Тақырыбы: Оқу бөлмелерін жоспарлау және көркейтуге қойылатын гигеналық талаптар

Тақырыбы: Оқу мекемелерін жоспарлау және көркейтуге қойылатын гигеналық талаптар

Тірек сөздер: қорғаныс аймағы, демалыс аймағы, спорт аймағы

Жоспар

1. Қорғаныс аймағына қойылатын гигиеналық талаптар

2. Демалыс аймағына қойылатын гигиеналық талаптар

3. Спорт аймағына қойылатын гигиеналық талаптар

4. Шаруашылық аймағына қойылатын гигиеналық талаптар

1. Мектептің орналасқан жер оқитын балалар санына байланысты 0,8 гектарға дейін болады. Мектеп кешенінің құрылысы, жері қалалық және ауылдық әкімшілік үкімімен бекітіледі де, мектепке арналған жерді босату мерзімі шешіледі. Мектеп кешені оқушылар тұратын үйден қалада 1-2 км, ауылда 3 км-ден аспауы керек. Ауылдық жерде балалар алыс тұратын жағдайда әкімшілік орындары оқушылырды таситын көлікпен қамтамасыз етеді. Мектеп территориясы тұрғын үйлерден, балалардың денсаулығына зиян келтіретін өндіріс, шулы, шаңды, түтіні көп мекемелерден, ірі транспорт жолдарынан, су қоймаларынан, ойын-сауық орындарынан аулақ, әрі жарығы мол, таза жерден орын алады. Мектеп жерінің 15% мектеп ғимаратына, 50% өсімдіктер үшін, ал қалған жерін спорт, демалыс, шаруашылық, тәжірибе алаңдарына пайдаланады. Мектеп ғимараты ауланың түкпірінде, мектеп жерінің шетінде 15 м қашықтықта салынады. Мектеп пен оның ауласы екпе ағаштармен (древесные насаждения) қоршалады. Мектеп ауласы бірнеше аймаққа бөлінеді: қорғаныс, демалыс, оқу-тәжірибе, спорт және шаруашылық зоналары.

Қорғаныс аймағы (0,1-1 га) - мектеп кешенінің көше жағында орнасады. Ол мектепті транспорт шуынан, газынан, көше шаңынан қорғайды, сондықтан түрлі ұзынды-қысқалы ағаштар, бұталар егіліп, гүлдермен безендіріледі. Көшенің көлік жолы мен қорғаныс аймағының арасы 25 м кем болмауы керек. Мектеп терезелері мен бұл жердегі биік ағаштардың арасы 10 м, бұталардың арасы 5 м. Ағаштар мен бұталар бұдан жақын егілсе, өсе келе терезелерді көлеңкелеп, сынып бөлмелерінінің жарығын азайтады.

2. Демалыс аймағы (0,2-0,3 га) - мектеп ауласының жазда көлеңке, қыста желден сақтайтын бұтақты ағаштар егілден тегіс таза жағында орналасады. Шаршаған, аурудан жаңа тұрған әлсіз балардың демалуына қажетті орындықтар қойылады. Демалыс аймағында балардың денесіне зиян келтіретін өткір бұтақтар, темір-терсектер, ірі тастардан мезгіл-мезгіл тазартып отыру керек.

Оқу-тәжірибе аймағында (0,2-0,4 га) - метеорологя саймандары, биология, геграфия пәндеріне қажетті тәжірибе алаңдары орналасады. Оқу-тәжірибе аймағы мектеп ауласының шетінде немесе мектеп кешенесінің қабырғасына жақын жерде орналасады. Бұл жерде ауа райын анықтауға қажетті аспаптар, яғни желдің бағытын аңықтайтын флюгер, ылғалдылық пен ауа температурасын өлшейтін аспаптар болады, кейбір мектептерде география пәніне қажетті шұңқырлар, ботаника пәнінің тәжірибе алаңы, кейбір мектептерде (көбінесе ауылды жерде) көжектер өсіретін бұрыш т.б. орналасады.

3. Спорт аймағы (0,1-1,07 га) мұнда дене шынықтыру пәніне спорт ойындарына қажетті алаңдар орналасады. Оның жері мектеп кешенінің терезесінен ең кем дегенде 10 м қашықта болу керек. Көпшілік мектептерде спорт аймағында 5800-7900 м2, тек кейбір мектептерде ғана 4900-10700 м2 жер бөлінеді, яғни мұның да жері оқушылардың санына лайық беріледі. Барлық мектептердің жеңіл атлетика (4900 м2) және гимнастика (600 м2), баскетбол мен волейбол (480 м2) алаңдары, футбол (1176-1960 м2), Көпшілік ауыл мектептерінде үлкен спорт алаңдары (волейбол, баскетбол, футбол) ауыл шетінде жеке орналасады. Бұл алаңдардың тегіс, шөптесін жерде, шаңы аз жерде орналасып, транспорт жолдарынан алыс, ауылшаруашылық құрылыстарынан, мал қоралардан аулақ болғаны дұрыс. Спорт алаңдарын тастардан, ағаш бұтақтарынан, шыны сынықтарынан тазартып, балалардың денесіне зиян келтірмеу жағына көңіл бөлу керек.

4. Шаруашылық аймағы (500 м2) – мектеп ауласының алыс түпкірінде балалардың жүретін жолынан, демалыс орындарынан қашық орналасады. Бұл аймақтың жері мектептің басқа аулаларынан аласа бұтақты өсімдіктермен қоршалады. Мұнда түрлі қоймалар, мектеп гаражы, қосымша дәретхана, сыпырынды жәшіктері, өрт қауіпсіздік жабдықтарының бұрышы т.б. шаруаға қажетті құрылыстар болады. Шаруашылық аймағының таза, ұқыпты ұсталуына шаруашылық меңгерушісі мен мектеп директоры жауапты.

Әдебиет: Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы Қ. Дүйсембин

Жумабаев С. Жас ерекшелік физиология мен мектеп гигиенасы Алматы, 1996

Белецкая В.И. Гигиена детей и подростков М. 1982 Куценко Г.И. Основы гигиены М. 1980

Хрипкова А.Г. Гигиена и здоровье школьника М, 1988

Тақырыбы: Оқу бөлмелерін жоспарлау және көркейтуге қойылатын гигеналық талаптар

Тірек сөздер: шеберханалары, мәжіліс залы, баспалдақ

Жоспар

1. Мектеп ғимаратындағы оқу бөлмелері

Мектеп ғимаратын салғанда оның оқу бөлмелерінің терезелерін оңтүстік, не оңтүстік батысқа, ал қосымша бөлмелерінің терезелерін терістікке қаратын салдады. Мектептің барлық бөлмелерін оқу және қосымша бөлмелер деп екі топқа бөледі.

· Оқу немесе негізгі бөлмелерге сабақ жүретін кабинеттер, сынып бөлмелері, спорт залы, шеберхана, физика және химия пәндерінің лабораториялық жатады.

· Қосымша бөлмелерге әкімшілік және балалдың денсаулығын сақтауға қажетті дәрігер кабинеті мен алғашқы жәрдем көрсету бөлмесі, методикалық бөлме, асхана, буфет, кітапхана, мектеп музейі, оқушылар мен мұғалимдердің демалыс орындары, т.б. жатады.

