Леуметтік педагогика, әлеуметтік жұмыс. Әлеуметтік-заң сөздігі/ Г.В. Мухаметзянованың ред. М., 1995.

Леуметтік педагога-валеологтың анықтама-сөздігі. Н. Новгород, 1996; Татарникова Л. Г. Әлеуметтік педагогқа валеология – яғни денсаулықты қалыптастыру ғылымы жайлы. М, 1993.

Суворова Г.М. № 59 орта мектебінің негізінде құрылған мәдениеттану әлеуметтік-педагогикалық кешендегі экологиялық білім беру мен тәрбиенің жүйесі // Ярославский педагогический вестник. Ғыл.-әдіст. журн. 1997. № 1 (7).

Арнольдов А. И. Әлеуметтік педагогика мен мәдениеттану: ғылымдардың ынтымақтастығы. М.,1996; Киселева Т.Г. Мәдениеттану және әлеуметтік педагогика: түйісу жерлері // Әлеуметтік жұмыс. 1993. № 2. С. 40-41.

Осы ғылымдардың әлеуметтік педагогикамен өзара әрекеттесу мәселелері толығырақ түрде төменде қарастырылатын болады.

Алайда әлеуметтік педагогика әдіснамаларының мазмұнын анықтау, құрылымын нақтылау үшін білімнің абстрактілік критериін дербес түрде қолданған жеткіліксіз болады; өзге де критерийлерді қолдану қажет етіледі.

Білімнің тақырыптық мазмұнының критериі білімді орта не жоғары мәртебеге ие ғылымдардың білімдерімен байланыстан тыс түрде теориялық не әдіснамалық білім деп сипаттпауға және әлеуметтік педагогика әдіснамасының өзіндік құрылымын анықтауға мүмкіндік береді.

Белгілі болғандай, ғылым үшін барынша жалпылама ұғымға «ақиқат» ұғымы, ал ақиқатта «практика» ұғымы жатады1.

Әлеуметтік-педагогикалық практикада әлеуметтік-педагогикалық объектілер мен түрлі деңгейдегі жүйелер туындап, дамып, қирап және жойылып жатады, әртүрлі типтегі әлеуметтік-педагогикалық процестер жүріп отырады, соның субъектілерінің практикалық әлеуметтік-педагогикалық қызметі жүзеге асырылып отырады. Практика өзін тұтастай алғанда (не соның құрамдас бөліктері - жүйелер, процестер, қызметі) теория үшін тану объектісі болып табылады, оған қоса тану өзінің зерттеліп отырған әлеуметтік-педагогикалық объектінің мәніне ену тереңдігіне қарай әртүрлі болып отыруы мүмкін.

Танудың эмпирикалық және теориялық деңгейлерін бөлу жалпы қабылданған; кейінгісінің ішкі деңгейлері ретінде ғылыми-эмпирикалық және ғылыми-теориялық деңгейлер шығуда. Әлеуметтік педагогиканың өз практика саласын танудың нәтижелері әлеуметтік-педагогикалық білім болып табылады, оны ұйымдастыру үшін фактілер, идеялар, гипотезалар, теориялар (ережелер, постулаттар, принциптер және т.б.) шығып отырады. Негіздемелер, теориялар, заңдар, заңдылықтар, категориялар, ұғымдар және басқ. элементтер арқылы логикалық жүйе етіп жинақталған білімдер «әлеуметтік педагогика» ғылыми пәнінің логикалық құрылымы болып табылады. Сонымен қатар дәл соның өзі әдіснамасының тану объектісі болып табылады.

Егер ақиқат оның ең жалпылама түрінде объективті ақиқат ретінде, болмыстың өзекті орын алуы ретінде қарастырылып отырған болса, онда практика болмысқа деген ерекше адами көзқарас болып, ақиқат пен көз қылудың критериі болып табылады.

