Діндер аралық сұхбаттастық ұстаным
Қазақ жерінде ғасырлар бойы сан түрлі дінді ұстанған әралуан халықтар өзара келісім мен татулықта өмір сүріп келеді. Сондықтан да қазіргі таңда Қазақстан бүкіл әлем үшін дінаралық және ұлтаралық келісім салтанат құрған тату елдің жарқын үлгісіне айналып отыр. Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Азаматтық татулық пен ұлтаралық келісім – біздің басты құндылығымыз. Көпұлтты еліміздегі татулық пен келісім, мәдениеттер мен діндердің үндесуі әлемдік эталон ретінде танылған», - деп атап көрсетті.
Біздің елде мұсылмандармен қатар православтық, католиктік, протестанттық, иудаизм, буддизм және басқа да конфессиялардың өкілдері береке-бірлікте өмір сүруде. Тек соңғы үш жылдың ішінде ғана бас қаламызда Орталық Азиядағы аса ірі ғибадат ғимараттары – Әзірет Сұлтан мешіті мен Құдай Ана Успения храмы, ал Қарағанды қаласында католиктік «Пресвятая Дева Мария Фатимская» кафедралды соборы бой көтерді.
Қазақ халқының басқа діндерге деген құрметі, толеранттылығы мен өзара түсіністігі маңызды біріктіруші факторға және мемлекеттілікті тұрақты дамытудың, елдегі қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз етудің басты шартына айналды.
Сұхбат, өзара түсіністік пен құрмет – барлық мәдени-діни қауымдар мен ұлыстардың қауіпсіздігі мен ынтымақ-келісімдерін, әл-ауқаты мен бейбіт қатар өмір сүруін қамтамасыз ететін жер шарындағы ең әлеуеті мол күш. Біз өзіміздің сыртқы саяси қызметімізде де төзімділік, келісім және ынтымақтастық қағидаттарын ұстанамыз.
Барлық азаматтардың ұлттық ұстанымына және діни сеніміне қарамастан, тең құқықты және еркін дамуы қағидаттарына негізделген саясатты іске асырудың басты құралдарының бірі – Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен құрылған қоғамдық институт – Қазақстан халқы ассамблеясы болып табылады. Ассамблея этносаралық қана емес, конфессияаралық қатынастардың да бірегей сұхбат алаңына айналып отыр.
Бүгінде Қазақстан әлем мойындаған мәдениетаралық және конфессияаралық сұхбат орталығына айналды. Біздің жас та әсем елордамыз – Астана қаласы осыған дейін төрт рет өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің қонақтарын зор ілтипатпен қабылдады.
Қазақстан Шығыс пен Батыстың, ислам мен христиан діндерінің арасындағы алтын көпір іспеттес. Діни көшбасшылардың форумдарын, Қазақстанның ЕҚЫҰ мен ИЫҰ-ға төрағалығы шеңберіндегі іс-шараларды, толеранттылық тақырыбындағы конференцияларды өткізу – Қазақстандағы этносаралық және конфессияаралық келісім үлгісінің жаһандық деңгейде сұранысқа ие екендігіне дәлел болып табылады.
13) Ар-ождан бостандығы аясында толеранттылық пен діни төзімділік дәстүрлерін дамыту шарттары туралы бірер сөз
Полиэтностық және поликонфессиялық қазақстандық қоғам жағдайында сан алуан діни конфессия өкілдерінің бірі-бірімен үнқатысуы, сондай-ақ, олардың мемлекетпен арақатынасы дұрыс жолға қойылуы аса маңызды әлеуметтік мәселе. Осы орайда, өмір шындығында болмай қалмайтын қайшылықтар мен шиеленістер құқықтық негізде және зайырлылық пен ар-ождан бостандығы қағидаларын сақтау арқылы шешілуге тиіс. Бұл қағидаттар қазіргі әлемде құқықтық мемлекет пен демократияның ажырамас бөлігіне айналып отыр.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» «Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа Жолдауында «Дін мәселелерінде ойластырылған қадам және өте мұқияттылық қажет. Мемлекет діни бірлестіктердің ішкі ісіне араласпауға тиіс. Біз ұят, толеранттылық және төзімділік еркіндігі принциптерін қастер тұтуымыз керек», – деп атап көрсетілді.
Қазіргі уақытта адамның наным-сенім бостандығы құқын сақтау мәселелеріне Қазақстанда аса үлкен назар аударылып келеді деп сендіре аламыз. Діни саламыз бірқатар заңнамалық және құқықтық-нормативтік актілер, сондай-ақ,Конституция, Азаматтық кодекс, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заң арқылы реттелуде.
Зайырлылық принципін заңнамалық деңгейде бекіту құқықтық мемлекет құрылымындағы маңызды қадам және өнегелік өлшемдер жүйесін таңдаудың маңызды нышаны болып табылады. Конституцияның 1-бабында былай делінген: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары».
Айта кетері, Қазақстанда мемлекет пен дін бөлінген деп мәлімдеуіміз мемлекеттің діни бірлестіктердің қызметіне араласпауын ғана емес, сонымен бірге, бұл өте маңызды, түрлі сенім ілімдерінің өзіндік канондарын конституциялық міндеттер мен жалпы ережелерді бұзуға пайдалануына жол бермеуді де білдіреді. Бұл тезистің дәлелі ретінде Негізгі Заңның: «Ар-ождан бостандығы құқығын жүзеге асыру жалпы адамдық және азаматтық құқықтар мен мемлекет алдындағы міндеттерге байланысты болмауға немесе оларды шектемеуге тиіс» деген 22-бабын келтіруге болады.
Біздің мемлекетіміз көздеген мақсаттарының бірі – кең құқық шеңбері мен бостандықтың үйлесімдігі. Соған сәйкес денсаулық сақтау, медициналық көмекке жүгіну, білім алу сияқты жалпыадамзаттық құқықтар мен бостандықтар наным-сенім мен ар-ождан бостандығымен шиеленіске келуге тиісті емес. Зайырлы сипаттағы мемлекеттік құрылымның бастауыш, орта және жоғары оқу орындарында діни ілімдерді насихаттауға мүмкіндік бермеуі, оны кері серпуі, міне, осы жәйтпен өз түсінігін табады.
