Жаңа сабақты түсіндіру. Оқушылардың назарын жаңа тақырыпты зерттеуге және меңгеруге бағыттау
Оқушылардың назарын жаңа тақырыпты зерттеуге және меңгеруге бағыттау. Оқушыларды сабақ тақырыбымен, мақсатымен және өзектілігімен таныстырады.
Шаншуга арналған дәрілік түрлер. Шаншуға арналған ерітінділерді дайындаудың технологиялық схемасы.Шаншуға арналған дәрілік түрлер ағзаға шприц арқылы тері немесе кілегей қабаттарын бүтіндігін (іnjectіo-впрыскивание) бұзу арқылы енгізілетін дәрілік түрлердің ерекше тобына жатады. Көлемі 100 мл және одан көп болатын шаншуға арналған ерітінділер инфузиялық (лат. іnfusіo - құю) деп аталады.
Қазіргі кезде медициналық өнеркәсіп денсаулық сақтау орындарының инфузиялық препараттарға қажеттілігін қамтамасыз ете алмайды. Глюкоза ерітіндісімен қажеттілік 7%, натрий хлоридының изотондық ерітіндісінен - 10%, тұзды ерітінділермен - 20-30% қанағаттындырылады, ал натрий гидрокарбонаты ерітіндісі өнеркәсіпте тіпті шығарылмайды. Сондықтан, негізі күш өнеркәсіпке қарағанда инфузиялық өнімдерді 40 есе жоғары өндіретін дәріханаларға түсіп отыр. Инфузиялық ерітінділер дәріханалардың экстемпоралдық рецептурасының, 12-25%, аурухана және ауруханааралық дәріханалар экстемпоралдық рецептураның 40-45% құрайды.
Дәрілік заттарды тері арқылы еңгізуді (1785 жылы) дәрігер Фуркруа айтқан болатын. Ол скарификатордың көмегімен теріде кесік істеп және алынған жараларға дәрілік заттарды ысқылаған. Алғаш рет дәрілік заттардың ерітінділерін тері арқылы жіберуді 1785 жылдың басында Владикавказ әскери госпитальдің дәрігері Лазарев жасаған. Ол үшін барометрлік түтіктің бір бөлігін поршенімен алып, бос ұшына инеге дейін созылған күміс үштік бекіткен. 1852 жылы чех дәрігері Правац қазіргі заманғы шприц конструкциясын ұсынған.
Дәрілік препараттарды енгізу жеріне байланысты инъекцияның әр түрі (тері ішіне, тері астына, бұлшық етке, қан тамырға, жұлын-милы, ми сауыт ішілік, құрсақ ішілік, плевра ішілік, буын ішілік) қолданылады. Сирегірік инъекцияның басқа түрлері: сүйек ішілік, буын ішілік, плевра ішілік, құрсақ ішілік және т.б. қолданылады.
Дәрілік заттардың инъекция түрінде енгізілуі жалпы танылған және кеңінен қолданылатындығы олардың бірқатар артықшылықтарына байланысты.
Шаншуға арналған дәрілік түрлердің артылықшықтары:тез терапевтік әсер көрсетеді, дәрілік зат дәл дозаланады, енгізілетін дәрілік заттар бірден қанға түседі, дәрілік заттарды өзгертіп, кейде тіпті бұзатын асқазан-ішек жолдары, бауыр сияқты ағзаның қорғаныс барьерлерінен өтпейді, ес-түссіз жағдайындағы науқасқа дәрілік затты енгізуге мүмкіндік береді, жағымсыз иісі мен дәміне және асқазан-ішек жолдарын тітіркендіруіне байланысты жағдайларды болдырмайды, қанды көп жоғалтқан кезде, оны сұйытықтарымен алмастыру мүмкіндігі (қан алмастырғыштармен).
Шаншуға арналған дәрілердің кемшіліктері:инфекция енгізу қаупі, шприц инесімен ұлпаны жарақаттану нәтижесінде ауырсынуы, осмостық қысымының өзгертуі, рН-мәнінің ауытқуы және т.б., майда қан тамырларының қатты заттармен немесе ауа көпіршіктермен бекітілу қаупі – эмболия, дәрілік затты ағзаға енгізу үшін арнайы білімі бар медициналық қызметкердің қажеттігі.
Шаншуға арналған ерітінділерді ұлпаларға және ағза сұйықтарына енгізу терінің және шырышты қабаттардың табиғи қорғаныс баръерлерін бұзып енгізетіндіктен оларға МФ XІ басылымында жалпы «Инъекционные лекарственные формың мақалаға сәйкес келесі талаптар қойылады: стерильділік, апирогендік, тұрақтылық, механикалық қоспаларының болмауы, кейбір ерітінділер фармакопеялық мақалалардағы нұсқауларға сәйкес изотонды, изогидрлі және изоионды болуы керек.
