БҰрынҒы коммунистіҢ рухани ізденісі

Мазмұны

[жасыру]

· 1Сенім

· 2Буддизм және саясат

· 3Тармақтары

· 4Дереккөздер

· 5Әдебиеттер

Сенім[өңдеу]

Ол діни шығармалар жинағы "Трипитакада" ("Үш себет") баяндалған. Буддизмнің уағыздарының өзіне тән ерекшеліктері бар. Буддизмде дүниені жаратушы құдай жайындағы идея айтылмайды. Буддизм фәни өмірдің азаптары - ауру, кәрілік, өлімнен құтылу жолын іздейді. Ол өмірдің қасіреті - нәпсінің тілегіне байланысты деді. Адамның денесі уақытша өмір сүреді. Ал нәпсі қанағатсыз тілегімен, өлімнің қорқынышымен ылғи бейнет туғызады. Сондықтан нәпсінің тілегінен құтылу керек. Ол үшін төрт асыл ақиқатты білу қажет:

1. Азап бар;

2. Азапта себеп бар;

3. Азапта соң бар;

4. Жол азаптың тоқталуы бар.

Аһимсаны жүзеге асыру үшін Буддизм Веданы жоққа шығарады. Будда ілімінде этика мәселелеріне көп көңіл бөлінген. Буддизмнің негізіне қоршаған ортадан бөлінбей қарастырылатын жеке адамды дәріптеу және болмысты бүкіл дүниемен байланысып жатқан ерекше психологиялық процесс ретінде қабылдау принциптері алынған. Буддизмдегі негізгі ең ірі бағыттар - хинаяна және махаяна. Буддизм өзінің даму барысында үш кезеңнен өтті: хинаяна, әркімді туу - өлу айналымынан құтылуды үйрететін алғашқы даналық мектебі (б.з.б. V ғ. - б.з. басы); екінші, бодхисаттва - құтқарушы көмегімен құтылу; үшінші, махаяна (б.з. V ғ.-ына дейін) кезі. Махаяна негізінде будда (ісөкірек көзі ашылған) болуға мүмкіндік беретін жаңа тиімді әдістер уағыздалды (V ғ.-дан кейін). Ол важраяна деп аталады. Азияның көптеген елдерінде Буддизм қазіргі кездің өзінде қоғамдық және жалпы мемл. өмірге елеулі ықпал етіп отыр. Бұл елдердің бірқатарында Буддизм мемлекеттік дін болып есептеледі. Империалистер Буддизмнің ықпалын ескере отырып, бүл дінді өзінің реакцияшыл саяси мақсаттарына пайдалануға тырысады. Соңғы он жылдықта необуддизм немесе метабуддизмнің бірқатар жаңа бағыттары пайда болды. Қазіргі уақытта будда ұйымдарыАзия елдерінде әртүрлі әлеуметтік рөл атқарады. Олардың кейбіреулері отаршылдыққа қарсы, ұлттық тәуелсіздік үшін күреске белсене қатысуда. Біздің елімізде будда ламаиттердің ізін қуушылардың шағын топтары Қалмақ, Бурят, Тывада тұрады. Буддизмң көзқарасына дүниеден безушілік, жеке даралық тән. Қанаушы қоғамда байлық, күш, өкімет кімнің қолында болса, соған жалбыры- ну жер бетіндегі азап шеккені үшін күнәдан қүтқарады деп түсіндіреді. Сондықтан адам өткінші, жалған өмір сүретін мысал денесін ойламай, мәңгі өмір сүретін жанын құтқарудың қамын ойлауы керек. Бұл - қанаушылармен келісуді уағыздайтын Буддизм діннің реакциялық жақтарынан бірі. Ол дінді қабылдаған елдердің өміріне едәуір ықпал жасады. Буддизмң таралуы синкретикалық мәдени комплекстердің құрылуына әсер етті. Бұлардың жиынтығы будда ұйымы - 1950 ж. құрылған буддашылардың дүниежүзілік бауырластығы.