Бұл, сондай-ақ, идея бостандығына және қоғам өміріне жаңа да пайдалы нәрсені енгізуге, техникалық және ғылыми прогреске мүмкіндік туғызуға дайын болу деген сөз. Сонымен бірге, осы орайда еліміздің ілгерілеуі мен тұрақтылығының негізі болып отырған рухани мәдениет пен ұлттық дәстүрді дамытудағы зайырлы қоғам әлеуетін атап айтпау мүмкін емес.
Мемлекет пен діни бірлестіктер қарым-қатынасындағы ұстанымдар қоғамдағы ар-ождан бостандығы деңгейінің бірден-бір көрсеткіші болып табылады. Осы орайда, қазіргі таңда біздің мемлекет еліміздегі діни бірлестіктердің өз қызметтерін жүргізудегі теңдігін, құқығы мен бостандығын қамтамасыз етеді, дәстүрлі конфессиялар ғана емес, тіркеуден өткен барлық діни бірлестіктермен бірлесе жұмыс істейді. Бұл әріптестік, ең алдымен, адамдардың мәдени және өнегелік дамуын, қоғамда толеранттылық пен өзара сыйластық ұстанымдары нығаюын, әлеуметтік қызметтің сан алуан саласында осы мақсатта тізе қосуды көздейді.
Бүкіл әлемде толеранттылық теңдікті құрметтеу, адамзат мәдениетінің, наным-сенімінің көптүрлілігін мойындау және басымдықтар мен зорлық-зомбылықтан бас тарту ретінде қарастырылады. Сол себепті діни толеранттылық – қазақстандық мемлекетті бекітудің маңызды шартының бірі, діни, этностық қақтығыстардың алдын алудың кепілі. Қысқасы, толеранттылық пен діни төзімділік азаматтық бейбітшіліктің негізі, біздің мемлекетіміздегі әлеуметтік прогрестің маңызды факторы саналады.
14) Ғылыми-зерттеулерге сүйенсек, дін – қоғамды біріктіруші де ыдыра-тушы да фактор болып қала береді. Қазіргі кезеңде діни төзімсіздік қоғамды тұрақсыздыққа, қақтығыстар мен жаппай кедейшілікке тірейтінін көз көріп отыр. Тарихқа сүйенсек, діни наным-сенімді сыйламаудың түбі қанды шайқастарға ұласып, бүтін бір мемлекеттің жойылып кетуіне де әкелген. Ғылымда діни төзімділіктің бірнеше белгісі көрсетілген. Олар мыналар: бірінші – өзге діндегі азаматтардың сеніміне төзімділік (мұсылман-христиан, мұсылман-буддист т.б.); екіншісі – өзге конфессиялардың өкілдеріне деген төзімділік (сунниттер-шииттер, католиктер-протестанттар); үшіншісі – дәстүрлі емес діндер мен олардың өкілдеріне төзімділік; төртіншісі – Құдайға мойынсұнғандар мен атеистер арасындағы төзімділік. Діни төзімділіктің классификациясына қарайтын болсақ, бұл төртеуі Қазақстанда сақталған. Бір сөзбен айтқанда, татулықты ту еткен Тәуелсіз Қазақстанда діни төзімділіктің барлық түрі сақталған. Оған дәлелдер де жоқ емес.ҚР Конституциясы 1-бабының 1-тармақшасында: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары», – деп жазылған. Яғни демократия құндылықтарымен жүретін біздің ел – сонымен қатар зайырлы мемлекет. Православие, буддизм және ислам әлемінің ортасында орналасқан Қазақстан «Өркениеттер қақтығысы» атты әйгілі мақала жарияланған жылдары азаттық алды. Барынша жариялылықты, географиялық факторларды ескеру аса маңызды болды. Дін сияқты өте нәзік мәселеге екі шоқып бір қараған еліміз бүгінде діни төзімділіктің үлгісін көрсетіп келеді. Халықаралық ұйымдар мен әлемдік сарапшылардың пікірінше, Қазақстан әлемдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға қомақты үлес қосуда. Оның бір айқын дәлелі – дүние жүзінде тұңғыш рет қазақ жерінде ұйымдастырылған әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының 2003 жылы алғаш рет Астанада өткізілген форум әрбір үш жыл сайын ұйымдастырылатын болып, 2006 және 2009 жылдары елордада өз жалғасын тапты. Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің съезін өткізу туралы идеясын ислам, православие, католицизм, протестантизм, буддизм, индуизм, конфуциандық, иудаизм және басқа да көптеген діндердің өкілдері қолдап отыр. Осы бір бастама арқылы қанды қақтығысқа дейін барған діндер арасындағы келіспеушіліктер бір үстелдің басында мәселе етіп көтеріліп, күн тәртібіне шығарылды
Бүгінгі күні Қазақстандағы төзімділік, бейбітшілік пен амандықтың көзі болып табылатын, қазіргі заманның нақтылығына айналған басты құндылықтардың бірі, бүкіл қазақстандықтардың ауызбірлігінің негізі және ел басшылығының ішкі саяси бағыттағы саясатының негізгі құрамдас бөлігі. Сонымен қатар, еліміздегі төзімділік – Қазақстан Республикасының халықаралық кеңістіктегі оң имиджінің негізгі құрамдас бөлігі. Халықаралық қауымдастықта біздің елімізді мемлекеттегі ішкі саяси ахуалы аса қолайлы мемлекет деп біледі. Сонымен қатар, елімізде этносаралық және конфессияаралық жанжалдардың жоқ болуы, ішкі саяси тұрақтылықтың нық орнағандығы елімізді 2010 жылы Еуропадағы Қауіпсіздік пен Ынтымақтастық Ұйымына төрағалық етуші мемлекетті әрі аталған беделді ұйым Саммитінің өткізілу орнын таңдау барысындағы айқын алғышарттарына айналды.
15) Қазақстандағы діни жағдай, басқа елдердегі сияқты көбіне елдің ішіндегі және одан тыс саяси, экономикалық және құқықтық жағдайға тікелей байланысты. Сонымен қатар, ол мемлекеттің ішіндегі этносаралық және конфессияаралық қарым-қатынасқа да тәуелді. Бұл тұрғыдан біздің республикамыз тәуелсіздік алған уақыттан бері қоғамдық-саяси және экономикалық тұрақтылығымен, әр түрлі ұлт пен ұлыс, конфессиялар арасындағы сенім және өзара түсіністікпен ерекшеленетіндігі белгілі. Бұл үшін мемлекет тарапынан конфессияаралық сенім мен қоғамда қалыптасқан толеранттылық ахуалына, сындарлы сұхбатқа қолдау көрсету және діни экстремизмнің алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Қазақстанның көпшілік мойындаған жетістігі болып, халықтың барлық топтары өкілдеріне экономикалық, әлеуметтік, мәдени, рухани даму мүмкіндігі бірдей қамтамасыз етілген демократиялық және зайырлы мемлекет түзе алуы болып саналады. Этносаралық және конфессияаралық келісім қағидаттары орталық мемлекеттік органдармен қатар, аймақтарда да жүзеге асырылып отырады. Діни келісім саласындағы Қазақстан тәжірибесі бірегей екендігін атап өткен абзал. Республикада діни бірлестіктердің біршама түрлері жұмыс істеуде: мәселен, дәстүрлі діндерден (ислам және христиан) бастап, бұған дейін елімізде болмаған жаңа, дәстүрлі емес діни қауымдастықтарды кездестіруге болады. Діни ұйымдар емін-еркін қайрымдылық, ағартушылық және гуманитарлық істермен айналыса алады.
Қазіргі уақытта діни бірлестіктерді тіркеу және қайта тіркеу жұмыстары жүзеге асырылып, миссионерлерді есептік тіркеу жалғастырылуда, діни әдебиеттерге дінтану сараптамасы жүргізілуде. Өзіңіз көріп отырғандай, біздің азаматтарымыздың құқықтарымен еркіндіктерін қорғауға бағытталған пәрменді істер атқарылуда және бұл іс-шаралар Қазақстан Республикасының дін саласындағы қазіргі заңының жүзеге асырылуына игі әсер етуде.
Ислам мен православие Қазақстан қоғамы өміріндегі мәдениетті қалыптастырушы негізгі құрауыштардың бірі. Дегенмен, бұл мәртебеге ерекше мән беру, оларға қандай да бір құқықтық артықшылық пен басымдылық бермейтіндігін түсіну қажет. Бұл мәртебелік анықтама елдің этностық құрылымына байланысты берілген. Себебі, бұл екі дінді ұстанушылар жалпы халықтың шамамен 90% құрайтын тұрғылықты халық – қазақтар мен орыстар болып саналады. Мұсылмандық Шығыс мәдениетіне тарихи тартылу Қазақстанның ғылымы мен мәдениетінің дамуына пәрменді ықпал еткендігін жоққа шығу мүмкін емес. Ежелгі сенімдерді ығыстыра отырып, ханафи мазхабындағы ислам қазақ халқының өнегелік дамуы, зиятты және мәдени өркендеуіне мүмкіндік берді. Нақ осы ислам мемлекеттілікті, этностық және мәдени бірегейлікті сақтаудың басты ұйытқысы болды. Қожа Ахмед Яссауи мен Асан Қайғыдан бастап, Абай, Шәкәрім мен Мәшһүр Жүсіпке дейінгі – түркі және қазақ зиялы қауымының бірқатар дәуірлерде өмір сүрген көрнекті өкілдері ислам руханиятын бойына сіңіргендері кездейсоқтық емес. Бұл тұрғыда Орыс Православты шіркеуі де елеулі рөлге ие. Ағартушылық істерімен айналысып, рухани даму жолына бағыттап, сындарлы сұхбат жүргізуге ұмтыла отырып, православ сенімі 140 жыл бойы Қазақстан қоғамындағы толерантты қарым-қатынастың дамуына қолдау көрсетіп, еліміздің діни конфессиялары арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықты нығайтуға өзінің салмақты үлесін қосып келеді.
Қазақстанның бүкіл саясаты, дін саласындағы және басқа да бағыттарда болсын теңдік және еркіндік, демократия қағидаларынан тұрады. Конституцияда кімнің болса да ар-ождан бостандығына құқығы бекітілген, ал, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңда әркімнің ар-ождан бостандығына деген қақысы бекіген, ал ар-ождан еркіндігі әркімге өз еркімен, өзінің дінге деген қатысын анықтауына құқық береді, яғни дінге сене ме, сенбей ме, өз нанымын насихаттап, соған сай әрекет ете ме, етпей ме, өз ырқында, қалауы біледі.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «...Біз барша діндердің теңдігі мен Қазақстандағы дінаралық келісімді қамтамасыз етеміз және бұған кепілдік бере аламыз. Біз исламның, өзге де әлемдік және дәстүрлі діндердің ең үздік дәстүрлерін дамытудамыз және оларды сыйлаймыз. Бірақ та заманауи зайырлы мемлекет құрып жатырмыз» – деп атап өткен болатын. Біздің Мемлекетіміздің дін саласындағы мұраттарының бірі зайырлылық сипатты сақтау Агенттіктің жетекшілік етіп отырған жұмыстарындағы негізгі қағидаларының бірі болып табылады. Бірақ бұл жерде зайырлылық дегеніміздің атеизм емес екендігін, оның мемлекет пен діннің өзара әріптестігіне тұсау салмайтындығын түсіну керекпіз. Қазақстанда мемлекет діннен бөлек және де ол діни бірлестіктердің қызметі біздің республикамыздың заңына қайшы келмесе, мемлекет оның жұмысына араласпайды да. Сондай-ақ тағы да айтып өтер болсақ, біз Қазақстанда тіркелген діни ұйымдардың барлығымен өзара байланысып отырамыз. Ол үшін облыс және аудан әкімшіліктері жанында діни бірлестіктермен өзара әрекеттесу бойынша арнайы кеңестер жұмыс жасайды. Біз осы кеңестің мемлекеттік органдар мен діни бірлестіктердің арасындағы нәтижелі ынтымақтастықтар мен сындарлы сұхбатын қолға алумен қатар, ары қарайғы жұмыс барысында басқалардың да пікірін ескеруін қолдаймыз. Жалпы алғанда, Қазақстанда ар-ождан және сенім бостандығы саласында мемлекеттік саясатты орындау жүйесі үнемі жүзеге асыры лып отырады. Осының өзі жоғарыда аталып отырған қағидаларға толығымен сәйкестендіріле отырып, дін саласындағы азаматтардың еркіндігі мен құқығына кепілдік етумен қатар, Агенттіктің алдына қойған міндеттерге нәтижелі жетістіктермен жетуін қамтамасыз етеді.
Манихей діні
Түркі қағанаты заманында Орталық Азия мен Қазақстан жерінде манихей діні де таралды. Манихей діні — зороастризм, шаманизм, буддизм, христиандық діндердің қосындысынан шыққан қойыртпақ дін. Оны месопотамиялық жазушы, суретші Мани деген ойлап тапқан. Оның қасиетті қағидалары "Бал ашу кітабында" жазылған. Қазақ жерінде манихейліктің орталығы Таразқаласында болды. Манихейліктің негізгі қағидасы — дуализм, ол бойынша дүниеде екі түрлі күш бар, оның бірі — адалдық күші де, екіншісі — арамдық (жауыздық) күші. Өмір осы екі қарама-қарсы күштердің күресінен тұрады. Манихей діні жаман пиғылды күштерді құртуға бағытталған. Манихейлік дін адамды аскетизмге тәрбиелеп, бұл дүниедегі қызықтардың бәрінен бас тартуға шақырды. Олардың ілімі бойынша, үйленуге, бала сүюге, ыстық қанды хайуанаттардың етін жеуге болмайды. Тек суық қанды жәндіктер — бақа мен жыланның етін жеуге болады, негізінен, шөп тағамдарын ғана жеуге шақырды. Дегенмен де манихейлік дін біздің жерімізде кең тамыр жая алған жоқ.
17) Ислам біздің мәдениетіміздің негізі, мемлекетіміздің рухани іргетасы. Батыстық мәндегі зайырлылық дінді мемлекеттен бөлектеуді талап етеді. Бірақ оның тек билік-басқару жүйесіне ғана қатысты екендігі әдетте айтылмай қалады. Билік жүйесі тұрғысынан мемлекеттің дінді басқару тізгінін уысында ұстамайтыны рас. Бірақ мемлекеттің теориясы және құқы, жалпы мемлекеттілік тұрғыдан келгенде дін қоғамнан да, мемлекеттен де бөлек бола алмайды. Ол ол ма, тұрғындар бір мезетте құқық нысаны, сенушілер және елдің азаматтары есепті. Кеңінен алғанда, дін, мәдениет, өркениет мемлекет негізіне қаланады.
Егер жоғарыда аталған елдер сияқты біз де зайырлылық ұғымына өзіндік көзқараспен келер болсақ, онда қоғамның екі тірегі: бірі – заң құқының үстемдігі, бірі – заңның ішкі мәні (адамгершілік және руханилық) бір сағаға тоғысар еді. Түптеп келгенде, билік, құқық, мораль, руханият ұғымдары бөлек-бөлек емес, олар жеке адамның өмірінде және тұтастай қоғам тіршілігінде бірін бірі толықтырады. Басқаша айтқанда, мемлекеттің адамгершілік уә рухани критерийлері есебіндегі билік және заңдар қоғам дамуының ең маңызды алғышарттары.
Сонымен, ерте ме, кеш пе діни құндылықтардың бір қалыпты дамуына мемлекеттік деңгейде жағдай жасалуға тиісті. Бұл елімізде зайырлылықты және демократияны дамыту принциптеріне қиғаш келе алмайды. Өйткені, зайырлылықтың, яғни мемлекеттің діни қауымдастық ісіне араласпау принципі мызғымай сақталады. Айтпақшы, дінге мәжбүрлемеу, таңдау еркі және өзге діндерді мойындау, оларға төзімділік, түсіністікпен қараушылық Құранның іргелі доктриналарын да көктей өтеді. Мақсат – жеке адамды адасу хәлінен, қоғамды рухани қараңғылық торынан құтқаруға саяды.
Қоғамды біріктіруші және тұтастырушы идеологиялық күш ретінде Исламды пайдалану ісінде өзіміздің дара қазақы моделді жасаудан үркетін және қауіпті дейтін дәнеңе де жоқ. Елбасы Н.Назарбаев өзінің «Сындарлы он жыл» атты еңбегінде осы заманғы тарихтан мысалдар алып, дін мен зайырлы билік қатар өмір сүріп қана отырған жоқ, ислам канондары мен зайырлы мемлекеттілік елді меңгеруде керемет үйлесім тауып отыр деп көрсетеді. Айталық, Малайзия, Иордания, Марокко және Мавритания елдерінде азаматтардың күнделікті тіршілігі қазіргі үлгідегі конститутция мен шариғат заң-шарғылары бойынша бір мезетте реттеліп отыр.
Исламның рухани потенциалын пайдалану бізге не берер еді?