Әдіснаманың мұндай тақырыптық мазмұны біріншіден, әлеуметтік педагогиканы тиісті теорияда көрсетіліп отыратын практикалық қызметтің саласы (практикалық) ретінде, және тиісті әдіснамада (әдіснамалық деңгей) көрсетіліп отыратын ғылыми пән ретінде (ғылыми деңгей) қарастырып отыруға мүмкіндік береді. Екіншіден, мұндай тақырыптық мазмұны былай деп анықтама жасауға мүмкіндік береді, яғни әлеуметтік педагогиканың әдіснамалық білімі - бұл әлеуметтік-педагогикалық білім туралы білім, сондай-ақ оның зерттеушінің санасындағы рефлексиясы (бейнесі) туралы білім. Егер әлеуметтік педагогиканың әдіснамасына жататын білімді құрылымдық-тізімделген түрінде елестетін болсақ, онда төмендегідей жиынтыққа ие болуға болады:

1) Өзінің барысында әлеуметтік-педагогикалық білім қалыптасып әлеуметтік-педагогикалық практиканы тану туралы білім. Былайша атйқанда, әлеуметтік педагогиканың әдіснамасы - әлеуметтік педагогиканың жалпы бөлімдерінің бірі, ол ғылыми танымдық процестің мазмұнын, ұйымдастырылуы мен әдіснамасын, логикалық құрылымы мен принциптерін, әлеуметтік педагогтың әдіснамалық рефлексия деп аталатын (сөздің кең мағынасында) ғылыми-зерттеу қызметін зерттеп және қалыптастырады1.

Тану туралы білімді ғылыми зерттеудің сипаттамалары ретінде шығып отыратын әдіснамалық категорияларды проблема, тақырып, өзектілік, объекті мен зат, мақсат, міндетте, гипотеза, қорғалып отырған қағидалар, ғылым үшін мәні, практика үшін мәні сияқты шағын тізім түрінде суреттеуге болады: 2.

2) Өзін зерттеумен әлеуметтік педагогиканың әдіснамасы айналысатын білім туралы білім әлеуметтік-педагогикалық ғылымтану деп аталады3.

Ғылымтану білімі ең алдымен ғылыми пән ретінде әлеуметтік педагогиканың логикалық құрылымын, оның дамуына тереңдетілген талдау жасау үшін және негізгі функцияларын жүзеге асыру үшін қажет.

В.В. Краевский әдіснамалық рефлексияны танудың, басқарудың, құрастырудың белгілі түрдегі тұжырымдамаларын, формалары мен әдістерін ғылыми түрде негіздемелеуге, сын білдірумен ұғыну және шығармашылық тұрғыдан қолдану қабілетімен қатар зерттеушінің әдіснамалық мәдениетінің мазмұнына жатқызуда. Қараңыз: Краевский В.В. Ғылыми зерттеудің әдіснамасы. СПб., 2001. С. 8-9.

Араңыз: Краевский В.В. Әдіснамалық рефлексия // Сов. педагогика. 1989. №2. С 72-79. 3 «Ғылымтану – бұл ғылымның біртұтас жүйе ретінде әлеуметтік әсер ету құралдары арқылы ғылыми қызмет процестерінің тиімділігін арттыру мақсатында қызмет етуінің тәжірибесін кешенді зерттеу және теориялық тұрғыдан қорытындылау. - Добров Г.Г. Ғылым туралы ғылым. Киев, 1989. С. 282.

3) Әлеуметтік-педагогикалық практиканы қайта құру туралы білім - әлеуметтік педагогика әдіснамасының бір бөлігі, ол әлеуметтік-педагогикалық теория мен практиканың ілгері тәжірибенің ғылыми білімдерін қолдану арқылы өзара әрекеттесуі проблемаларымен байланысты, яғни инноватикамен байланысты. Өзінің ең жоғары формасында ұйымдастырылған қайта құру туралы білім ғылыми-қайта құру әлеуметтік-педагогикалық қызметінің теориясы болып табылады.

Осылайша, ғылыми-зерттеу қызметінің теориясы, пәндік ғылымтану теориясы мен ғылыми-қайта құру қызметінің теориясы жиынтығында анағұрлым жоғары деңгейдегі теорияны – ғылыми пән ретінде әлеуметтік педагогика әдіснамасының теориясын қалыптастырады (4-сұлба).

