Ылмыстық құқықта нормалар бәсекелестігінің түсінігі және түрлері. Жалпы және арнайы нормалар бәсекелестігі.
Қылмыстық-құқықтық нормалардың бәсекелестігі құқықтық құбылыс ретінде белгілі бір шамадағы күрделі құрылымды білдіреді, бұл нормалардың органикалық байланысы, олардың бір-біріне тәуелділігі ҚК-тің әртүрлі баптарында жазылған бірдей қылмыстардың белгілерін қарастыруы олардың арасындағы ортақтық болады. Берілген фактіде айталық, олардың бірдейлігі ұқсастық болып табылады. Бірақ соңғысы және бұл басты, маңызды тіптен толық емес тек, норманың көлемі мен мазмұны бойынша жекелеген ұқсастық болып табылады. Олардың айырмашылығы да осыдан көрінеді. Көрсетілген параметрлар бойынша жекелеген авторлар нормалар бәсекелестігінің екі негізгі түрін айырып көрсетеді. Бұл түрлер нормалардың көлемі мазмұны бойынша айырмашылықтарына сайлықты. Өзге авторлар бәсекелестіктің үш түрін ажыратып көрсетеді: а) жалпы және арнайы нормалардың; б) арнайы нормалардың; в) бөлшектің және бүтіннің. Б.А. Куриновтың пікірінше екі түрі барынша айқын көрінеді: 1) жалпы және арнайы нормалардың бәсекелестігі; 2) арнайы нормалардың бәсекелестігі. Егер арнайы нормалардың бәсекелестігін ұғынуда қиындық болмаса ал жалпы және арнайы норнмалардың бәсекелестігінде бұл кездеседі. Мысалы нормалардың объектісі тұрғасынан бұл бәсекелестік бір норманың өзінің көлемі бойынша іс-әрекеттердің айта қаларлықтай кең шеңберін қарастырса басқа норма – тек олардың бөлігін қарастырады. Норманың мазмұны тұрғысынан бәсекелестіктің берілген түрі олардың өздерінің мазмұны бойынша айырмашылығына байланысты. Жоғарыда келтірілген лауазымдық қылмысқа байланысты мысалдағы деликт «Қызмет өкілеттігін теріс пайдалану» ҚК-тің 307 бабы жалпы норм а болып табылады (лауазымдық қылмыстың түсінігі беріледі) ал ҚК-тің 314 бабы «Қызметтік жалғандық жасау»-арнаулы норма ( лауазымдық жалғандықтың белгілері көрсетіледі). Лауазымдық жалғандық – бұл да лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану болып табылады, бірақ оның жеке жағдайы. Нормалардың мазмұны бойынша айырмашылығының мысалы ретінде «Қарақшылық» үшін жауапкершілікті қарастыратын бап (ҚК 179 б.) және 103 бап. «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» атауға болады. Бірінші қылмыстық-құқықтық норма өзінің мазмұны бойынша толығырақ. Ол тек адамның өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті денеге зиян келтірулерді қамтып ғана қоймайды сонымен қатар берілген қылмыстың басқада белгілерін де кірістіреді. Ал екінші норма ҚК-тің 103 бабы бұл белгілерді бермейді. Ендеше жалпы және арнайы нормалардың бәсекелестігінде олардың көлемі бойынша айырмашылығы логикалық бағыныстылығы мен нақтылануынан көрініс табады.