Қазақстандағы тарихы, тілі, мәдениеті жағынан бірі бірінен алшақ шешен, ингуш, дұңған, ұйғыр сияқты халықтардың басын біріктіруге септеседі. Ислам Орталық Азия елдері – Қырғызстан, Өзбекстан, Түркменстан, Тәжікстанды ортақ мұсылмандық құндылықтар негізінде біріктіруші фактор екені растық. Осы негізде көптеген күрделі түйіндерді тарқатуға мүмкіндік туады.
Сондай-ақ, қазақстандық қауымдастықтың демографиялық, тарихи-мәдени ерекшеліктерін ескергенде, исламның рухани потенциалын адамгершілік тәрбие тұрғысынан пайдалану православиелік шіркеу өкілдерімен арадағы өзара сенім мен төзімділікті тереңдете түсері сөзсіз. Өз кезегінде екі діннің мүмкіндіктерін біріктіру дәстүрлі емес діни ағымдар мен миссионерлікке қарсы тұруды оңайлатады.
Әрине, исламның рухани потенциалын, атап айтқанда, теологиялық күш-қуатын пайдалану күрделі де жауапты процесс. Бұл мәселеде өзге елдер мен континенттердің тәжірибесінен сабақ алмай болмайды.
Арабтар, мысалы, исламды насихаттағанда өздерін өзге халықтардан біршама жоғары қояды. Олардың шетін пікір ұстанатындары тіпті нағыз мұсылман болу үшін, өзгелер, мәселен, қазақтар өз тілін, мәдениетін, тарихын тәркі етіп, ұмытып, арабтікіне көшкені дұрыс деп есептейді.
Пәкістан, Ирак, Иран, Ауғанстан тәжірибесіне зер сала қарасақ, бұл елдерде кекшілдік, дау-дамайды келісім жолымен емес, мылтықтың күшімен шешу дағдыға айналғанын көреміз.
Мемлекеттік-конфессионалдық проблеманы шешудегі түрік тәжірибесі қандай? 1923 жылдың 29 қазанында Түрік Республикасы құрылған соң Мұстапа Кемал Ататүрік радикалды реформаларды жүзеге асырды. Демократиялық мемлекет бүгінгі таңда да ойдағыдай даму үстінде. Жаңа Конститутция қабылдануына байланысты шариат негізінде жұмыс істеген діни сот орындары таратылды; дервиштік ордендер жабылды; көпәйел алу сияқты мұсылман правосының нормалары жойылды; ел ордасы Анкараға көшірілді; дін мемлекеттен бөлінді.
Бұл мәселелер бойынша біздің елдеріміздің тағдыры және тарихында ұқсастық бар.
Діни оқу орындары жабылған тұста көптеген түріктер жас ұрпақты діни білім алуға көршілес елдерге өз беттерінше аттандыра бастаған. Олар туған елге имамдар және дін қызметкерлері болып оралғанда саналы я санасыз түрде басқа елдердің этно-мәдени және саяси- идеологиялық көзқарастарын ала келді, ол ол ма, олар оны насихаттап, тарата бастады.
Бұл қауіптің алдын алу үшін 1982 жылы Конституцияға діни білім алуға қатысты өзгерістер енгізілді. Енді діни білім беру ісі мемлекет қамқорлығына алынды. Қазіргі таңда бұл елде 120 мың жастар оқитын илахияттың (дінтану ілімі) 22 факультеті және шаркияттың (шығыстану ілімі) 600 лицейі бар. Дін өкілдерінің статусы мемлекет қызметкерлері дәрежесіне теңдес болып, мемлекеттен лайықты жалақы алады. Бүгінгі таңда Түркияда 80 мың мешіт жұмыс істейді және мемлекет олардың бәрін де қолайлы тұрмыс жағдайын жасап отыр.
Байқап отырсақ, мемлекет және дін қарым-қатынасының түріктік моделі бізге тарихи, этникалық және рухы жағынан жақын. Бірақ оны сол қалпында көшіру керек деген ой туғызудан аулақпыз. Бізде әлемдік тәжірибенің барлық тәуір жақтарын бойына сіңірген қазақстандық модель болуға тиісті. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі стратегиялық дамуына қатысты Елбасы Н.Ә.Назарбаев былай деп атап айтты: «Біз – өзіндік тарихы және өзіне ғана тән келешегі бар евразиялық елміз. Сондықтан біздің модель басқа ешкімдікіне ұқсас болмайды. Ол өзіне түрлі өркениеттердің жетістіктерін сіңдіреді». Мемлекеттік-діни қатынастың өзіндік моделін анықтау үшін біз ислам жалғыз, ал мұсылмандық пен діндарлықтың формасы көп деген принципті ұстануға тиіспіз. Иманның жеті шарты мен исламның бес парызын мойындай отырып, адамдар оларды әртүрлі ұғады, қабылдайды, жүзеге асырады. Сол сияқты, белгілі бір халық, ұлт, этнос исламның постулаттарын қаншалықты терең түсіне алады, қабылдайды, іске асырады – міне, мұсылмандық деңгейі осыған тәуелді.
Егер исламның ішіндегі ағым, топ ислам канондарына қарсы келмесе және оның бес парызын мойындаса, онда оларды қудалаудың, қыспаққа алудың еш қажеті жоқ. Бұлар Исламды іштен бөліп, әлсіздендіретін әрекеттер. Кейбір елдерде «ағартылған» («просвещенный») деп аталатын, мемлекеттің қоғамдық және саяси жағдайын тұрақтандыру барысында зайырлы билік және сенушілер арасында рухани көпір міндетін атқаратын ислам даму үстінде. Біздің Қазақстандағы ислам реформациясы дәл осындай формада өтуі әбден мүмкін деген ойдамыз.
Қалай болғанда да, қазіргі таңда рухани келісімге қол жеткізудің құралы ретінде мемлекет және дін арасындағы диалогтың маңызы жылма жыл арта түсіп отыр. Бір анығы, жеке адам мен қоғамның, дін мен мемлекеттің мүдделері қаншалықты үндес, үйлес келсе, елдің тұтастығы да соншалықты берік болмақ. Сондықтан мұндай ортақ мүддені іздеу, орнықтыру - уақыт талабы. Отанымыз Қазақстан үшін береке-бірлікті тұрақты түрде қалыптастырудың өзгедей жолы жоқ деп білеміз.
