Ыдыстарды жуу бөлмесі
Ыдыстарды жуу бөлмесі ыдыстар мен аспаптарды жууға арналған. Бұл бөлімнің нақты жұмысы зал жұмысының табысты жұмысы және қызмет көрсету мәдениетінің жоғарылауына ықпал етеді. Ыдыстарды жуу бөлмесі сервиз бөлмесі қасында орналастырылады және зал мен тарату бөлімімен ыңғайлы байланысуы керек, даяшыларды таза ыдыспен етуге мүмкіндік береді.
Жуу бөлмесін ыдыс жуу машиналармен, жуу науалармен, щеткалы стакан жуғыштармен, ыдыстарды сұрыптау және тағам қалдығынан тазалауға арналған үстелдермен, кептіру шкафымен, таза ыдысты сақтауға арналған стеллаждар мен шкафтармен, қалдықтарды жинауға арналған қақпағы бар бактармен жабдықталады. Жабдықтарды технологиялық үрдіс ретіне сәйкес орналастырады: тағам қалдығынан тазалау, сұрыптау, алдын-ала жуу, жуу, залалсыздандыру, кептіру.
Қолданған ыдыстар мен аспаптарды подносқа немесе арнайы арбаға жинап, жіберу терезесі арқылы жуу бөлмесіне түседі. Ыдыс сақталғыштығын қамтамасыз ету және шуды азайту үшін ыдыс жинайтын үстелдер мен сөрелерді линолеуммен немесе басқа материалмен жабады.
Тәрелкелерді жуу алдында тағам қалдықтарынан тазалайды, түрі бойынша сұрыптайды. Ыдыс жуу машиналарда тәрелкелер, стакандар және ас аспаптары жуылады, залалсыздандырылады. Ыдыстар әртүрлі температуралық тәртіппен үш бөлімде жуылады. Бірінші бөлімде 45-48°C температурада жуу құралдары көмегімен жуылып, майсызданады; екінші - 50-55°С температурада 10% хлор әгі ерітіндісін (1л суға 10 см³ есебімен) қосу арқылы дезинфекцияланып жуылады; үшінші - 90-98ºС температурада ыдысты шайып залалсыздандырады. Содан кейін оны кептіру үшін стеллаждарға орналастырады.
Кішігірім кәсіпорындарда ыдыстар мен аспаптарды үш бөлімі бар науаларда жуады.
Мельхиор ыдыспен аса абай болу керек. Оны науаларда жұмсақ жөке, сабын көмегімен жуады, жуу кезінде бір-біріне ұрылмауын қадағалайды. Бетіндегі қою дақтарын жою үшін ас содасы ерітіндісімен сүртеді, содан соң ыстық сумен жуып, сүлгімен сүртеді.
Шыны ыдыстар (рюмкалар, бокалдар, фужерлар, стакандар) және ас аспаптарын екі бөлімді науаларда жуады. Бірінші бөлімде 45-50°С температурада жуады. Екінші бөлімде 50-55°C температурада шаяды. Ас аспаптарын жуған соң, металл торда 1-2 минутқа қайнаған суы бар стерилизаторға батырады, содан соң кептіреді. Ыдыстарды ұрылудан сақтау үшін науа түбіне гофрирленген резина төсеніштер төсейді.
Тарату бөлмесі
Тарату бөлмесі ыстық және суық цехтары, нан кесу бөлімі, сервиз бөлмесі, ыдыстарды жуу бөлмесі, сервис-бар (буфет) жанында орналасады.Егер аталған бөлмелер тарату бөлмесінің бір жағында орналасса, оның ені 2 м аз болмау керек, егер екі және одан көп жағында орналасса-3м аз болмау керек.
Тарату бөлмесі ұзындығы: ыстық цех үшін – залдағы бір орынға шаққанда 0,3 м, салқын цех үшін -0,01 м есебінен құрылады.
Тарату бөлмесінде компьютерлік кассалық терминал немесе кассалық машина орналасады, витриналар ас мәзірі, шарап және коктейлдер картасымен күнделікті тағамдар мен сусындар бағасы көрсетіліп жабдықталады.
Сервис-бар (буфет)
Мейрамхана залдарында қосалқы бөлмелермен байланысқан сервис-барлар (буфеттер) орналасады. Сервис-бар өнімін даяшылар жөнелтеді. Даяшылар сервис-бардан арақ-шарап өнімдерін, сыра, алкагольсіз сусындар, жемістер, кондитерлік және темекі өнімдерін алады. Ол зал қасында орналасады және екі бөлмесі бар: қосалқы - тауар сақтау үшін және негізгі - өнім өткізу үшін. Қосалқы бөлмеде тоңазыту шкафтары немесе жиналмалы камера, стеллаждар, подтоварниктер орнатылады. Өнім өткізуге арналған бөлмеде торт, пирожное, сусындар сақтау және көрсету үшін шыны есікті тоңазыту шкафы, сөрелер-витриналар қойылады. Сөреде экспрес- кофе қайнатқыш, үстел электр плитасы, электронды циферблатты таразы, арақ-шарап өнімдерін жөнелтуге арналған өлшемді ыдыс орналастырылады. Витринаға қойылған барлық тауарлардың (жемістер, шоколад, кондитерлік өнімдер, сусындар) бағасы көрсетілуі тиіс.
Ыстық және суық су жүргізілген раковина болуы міндетті.
Ыстық (шай, шығысша кофе, ыстық шоколад) және суық (кофе глассе) сусындар өндірісте даярланады.