Сынып бөлмелері мен кабинеттер кең коридор арқылы бір-бірімен және оқушылардың демалыс бөлмелерімен жалғасады. Бастауыш сыныптар мектептің жеке қанатында, ондағы бірінші, екінші сынып бөлмелері төменгі қабатта орналасқаны жөн. Кабинеттік жүйеге ауысуға байланысты әр пәнге екі-үш кабинетт бөлінеді. Сынып бөлмелері мен кабинеттерінің ауданы 50-60 м2, яғни әр оқушы 1,25-1,5 м2, есебінен анықталады. Бөлменің ұзындығы 8-8,2 м, ені 5,6-6,2 м мөлшерінен аспау керек. Егер ұзындығы 8,2 метрден артық болса, соңғы қатардағы оқушылар тақтаның қасында сөйлеп тұрған мұғалімді және оқушыны анық ести алмауы мүмкін және ондай жағдайда балада алыстан көру қабілеті қалыптасады. Ал аз болса, қажетті мөлшердегі парталар симайды. Ені 6,2 метрден кең болса, есік жақтағы қатардың оқушыларына терезе жарығы жеткіліксіз болады, үш қатар парталар симайды. Бөлменің биіктігі 3,5 болғанда балалардың деңсаулығына қажетті ауа мөлшері жеткілікті болады.

Сыныптар мен кабинеттердің қабырғаларын ақ балшықпен, немесе ізбеспен, немесе арнайы эмульсиямен жылына 1 рет әктеп отыру керек. Бөлменің жоғарғы жағын сырлы бояумен бояуға болмайды. Себебі ол құрылыс материалдарының тесікшелерін бітеп, ауаның табиғи жолмен алмасуына кедергі болады.

Бөлмен ауаның температурасы 17-21 0С, ылғалдылығы 40-65%, әр балаға шамамен 15 м3 ауа болғаны жөн.

Сыныптағы терезелер оқушылардың сол жағында орналасуы тиіс. Терезелер кең, күн сәулесі мол түсетіндей ашық әрі таза, шынысы жұқа біртегіс болуы керек. Терезелердің алдына ұзын сабақты үй өсімдіктерін қоюға болмайды. Олар жарықты көлеңкелеп, мөлшерін азайтады. Терезенің төменгі жақтауы еденнен 60-70 см, ал жоғарғы жақтауы мен төбенің арасында 15-30 см аралық болғанда, бөлмеге жарық түсіру мүмкіндігі толық пайдаланылады. Терезеден далаға көз салғанда әйнектің 2/3 бөлігінен аспан көрініп тұрса, табиғи жарықтың мөлшері дұрыс болады. Күн бұлтты болғанда, қыс күндері табиғи жарық жеткіліксіз болады. Сондықтан бөлмелердің қосымша электр жарық шамдары болуы тиіс. Жарық шамдарының көлеңкесіз біркелкі жарық беруі үшін олардың сыртында жарық сейілдіргіштері болу қажет. Жарық сейілдіргіштер ақ түсті шыныдан, немесе жұқа қанылтырған, немесе пластинкалардан жасалады. Оладың пішіндері әр түсті: айналмалы дөңгелектер, төрт бұрышты табақшалар немесе шыны плафондар т.б. Жасанды жарықтың мөлшері пайдаланатын әлектр шамына байланысты. Электр шамдарының жарық мөлшері әр партаға 150 люкстен кем болмауы тиіс, ал люминесценттік шамдардың жарығы 300 люкс. Соған байланысты электр шамдарын 2 немесе 3 қатар етіп, қуаттылығы 300 вт 7-8 лампа ілінеді. Ал люминесценттік шамдарының қуаттылығы 40 вт 12 шам орнатылады.

· Мектеп лабораторияларының мөлшері 66-70 м2, яғни әр оқушыға 1,5-1,75 м2 есебінен анықталады. Лабораториялар мектептің әр секциясында бірінің үстінде бірі болса, онда ең үстіңгі қабатта химия лабораториясы орналасады. Мұндай жағдайда бөлмелерге су жеткізу ауа сорғыш шкафтарды орналастыру және басқа лабораторияларға қажетті жағдайларды жасау жеңілденеді. Әрбір лабораторияға шектес 15-24 м2 кішірек препаратор бөлмесі болады.