18) Орта Азия адамзат мәдениетінің ең ежелгі орталықтарының бірі болып табылады. Орта Азия халықтары бірнеше мыңжылдықтар ішінде ғылым, сәулет өнері, әдебиет пен өнердің, ғылым мен мәдениеттің дүниежүзілік қатынасына мәңгі енген аса құнды шығармаларын жасады. Дүниежүзілік ғылыми ойдың дамуын орта азиялық ойшылдар Хорезми, Ферғана, Фараби, ИбнСина, Беруин, Ұлықбек, Науаидың және басқаларының аса көрнекті еңбегісіз көз алдымызға елестете алмаймыз. Соңғы жылдары Өзбекстан ғалымдары рухани өмірдің әр түрлі салаларындағы аса бай мұраны зерделеу бойынша үлкен жұмыс атқарды, 70тен астам дастан халық шығармашылығының этикалық шығармалары, аса мол мақалдар, мәтелдер, аңыздар, әндер және т.б. жиналып, жарияланды, ортағасырлық Орта Азияның аса көрнекті ғалымдарының шығармалары өзбек және орыс тілдерінде басылып шықты. Өзбекстан халықтарының көркемдік мұрасын тарихын, әдебиеті мен өнерін зерделеу бойынша елеулі жұмыс тындырылды. Шығармаларында алдыңғы қатарлы идеялар мен жоғары мұраттар, халықтың гуманистік және отаншылдық ұмтылыстары өз бейнесін тапқан, XII ғасыр XX ғасырдың бас кезіне дейінгі аралықта өмір сүрген, өткен заманның түгелге дерлік ірі ақындары Юсуф Хос Ходжибтің, Лутфидің, Науаидің, Бабырдың, Тұрдының, Машрабтың, Увайсидің, Надираның, Гулханидің, Махмурдың, Фуркаттың, Мүқимидің, Отахидің, Аваз Отардың, Заукидің, Хамзаның және басқаларының поэзиялық шығармалары өздерінің миллиондаған шынайы құрметтеушілерін тапты. Ташкент, Бұхара, Қоқан, Үргеніш, Самарқандтың кітапханаларында көптеген қолжазбалар сақтаулы. Әр түрлі шығыс тілдерінде жазылған қолжазбалар республика халқында да сақталды. Мемлекет олардың сақталуы мен қалпына келтірілуіне үлкен қамқорлық көрсетіп отыр, бұл қолжазбалар Өзбекстан үкіметінің шешімімен біртіндеп республика Ғылым Академиясына жинақталып жатыр. Өзбекстан Ғылым Академиясының Х.Сүлейменов атындағы қолжазбалар институтында өзбек ақындары мен әдебиетшілері шығармаларының қолжазбалары жиналған. Бұған қатысты орасан зор байлық шығыс тілдеріндегі қолжазбалардың аса құнды және аса бай жиынтығының ең ірі қоймасы Өзбекстан Ғылым Академиясының Әбу Райхан Беруни атындағы Шығыстану институтының қорында жинақталған. Институт қорында сақтаулы тұрған шығыс қолжазбаларының жалпы саны 40 000нан аса шығарма енетін 18 000нан көп томды құрайды, бұған қоса қорда Орта Азия аумағындағы феодалдық мемлекеттердің кезіндегі айбындылығы мен құлауын дәлелдейтін толып жатқан акт грамоталар, кеңселік және шаруашылық құжаттар бар. Әр түрлі дәуірлер мен замандардың көркем жазу мәдениетін бейнелейтін қолжазбалық ортағасырлық трактаттарынан бөлек XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың бас кезіне жататын толып жатқан 50 000 нан асатын литография басылымдар сақталуда. Бұл қолжазбалар мыңжылдық дерлік кезеңді X ғасырдың ортасынан бастап XX ғасырдың бас кезіне дейінгі кезеңді қамтиды, олардың географиясы да аса кең. Қорда Таяу және Орта Шығыс, Солтүстік Үндістан, Иран, Магриб елдерінің қалаларында жазылған және көшіріп жазылған қолжазбалар бар, олар өз кезінде Орта Азияға әкелінген. Олар негізінен ортағасырлық мұсылман Шығысында кең тараған: араб, парсы, түрік тілдерінде жазылған. Урду тіліндегі қолжазбалар да кездеседі. Бұл қолжазбалар тақырыптары жағынан ортағасырлық жазбаша мәдениеттің бүкіл дерлік салаларын жаратылыстану және дәл ғылымдарды, гуманитарлық білімді: тарихты, поэзияны, филологияны және т.б. қамтиды. Қолжазбалардың көпшілік бөлігі көркем әдебиетке, сәулет өнеріне арналған, философиялық ғылымдар баяндалғаны мол. Көптеген қолжазбалар әртүрлі колөнерге, ауыл шаруашылығына, саудаға, құрылысқа және т.б. арналған, көптеген сөздіктер, энциклопедиялар, терминологиялық анықтамалықтар т.б. кездеседі. Бұл қолжазбалардың ішінде бірегей, бірденбір танадағы қолжазбалар да аз емес. Өзбекстан ҒА ның Беруин атындағы Шығыстану институтының қоймасында әрі ғасырлық аса көрнекті ғалым Әбу Бакр арРазидің (IX ғ.) химия жөніндегі «Китаб сирр әл асрар» («Құпиялар құпиясының кітабы») атты шығармасының жалғыз данасы сақтаулы. Қолжазба 1501 жылы көшіріп жазылған, оны мамандар тапқанға дейін ар Разидің бұл шығармасы ғылыми қауымға белгісіз болып келді. Институт қорында ортағасырлық медицинаның аса көрнекті ескерткіш Әбу Әли ибн Синаның (ХХІ ғ.