Iii нҰсҚа

БҮКІЛӘЛЕМДІК ТАРТЫЛЫС ЗАҢЫ

I НҰСҚА

1. Массалары 100 г және 50 г болатын екі нүктелік дене бір – бірінен r=20 м аралықта орналасқан. Олардың арасындағы өзара тартылыс күшін анақтаңдар.

2. Өз денеңнің Жерге және Күнге тартылыс күштерін салыстырыңдар.

3. Шолпан планетасының орташа тығыздығы 5200 кг/м3, ал радиусы 6100 км. Оның бетіндегі еркін түсу үдеуі қандай?

4. Марс планетасының радиусы 0,53 Жер радиусындай, ал массасы 0,11 Жер массасындай. Жердің еркін түсу үдеуін пайдаланып, Марстағы еркін түсу үдеуін табыңдар.

5. Радиусы Жер радиусынан екі есе кем, ал тығыздығы Жер тығыздығындай планета үшін бірінші ғарыштық жылдамдық қандай болады?

6. Дененің тік шахтада h тереңдікке құлағандағы еркін түсу үдеуінің өзгерісі қандай? Қандай тереңдікте еркін түсу үдеуі жер бетіндегі еркін түсу үдеуінің 0,25 бөлігін құрайды? Жер тығыздығын тұрақты деп есептеңдер.

БҮКІЛӘЛЕМДІК ТАРТЫЛЫС ЗАҢЫ

II НҰСҚА

1. Массасы мен радиусы Жермен салыстырғанда екі есе үлкен болатын планета үшін бірінші ғарыштық жылдамдығы қандай болады?

2. Жер бетінен қандай биіктікте еркін түсу үдеуі 2 есе, 3 есе, 5 есе кемиді?

3. Егер ай бетіндегі еркін түсу үдеуі 1,7 м/с2 болса, онда « Луноходтың» Айдағы және Жердегі массасы мен ауырлық күштері қандай?

4. Жердің Күнді айналу орбитасы 1,5•1011 м, Күн массасы 2,0•1030 кг болса, онда Жердің орбита бойымен қозғалысының орташа жылдамдығы қандай?

5. G тартылыс тұрақтысы, Жердің Күнді айналу периоды Т және Күннің Жерден қашықтығы L бойынша Күн массасын анықтаңдар.

6. Дөңгелек орбита бойынша жасанды серіктің айналу периоды Т=2πrIii нҰсҚа - student2.ruанықталатынын дәлелдеңдер.

БҮКІЛӘЛЕМДІК ТАРТЫЛЫС ЗАҢЫ

III НҰСҚА

1. Әрқайсысының диаметрі 1 м болатын бір – біріне түйісіп тұрған екі қорғасын шардың өзара тартылыс күші қандай? V=4/3πR3.

2. Жер мен Ай центрлерінің орташа қашықтығы 60 Жер радиусындай. Ай массасы Жер массасынан 81 есе, ал радиусы 3,8 есе кем. Олардың центрлерін қосатын түзудің бойындағы қай нүктеде дене екеуіне де бірдей күшпен тартылады?

3. Жер бетінен қандай қашықтықта ғарыш кемесінің тартылыс күші 100 есе кемиді?

4. Жасанды Жер серігі Жер экваторының жазықтығында айнала отырып, Жер шарының үстіндегі бір нүктеден ауытқымайды. Ол жер бетінен қандай қашықтықта тұр?

5. Жасанды планетаның орбитасы шеңбер болып келеді. Оның Күнді айналу периодын және сызықтық жылдамдығын анықтаңдар. Планетаның Күннен орташа қашықтығы h=1,71•108 км. Күн диаметрі мен орташа тығыздығын белгілі деп есептеңдер.

6. Ғарыш зымыраны Айға ұшып келеді. Ай мен Жердің массаларының центрлерін қосатын түзудің қай нүктесінде зымыран Ай мен Жерге бірдей күшпен тартылады?

Наши рекомендации