Буддизм және саясат[өңдеу]

Бір-біріне белгілі бір қатынастағы әлеуметтік феномендер. Буддизмнің қоғамдық өмірге және адамның өмірлік міндеттерін анықтауы тікелей осы діни сеніммен тығыз байланысты. Оның аса маңызды ережесі тұрмыс пен азап шегуді ұқсастыруында. Буддизм қоғамдық қатынастарды өзгертуге, оны жақсартуға күш салмайды. Ол адамдарға қауымдастықтың мүшелері ретінде жақсы күйде көрінуі үшін түзелуге міндеттемейді. Буддизм адамды өзі туған, өмір сүріп отырған әлеуметтік шындықтан алшақтатуға тырысады. Осы орайда, буддизмде әлеуметтік доктринаның барлығын шартты түрде ғана мойындауға болады. [1]

Тармақтары[өңдеу]

· Хинаяна

· Махаяна

· Ваджраяна

Будда[өңдеу]

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

бҰрынҒы коммунистіҢ рухани ізденісі - student2.ru
Буддизм
Мәдениет
Тарих
Философия
Буддисттер
Елдер
Ағымлары
Түсінік
Мәтіндер
Хронология
Буддизм сыны
Портал
қ • т • ө

бҰрынҒы коммунистіҢ рухани ізденісі - student2.ru

Будда

Будда (санскрит बुद्ध) — будда дінінің негізін қалаған әулиенің лақап аты. Шын есімі – Гаутама Сиддһартһа. Солтүстік Үндістанда (бүгінгіНепал жерінде), шак (сақ) халқы патшасының отбасында дүниеге келген. Будда (біздің заманымыздан бұрынғы 623 – 544 жылдары;санскритше Буддһа көкірегі ояу, көзі ашық деген ұғымды білдіреді) сол кездері Үндістанда үстемдік құрған Веда ілімін мойындамай,аһимсаны (тіршілік иелеріне жамандық жасамауды) уағыздаған.

Ұғымның мағынасы[өңдеу]

Будда (санскрит тілінен аударғанда"оянған", "көзі ашық" деген мағынаны білдіреді) буддизм іліміндегі - айқындыққа (бодхиге) жеткенді айтады. Сиддхартха Гаутама (айқындыққа жеткен кезден Будда Шакьямуни есім алған), біздің заманымыздан бұрын шамамен 623-543 жылдары өмір сүрген, және бодхиге 588 ж. жеткен болатын, ең алғашқы да, ең соңғы будда да болып саналмайды. Буддизм ілімінің көзқарасы бойынша, будда деп кез келгеннің карманың жақсы, яғни оң санын айтарлықтай мол жинаған және ақиқатқа (дхармаға) көз жеткен тірі жанды айтады. Ғалам тарихында осындай тәріздес көптеген тірі жәндіктер жандар болатын. Осылайша, Гаутама Будда өтіп кеткен уақыт кезеңде де, әлі болашақта талай көптеген буддалар қатарының бір үзбесі болып табылады. Оның алдында Дипанкара будда болған еді, ал одан кейін келетін будданың есімі - Майтрейя.

Карма дегеніміз не[өңдеу]

бҰрынҒы коммунистіҢ рухани ізденісі - student2.ru

Деванагариде "Ом" бейнесі

Карма[1] (санскритше – іс-әрекет) – ежелгі үнді философиясы мен дініндегі ұғым. Индуизм ілімінде жеке адамның табиғатпен тікелей байланысы К. заңдары арқылы реттеледі. Атма адам тәніндегі жанға айналып, жақсы, жаман әрекеттерге итермелейді. Карма – осы іс-әрекеттердің нәтижесі, жанның бір денеден екінші денеге көшуіне жағдай жасайтын себеп, сондықтан да адамның туғандағы хал-ахуалы (байлық, кедейлік, құрмет, жәбір, қасірет, тағы басқа) ата-бабаларының өткендегі іс-әрекеттері мен мінез-құлқының шарапаты не кесапатына байланысты.