ғ.) «Дәрігерлік ғылым каньонының» бірнеше тізімі бар. Оның ең ескі тізімі XIII ғасырға жатады. Шығыстың ұлы ғалымы Әбу Райхан Берунидің институтта сақтаулы еңбектерінің ішіндегі аса құндысы «Китаб аттафхим ли аваили синаат аттанджим» («Жұлдыз есептеу өнерінің бастамаларына түсіну кітабы») энциклопедиялық шығармасының қолжазбасы. Ол XIII ғасырда көшіріліп жазылған және дүние жүзіндегі ең көнелердің бірі болып есептеледі. Көптеген ұрпақтардың күшжігер жұмсауының арқасында ортағасырлық Шығыстың аса ірі медиктері, астрономдары мен математиктері, әр түрлі дәуірлердің өкілдері: Ұлықбек, Әли Қушчи, Журджани, Ширази, Ибн Ирак және басқалары шығармаларының қолжазбалары бізге дейін келіп жетті. Сондайақ ортағасырлық Шығыстың философиялық даналығы да қолжазбалық шығармалардың бай жиынтығымен берілген. Оның құрамында ежелгі грек авторлары шығармаларының арабша аудармалары, сондайақ шығыс ойшылдарының логика, метафизика, этика, шешендік жөніндегі бірегей трактаттары да бар. Әсіресе, Орта Азия халықтарының философиялық және қоғамдық саяси ойына кең орын берілген. Дүние жүзіндегі бірденбір XVII ғасырдағы «Мажмуал ар Расоил әлХукамо» («Ғалымдар трактаттарының жинағы») қолжазбалар жинағы бірегей және өте құнды болып табылады. Онда ежелгі заман мен орта ғасырлардағы көптеген ірі ойшылдар мен ғалымдар: Аристотельдің, Платонның, Галеннің, Афродизиялық Александрдың, Әл Киндидің, Фарабидің,Тусидің, Ибн Синаның, Бахманярдың, Ибн Рушдтың, Ибн Бадждың және басқалардың 107 трактаты бар. Қолжазба Дамаскіде құрастырылған, оны философиялық трактаттарды жинау бойынша үлкен жұмыс атқарған философияның әуесқойы құрастырған тәрізді. Әдебиет, бірінші кезекте поэзия орта ғасырларда руханилықты неғұрлым кең тараған және танымал формасы болды, ол автордың бай эмоцияларын, рухани күйзелістерін, оның қоршаған дүниеге деген көзқарасын білдірудің ғана емес, сондайақ аса көрнекті сөз шеберлерінің қолдарындағы халық даналығын, тарих тәжірибесін, өмірдің терең философиясын берудің маңызды құралы қызметін атқарды. Қордағы ортағасырлық Шығыс поэзиясы Орта Азияның, Үндістанның, Иранның, Ауғанстанның, Әзірбайжанның, араб елдерінің: Рудаки, Фирдоуси, Әлішер Науаи, Жами, Бабыр, Низами, Ганджауи, Мутанабби, Хафиз, Саади, Омар Хайям, Мирза Бедиль және басқалары тәрізді аса көрнекті сөз шеберлерінің шығармаларымен берілген. Қорда Орта Азияның XI ғасырдағы аса ірі ғалымы және әдебиетшісі Жүсіп Хос Ходжиб Баласағұнидің «Құтадғу білік» («Бақыт әкелуші білім») шығармасының ең көне қолжазбалық данасы сақтаулы. Бұл қолжазба дүние жүзіндегі ең көнелердің бірінен саналады. Қорда XIV ғасырдағы ұлы үнді ақыны және ойшылы Амир Хосров Дехлевидің «Хамса» («Бестік») шығармасының бірегей данасы бар; бұл дана «Хамсаға» енетін бес поэманың үшеуін әйгілі лирик ақын Хафиз Ширазидің көшіріп жазғандығымен ерекше құнды. Аса көрнекті өзбек ақыны және мемлекет кайраткері Әлішер Науаиге арнап құрастырылған, XV ғасырдағы ғалымдардың, ақындар мен әдебиетшілердің өз қолдарымен жазған хаттарының альбомы аса бірегей дерек болып табылады, онда Әлішер Науаидің замандасы, ұлы гуманист ақын Абдуррахман Жами жазған хаттар да бар. ХV ғасырдағы Хорасан мен Орта Азияның әлеуметтікэкономикалық және мәдени өмірінің әр түрлі тақырыптарына жазылған бұл жолдау хаттар Темір әулеті мемлекеттерінің тарихын зерделеу үшін бағалы материал қызметін атқарады. Институт қорында ортағасырлық тарихшылардың еңбектері де баршылық, олардың ішінен Ибн Джарир ат Табаридің (X ғасыр) «Тарих ат Табари» шығармасы, XI ғасырдағы ортағасырлық белгілі тарихшы Ибн Мискавейхтің (XII ғасырдағы қолжазба) «Таджариб әл умам», Ибн әл Асиридің (XIII г.) жалпы тарих бойынша жиырма томдық «Тарихи комил» еңбегі, Махаммед әл Жувейнидің (XII ғ.) ежелгі және ортағасырлық Хорезм тарихы туралы «Тарихи Жаханкуш» шығармасы өте құнды. Қордың мақтанышы тізімі ең көнелердің бірі (XIV ғ.) болып табылатын, Рашидаддин ибн Имададолдың Шығыста кең танымал болған «Жами ат тауарихы». Қорда сондайақ бұл еңбектердің өткен ғасырларда Орта Азия қалаларында жасалған өзбекше аудармалары да сақтаулы. Мұнда ортағасырлық авторлардың Ташкент тарихы бойынша қолжазбалары, Бабыр империясы мен оның ұрпақтары кезеңінің тарихы туралы көптеген аса бағалы қолжазбалар бар: бұл Ахмад ибн Мухаммед ибн Херауидің (XVI ғ.) «Табикат Акбар шахы», үнді ғалымы Сунджани Рай Муншидің «Хулосат аттауарих» еңбегі, Мирза Салим Гуруддин Мухаммед Жахангирдің «Жахангирнамесі», Мұхаммед Қасым Хиндушахидің (XVIXVIII ғ.