Дәріс 11. Отбасы және гендер әлеуметтануы

1.Неке және отбасы ұғымдарының анықтамасы. Отбасының негізгі қызметтері.

2.Некелік-отбасылык катынастардың тарихи типтері және түрлері. Неке мен отбасының тенденциялары және даму перспективалары. Қазіргі Қазакстан қоғамындағы отбасының рөлі. Неке мен ажырасуды және оның проблемаларын әлеуметтанулық зерттеу. Отбасылык өмірдің әлеуметтік-психологиялық аспектілерін жоспарлау және отбасыаралық жанжалдарды шешу.

3.«Жыныс» және «гендер» ұғымдары. Гендердің әлеуметтанулық теориясы. Гендерлік рөлдер. Отбасында ролдердің болінуін гендерлік талдау. Қоғамдағы гендерлік теңсіздік мәселелері. Қазақстанда отбасылық саясаттың дамуы, оның демографиялык және гендерлік саясатпен байланысы.

Отбасы әлеуметтік институт ретінде адамзат қоғамының қалыптасуымен бірге пайда болды. Отбасының дербестігі болғанымен, бірақ отбасылық қатынастар қоғаммен, оның дамуымен тікелей байланысты.

Отбасы - кіші әлеуметтік топ, ал оның мүшелері некемен, қаны бір туыстығымен, тұрмыстық ортақтығымен және өзара адамгершілік жауапкершілікпен байланысты. Отбасы - қоғамның бастапқы ұясы, қоғамның әлеуметтік құрылымының негізіболып табылады.

Ер мен әйел - отбасының екі іргетасы, бұл іргетас үйленумен құрылады. Отбасында адамдар ұрпақ жалғастырады. Сонымен қатар қоғамның қартайған, еңбекке жарамсыз мүшелеріне қамқорлық та осында іске асырылады. Отбасы тұрмыстық қатынасты қалыптастырудың да алғашқы ұясының бірі.

Отбасы тарихы өзгеріп отыратын әлеуметтік құбылыс, себебі формасы өндірістік қатынастарға, оның ішінде меншіктік қатынастарға тікелей тәуелді. Мәселен, некелік қатынастардың алғашқы тарихи формасы полигамия, ал өндіріс құрал-жабдықтарына жеке меншіктің пайда болуына байланысты ол моногамиялық (бір некелік ) отбасымен ауысады.

Отбасы некеге қарағанда күрделі жүйе, себебі ол жұбайларды ғана емес, олардың балаларын, басқа туыстарын да біріктіреді.

Отбасы - тұрақты жүйе болады. Олардың тұрақтылығы мен беріктігі де әр кезде өзгеріп отырады. Оған әсер ететін құқық, дін, қоғамдық пікір, психологиялық факторлар, әсіресе экономикалық өмір бірлігі. Қоғамның негізгі мақсаты адамдарды бақытты ету, ал мұның өзі терезесі тең, берік отбасына байланысты. Отбасы қалыптасу үшін неке қалыптасу қажет.

Неке - әйел мен еркек арасындағы табиғи қажеттілік, олардың өзара құқықтары мен міндеттерін белгілейтін формасы. Неке - отбасының заң жүзіндегі негізі, әйел мен еркектің өзара түсінісу, еріктілігі негізінде құрылатын одағы, адамның әлеуметтік-табиғи, сонымен қатар материалдық және рухани өмір қажеттілігі. Себебі жыныстық қатынас биологиялық - жыныстық сүйіспеншілік ғана емес, сонымен қатар адамгершілік-эстетикалық қатынас. Некенің мазмұны мен ерекшелігі жыныстық қатынаспен ғана шектелмейді. Некенің негізі - сүйіспеншілік (махаббат). Махаббат өмір көркі. (Абай).

Махаббат туралы Гомер де, Лев Толстой мен Стендаль да, Пушкин мен Гете де, Абай да, Горький мен Шолохов та жазған. Адамзаттың данышпан ойшылдары махаббаттың болмыс-бітімі, міндеті, әр адамның және тұтас қоғамның өміріндегі рөлі жөнінде толғанған.

Вильям Шекспир«Махаббат - жаңбырдан кейінгі күн нұрындай, Махаббат қашанда жаңа ашылған гүлдей жайнап тұрады» деп жазған.

Некедегеніміз – махаббаттың іс жүзінде жүзеге асуы. Отбасының тұрақтылығы да, бақыты да некеге дейінгі жағдайларға байланысты. Жақсы отбасы құрудың елеулі шарттары некенің адамгершілік, құқықтық негіздерін түсіну, отбасын құруға деген психологиялық даярлықтың болуы, үй шаруашылығымен айналысудың белгілі дағдыларын игеру болып табылады.