[2]

Дереккөздер[өңдеу]

1. Жоғарыға көтеріліңіз↑ «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том

2. Жоғарыға көтеріліңіз↑ Балалар Энциклопедиясы, II- том

Қазақстандағы буддизм тарихы Зерттеушілердің пайымдауынша, Пәкістан және Ауғансатн аумағы арқылы Үндістаннан Орталық Азияға буддизмнің енуі б.д.д. І ғ. басталды. ІІ-ІІІ ғғ. бастап буддизм ілімі қатарында соғдылық тайпа өкілдері басым болған буддизм діні миссионерлері арқылы белсенді түрде тарала бастады. Ежелгі Жібек жолы (Қазақстан, Өзбекстан, Түркіменстан және Қырғызстан аумағы) бойында будда мәдениетінің көптеген ескерткіштері табылған. Оның ішінде ең танымалдары Термезедегі ІІ-ІІІ ғғ. Қаратөбе монастыры, Смугдадағы Санзара алқабында табылған ғибадат үйі, Марадағы ескерткіштер кешені, Тоқарыстандағы VII-VIII ғғ. Ажына-тепе будда монастыры, Кувадағы (Ферғана) будда храмы, Жетісудағы Ақ-Бешім және Қызыл теңіз храмдары болды. Шу алқабында орналасқан Ақ-Бешім (ежелгі Суяб) қалашығындағы екі ірі будда храмдарының қазбалары үлкен қызығушылыққа ие. Храмдарда Будданың мүсіндері, буддизм пантеоны кейіпкерлерінің бейнелері табылған. VI ғ. бастап буддизм түркілерге маңызды ықпал ете бастады. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанда археологтар буддизм дінінің кейіпкерлері мен оқиғалары бейнеленген храмдар, монастырлар, сондай-ақ мүсіндер табылды. Ұқсас ескерткіштер Шымкентке жақын жерде Талас өзенінің бойында, сонымен қатар Жамбыл облысында – Тектұрмас пен Баласағұнда да табылған болатын. Атақты ортағасырлық шахар Исфиджаб (Сайрам) қаласының үйінділеріне жақын жерде жерасты будда монастыры табылған. Орталық Азияда ерте тибеттік буддизмнің таралуына қытайлық ықпал болды. VIII ғ. Тибет бақылауында Шығыс Түркістан мен Қырғызстанынң бір бөлігін қоса алғанда, көптеген көрші жерлер болған ірі мемлекет болған. Х ғ. ислам діні Қараханид мемлекетінің мемлекеттік діін болып жарияланғаннан кейін буддизм дінінің ықпалы әлсірей бастады. Бірақ, кейінгі жүз жылдықтарда да буддизм діні белгілі деңгейде өз ықпалын сақтап қалды. XVI-XVIII ғғ. жоңғарлардың қоныс аударуы мен шапқыншылықтарының нәтижесінде буддизм Қазақстанда да тарала бастады. Жоңғар хандығы кезеңіне тән монастырлар Жетісу мен Орталық Қазақстанның далалық алқаптарында табылды. Сондай-ақ, XIX ғ. басында Алматы қаласына жақын жердегі Медеу шатқалында ағаштан жасалған буддалық монастыр салынған. Алматы маңындағы Тамғалы-Тас шатқалында табылған бірнеше буддалар мен буддалық мәтіндер де археологиялық ескерткіштер болып табылады. Бейнелердің жасалу уақыты ретінде XII ғ. бастап ХVII-ХVIII ғғ. белгіленген. 1996 жылы Орал қаласында Тибеттік будда орталығының негізі қаланды. Қайта тіркеу үдерісі нәтижесінде 2012 ж. Қазақстанда Алматы қаласы мен Батыс Қазақстан облысында орналасқан 2 будда діни орталықтары қызмет етеді.


бҰрынҒы коммунистіҢ рухани ізденісі - student2.ru бҰрынҒы коммунистіҢ рухани ізденісі - student2.ru Қазақстанда буддистердің ресми тіркелген екі қауымы (Алматы мен Атырауда) қалды. Дін туралы жаңа заңға сәйкес қайта тіркеу жүргізілгенге дейін олардың саны төртеу еді.