Сонымен бірге, әдіснамалық білімге жататын білімнің пәндік мазұнын нақтылаумен айта кету керек болатыны ол әлеуметтік педагогтың танымдық-қайта құру қызметінің аспабы ретінде қолданылған жағдайда ғана сондай білімге айналады1.

Осылайша, білімнің пәндік мазмұнының критериі білімнің сипатын белгілеп (теориялық не әдіснамалық), әдіснамалық білімнің мазмұнын іріктеп алуға, оны тиісті теорияда (не теориямен) ұсынуға, әлеуметтік педагогика әдіснамасының өзі әлеуметтік-педагогикалық практиканы тау мен қайта құрумен байланысты болып келетін бөлігінің құрылымын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Әлеуметтік-педагогикалық білімді қолдану саласының критериісонымен қатар оның әдіснамалық не теориялық білімге тиесілігін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл критерий сонымен қатар әлеуметтік педагогиканың объектілі-тақырыптық өрісінде осы білімнің өзге біліммен өзара қатынастарының диалектикасын анықтауға мүмкіндік береді.

Осы критерийге сәйкес әдіснамалық білімге мыналарды жатқызуға болады:

а) әлеуметтік педагогиканы құрайтын жеке теориялардың тақырыптық мазмұнына (не солардың біртекті жиынтықтарына - бөлімдеріне) салыстырмалы түрде талғаусыз болып келетін және сол не өзге теорияның (бөлімнің) нақты мазмұнының қалыптасуы мен дамуына тікелей әсерін тигізбейтін білім.

Егер проблема танымдық аспапты әзірлеумен, сол не өзге құбылыстарға деген өзге ғылымда белгілі болып келетін неғұрлым жалпылама тұрғыны қару ретінде қабылдаумен не жаңасын қалыптастырумен байланысты болмайтын болса, онда ол білімдердің осы жүйесінде әдіснамалық болып табылмайды».- Гершунский Б.С., Никандров Н.Д. Педагогикадағы әдіснамалық білім. М., 1986. С. 18.

Әлеуметтік педагогикадағы ғылыми-қайта қру қызметінің теориясы

Әлеуметтік- педагогикалық ғылымтанудың теориясы

Әлеуметтік педагогикадағы ғылыми-зерттеу қызметінің теориясы

Әдіснама проблемаларының теориясы

Леуметтік педагогика, әлеуметтік жұмыс. Әлеуметтік-заң сөздігі/ Г.В. Мухаметзянованың ред. М., 1995. - student2.ru

4-сұлба. Әлеуметтік педагогиканың ғылыми-теориялық құрылымы

Мұнысы осы жағдайда әлеуметтік педагогиканың әдіснамалық білімінің өзінің мәртебесі (абстракциясы, қабаттылығы, деңгейлілігі) бойынша соның жеке теориясының тақырыптық мазмұнын құрайтын білімнен жоғары болып отырғанымен негізделуде;

б) нақты әлеуметтік-педагогикалық теорияның тақырыптық мазмұнын әзірлеу кезіндегі әлеуметтік педагогтың (ғылыми-зерттеу қызметі) не әлеуметтік-педагогикалық практиканы ғылымның қорытындылары мен ұсыныстарына сәйкес қайта құру кезіндегі маманның (ғылыми-қайта құру қызметі) қызметінің стратегиясын белгілеп отыратын білім;

в) теориялық және практикалық қызметтің стратегиясы ретінде әлеуметтік педагогиканың ғылыми пән ретінде барлық бөлімдеріндегі және сол бейнелеп отыратын әлеуметтік-педагогикалық практиканың әрбір саласындағы кез келген мәселелерді шешуге ықпалын тигізіп отыратын білім;

г) өзінің ортақтық дәрежесі бойынша жинақталған білім, ол әлеуметтік педагогиканың дербес бөлімінің – әдіснаманың тақырыптық мазмұнын құрайды. Бұл бөлімнің өзіндік құрылымы, сатылық дәрежелілігі, мазмұны мен ерекшелігі бар. Көлденеңінен оған мыналар енеді: әлеуметтік педагогиканың ғылыми пән ретінде әдіснамалық негіздерінің теориясы; әдіснама проблемаларының теориясы; әлеуметтік педагогиканың әдіснамалық проблемалар теориясы. (Бұл теорияда әлеуметтік педагогиканың және соның екінші деңгейдегі жекелеген теорияларының жеке бөлімдерінің, пәндерінің, бағыттарының әдіснамалық білімі қамтылған).