Некеге тұруға ешкім ықтиярсыз көндірілмейді, бірақ некеге тұрған адам неке заңдарына бағынуға тиіс. Қазақстан Республикасының Ата Заңында: «Заңда белгіленген жасқа толған еркектер мен әйелдердің некелесіп, отбасын құруға құқығы бар. Неке ерлі-зайыптылардың ерікті түрде келісуіне және құқық теңдігіне негізделеді » деп көрсетілген. Отбасының негізін қалайтын неке - ол ерікті де тең болуы керек, күштеп немесе тәуелділіктің салдарынан некелестіруге болмайды. Отбасы әр түрлі жыныстар арасындағы жұбайылық қатынас болғандықтан, табиғи, адалдық-эстетикалық қатынасқа негізделуі керек, жұбайлардың сүйіспеншіліктен қанағат алуы материалдық есепке негізделмеуі тиіс. Отбасының қоғамдық құндылығы тек меншікке, мұрагерлік мүддеге негізделмеуі қажет, ол жеке адамдардың рухани қалыптасу, дамуына байланысты болуы қажет. Сондықтан да қоғам некелік-отбасылық қатынастың нығайуына тікелей ынталы болып, соған қамқорлық жасайды. Отбасы жұбайлардың, ата-аналардың қоғам алдындағы жауапкершілігі нәтижесінде дамып, нығая түсуі керек.

Отбасының өмір сүріп дамуының ерекше жағдайлары да бар. Олар: әлеуметтік, таптық, ұлттық сипаты, өмір сүру ортасы, материалдық жағдайы, отбасы мүшелерінің білім дәрежесі, олар сақтайтын әдет-ғұрыптар.

Отбасының маңызы оның атқаратын қызметі арқылы анықталады. Отбасының қызметі қоғамдық-тарихи жағдайларға, оның мүшелерінің жігерлілігі мен еңбек сүйгіштігіне де тәуелді.

Отбасының біріншіміндеті - ұрпақ жалғастыру қызметі.Бұл барлық тарихи кезеңдерде қоғам үшін де, жеке адам үшін де маңызды қызметі болып келеді. Бірақ жұбайлардың балалы болу тілегі, қоғамның қай кезеңінде болмасын, оны қанағаттандыратын әлеуметтік жағдайларға сәйкес өзгеріп отыраған, қазір де солай. Мысалы, дәстүрлі (патриархалдық) отбасы – шаруашылық-экономикалық қажеттіліктен туындаған. Отбасының қызметі ерлі-зайыптылардың неше баламыз болуы керек деген ерік бостандығына тікелей байланысты емес, оның санына шек қойылуына таң қалуға болмайды. 1936 жылы КСРО-да аборт жасуға тыйым салынды, яғни ерлі-зайыптылардың неше балалы болуымыз керек деген бостандығына тыйым салынды.

Отбасының екінші маңыздыққызметі - материалдық-экономикалық және тұрмыстық-шаруашылықмәселелері. Отбасының бұл қызметі қазіргі уақытта бірінші орынға көтерілді, себебі халықтың әлеуметтік жағдайы төмендеп кетті. Ана ерінің-күйеуінің, туысқандарының көмегінсіз өмір сүре алмайтын дәрежеге түсті. Сонымен отбасы мүшелерінің экономикалық тәуелділігі артты, әсіресе көп балалы отбасында.

Отбасында тұрмыстық мәселелерді шешумен қатар әдет-ғұрыптарды сақтау іске асырылады. Отбасы мүшелерінің, туған-туысқанының туған күні, оқуға бару, оқу бітіру, жұмысқа орналасу т.б. мерекелік күндер өткізіледі, оларды да ортақтасып өткізу қажет.

Отбасының ең маңыздықызметінің бірі- тәрбиелеушілік міндеті;оны қоғамдық тәрбиенің ең тиімді деген жүйесі де алмастыра алмайды. Оның негізгісі - баланы өмірге келтіру ғана емес, сонымен бірге оған әлеуметтік-мәдени ортаның құндылығын қабылдаттыру, үлкен ұрпақтың тәжірибесін жас ұрпаққа жеткізу, бойына сіңірту, яғни балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру әке-шешенің ең маңызды міндеті.