Алматыдағы буддистер қауымның мүшелері – этникалық кәрістер. Олар буддизмнің осыдан жүз жыл бұрын Кореяда пайда болған «вон-буддизм» немесе «вонбульгё» деп аталатын ағымын ұстанады. Азаттық тілшісі қауымның жексенбілік құлшылық ету жоралғысында болды.

БҰРЫНҒЫ КОММУНИСТІҢ РУХАНИ ІЗДЕНІСІ

72 жастағы Василий Дон вон-буддизм дініне жақында бет бұрыпты. Бұрын коммунист және атеист болған ол кісі Алматыдағы буддизм ғибадатханасына әйелі Венера Цоймен бірге 2008 жылдан бері барады.

– Дінге 1998 жылы бет бұрдым. Алдымен христиан дінінің протестант ағымына кірдім. 2007 жылы жұбайым қайтыс болып, екінші рет үйлендім. Әйелімнің буддистер ғибадатханасына барып жүргенін байқадым. Содан мен де «Барып көрейін, нем кетеді? Сенімге ұйытар, жаман нәрселерді үйретпес, ізгілікке жөн сілтер» деп ойладым. Бұл храмға келгеніме өкінбеймін, - дейді Василий Дон.
бҰрынҒы коммунистіҢ рухани ізденісі - student2.ru

Василий Дон – вон-буддизм дінін ұстанушы. Алматы, 7 сәуір 2013 жыл.


​Оның әйелі Венера Цой вон-буддизм қауымына 1993 жылдан бері мүше. Василий Дон Оңтүстік Кореядағы орталықтың жолдамасымен Қазақстанға 1992 жылы келген буддизм храмының уағызшысы Иль Ким Тэні «ұстаз» деп атайды.

– Мұнда келгенде ол қазақ тілін де, орыс тілін де білмейтін. Бізбен қағазға жазып тілдесетін. 1992 жылы газетке «Кәріс тілін үйретемін» деген хабарландыру берді. Біз осы хабарландыру бойынша келдік. Кәрістің тілін, салт-дәстүрлерін үйрендік. Үш бөлмелі пәтер сатып алып, сенім-наным, діндер тарихы туралы ілімді бізге біртіндеп жеткізе бастады. Өзі өте дарынды кісі, білмейтіні жоқ, - дейді Венера Цой.

АУРА

Алматыдағы вон-буддистер ғибадатханасы Достық даңғылынан Көктөбеге қарай созылып жатқан Клочков көшесінде орналасқан. Оның храм екенін үш қабатты ғимараттың сыртындағы сақина бейнесінен тануға болады. Ғимарттың айналасы бетон дуалмен қоршалған. Аулада Оңтүстік Кореяда жасалған шағын киіз үй мен бір қабатты кішілеу ғимарат тұр. Алматылық вон-буддизм қауымының жетекшісі Лариса Палагина «Ғибадатханаға екеуінің де қатысы жоқ. Бұлар әжетханасы бар, тұрмысқа жайлы жылжымалы баспаналардың осы заманда да бар екенін көрсетеді» деп түсіндірді.
бҰрынҒы коммунистіҢ рухани ізденісі - student2.ru

Алматыдағы буддистер храмының уағызшысы Ким Тэ Иль (сол жақта) мен алматылық вон-буддизм қауымының жетекшісі Лариса Палагина. Алматы, 7 сәуір 2013 жыл.


​Ғибадатхананың әр қабатына жеке есіктен кіреді. Бірінші қабатта шаруашылық бөлмелері мен уағызшы Иль Ким Тэнің кеңсесі орналасқан. Екінші қабатта оның отбасы тұрады. Құлшылық ету үшінші қабатта өтеді. Оған көтерілу үшін ғимараттың шығыс жағындағы есіктен өтіп, баспалдақпен шығу керек. Үшінші қабаттың кіре берісіндегі шағын дәлізде келген адам аяқ киімін шешеді.

Құлшылық етуге арналған бөлменің іші жарық, күнгей мен терістікке қараған терезелері үлкен. Батыс жақтағы қабырғада алтарь орналасқан.

Үш қабатты ғибадатхананың құрылысы 1994 жылы басталыпты. Алматыдағы вон-буддистер қауымы одан бір жыл бұрын тіркелген.

