Тігін машинасы жҰмысыныҢ техникалыҚ-конструкциялыҚ негіздері
Тігін машинасындатехнологиялық операция негізгі мехагизмдердің көмегімен іске асырылады:
ü Жұмыс механизмдері;
ü Жетек құрылыстары;
ü Жеткізуші механизмдері;
Ең алдымен машинаны жүргізу керек. Жетек құрылыс тігін машинасын қозғалысқа келтіреді.
Тігін машинасының жетек құрылысы
Ине механизмдерін және басқа да механизмдерді жетек құрылысы қозғалысқа келтіреді.
Жетек түріне байланысты тігін машиналары төмендегідей бөлінеді:
ü Қол жетегімен;
ü Аяқ жетегімен;
ü Электр жетегімен;
Неркәсіптік тігін машиналары электр жетегімен жұмыс істейді.
Ол жетегі
4.1-сурет. Қол жетекті машина:
А) қол жетекті машина, б) қол жетегі:1-машина платформасы; 2- машинаның басы; 3-негізгі білік; 4-қозғаушы дөңгелек; 5-тұтқа.
Аяқ жетегі
4.2- сурет. Аяқ жетекті машина:
1-іске қосу педалі; 2- айналшақ( кривошип); 3-іске қосушы дөңгелек; 4-жетек қайыс; 5-қозғаушы дөңгелектің тегершігі; 6-негізгі білік; 7-қозғаушы дөңгелек; 8-қалқан; 9- бұлғақ; 10-машина станогы; 11-платформа; 12- машина басы; 13-аяқ жетегінің бұрушысы
Электр жетегі
Дөңгелек қайыстың (4) науашасы арқылы қозғаушы дөңгелек тегершігін (5) айналдырады.
Қауіпсіздік техникасын сақтау үшін іске қосу дөңгелегіне және жетек қайысына жұмысшы жақтан қалқан қойылған. Жұмыс істеп болған соң, жетке қайыс іске қосу дөңгелегінен алып тасталынады. Сонымен, қозғалыс жетек механизмінен қозғаушы дөңгелекке беріледі, яғни негізгі білікке.
. Электр жетегі . Электр жетегі бар машина
1-іске қосу педалі; 2-электр бау; 3- электр қозғаушы; 4-электр қозғаушының тегершігі; 5- жетек қайыс; 6-қозғаушы дөңгелектің тегершігі; 7-негізгі білік; 8-қозғаушы дөңгелек; 9- жетек қайыс; 10-машина басы, 11-платформа.
Автоматты , жартьылай автоматты түрдегі тігін машиналары автомат арқылы жұмысын тоқтатады. Барлық машиналарда жетек құрылысынан қозғалыс негізгі білікке және қозғаушы дөңгелекке беріледі, ал соңғылары қозғалысты тігін машинасының жұмыс механизмдеріне беріледі. Сондықтан жеткізуші механизм деп аталады. Өзгешеліктеріне қарамастан , барлық тігін машиналарының қозғаушы дөңгелектері бір бағытта жүргізушінің өзіне қарай айналады.
Электр жетегімен жұмыс істеудің ережелері
1. Қозғалып тұрған машина бөліңтеріне жаұын еңкеюге болмайды, саусақтарды табанға жақындатуға болмайды.
2. Жіпті инеге сабақтар кезінде, педальдан аяқты алып тастау керек, өйткені абайсызда педальді басып қалғанда, қол зақымдануы мүмкін.
3. Машинаны майлау, тазалау, инені ауыстырарда электр желісінен ажырату керек.
4. Машина тұрығына жақындаған кезде, токтын әсерін сезсеңіз, жылдам жұмысты тоқтатып,бұл туралы оқушыға айту керек.
5. Егер жанған резеңкенің иісін сезсеңіз, міндетті түрде, машинаны электр желісінен ажырату керек.
6. Жұмыстың соңында машинаны электр желісінен ажырату керек.