· Мектеп шеберханалары екі түрлі болады: біріншісі ер балалардың, екіншісі қыз балалардың еңбек сабақтарына бейімделген арнайы бөлмелер. Шеберхана бөлмелерінің ауданы 50-60 м2, оның қосымша, ауданы 15-16 м2 еңбек сабағының мұғаліміне арналған бөлмесі болады. Мектептің арнайы жобасында шеберхана болмаған кезде көбіне мектеп ауласынан ер балалар шеберханасына арнап бөлек үй салады. Шеберханалар кең, іші жарық, тазартуға ыңғайлы болуы тиіс. Қажетті құрал жабдықтары (станоктар, верстак т.б.) терезе бойына орналастырып, олардың оқушыларға қауіпсіз болуына көп көңіл аудару керек. Шеберханадағы станоктар мен оқушының көз деңгейінің арасы 45 см болуы тиіс. Шеберханадағы аспаптар балалардың жасына және бойына лайық орнатылғаны жөн. Шеберханада оқушыларға арнайы киім (халат, қолғап, темір үшқындарынан қорғайтын көзілдірік) кигізіп, олардың киім және дене тазалығына қажетті жағдайларды туғызады.

· Спорт залының ауданы мектептегі оқушылар санына сәйкес әр оқушыға 4 м2 есебінен бөлінеді: 192, 320, 624 орындық мектептерде 288 м2, одан ірі мектептерде 2 зал- 1568 орындық мектепте 144 м2 және 288 м2 болуы керек. Спорт залының биіктгі 5-6 м. Спорт залының қосыымша бірнеше бөлмелері болады: ер балалар мен қыздарға арналған және киім шешінетін бөлмелері. Спорт залының жылылығы 15-17 0С, киім шешілетін бөлмесінде 19-22 0С. Спорт залдарына, жабдықтарына арналған талаптар бойынша спотр жабдықтары балалардың жасына және бойына лайық болу керек.

· Барлық мектептердің үлкен мәжіліс залы болады. Кейбір жаңа мектептерде ғана оған шектес кино, радио аспаптарына арналған қосымша шағын бөлме болады. Оның ауданы шамамен 12 м2. Мектептегі демалу орындары әрбір оқушыға 0,42-0,75 м2 есебіне беріледі.

· Мектеп кітапханасы мен оқу және дайындалу залын әр оқушыға 0,05 м2 есебінен орын береді.

· Оқушылардың тамақтану орындары асхана, буфет, ас дайындау бөлмесі, ас қоймасы, ыдыс жуатын орын балаларды толық (100%) тамақтандыруға сәйкес болу керек. Асхананың ауданы әр орынға 0,65-0,70 м2 есебінен бөлінеді. Мұндай асхана төрт кезекпен барлық оқушыларды толық тамақтандыруға арналған. Оқушыларды тамақтандыру орындарына арналған өз гигиеналық талаптары болады.

· Киім ілгіш-гардеробтар екі бөлмеден тұрады: шешінетін жер – фойе және киім ілгіш-гардероб. Олардың жалпы ауданы 0,20-0,25 м2 есебінен алынады. Әрбір киім ілгіштің арасы 15 см болуы керек.

· Жуанатын бөлме және дәретхана мектеп кешенінің әр қабатында орналасады. Бұл бөлмелердің ауданы әрбір оқушыға 0,12 м2 есебінен бөлініп алынады.

· Мектеп кешеніндегі баспалдақтар ең кемінде екеу немесе үшеу болады. Баспалдақтың әрбір сатысының ені 30 см, биіктігі 16 см. Баспалдақтар жарық, оқушылардың жүруіне ыңғайлы болу керек. Баспалдақтар бұрылысында қосымша жарық көзі орналасады.

Әдебиет: Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы Қ. Дүйсембин

Жумабаев С. Жас ерекшелік физиология мен мектеп гигиенасы Алматы, 1996

Белецкая В.И. Гигиена детей и подростков М. 1982 Куценко Г.И. Основы гигиены М. 1980

Хрипкова А.Г. Гигиена и здоровье школьника М, 1988

Наши рекомендации