Апирогендік.Апирогендік- шаншуға арналған ерітінділерде пирогенді заттардың немесе пирогендердің болмауы. Пирогенді заттар деген - (грек. Руr- от, латын generatіo - рождение, туу) - микроорганизмдердің ыдырау өнімдері, өлген микроб клеткалары.
Химиялық құрамы бойынша пирогенді заттар орташа молекулалық салмағы 8000000, бөлшектерінің мөлшері 50 мм ден 1 мкм болып келетін табиғаты жағынан липолисахаридті жоғары молекулалы қосылыстар. Пирогенді заттар негізінен грамм теріс микроорганизмдерден түзіледі.
Құрамында пирогендік заттары бар ерітінділерді ағзаға енгізгенде пирогендік эффект (дене температурасының жоғарлауы, тынышсыз жағдай) қозады. Жиі пирогендік реакциялар қантамырға енгізетін, жұлын-милы және ми-сауыт ішілік инъекцияларда жиі кездеседі. Бұл кезде артериалық қысымның төмендеуі, қалтырау, құсу, іш өту байқалады және барлық мүшелер мен ағза жүйесі азап шегеді.
Пирогендер-термотұрақты заттар, олар тек құрғақ ауа стерилизаторларында 250ӘС температурада 30 минут бойында қыздырғанда ғана бұзылады.
Қысым астында бумен әсер еткенде (120ӘС), рН мәні 8,0 ерітіндіде пирогендер 5 сағатта, ал рН-мәні 3,2 ертіндіде 2 сағатта (бұзылады) жойылады. Осыған байланысты шаншуға арналған препараттар дайындаудың барлық сатысында, соңынан стерильдеуіне байланыссыз, қатаң асептикалық жағдайда сақталуы тиіс.
Дисперстік орталар (еріткіштер).Шаншуға арналған ертінділерде сұйық дисперстік орта (ерткіш) ретінде шаншуға арналған су, бейсу еріткіштер қолданылады. Олар нормативті құжаттардың талаптарына жауап беруі керек.
МФ XІ басылымына сәйкес шаншуға (инъекцияға) арналған су, тазартылған суға қойылатын талаптарға жауап беруі және апирогенді болуы керек.
Шаншуға арналған суды кәдімгі айдау аппараттарында, тек асептикалық жағдайда, дистилятты жинау кезінде оған құрамында пирогенді заттары бар айдалмаған судың тамшылары түспейтін жағдайда жүргізілуі керек. Пирогенді заттар ұшпайды және су буымен айдалмайды. Осыған байланысты шаншуға арналған суды булану камерасынан конденсаттарға дейінгі бу жолдарында шашыранды су тамшыларын ұстап қалатын қондырғысы бар аппараттарда алады. Мұндай мақсатта, кәдімгі дистиллятордан ерекшілігі бар су буы арнайы әртүрлі конструкциялы - сепараторлардан өтетін аппараттар қолданылады. Конструкциясы бойынша олар центрден тепкіш, пленкалы, көлемді, массалмасу, аралас болады.
МФ XІ басылымы көрсекендей шаншуға арналған судан басқа бейсу еріткіштері де қолданылады. Олар медицинада қолдануға рұқсат етілген өсімдік майлары және этилолеат. Комплексті еріткіш ретінде этанол, глицерин, пропиленгликоль, ПЭО-400, бензил спирті, бензилбензоат және медицинада қолдануға рұқсат етілген басқа еріткіштер қолданылады.
Дәрілік заттарға қойылатын талаптар.Шаншуға арналған ерітінділер МФ, УФС, ГОСТ талаптарына жауап беретін квалификациясы х.т. (химиялық таза) және т.ү.т. (талдау үшін таза) дәрілік заттардан дайындалады.
Дәріханалардағы шаншуға арналған ертінділерді дайындаудың технологиялық схемасы келесі сатылардан тұрады:
1. Бөлмені-асептикалық блокты дайындау
2. Фармацевт-технологты дайындау
3. Ыдыстарды және қосымша материалдарды дайындау
4. Дәрілік заттар мен еріткіштерді дайындау
5. Дәрілік заттарды еріту
6. Тұрақтандыру
7. Фильтрлеу
8. Ерітінді құрамындағы әсер етуші заттарды химиялық талдау
9. Флаконды тығындап, механикалық қоспалардың болмауын бақылау.
10. Тығынды бекітіп, маркалау
11. Ерітіндіні стерильдеу
12. Ерітіндінің мөлдірлігін анықтау, түстілігін, механикалық қоспаларын болмауын анықтап, химиялық талдау жасау
13. Безендіру және босату