Осылайша, әлеуметтік-педагогикалық білімнің абстрактілік критериін, білімнің тақырыптық мазұнының критериі мен қолданылу саласының критериін жиынтықталған түрде қолдану әлеуметтік педагогика әдіснамасының құрылымын белгілеуге мүмкіндік береді (5-сұлба).

Әлеуметтік педагогика әдіснамасының құрылымын зерттеуді, оның әдіснамалық білімін және оған баға беру критерийлерін қалыптастырудың дереккөздерін жинақтай келе мынадай қорытынжы жасауға болады.

Әлеуметтік педагогиканың әдіснамасыдеп сөздің жалпы мағынасында (анағұрлым қатаң мағынада - теория) танымдық және қайта құру әлеуметтік-педагогикалық қызметінің құрылымы, логикалық ұйымдастырылуы, әдістері мен құралдары туралы ілім, сондай-ақ әдіснамалық білімдерді алу мен қолдану қызметі түсініледі.

Әлеуметтік педагогикадағы ғылыми-қайта құру қызметінің теориясы

Әлеуметтік-педагогикалық ғылымтанудың теориясы

Әлеуметтік педагогикадағы ғылыми-зерттеу қызметінің теориясы

Әлеуметтік педагогиканың бөлімдері мен жеке теорияларының әдіснамалық проблемалары

Әлеуметтік педагогиканың әдіснамалық проблемаларының теориясы

Әлеуметтік педагогиканың ғылыми-практикалық негіздері

Әлеуметтік педагогиканың жеке ғылыми негіздері

Әлеуметтік педагогиканың жалпы ғылыми негіздері

Жалпы әдіснамалық негіздер

Әлеуметтік педагогика әдіснамасы проблемаларының теориясы

Әлеуметтік педагогиканың әдіснамалық негіздерінің теориясы

Леуметтік педагогика, әлеуметтік жұмыс. Әлеуметтік-заң сөздігі/ Г.В. Мухаметзянованың ред. М., 1995. - student2.ru

5-сұлба. Әлеуметтік педагогика әдіснамасының ғылыми-теориялық құрылымы

Бұл жағдайда анағұрлым жоғары әдіснамалық мәртебеге ие жалпы білімдер әлеуметтік-педагогикалық білімге қатысты әдіснамалық функцияны жүзеге асырады және әлеуметтік педагогиканың әдіснамалық негіздерін қалыптастырады. Өзінің жоғарғы, барынша дамыған формасында ұсынылған білімдердің жиынтығы әлеуметтік педагогиканың әдіснамалық негіздерінің теориясын құрайды.

Ғылыми-зерттеу және ғылыми-қайта құру әлеуметтік-педагогикалық қызмет теорияларының, сондай-ақ әлеуметтік-педагогикалық ғыылмтану теориясының жиынтығы әдіснама проблемалары жайлы ғыылмның мазмұнын, яғни әлеуметтік педагогика әдіснамасының проблемалары теориясын құрайды.Әдіснамалық білімнің қолданылу саласына сәйкес әлеуметтік педагогика әдіснамасының құрылымында әдіснамалық проблемалар теориясы ерекшеленіп отырады.

Әдіснамалық негіздер теориясының, әдіснама проблемалар теориясы мен әлеуметтік педагогиканың әдіснамалық проблемалар теориясының біртұтастығы мен өзара байланысы соның әдіснамасының құрылымын құрайды.

Әдіснамалық знания әлеуметтік педагогиканың әдіснамалық білімінің құрылымы мен мазмұнын зерттеу үшін, оның өзге түрдегі және өзге деңгейдегі білімдермен өзара әрекеттесуінің сатылығы мен сипатын анықтау үшін, алынған әлеуметтік-педагогикалық білімді әдіснамалық деп тану үшін білімнің абстрактілік критериін, білімнің тақырыптық мазмұны критериін, білмдерді қолдану саласы критериін кешенді қолданған тиімді болады.

Оған қоса, жоғарыда аталған критерийлерді кешенді қодану әдіснамалық білімнің қалыптасу дереккөздерін, әлеуметтік педагогика әдіснамасын соның жалпы бөлімдерінің бірі ретінде одан әрі дамытудың негізгі жолдарын анықтап және соларға талдау жүргізуге мүмкіндік береді.

Әдіснаманың негізгі даму дереккөзіне әлеуметтік педагогтардың ғылыми-зерттеу (танымдық) және ғылыми-қайта құру қызметі жатады. Әлеуметтік педагогика әдіснамасының зерттелгендік дәрежесі сол қызметтің сапасы мен тиімділігіне ғана емес, сонымен қатар оған орта және анағұрлым жоғары дәрежедегі (әлеуметтік педагогикаға қатысты алғандағы) ғылым өкілдерінің қатысуына; танымдық және қайта құрушы әлеуметтік-педагогикалық қызметті ақпараттық қамтуға, әлеуметтік зерттеуші-педагог пен практикалық қызметкердің әдіснамалықСТУДЕНТТЕРДІҢ ҒЫЛЫМИ-АҚПАРАТТЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Қоңырбаева С.С. – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің аға оқытушысы, п.ғ.к., Нұржанова Г.И.- аға оқытушы

Жалпыадамзаттың даму эволюциясы мен өркендеуінің табиғи-биологиялық, мәдени-әлеуметтік қырларына негіз болған маңызды сала ақпараттар көзі болып табылады. Бұны тарихқа дейінгі уақыт пен тарихи үдеріске келіп жалғасқан тұтас рухани кеңістік айғақтап отыр. Алғашқы қауымдық дәуірдегі ақпараттардың ымдасу, мимика, жест түріндегі бастапқы көріністерінен бастау алған қарапайым хабар алмасудың түрі адамзат өркениетінің өн бойында тұтастай сақталып, белгілі бір даму, сұрыпталу, жетілу кезеңдерінен өтіп, бүгінгі заманға дейін сабақтасып келіп отырған дамудың қажетті мәдени құрылымы болып отырғандығы шындық.

Осыған орай, ақпарат – қоғамның мәдени, рухани, саяси, әлеуметтік саласын тұтас қамтып жатырған қарым-қатынас пен байланыстың негізгі құралы болып табылады. Демек, ақпарат осы салалардың орнығуы мен жетілуінің шарты екендігін түйсінген адамзат өзінің ақпараттық кеңістігін ұлғайта түсуді мақсат етті де, бүгінгі өркениеттің өркендеуінің ақпараттық негіздерін қалыптастыруға бет бұрды. Қоғам дамуы мен ілгерілеуін зерттеуші әлеуметтанушы ғалымдар қоғамдық-экономикалық формациялардың қазіргі таңдағы соңғы буыны ақпараттық қоғам екендігін алға тартып отыр. Дүниежүзілік ақпараттық кеңістіктің қалыптасуы мен орнығуы жаһандану үдерісінің негізгі бағыттарының бірі ретінде өзінің өміршеңдігін айқындап берді. Сондықтан ақпараттық кеңістікке ену мемлекеттік деңгейде ресми және бұқаралық аймақта ресми емес түрде қолға алынып, қоғамдық өмірдің барлық салаларының оңды талабына айналды. Олай болса, рухани мәдениеттің өзекті бөлігі білім беру мен ағарту да заманның өркениеттік шарттарынан қалыс қалмақ емес. Себебі, мәдени-әлеуметтік өмірде ақпараттар тасқыны енбейтін саланың болуы да мүмкін емес. Осыған орай, білім беру мен ағартудағы ақпараттардың орнығып, арнайы сала ретінде қалыптасу қажеттілігі ақпараттық қоғамның объективті, заңды мүмкіндігі болып табылады.

