Тігін машиналарыныҢ жіктелуі
Тігін машинасы- тері, бұйым және бас киім өндірістерінде қолданылатын машиналардың әр түрлі және ең көп тараған түрі. Тігін машиналары құрастырып шығару және технологиялық белгісіне қарай және зауыттық деп жіктеледі.
Құрастырып шығару белгісі бойынша жіктеу (классификациясы) негізінде оның осы типті сипаттайтын құрастыру ерекшеліктері жатады. Бұл жіктелім бойынша тігін машиналары екі топқа бөлінеді: әмбебап және арнайы. Әмбебап тігін машиналарына бірнеше технологиялық операция жасайтын тігін машиналары жатады,мысалы: 1022,1022 Мкл, 97 кл, 97 Акл және тұрмыстық тігін машиналары ПМЗ-2, «Чайка»- 412 көйлек, польто бас киімдер тігу кезінде әр түрлі операциялар жасайды.
Арнайы тігін машинасына белгілі бір технологиялық операция жасайтын, мысалы: ілмекті торлау(петельный), түйме қадау, торлау. Жасырын тігісті, т.б. машиналар жатады.
Технологиялық белгісі бойынша жіктелім тігін машинасының атқаратын міндетіне қарай мынадай топтарға бөлінеді:
а) түзу тігісті қайықты;
б) түзу тігісті бір жіпті ілмекті;
в) түзу тігісті көп жіпті ілмекті;
г) ирек тігісті (зигзагообразный)
д) түйме қадайтын жартылай автоматтық;
ж) ілмек торлайтын жартылай автоматтық;
з) жартылай автоматтандырылған әртүрлі бұйым бұйым бөлшектерін өңдеуге арналған, мысалы: жаға, қаттама, жеңді қондыру( 302 клПМЗ).
Зауыттық жіктелім тігін жабдықтарын жүйелеуге арналған.
Жаңадан жасалған тігін машинасына осы жіктелімдерге сәйкес өзінің шартты белгісін және тиісті класын белгілейді. Тігін машинасын швғаратын әр зауыт өзінің кезекті маркасын әріппен және цифрмен белгілейді. Үлгі әріппен немесе цифрмен белгіленеді(РЛ-4, КЛ-1). Әріппен белгіленгені машина конструкциясының ерекшелігін белгілейді, мысалы: РЛ-таспалы қию машинас(раскройная-ленточка), ал 4 сандық белгісі кезекті өзгертілуін көрсетеді.
« Подольск» және « ОЗЛМ» машина зауыттары әріппен және сандық белгілермен класқа бөлінеді немесе беріледі (мысалы: 22-А, 1022, 97Акл, 51кл, 51Акл, т.б.).
Бұл жерде сандық белгі шығарылған модельдің кезегін, ал әр класын және де өзгертілгенін немесе қосымша бөлшектерін ойластырып бергенін көрсетеді.
Конструкциясын қарай машиналар бір инелі, көп инелі,қайықты, қайықсыз, айналмалы, тербелмелі қайықтымашиналарға бөлінеді.
Барлық машиналарды әмбебап және арнайы топқа бөлу қабылданған.
Әмбебап машинаға бірнеше технологиялық операцияларды орныдай алатын тігін машиналары жатады, олар -22-Ам, 1022, 1022Мкл, 97кл, 97Акл, 397кл. Арнайы машиналарға бір ғана технологиялық операция орындай алатын тігін машиналары жатады, олар-85кл, 25-Акл, 525кл, 27кл, және 95кл, 1095кл.
Жұмысшыныңу машинаны басқаруға қатысуы және бақылауы тұрғысынан машиналар автоматтандырылған, автоматтандырылмаған және жартылай автоматтандырылған болып бөлінеді. Автоматтандырылған машина барлыұ операцияны толық өзі орныдайды; автоматтандырылған машина жұмысшылардың көмегін қкжет етеді; жартылай автоматтандырылған машинада көбіне операцияларды машина орныдайды, бірпқ та жұмысшылпрдың көмегі де қажет. Мысалы: ілмекті торлау тігін машинасында жұмыс істеу кезінде жұмысшы бұйымды орналастыру және алу кезінде ғана керек, ал қалған операцияны торлау, матаны тесу, тасымалдау, машинаның тоқтау циклі автоматты түрде орындалады. Тігін машинасы тігіс түріне қарай төмендегі кестедегідей болып бөлінеді.
Тігін машиналарының тігіс түрлерінің жіктелуі