдарды сумен қамтамасыз ету үшін қолданады.

Жарық арасындағы сулар, бұл сулар қатты, жартылай қатты тау жыныстарының жарығында орналасқан болады. Жарықтағы су орналасу характері бойынша топырақтың немесе қабатаралық суларға жатып, олардың қалыңдығы үлкен болмайды.

Бұлақ сулары бұл жер асты суының жер бетіне шығуы айтылады.

Инфильтрациялықсулары жаңбырлардың жерге сіңуінен және өзендерден, су қоймалары және басқа су көздерінің инфильтрациясынан пайда болады.

Конденсациялықсулар жер асты сулары және су буларының конденсациясынан пайда болатын сулар.

Седимантациялықсулар бұл тау жыныстарындағы сулардың сығылуы және олардың тығыздалуынан келіп шығады.

Ювенилдықсулары жер қойнауындағы магмадағы булардың конденсациясының жер қыртысына кіруінен (сіңуінен) пайда болады.

Мды грунттардың тығыздығын анықтау әдістері.

Мды грунттардың тығыздығын анықтау

Үйінді немесе бұзылған құмды грунттардың тығыздығы екі жағдайда анықталады: борпылдақ және тығыз күйінде. Грунт мұндай жағдайда минимал және максимал мәнге ие болады.

борпылдақ жағдайда құмның тығыздығын анықтау:

1. Көлемі 50 см3, диаметрі 2-3 см шиша стакан таразыда өлшенеді.

2. Стаканда алдын ала құртылған құммен толтырады. Стаканға құмды май құйғышпен мұқият толтырылады.

3. Грунтпен толтырылған стакан таразыда өлшенеді.

4. Борпылдақ жағдайдағы құмның тығыздығы төмендегі формуламен анықталады:

ρmin = (g1 – g0) / V, (г/см3)

Мұнда: g0 – бас стакан массасы, г

g1 – грунт толтырылған стакан массасы.

V – стакан көлемі, см3

5. Тәжірибе кемінде 3 рет қайталанады. Құмның борпылдақ күйінде мәні немесе осылардың орташа мәні алынады.

6. Тәжірибе нәтижелері журналған жазылады.

Мның тығыздығын анықтау журналы

Тәжірибе № Бос стакан массасы, т Грунт толтырылған стаканның массасы, т Стаканның көлемі, см3 Грунт тығыздығы, т/см3
Тәжірибе нәтижелері Орташа мәні
g0 g1 V ρ1max ρ1min ρ1max орm ρ1min opm
               

Тығыз жағдайда

137,20 519,20 1,91      
137,20 509,10 1,86   1,88  
137,20 494,90 1,79      

Борпылдақ жағдайда

32,30 107,80   1,51    
32,30 103,30   1,42   1,44
32,30 105,30   1,46    

Тығыз жағдайда құмның тығыздығын анықтау әдісі

1. Көлемі 200 см3, диаметрі 5 см3 құры метал стакан таразыда өлшенеді.

2. Стаканды құрытылған құммен толтырады. Құмды стаканды аз мөлшермен толтырып, оны ағаш тоқпақпен нығыздайды.

3. Грунтпен толтырылған стакан таразыда өлшенеді.

4. Нығыздалған құмның тығыздығы төмендегі формула арқылы анықталады:

ρmax = (g1 – g0) / V ∙ (г/см3)

Мұнда: g0 – бас стакан массасы, г

g1 – грунт толтырылған стакан массасы.

V – стакан көлемі, см3

5. Тәжірибе кемінде 3 рет қайталанады. Құмның тығыз жағдайдағы мәні немесе осылардың орташа мәні алынады.

6. Тәжірибе нәтижелері журналған жазылады (кесте №1).

Наши рекомендации