– Ұстаз 1994 жылы осы жер телімін сатып алды. Бұл қорғаныс министрлігінің бұрынғы саяжайлары болған жер екен. Ол мына үй мен аумағы 20 сотық болатын екі жер телімін сатып алды. Шөп пен бұта, тас басып кеткен тау етегі ол кезде бос жатқан. Сенбілік өткізіп, ауладағы мына үйді ғибадатханаға лайықтап жөндедік, - дейді храм ауласындағы бір қабатты үйді көрсеткен Венера Цой.

Қауым мүшесі Венераның айтуынша, "Иль Ким Тэ үш қабатты храмды тұрғызуға бар жиған-тергенін салған".

– Ол - бай кісі. Атасының Кореяда жері болыпты. Сол кісіден қалған мұраның өзіне тиесілі бөлігін сұраған екен, әкесі тиісті ақшасын толық беріпті, - дейді Венера Цой.
бҰрынҒы коммунистіҢ рухани ізденісі - student2.ru

Вон-буддистер храмы. Алматы, 7 сәуір 2013 жыл.


​Вон-буддистер храмы салынған соң Алматының бұл ауданында бизнес-орталықтар пайда болды. Осыдан бір жыл бұрын «Қазақмыс» корпорациясының кеңсесі салынды.

– Храм салатын жерді ұстаз ұзақ іздеді. Кірпішін енді бастап қалап жатқан кезде Кореядан нағыз буддист тақуаның келгені есімде. Ол кісі кіріп келіп: «Өте жаман жер. Жақсы жер емес» дей берді. Кезінде бұл жерден сел жүргенін, зілзаладан үйлер қирап, үйіндіге айналғанын біз білеміз ғой. Талай адам қаза тапқан орынның аурасын олар бірден сезді. Түкірініп, аластап жүріп «Қандай жаман жер!» деумен болды. Кейін ғибадатхананы тұрғызып, құлшылықты бастағанымызда ол тағы бір рет келді. Бұл жолы табалдырықтан аттай бере: «Аурасы қандай жақсы!» десті, - деп еске алады Венера Цой.

АЗАҚСТАНДА 20 ЖЫЛ

Алматыдағы вон-буддизм храмының уағызшысы, қауым мүшелері «ұстаз» деп атайтын Ким Тэ Иль Азаттық тілшісі келгенде ғибадатхана ауласында жүр екен. Жалаңбас, кимоно-куртка, спорт шалбары мен кроссовка киіп алған.

Уағызшымен орыс тілінде әңгімелестік. Ким Тэ Иль қазірге дейін Оңтүстік Корея азаматы, ал Қазақстанда ықтияр хатпен тұрып жатыр. Алматыда тұрғанына 20 жыл болыпты. Қазақстан азаматына үйленген оның екі қызы бар.
бҰрынҒы коммунистіҢ рухани ізденісі - student2.ru

Буддистер ғибадатханасында құлшылық жасап отырған адамдар. Алматы, 7 сәуір 2013 жыл.


​Алматыдағы вон-буддистер қауымы кіретін бас ұйымның штаб-пәтері Сеулде орналасқан. Қауым мүшелері өздерін Тибет, Моңғолия, Бурятия, Тува, Қалмақия және басқа аймақтарда тұратын буддистердің рухани көсемі, қуғындағы Далай Ламамен еш байланыстырмайды.

– Буддизмнің жеке бір ағымы ретінде вон-буддизм осыдан жүз жылдай бұрын Кореяда пайда болды. Оның негізін Пак мырза шамамен 1915 жылы қалаған. 2015 жылы вон-буддизмнің жүз жылдығын атап өтеміз, - дейді Алматыдағы вон-буддизм қауымының басшысы Лариса Палагина.

Бұрын Қазақстанда төрт буддизм қауымы болған. Былтыр дін туралы жаңа заңға сәйкес қайта тіркеуден өткеннен кейін Алматы мен Атырау қалаларында бір-бір қауымнан қалды. Атыраудағы қауым негізінен этникалық қалмақтардан тұрады, ал Алматыдағы қауым мүшелері - негізінен этникалық кәрістер. Лариса Палагинаның айтуынша, бұл екі қауымның бір-бірімен байланысы жоқ.