Бүгінгі таңда еліміздің әлемдік білім кеңістігіне кірігуі оны халықаралық деңгейге сай құруды, әлемдік ақпараттар ағымына ілесуді, өркениеттік талаптарға сай құрылған нормаларды мойындап, оны ұлттық және жалпыадамзаттық негізде жетілдіруді қажет етеді. Бұл –мемлекетіміздің бәсекелестік қабілетті дамыту стратегиясына, алдағы уақытта экономикасы дамыған алдыңғы қатарлы 50 елдің біріне ену жоспарына, біртұтас экономикалық және ақпараттық кеңістік құруға ұмтылу жүйесін қамтамасыз етудің мүмкіндіктерінің басты көзі болып табылады.

Біріншіден, ғаламдық ақпарат ғасырында өмір сүріп отырған қоғам дамуында адамзат білімінің құндылығы басты орын алады. Олай болса, әлемдік аймақтағы мемлекетіміздің орны оның білімі мен ғылымның дамуының бағыт-бағдарына, негізгі өркениеттік ұстанымдарды игеруіне және нақты жетістіктеріне тікелей байланысты. Екіншіден, білім беру – қазіргі қоғамдағы басты құндылық адам ресурсының толыққандылығын ұсыну мен оның сол мемлекеттің әлемдік деңгейде дамуына мүмкіндіктер ашатын интеллектуалдық, саяси т.б. элита қалыптастыруының алғашқы баспалдағы болып табылады. Үшіншіден, бүгінгі жалпыадамзатық ақпараттық қоғамның талаптарына сай ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың жетістіктерін еркін меңгеру, «ақпараттанған қоғамда ақпараттанған адам» дайындау да білім беру жүйесіне тікелей байланысты екендігі сөзсіз.

Демек, қазіргі таңдағы еліміздің дамуы мен өсіп-өркендеуінде ақпарат саласының алар орны ерекше. Әлеуметтік прогресс – интеллектуальдік саланың даму деңгейіне, ақпаратты құру, тарату және оны тұтыну негізінде шынайы өмірге енгізілуіне де байланысты болмақ. Қоғамның ілгерілеуіне, заттық мәдениет пен рухани мәдениеттің өркендеуіне сәйкес ақпарат саласының да үнемі даму деңгейін қажет ететіндігі әлеуметтік заңдылық. Қоғамдық өмірдің осы талаптарын қанағаттандыру мен жақын болашақтың үлгілеріне сай тұлға қалыптастыру білім берудің негізгі перспективті міндеттері. Олай болса, білім берудің жаңа парадигмасы контексіндегі ең негізгі міндеттердің бірі – кез-келген болашақ маманның ақпараттық мәдениетін көтеруді жетілдіру, ақпараттық операцияларды жүзеге асыратын дағдыларын меңгеруіне, осы бағыт бойынша өз бетінше білімін тереңдетуіне ықпал жасау. Ақпараттанудың арнайы мемлекеттік орталығы болып табылатын кітапханалар қоғамымыздағы кез-келген тұлғаның ақпаратпен сусындауына мүмкіндік ашады. Сондықтан оны қамтамасыз етудің басты шарты – білім беру саласы бойынша кітапхана және библиограф мамандардың ақпараттық мәдениетінің, соның ішінде ғылыми ақпараттың мәдениетінің озық үлгіде дамыған болуы қажеттілігі. Ұсынылған «ғылыми ақпараттық мәдениетті қалыптастыру» ұғымының тұтасуы оның жеке элементтерін таразылап алуды қажет ете отырып, негізгі мәселемізді ашаудың әдіснамасын анықтайды [1].

