Тақырыптық жоспар. Тақырыптық-күнтізбелік жоспар
Тақырыптық-күнтізбелік жоспар
«Бекітемін» «Келісілді» «Қаралды»
№ ___ мектеп директоры директордың оқу бірлестік отырысында
_____ ________________ ісі жөніндегі орынбасары ______ _____________ ____________ 2015 ж. ______ ______________ Хаттама № ___ « »____2015 ж.
· Пән мұғалімі:
· Пән: Қазақ тілі
· Сынып: 6
· Сағат саны: 102, аптасына 3 сағат
· Оқулық: Қазақ тілі 6. Г.Т.Тұрсынова, А.А.Қасымбек Алматы «Арман-ПВ» 2011 жыл
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде, ҚР. Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығымен бекітілген,
ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген орта мектептің оқу бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады.
Түсінік хат
Қазақ тілі 6-сынып
Тіл – кез келген танымдық іс - әрекеттердің құралы, ойлаудың формасы және оны дамытудың негізі.
Білім берудің негізгі сатысында қазақ тілін оқытудың мақсаты – ана тілінің қоғамдық-әлеуметтік мәнін түсінген,әдеби тіл нормаларын білетін, сөйлесім әрекеті мен қарым-қатынастық біліктілігі қалыптасқан,ұлтымыздың рухани мұраларын қастерлейтін дара тұлғаның дамуына мүмкіндік жасау. Бағдарлама жүйесі «Қазақ тілін оқытудың тұжырымдамасы» мен «Қазақ тілінің мемлекттік білім стандартына» сай түзілді.
Міндеттері:
Танымдық бағыт бойынша:
Оқушының лингвистикалық дүниетанымын қалыптастыру;
Тілдің қоғамдық-әлеуметтік мәнін түсіндіру.
Оқушылардың логикалық ойлауын қалыптастыру.
Мәтін арқылы танымдық қызығушылығын арттыру.
Мәтіннің тілдік және танымдық қызметін, дүниетанымдық және тәрбиелік құндылығын түсіндіру.
Практикалық бағыт бойынша:
- оқушыларға әдеби тіл нормаларына сай дұрыс сөйлеу дағдыларын меңгерту.
- тілдік жағдаяттарға лайық дұрыс қарым-қатынас жасаудың амал-тәсілдерін үйрету.
- оқушылардың тілдік сауаттылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
- сөйлесім әрекетіне қажетті заңдылықтар мен талаптарды меңгерту.
- оқушылардың тілдік – эстетикалық талғамдарын қалыптастыру
- сөйлеу мәдениеті талаптарына сай тілдік құзыреттерін қалыптастыру.
6 – сыныпқа арналған «Қазақ тілі» оқулығын аяқтай отырып, оқушылар мыналарды меңгеріп шығуға міндетті.
Оқушылардың сөзжасамның, морфологиялық жалпы тіл жүйесіндегі орнын таныта отырып, олардың лингвистикалық дүниетанымын кеңейту;
Морфологиялық білімдерін ауызша, жазбаша сөйлеу тілдерінде орынды қолдануға төселдіру;
Түбір мен қосымшалардың бір-бірімен фонетикалық, лексикалық, морфологиялық заңдылықтарға сүйене отырып байланысып тіркесетінін түйсіну;
Сөз таптарының әрқайсысына морфологиялық тұрғыдан сипаттама бере білу
· Оқулық: Қазақ тілі 6. Г.Т.Тұрсынова, А.А.Қасымбек Алматы «Арман-ПВ» 2011 жыл
Тақырыптық-күнтізбелік жоспар Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 9.07.2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген ҚР МЖБС (2.3.4.01-2010) сәйкес, Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясы ұсынған қазақ тілі оқу бағдарламасы негізінде жасалды.
Тақырыптық жоспар