Тұрмыстық тігін машиналарының жетектері

Алғашқы ойлап табылған тігін машиналарының жетілдіруімен қатар, олардың жетектері де күрделене түсті. Енді сол жетектердің құрылысына тоқтала кетейік.

Қол жетегінің құрылысы:

1) Қозғаушы дөңгелек;

2) Жетекші;

3) Ажыратушы бұранда;

4) Тұтқа;

5) Жетек тетігі;

6) Ұя;

7) Тоқтатқыш;

8) Тұрық;

9) Тіреуіш;

10) Тісті кіші дөңгелек;

11) Тісті дөңгелек.

Жетек тітікке орналастырылған пластмассадан жасалған, тұтқа тісті үлкен дөңгелекке бекітілген және оны айналдырып тұрады. Ол айналу тісті дөңгелектің тесігіне қондырылған жетекші арқылы қозғаушы дөңгелекке жеткізіледі. Қол жетегінің тұрығы тіреуіш арқылы машина білегінің тірегіне бекітіледі.

Аяқ жетегінің құрылысы:

1)Қозғаушы дөңгелек; 2) жетек қайсы; 3) тегершік; 4) педаль – жүргізетін буын.

Электр жетегінің құрылысы:

1) қозғаушы дөңгелек; 2) жетек қайсй; 3) тегершік; 4) электр қлзғаушы.

Кейіннен бұйымның жеңін қолтық оймасына қондыру, ойманы белгілеу, өңірастын айналдыра тігу үшін арнайы тігін машиналары шығарылды. Осылайша, тігін машиналары бірте-бірте автоматтандырыла бастады. Мысалы, LT2-B845-905/F40 машинасының ине жұмыстары, табанның көтерілуі, жіп ұшының кесілуі автоматтандырылған және тасымалды ине жүргізушісі бар.

Тігін машиналарының жалпы техникалық ерекшеліктеріне зер салайық.

LT2-B845-905/F40 кәсіптік тігін машинасы

Машинаның техникалық сипаттамасы

Жеке бөліне алатын тасымалды машинаның ине жүргізушісі бар, екі инелі, қайық тігісті машина және оның кейбір орындайтын қызметтері автоматтандырылған. Электронды панелі бар.

Автоматтандырылған қызметтері:

Ø Иненің орналасуы;

Ø Тігістің бас-аяғын бекіту;

Ø Баспа табанды көтеру;

Ø Жіптерді кесу.

Орташа материалдарды өңдеуге арналған, инелердің арақашықтығы, мм. – 4,8/6,4/7,9/9,5.

Тігудің максималды жылдамдығы, тепшім/ мин – 4000.

Машина үстел және электронды мотормен жабдықталған. Қосымша LT2-B845-3 немесе 5 модификациясы автоматтандырылған. Бұл фирма төменгі жіпті де кесетін механизмі бар элоктронды автомат шығара бастады.

2. LZ2-B856E-905 өндірістік тігін машинасының техникалық

Сипаттамасы

Жіп кескіші бар, 2,3,4 қайық тігісті, элоктронды, бір инелі, «ирек» машина.

Автоматтандырылған қызметтері:

- Иненің орналасуы;

- Тігістің бас-аяғын бекіті;

- Баспа табанды көтеру.

Баспа табанды көтеру (авто/қолмен) – 11 мм.

Иректің максималды ені – 8 мм.

Тепшімнің максималды ұзындығы – 5 мм.

Машина үстел, электронды мотормен жабдықталған.

Қосымша, жіп кеспейтін модификациясы - LZ2-Б855-3.

Осы фирмада бір инелі, екі инелі «оверлог» машиналары шығарылады.

EF4-N11-01-5 өндірістік тігін машинасы

Машинаның техникалық сипаттамасы

Торлауға арналған үш жіпті, бір инелі «оверлог» машинасы.

Торлау ені, мм – 3/4/5/6/7.

Дифференциал – 2:0,7.

Тепшімнің максималды ұзындығы – 3,8 мм.

Тігудің максималды жылдамдығы – 7000 теп/мин.

Модификациялары:

Трикотаж бұйымдарын торлауға арналған - EF4-N11-02,05,06

Жасырып бүгуге арналған торлау түрі - EF4-N11-0,3,04

Машина үстел, фрикционды қозғаушымен жабдықталған.

EF4-N21-02-5 кәсіптік тігін машинасы

Машинаның техникалық сипаттамасы

Төрт жіпті, екі инелі «оверлог».

Дифференциал – 0,7: 2.

Торлау ені, мм – 3/4/5/6/7.

Инелердің арақашықтығы – 2,2 немесе 3.

Табанның көтерілу биіктігі – 5:6 мм.

Тепшімнің максималды ұзындығы – 3,8 мм.

Тігудің максималды жылдамдығы – 6700 теп/мин.

Модификациялары:

Трикотаж бұйымдарын торлауға арналған – N21-23,25,26.

Ауыр материалды торлауға арналған – N21-28,32.

Машина үстелмен және фрикционды қозғаушымен жабдықталған.

BAS-311 F

Кәсіптік тігін машинасының техникалық сипаттамасы

Бағдарламаланған, тігістің төменгі жібін кесетін элоктронды автомат.

Қабуға, кестелеуге, орташа және ауыр материалдарға белгі тігуге арналған.

Қайықты тігіс;

Баспа табанның көтерілуі – 16 мм;

Үстелдің қозғалуы – импульсты адымды – 500мм/сек;

Бір қозғалыстың шегі – 0,05 мм;

Тігу аймағы – 130х60 мм².

Модификациялары:

BAS-311 F тігу аймағы - 220х60 мм².

Машина үстел, басқару пульті және электр моторымен жабдықталған.

Қосымша:

- BAS-РС/300-1 бағдарламсының пакеті компьютердегі өрнектерді

өңдеуге және редакциялауға арналған;

- Бейнелерді тасымалдау – 3,5 «floppydick».

Тапсырыс береде баспа табандары, ине пластиналары туралы арнайы келісімге келу керек.

Кейінгі кезде әр түрлі қызмет орындайтын машиналар шығарылған. Сондай машиналардың бірі – теріден және былғарыдан бұйымдар тігетін машина.

Наши рекомендации