Ал А.Я.Фридландтың пайымдауынша, ақпарат – бұл адамның ойлау аппаратында берілетін білім және ұғымдармен өзара ілесетін мәлімет қабылдағаннан кейін пайда болатын түсінік. Бұл анықтамадан түсінетініміз – ақпарат тек жанама түрде мәліметтер көмегімен таратылатындығы. Мәлімет дегеніміз – бұл не адамның сезу мүшелері, не құралдың көмегімен қабылданып, өңделетін кез-келген сигналдар. Бұдан ақпарат бүкіл әлемдік жүйе мен адамзат эволюциясында қамтамасыз етілген оның қалыптасуы, өмір сүру, дамуының алғышарты болып табылатындығын түйсінеміз. Сондықтан ақпарат ұғымы барлық қоғамдық және жаратылыстану ғылымдарының ортақ объектісіне айналдырған. Біз ақпаратты әлемдік және әлеуметтік болып табылатын басты екі жазықтыққа бөлеміз де, әлеуметтік ақпаратты негізге ала отырып, мәдени-рухани қырларына басымдылық береміз [2]. Адамзаттың даму эволюциясының қазіргі соңғы сатысының «ақпараттық қоғам» деп аталуының өзі ақпараттық бірліктердің рухани-әлеуметтік және саяси-мәдени кеңістікті тұтас қамтып, өзінің орнықты жүйесін анықтауымен байланысты. Яғни, әлеуметтік болмыстың тұтас ақпараттануы немесе қоғамды ақпараттандыру дегенді білдіреді.

1940-жылдары австралиялық экономист К.Кларк жаңа бір өзгеше қоғамның орнап келе жатқанын ұсына отыра, оны экономикасы, технологиясы қарқынды дамыған ақпарат пен қызмет көрсету қоғамы ретінде атап өтеді. 1950-жылдары америкалық экономист Ф. Махлуп болашақта ақпараттың маңызды тауарға айналатыны және ақпараттық экономиканың дендеп енетіндігі туралы тезисін ұсынды. Бұл идея әрі қарай өрби түсіп, 1960 жылдардың соңында постиндустриалдық қоғам теориясымен үндесетін ақпараттық қоғам теориясын алға тартқан американдық әлеуметтанушы Д.Белл “Ақпараттық қоғамның әлеуметтік шеңбері” деген еңбегінде: “Келесі жүзжылдықта экономикалық және әлеуметтік өмір үшін, білім өндірісінің тәсілдері үшін, сонымен қатар адамның еңбек әрекетінің сипаты үшін телекоммуникацияларға негізделген жаңа әлеуметтік үдерістің қалыптасуы шешуші мәнге ие болады”-дей келе, ақпарат пен теориялық білімді ақпараттық қоғамның стратегиялық ресурстарына жатқызады [3;4]. Осы түсіндірмелерге сүйенсек, егер де ақпарат қоғамдық өмірдің барлық саласына орнығатын болса, маңыздылықтан құндылыққа ауысса, теориялық білімді ақпараттық қоғамның стратегиялық ресурстарына жатқызса, қоғамдағы әрбір мүшенің өзіне қажетті ақпараттық өнімді алуға мүмкіндігі артатын болса, онда ақпарат адамның әлеуметтік өмірінің ажырамас тұтастығына айнала отырып, өзін ақпараттық кеңістікте еркін сезінуін қажет етеді. Адамзаттың ақпараттық кеңістікпен бірігуі, оған еркін енуі және игеруі үшін құрылған баршаға ортақ ережелердің, талаптардың, нормалардың, заңдылықтардың, қағидалардың жүйеленген жиынтығы деп анықтама бере аламыз. Ақпараттық мәдениет ақпараттық қоғам дамуының қажеттілігі және қазіргі заман үшін оның туындысы болмақ және керісінше ақпараттық ресурстар мен оның тасқынын игеруге ұмтылыстан туған ақпараттық сана сол қоғамды тудырады. Бұл қоғамның негізгі орталық түсінігі ретінде алынған «ақпарат» құбылысы рухани мәдениеттің дамуы мен өркендеуінің және таралуының негізгі құралы ретінде әлеуметтік өмірдің ажырамас қасиетін құрайды. Олай болса, ақпараттық қоғам мен ақпараттық мәдениет бірін-бірі қалыптастыратын және толықтырып отыратын, белгілері мен сипаттарын қайталайтын, өзара алғышарт ретінде қамтамасыз етілетін арналас, жарыспалы формалар болып табылады. Ал қоғамның құрылымын базис пен қондырма ретінде талдайтын дәстүрлі көзқарастарды басшылыққа алсақ, «ақпараттық қоғам – базис», «ақпараттық мәдениет – қондырма» деп анықтауымызға болады. Олай болса, ақпараттық қоғам ақпараттардың барлық арналарға тұтастай таралуымен байланысты болып шығады. Атап айтқанда, саясат, ғылым, өнер, спорт, экономика т.б. Осыған орай, кең мағынада алынған ақпарат ұғымынан «әлеуметтік ақпарат» түсінігін ажыратып алсақ, сәйкесінше, «саяси ақпарат», «экономикалық ақпарат» формалары жіктеліп шығады. Демек, «ғылыми ақпарат» ұғымы да ғылым деп аталған рухани мәдениеттің саласын тұтастай қамтитын кең көлемді мағлұматтарды жинақтайтын жалпы ақпараттық кеңстіктің маңызды бір бөлігі деп айтады. Жалпы ғалымдар мен педагогтардың ғылыми түссіндірмелерін сараптай келе, ғылыми ақпарат туралы төмендегідей анықтаманы ұсынамыз: ғылыми ақпарат дегеніміз – интеллектуальдік, жаңашылдық, креативтілік, танымдық, білімділік, ашықтық, жүйелілік, сабақтастық, құндылықтық, практикалық т.б. сапалармен айқындалатын рухани кеңістіктің концептуалды-теориялық деңгейдегі маңызды бірі саласы деп анықтауымызға болады.

