Дәріс 7. Әлеуметтік топтар, ұйымдар және институттар
1. «Әлеуметтік топ» ұғымы. Әлеуметтік топтардың түрлері. Алғашқы және екінші топтар, референттік топтар және баскалары. Топтык динамика. Топтың көлемінің әлеуметтік өзара әрекеттесуге әсері. Топтағы лидерлік.
2. Әлеуметтік желілер. Интернет әлеуметтік желі ретінде.
3. «Әлеуметтік ұйым» ұғымы. Ұйымдар теориясы. М.Вебердің бюрократия теориясы. Ұйымдык даму.
4. «Әлеуметтік институт» ұғымы. Қоғамның негізгі институттары: отбасы, мемлекет, саясат, дін, нарық және баскалары. Институттар кызметі.
Қоғамның құрылымы өте күрделі. Әлеуметтік құрылым дегеніміз, қоғамның ішкі құрамы, оның элементтерінің жиынтығы мен олардың арасындағы сан алуан байланыстар.
Әлеуметтік құрылымның басты элементтеріне: а) өазара тығыз байланыста, қарм-қатынаста болатын индивидтер немесе дамдар жатады;
ә) қоғам мүшелерінің бірігуі, топтасуы негізінде пайда болып, дамып отыратын әлеуметтік қоғамдастықтар; б) сол қоғамда қалыптасқан, белгілі бір функцияларды атқаратын әлеуметтік институттар жатады.
Әлеуметтік құрылымның басты элементтері
|
|
|
|
|
Әлеуметтік қоғамдастықтар деп, белгілі бір ортақ беогілері бар, яғни мүдделері, құндылық бағдарлары, атқаратын қызмет, іс-әрекеттері ұқсас адамдар тобын айтамыз.
Қоғамда адамдар қоғамдасуының сан алуан түрлері бар. Оларды дәлірек түсіну үшін төмендегі үш өлшем тұғысынан жіктеуге болады.
1. Тұрақтылық дәрежесіне қарай:
1) қысқа мерзімдік байланысқа негізделген, тұрақтылығы төмен қоғамдасулар, оларды квазитоптар деп те атайды (поезд вагонындағы жолаушылар, туристік топ);
2) тұрақтылығы орташа қоғамдастықтар (еңбек ұжымы, құрылыс бригадасы, студенттер тобы, т.б.);
3) тұрақтылығы жоғары қоғамдастықтар (ұлттар, таптар).
2.Көлеміне қарай: 1) үлкен әлуеметтік топтар немесе қоғамдастықтар (ұлттар, таптар, әлеуметтік жіктер, кәсіби бірлестіктер, т.б.); 2) орташа әлеуметтік топтар (бір аймақтың тұрғындары); 3) кіші қоғамдастықтар немесе топтар (отбасы, шағын ұжымның қызметкерлері, оқу топтары, т.б.). Бұл топтағы адамдар арасындағы қарым-қатынастар кең байланыстар барынша тығыз және олардың мақсат-мүдделері жақын болады.
3. Мазмұнына қарай әлеуметтік қоғамдастықтар: 1) әлеуметтік-экономикалық (касталар, сословиелер, таптар); 2) әлеуметтік-этникалық (ру, тайпа, ұлыстар, ұлттар); 3) әліметтік-демографиялық (жастар, қарт адамдар, балалар, ерлер, әйелдер,т.б.); 4) әлеуметтік-кәсіби (шахтёрлер, мұғалімдер, дәрігерлер, инженерлер,т.б.); 5) әлеуметтік-территориялық (аймақтың, облыстың, аудан, селоның тұрғындары) деп жіктеледі.
Қоғамның әлеуметтік құрылымын осындай үш өлшем тұрғысынан жіктей келе әлеуметтану ғылымы басты назарды әлеуметтік-экономикалық қоғамдастыққа аударады. Өйткені қоғам мүшелерінің арасындағы әлеуметтік теңсіздіктің мәнін, себептерін түсіну үшін бұл аталған өлшемнің мәні зор.