ҚҰЛШЫЛЫҚ

Уағызшы құлшылық рәсімін ұзын киім киіп өткізді. Ол кафедрада тұрып уағыз оқып, алтарь жанында діни жоралғыларын жасады. Храмда үлкен барабандар мен пианино тұрғанымен, музыка ойнаған жоқ. Уағыздың көп бөлігін орыс тілінде, арасында кәріс тілінде айтты. Ким Тэ Иль дұғаны мақаммен созып, жаңғырық үн шығаратын қара түсті металл ыдысты анда-санда қолындағы таяқшамен соғып қояды.
бҰрынҒы коммунистіҢ рухани ізденісі - student2.ru

Буддизм дінін ұстанатын Наталья Вавилова ғибадатханадағы құлшылық кезінде. Алматы, 7 сәуір 2013 жыл.


​Құлшылық етуге жиналған қауым мүшелерінің арасынан ақсары шашты әйел көзге түсті. Ол кісі - Наталья Вавилова буддизм дініне осыдан 15 жылдай бұрын бет бұрыпты. Екі қызы мен сегіз жасар немересі де буддизм дінін ұстанады. Қыздары мұнда келмейді, бірақ кейде немересі еріп келеді екен. Наталья Вавилова бұл храмға осыдан екі жыл бұрын келе бастапты.

– Мына ғибадатхананың барын бұрын білмеппін, - дейді ол.

Қайтыс болған әке-шешесінің әруақтарына сыйынып болған соң қауым мүшелері храмнан шығып, ауладағы бір қабатты үйге жиналды. Ол жерде әруақтарға арналған дәстүрлі шай ішу рәсімі өтті.

Кей жексенбіде құлшылық етудің орнына ғибадатханада медитация өтеді.

БАСҚА БУДДИСТЕР

Қазақстандағы қалмақ мәдени орталығының төрайымы Раиса Мамошина буддизмнің басқа ағымын ұстанады. Өзінің айтуынша, жылына бір рет Қалмақиядағы будда храмына барып қайтатын ол вон-буддизм храмына да, Қазақстандағы басқа буддизм храмдарына да бармайды екен.

Бурят мәдени орталығы төрағасының орынбасары Нимаша Касанова да буддизмнің вон-буддизмнен басқа ағымын ұстанады.

Алматыда буддизм дінін ұстанатын басқа адамдар да бар. Олардың бірі – 2005 жылдан 2010 жылға дейін Үндістанның Дхарамсал қаласындағы тантри монастырында дәріс тыңдап келген Александр Грицков.
бҰрынҒы коммунистіҢ рухани ізденісі - student2.ru

Ступа ескерткішінің фотосы. (Александр Грицков берген суреттің көшірмесі)


​Александр Грицков әлгі монастырьдың тақуасы және тантра ілімінің оқытушысы Тензин Тинлимен бірлесіп Алматыда «қала тұрғындарын жер сілкінісі мен басқа табиғат апаттарынан қорғайтын» Ступа ескерткішін тұрғызбақ ниеті барын хабарлады. Буддистердің нанымы бойынша, буддизм тарихындағы сәулет-мүсін өнері мен діни ескерткіште ізгілікке үндейтін құдірет бар және ол табиғаттың алапат күштерін тыныштандырады. Олар Ступа тұрғызу идеясын Далай Ламаның қолдағанын айтады.

Әлемдік үш діннің бірі – буддизм Үндістанда пайда болып, Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде, Ресейдің Қалмақия, Бурятия, Тува сияқты өңірлерінде кең тараған. Қазақстандағы этникалық кәрістер, қалмақтар мен буряттар буддизм дінін ұстанады. Мамырдың 17-сі күні буддизм дінінің ең қасиетті мерекесі – Будданың туған күні аталып өтеді.

бҰрынҒы коммунистіҢ рухани ізденісі - student2.ru

Наши рекомендации