Балалардың үздіксіз дамуы, творчестволық қабілетін іске асыруы отбасынан басталады. Бұл іс отбасының естияр мүшелерінің тікелей міндетіне жатады: әке-шеше балаларына жақсы тәрбие беруге қоғам алдында жауапкер.

Отбасының құрамы деп олардың мүшелерінің өзара жиынтығын айтамыз, оған туысқандықтан басқа рухани, азаматтық қатынастар, билік, бедел қатынасы да жатады.

Отбасының туысқандық құрылымы, біріншіден жұбайлар мен балалар, екіншіден балалары мен жұбайлары және әйелдің, болмаса күйеуінің бірге тұратын туыстары, немере-шөберелерден тұрады.

Жұбайлардың өзара билік белесіне сәйкес отбасының екі түрі болады: демократиялық және дәстүрлі немесе авторитарлық.

Бала санына байланысты 4 түрлі отбасы болады: көп балалы(үш бала, оданкөп), орташа(екі балалы), бір баласы бар, баласыз отбасылар.

Отбасының өмір сүру сипатына қарай үш түрі болады: дәстүрліотбасы, бұл ерлі-зайыптылардың, жалпы отбасының құндылығына байланысты. Мұнда бүкіл отбасы мүшелері бос уақытты бірігіп өткізеді, теледидарды бірігіп қарайды, отбасы басшысы формалды болса да ер адам, әйел үй жұмысын істейді, бала тәрбиелейді;

Ер мен әйел қатынасы кәсіби жетістікке, жеке адамның дамуына бағытталады. Негізінен бір бала болады, үй жұмысын бөліп атқарады, мүмкін болғанынша ата-ана көмегі пайдаланылады. Театрға, концертке, киноға, спортқа бірге барады. Басшылық демократиялық сипатта болады; жас отбасы, мұнда бос уақытты бірігіп те, бөлек те өткізеді. Бағыты екі балалы болу. Шаруашылық-тұрмыстық қажеттіліктер тең іске асырылады.

Отбасында қайшылықтардың тууының негізгі екі себебі бар: ішкіжәне сыртқысебептер. Сыртқы себептерге тұрғын үй, табыс, әдет-ғұрып, ұлттық ерекшеліктер т.б. жатса, ішкі себептерге махаббат, эмоциялық-сезімдік, қамқорлық ауызбірлік, т.б. Себептердің екеуі де жас отбасы үшін дағдарыс жағдайын тудыруы мүмкін.

Ажырасудың негізгі себептері: жұбайлардың мінез-құлқының, көзқарастарының сәйкеспеуі; арақ ішу, әсіресе ерлер тарапынан; үй жағдайының, әсіресе жастарда, қолайсыздығы; жұбайлық опасыздығы; балалы болғысы келмеушілік; жыныстық кемшілік.

Осы аталған себептер әр аймақтарда әртүрлі көріністе болады. Ресейде - арақ ішу, мінездің сәйкессіздігі, Эстонияда - жұбайлардың опасыздығы. Арменияда, Грузияда, Өзбекстанда - ата-анаға дұрыс қарамаушылық т.б.

Некеге тұру ер мен әйелдің жауапкершілігін арттырады. Соған байланысты өмірге жаңа адам келеді. Қоғамның материалдық негізі - экономика, өндіріс, ал өндіріс адамның іс-әрекеті арқылы дамиды. Ол үшін ұрпақ жалғасы үнемі дамып отыруы керек. Демек, некелесіп отбасын құру адамзат ұрпағын дамытудың бірден-бір негізі болып табылады. Зерттеулердің көрсетуіне қарағанда, некенің бұзылу себептері некеге тұрғанға дейінгі жағдайларға да байланысты. Олар әлеуметік-экономика білім ерекшеліктері, мәдени дәрежесі, жас ерекшеліктері, күйеудің, қыздың ата-аналарының теріс әсерлері т.б. Қорыта айтқанда, осы күнгі неке-отбасы мәселесінде үш негізгі, басты проблеманы атап көрсетуге болады: отбасының беріктік, тұрақтылық проблемасы; бала табу, ұрпақ өсіру проблемасы және отбасының тұрмыс жағдайындағы қиыншылықтар проблемасы. Дегенмен, ажырасудың жоғары деңгейі некенің қоғамдық институт ретіндегі маңызын жоймайды, отбасы дағдарысының жалпы көрсеткіші бола алмайды. Керісінше, отбасы адамзат қоғамының әлеуметтік негізі болып қала беретінін үлкенді-кішілі адамдардың бәрі мойындайды.

Наши рекомендации