Осыдан біз, ақпараттық мәдениеттің ғылыми ақпараттық мәдениет деңгейін ажырата аламыз. Егер ақпараттық мәдениет ақпараттық кеңістікке енудің арнайы заңдылықтарын ұсынатын болса, ақпараттық кеңістіктің ғылыми саладағы мазмұнының мәдениеттілік дәрежесі ғылыми ақпараттық мәдениетке айналады. Олай болса, ғылыми ақпараттық мәдениет дегеніміз – ақпараттардың ғылыми аймағына жалпылай енуге сәйкес келетін білімдер мен ол саладағы жан-жақты қарым-қатынас деңгейін қамтамасыз ете алатын іс-әрекеттердің жиынтығы. Біз қарастырып отырған мәселенің негіздері барлық қоғамдық ғылымдар саласындағы маңызды мәселелердің бірі болғандықтан, қоғамдық ғылымдар да ақпараттық қоғам аясынан тыс қалмағандықтан, ғылыми ақпараттар негізінде дамып, сабақтастық арнасын сақтағандықтан, олардың осы нұсқаларын басшылыққа ала отырып, ғылыми ақпараттық мәдениетті қалыптастыру үшін біз оның жалпылама теориялық-әдіснамалық бағдарын ұсынып алуымыз қажет.

Сонымен қатар кітапханатану ілімінің – кітаптану, информатика, мәдениеттану, социология, педагогика, психология, экономика, математика т.б. ғылым салаларымен байланысты екендігіне де сүйене отырып бұл ғылымдардың жалпы ұстанымдары кітапханатану және библиография саласын зерттей түсуде маңызды қағидаларды бере алатындығын да негізге аламыз [5].

Әдебиеттер тізімі:

1. Кузнецов С.А.и др. Современный толковый словарь русского языка.Санкт-Петербург: Норинт, 2002.- 235 с.

2. Справочник информационного работника / Науч.ред.Р.С. Гиляревский, В.А. Минкина.-СПб.: Профессия, 2005.-552 с

3. Белл Д. Социальные рамки информационного общества. // Новая технократическая волна на Западе. М.: Прогресс, 1986. 330-бет

4. Красильникова В.А. Информатизация образования: понятийный аппарат \\ Инфо.- № 4, 2003.- С.21].

5. Нұрахметова К.Ғ. Жалпы кітапханатану: Оқу құралы.-Алматы, 1998.-60 бет (12-13 бб.).

Наши рекомендации