Жоғарыда біз әлеуметтік құрылымның басты элементтеріне әлеуметтік институттар жатады дедік. Әлеуметтік институттар – қоғам мүшелерінің бірлесіп өмір сүрулерін ұйымдастыру мен реттеп отырудың тарихи қалыптасқан тұрақты формалары. Әлеуметтік институттардың көмегімен адамдар арасында қарым-қатынастар белгілі бір тәртіп мен стандарттарға келтіріліп, олардың мінез-құлықтары мен іс-әрекеттері реттеліп отырады. Соның нәтижесінде тұтас қоғам өмірі дұрыс ұйымдастырылып, оның тұрақтылығы қамтамасыз етіледі.
Әлеуметтік институттар қоғамның, адамдардың қажеттіліктерінен пайда болады. Мәселен, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету қажеттілігінен полиция институты пайда болады.
Қоғамдық өмірді реттеудің негізгі элементі әлеуметтік институттар болып табылады. «Институт» деген ұғым әлеуметтануға юриспруденциядан енген. Бұл ұғым әлеуметтануда әлеуметтік байланыстар мен субъектілердің мінез-құлқын әлеуметтік реттеудің әр түрлі ұйымдасқан формаларын тұрақты түрде тәртіптендірудің ерекше типін білдіру тұрғысында одан да кеңірек түсіндіріледі.
Institutum сөзі латын тілінен аударғанда – белгілеу, орнату, мекеме дегенді білдіреді. Әлеуметтану ғылымында «әлеуметтік институт» деген ұғымды алғаш қолданған Г.Спенсерболды. Әлеуметтік институттардың дамуын айқындаушы фактор деп ол тіршілік үшін кӛршілес қауымдастықтармен және қоршаған табиғи ортамен күресуді есептеді. Спенсердің пікірі бойынша, кез келген әлеуметтік институт белгілі бір функцияларды орындайтын әлеуметтік әрекеттердің тұрақты құрылымы ретінде қалыптасады. Ал, Э.Дюркгеймәлеуметтік институттарды адамның өзін-өзі жүзеге асыруының маңызды құралы ретінде қарастырды. Ол еңбек бөлінісі жағдайында ынтымақтастықты қолдайтын ерекше институттар құру керектігі жөнінде айтты. Әлеуметтік институттарды зерттеуге елеулі үлес қосқан тағы бір ғалым К.Маркс болды.Ол еңбек бӛлінісі, туыстық құрылым институттарын, жеке меншік институттарын қарастырды. Институционализм бағытының (саяси экономияда) негізін салушы американ экономисі, әлеуметтанушысы, публицист, футуролог, философия ғылымдарының докторы (АҚШ-тағы Корнель, Чикаго, Стэнфорд, Миссури университеттерінде әр жылдарда сабақ берген, Нъю-Йорктегі әлеуметтік зерттеулердің Жаңа мектебінің негізін салушылардың бірі болған) Торстейн Бунде Веблен(1857-1929) болды. Ол өзінің «Парықсыз тап теориясы»(«Теория праздного класса») атты еңбегінде алғаш рет әлеуметтік институт ұғымына жан-жақты анықтама берді. Сонымен, әлеуметтік институттар дегеніміз – бұл қоғамдық мәнді функцияларды орындайтын, адамдардың бірлескен қызметі мен қатынастарын ұйымдастырудың тарихи қалыптасқан тұрақты формалары болып табылады. Сонымен бірге, әлеуметтік институттар белгілі бір ұйымдасқан құрылыммен байланысты нормалардың, жарлықтар мен талаптардың жиынтығы, ол арқылы қоғам қоғамдық өмірдің маңызды салаларында адамдардың қызметін бақылайды және реттейді. Әлеуметтік институттар болып табылатындар мыналар: меншік, мемлекет, саяси партиялар, отбасы, мешіт, шіркеу, еңбек ұйымдары, білім мен тәрбие беру мекемелері, ғылым, бұқаралық ақпарат құралдары, әскер және т.б. Әлеуметтік институттар өздерінің міндеттерін қоғамдық қызметті, байланыстар мен қатынастарды тәртіпке салу, стандарттау мен формальдандыру есебінен орындайды. Бұл тәртіп орнату, стандарттау мен формальдандыру процесі институттандыру (институционализация) деп аталады. Инститтандыру дегеніміз, басқаша айтқанда әлеуметтік институттың қалыптасу процесі.
Қоғамда қызмет ету салаларына қарай әлеуесеттік институттардың 4 тобын атап көрсетуга болады. Олардың әрқайсысы өз функцияларын атқарады: