Бас ҚаҢҚасы деформацияларыныҢ жіктелуі

Туа біткен деформациялар:

1.Тератогенді жағдай-факторлар әсерінен болған, жырық, әр түрлі дискраниялар, краниостеноздар, 1-2 желбезек доғасы синдромдары, жақ дисплазиясы, іштей туған жарақаттар. 2. Дәлелденген хромосомды аурулар.

ІІ. Жүре пайда болған деформациялар.

1.Эндокринді және зат алмасу; 2.Қызмет атқару бұзылуы әсерінен; 3. Жарақаттан кейінгі; 4. Қабыну және инфекциялық агенттердің әсерінен; 5. Сәулелендіру салдарынан.

Орналасуына қарай:

1. Тіс ұяшықтық; 2. Гнатикалық; 3. Жалпы бас қаңқалық.

Қалыптан ауытқуы үлкендігіне, пішініне және жақтың жағдайына, олардың бір-біріне қарым-қатынасына байланысты болуы мүмкін.

Осыған орай бет қаңқасының деформациясын 5 түрге бөледі:

1. Макрогнатия немесе гиперплазия (ВОЗ/ДДҰ) жіктемесі бойынша (IX қайта қаралуы 1975) —жоғарғы, төменгі жақтың (бар-лық немесе кейбір бөлшектерінің) мөлшерінің ұлғаюы.

2. Микрогнатия немесе гипоплазия -жоғарғы, төменгі жақ мөл-шерінің (барлық немесе кейбір бөлшектерінің) кішіреюі.

3. Жоғарғы (төменгі) жақтың немесе кейбір бөлігінің пішінінің өзгеруі.

4. Бас қаңқасының негізіне қарағанда жақ сүйектерінің дұрыс орналаспауы — сагиттальды, вертикальды немесе трансверсальды бағытта ауытқуы.

5. Жақ деформацияларының бірігуі (сочетание).

Жақ деформациясы бар науқастарды тексерудің негізгі әдістері.1.Нақсыз-субьективті әдістер — шағымы, аурудың келіп шығу тарихы- анамнезі, өмір анамнезі.

2.Нақтылы-объективті — науқасты жалпы қараудан басталады. Науқастың физикалық дамуы, жасына сәйкестігі, дене бітімі, толықтығы, аяқ-қолдың ерекшелігі, көкірек клеткасы, мойын, бас, сымбаты (осанка) омыртқа қисығы (бар-жоғы) т.б. назар аударылады. Кей жағдайда көрсеткіштеріне қарай дене салмағын, бойын, көкірек көлемін тексереді. Кейін науқастың басы мен бетін қарайды. Ми мен бет қаңқасы мөлшерінің арақатынасын, симметриялығы, бет әлпеті конфигурация ерекшелігі, беттің жоғарғы, ортаңғы және төменгі бөліктерінің пропорционалдығы тексеріледі. Бет қаңқасы сәйкес-сіздігін анықтау үшін антропометриялық өлшемдер жүргізіледі:

1) Бет доғасының диаметрі - бет доғасының шығыңқы нүктесінің аралығы.

2) Орбиталды аралық — көз қарашығы аралығы.

3) Төменгі жақ диаметрі — төменгі жақ бұрышының аралығы.

4) Мұрын биіктігі мен ені — мұрын қанатшаларының аралығы, тері нүктелері nasion және subnasale қиығының ұзындық аралығы.

5) Беттің nasion және gnasion морфологиялық биіктігі.

6) Төменгі жақтың денесі мен бұтағының мөлшері, бұрышы.

3.Арнайы әдістерге: жақтың диагностикалық моделдерін оқу, және графикалық, рентгенологиялық, краниометриялык, және функ-ционалдық әдістер жатады. Жақтың гипс мүсінінде тіс қатарының пішінін, оң және сол жағының симметриялығын, тіс катарының ені мен ұзындығын, оның жекелеген бөліктерінің қатынасын, жеке тістер мен топтардың медиальды және дистальды жылжуын, таңдай тереңдігін оқып үйренуге болады.

Деформациясы бар науқастарды тексергенде графикалық әдістер кең қолданылады: бет суреті, жақтың гнатостатикалық мүсіні, бұлар трансверсальды, вертикальды деформацияларын анықтауға көмектеседі.

Емдегенге дейін және емделген соң суреттерін салыстырады.

Рентген әдісімен зерттеу деформациясының табиғатын дәл анықтап, хирургиялық және ортодонтиялық ем әдістерінің нәтижесін көрсетеді.

Жоғарыда аталған науқастарды тексеру әдістерін басқа ортопедиялық стоматологияда қосымша функционалдық сынама қолданылады (Ильина-Маркосьян 1984), шайнау сынамасы (С.Е.Гельман, М. С. Рубинов 1951 ж.).

Төменгі жақ деформациясының клиникасы. Макрогения- иектің және төменгі тістердің қалыпты дамыған жоғарғы жаққа қарағанда едәуір шығып тұруы. 1,5%-4,28% дейін кездеседі. Қазіргі кезде Б. А. Богацкийдің жіктеуі жиі қолданады. Ол 3 дәрежеге ажыратады.

I. Кері фронтальды тістеу, тістер арасындағы жанасу көп немесе сагитальды саңылау 2 мм дейін. Бұрыш 135°-қа дейін кеңейген, алтыншы тістер қатынасы бұзылған, жоғарғы және төменгі жақтар сагитальды бағытта 5 мм-ге дейін, жекелеген тістердің аномалиялық орналасуымен сипатталады.

II. Сагитальды сақылау 10 мм-ге дейін бас ҚаҢҚасы деформацияларыныҢ жіктелуі - student2.ru және бас ҚаҢҚасы деформацияларыныҢ жіктелуі - student2.ru тістер арасындағы сагитальды арақатынас бұзылған. Төменгі жақ бұрышы 138°-қа дейін кеңейген, жоғарғы жақ тарылған.

III. Сагитальды саңылау 10 мм бас ҚаҢҚасы деформацияларыныҢ жіктелуі - student2.ru арасы, 1,1 -1,8 см төменгі жақ бұрышы 145°.

Нағыз прогенияның негізгі белгілері: 1. Төменгі жақ денесінің барлық бағытта мөлшерінің үлкеюі. 2. Иектің шығып тұруы. 3. Төменгі жақ бұрышының үлкеюі. 4. Беттің төменгі бөлігінің ұзаруы. 5. Беттің тарылуы. 6. Беттің ортаңғы бөлігінің ойысуы және жоғарғы еріннің қысқаруы. 7. Төменгі еріннің шығып тұруы. 8. Мұрын-ерін қатпарының тереңдеуі немесе тегістеліп жазылуы. 9. Фронтальды тістердің сагитальды сәйкессіздігі. 10. Алтыншы тістің алдыңғы ұрт бұдыры мен төменгі алтыншы тістің көлденең сайының сагитальды сәйкессіздігі. 11. Алдыңғы тістердің верти-кальды қатынасының бұзылуы, аздаған тістесу, терең тістесу, тік және ашық тістесу. 12. Трансверсальды бағытта тіс доғасы мөл-шерінің сәйкессіздігі. 13. Жекелеген тістердің аномалиялық және тістердің тығыз орналасуы, диастема, трема, дистопия. 14. Тіс доға-сының қалыпты тарылуы және кеңеюі.

Ашық тістесудің клиникасы.Ашық тістесу — жақ бұзылысы, тістер тістескен кезде окклюзиялық контакт тек бірінші молярларға дейін ғана болады. Клиникалық көрінісі вертикальды, горизонтальды бағытта анықталады.

Вертикальды мөлшерге байланысты 3 дәрежесі болады:

Наши рекомендации