ғ.) «Тарихи Фариштесі» және басқалары. Біздің күндерге дейін сақталған Иран, Ауғанстан, Түркия, араб елдерінің тарихы туралы әңгімелейтін бірегей қолжазбалар Орта Азия халықтарының Шығыстағы басқа елдермен кең ғылыми байланыстарының, басқа елдердің мәдениетін зерделеуге деген тұрақты қызығушылықтың айқын дәлелі болып табылады. Көптеген қолжазбалар Орта Азия тарихын зерделеу үшін баға жеткісіз деректердің қызметін атқарады, мысалы, X ғасырдың тарихшысы Жафир Наршахидің «Бухара тарихы» бізге XII ғасырдың тізімімен жетті. Бұл осы еңбектің ең ескі данасы. Сопылықтың тарихы, оның ірі өкілдері туралы, Бухарада, Самаркандта, Термез бен Орта Азияның басқа да қалаларында жеткілікті дәрежеде терең және жанжақты жасалған мұсылмандық құқықтану фикх туралы қолжазбалар сирек кездеседі. Көптеген қолжазбалар көркемделуі жағынан өнердің шынайы шығармалары болып табылады. Олардың беттері алуан түсті шығыс өрнектерімен безендірілген, сұйық алтынмен, өте нәзік көркем жазумен жазылған. Ұлы ақындар Фирдоуси, Низами, Садди, Науаи, Амир Хосров Дехлеви, Хафиз, Жамидің көркем шығармаларының көптеген беттері шығыс миниатюраларымен безендірілген, олардың көпшілігі де бірегей дүние болып табылады. Бұл қолжазбалық шығармалардың бәрі таптырмайтын және Таяу және Орта Шығыс, Орта Азия мен Үндістан, Ауғанстан, Пәкстан және Шығыс Қытайдың көптеген елдері халықтарының әлеуметтік экономикалық және рухани өмірінің тарихы бойынша аса құнды деректер болып табылады, бұл халықтардың терең тарихи байланыстары, мәдениеттерінің өзара ықпал ету мен өзара баюы процесінде дамуы туралы аса бай материал береді, өздерінде көптеген ұрпақтардың даналығын сақтайды. Қолжазбаларды бұдан кейін де анықтау, сақтау, зерделеу мен жариялау олардың мазмұнын халық игілігіне айналдырады. Адамдарды дүниежүзілік ғылыми ойдың үздік жетістіктеріне ортақтастыру, тарих тәжірибесімен қаруландыру — міне, ғалымдардың басты қамқорлығы осындай. Кейіннен Шығыстану институтының негізінде қолжазбалық қоры пайда болған Ташкент көпшілік кітапханасының Шығыс қолжазбалары бөлімінде Қазан төңкерісіне дейін баржоғы бірнеше жүздей қолжазба болды, ал қазіргі қолжазбалар қоймасы Кеңес өкіметі жылдары пайда болды. Ол жыл сайын толықтырылады, дүние жүзінің басқа қолжазбалық қорларымен микрофильмдер алмасу қарқынды жүргізіледі (қазіргі кезде 3000нан астам микрофильм жиналды), жыл сайын АҚШ, ГФР, Ауғанстаннан, араб елдерінен, Үндістаннан, Чехословакиядан, Англиядан және басқаларынан сирек кездесетін қолжазбалардан фотокөшірмелер түсіруге жүздеген тапсырыстар келеді. Мәдени мұраның сақталуын қамтамасыз ету, рухани байлықтарды терең зерделеу мен насихаттау біздің елдегі мемлекеттік, мәдени ағартушылық, оқу және ғылымизерттеу мекемелері қызметіндегі аса маңызды бағытқа айналды. Атап айтқанда, мәдени мұраны зерделеу Орта Азия өткен ғасырларда тығыз саудаэкономикалық және мәдени байланыстар жасаған, олармен ортақ мәдени құндылықтары болған шетелдік Таяу және Орта Шығыс «мұсылмандық» Шығыс елдерімен өзара түсіністікті жақсарту мен мәдени байланыстарды нығайтудың маңызды құралына айналды. Орта азиялық ойшылдар Фарабидің, Берунидің, ИбнСинаның, Хорезмидің мүшелтойлары, оларға толып жатқан шетелдік ғалымдардың қатысуы мәдени мұраны ғалымдар арасындағы байланыстарды нығайту, ортақ мүдделерді айқындау мен әр түрлі халықтар өкілдерінің бірігуі мен идеялық позицияларының жақындасуы үшін пайдаланудың маңыздылығы мен тиімділігіне дәлел бола алады. Мәдени мұра бұл мазмұны жағынан өте бай, алуан түрлі және құрылымы жағынан көп қырлы тарихи құбылыс. Өйткені адамның рухани мәдениет құндылықтарын жасау жөніндегі шығармашылық қызметінің өзі алуан түрлі, оның көптеген бағыттары болады. Қазіргі кезде рухани мәдениетті көркемдік, өнегелілік, саяси, ғылыми, құқықтық, философиялық және т.б. мәдениетке бөледі. Сондайақ мәдени мұра да рухани құндылықтардың бірбірінен өз ерекшеліктерімен бөлектенетін әр түрлі көркемдік, эстетикалық, сәулеттік, ғылыми, философиялық және т.б. формаларды қамтиды. Орта Азия халықтарының мәдени мұрасы рухани құндылықтардың мұндай формаларының бәріне де өте бай, және оларды бүтіндеп және тереңдете зерделеу, еңбекшілерді тәрбиелеу міндеттерін шешуде кең пайдалану үшін барлық жағдайлар жасалған.