52. Тұтас және оның бөліктерінің бәсекелестігі.Арнайы нормалардың бәсекелестігі. Жалпы және арнайы нормалардың бәсекелестігі. Қылмыстық заңда қарастырылған қылмыстардың біркелкі бейнеленбей, құрамы бойынша күрделі құрамдар немесе құрамдас әрекеттермен сипатталуы кездеседі, соған сәйкес қылмысты әрекеттерге құқықтық баға беру кезінде де заң нормаларын қолдануға байланысты қиындықтар кездеседі. Нормалар бәсекелестігінің бұл түрінде бір қылмысты құрайтын әрекеттің жалпы және арнайы нормалар бәсекелестігіндей бірнеше нормаларға сәйкес келуі, бірақ мағынасы бойынша емес, белгілерінің көлемі бойынша байқалады. Мұндай кезде бәсекелестікк көрсетіп отырған нормалардың белгілері әркелкі болуына байланысты бір қылмысты әрекет толық немесе ішінара көлемде бірнеше нормаларға сәйкес келеді. Мұндай жағдайда да қылмысты саралаудың ережесіне сәйкес іс әрекетті толық қамтитын норма қолданылады немесе бүтін немесе бөлік нормаларға бәлекелестігі байқалғанда артықшылық бүтін нормаға беріледі. Б.А. Куриновтың пікірінше екі түрі барынша айқын көрінеді: 1) жалпы және арнайы нормалардың бәсекелестігі; 2) арнайы нормалардың бәсекелестігі. Егер арнайы нормалардың бәсекелестігін ұғынуда қиындық болмаса ал жалпы және арнайы норнмалардың бәсекелестігінде бұл кездеседі. Мысалы нормалардың объектісі тұрғасынан бұл бәсекелестік бір норманың өзінің көлемі бойынша іс-әрекеттердің айта қаларлықтай кең шеңберін қарастырса басқа норма – тек олардың бөлігін қарастырады. Норманың мазмұны тұрғысынан бәсекелестіктің берілген түрі олардың өздерінің мазмұны бойынша айырмашылығына байланысты. Жоғарыда келтірілген лауазымдық қылмысқа байланысты мысалдағы деликт «Қызмет өкілеттігін теріс пайдалану» ҚК-тің 307 бабы жалпы норм а болып табылады (лауазымдық қылмыстың түсінігі беріледі) ал ҚК-тің 314 бабы «Қызметтік жалғандық жасау»-арнаулы норма ( лауазымдық жалғандықтың белгілері көрсетіледі). Лауазымдық жалғандық – бұл да лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану болып табылады, бірақ оның жеке жағдайы. Нормалардың мазмұны бойынша айырмашылығының мысалы ретінде «Қарақшылық» үшін жауапкершілікті қарастыратын бап (ҚК 179 б.) және 103 бап. «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» атауға болады. Бірінші қылмыстық-құқықтық норма өзінің мазмұны бойынша толығырақ. Ол тек адамның өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті денеге зиян келтірулерді қамтып ғана қоймайды сонымен қатар берілген қылмыстың басқада белгілерін де кірістіреді. Ал екінші норма ҚК-тің 103 бабы бұл белгілерді бермейді. Ендеше жалпы және арнайы нормалардың бәсекелестігінде олардың көлемі бойынша айырмашылығы логикалық бағыныстылығы мен нақтылануынан көрініс табады.Арнайы қылмыстық-құқылық нормалардың бәсекелестігінің барысында қатысты бұл құқықтық жағдайда жазылған ереже әрекет етеді. Яғни жеңілірек қылмыстық жауапкершілікті қарастыратын нормаға басымдық беріледі. Ол ереже Қазақстанның қылмыстық және қылмыстық – іс жүргізу заңнамасының жалпы принциптеріне атап айтқанда заңдылық, әділеттік және ізгілікке негізделеді. Қазақстан заңшығарушысы Қылмыстық кодексте қылмыстың жиынтығын қылмыстық-құқылық нормалардың бәсекелестігінен айырып көрсеткен. Бұның негізінде арнайы норма жатқызылады және оның маңызын бекітеді. Егер белгілі бір және нақ сол әрекет Кодекстің тиісті баптарының жалпы және арнаулы нормаларының белгілеріне сәйкес келсе, қылмыстардың жиынтығы болмайды және қылмыстық жауаптылық ҚК-тің Ерекше бөлімінің арнайы норманы қамтитын бабы бойынша туындайды.