Бесіктен-ақ маған тап белгі таққан

Тапты шаққан бесікте мені шаққан,

Сап-сары ала, сап-сасық жөргектерде

«Іңгә» орнына уілдеп «тап» деп жатқам, -

деп жазды Сәбит Мұқанов. Беташар толғау - тап күресінің кілтіндей. «Есті біліп, етекті жапқан кезде, табыма оғын атқандар маған да атқан» деп айнала адамдардан, сол кездегі мешел идеологияға орай, жау іздеуге тура келді. Адам деген табиғатқа бір-ақ келетін орасан зор күрделі құбылыс екенін ұмытып, таптық күрес поэзиясы «жау» атаулыны жоюға шақырады. «Күрес тілі - найзағай шанышқы тіл, оның сөзі: «Жық, тапта, талқанда, бұз!» болды. Бұл жерде, бүткіл демократия атаулыны ауызға алмағанда, бай болсын, жарлы болсын, ол - халқымыздың қүрамдас бөлігі екенін ұмытты. Батырақтарды ақсүйек атаулыға қарсы қойып, халқымыздың зиялы қауымының біржола құрып кетуіне қауіп төндірді. Бұл, әрине, Сәбит поэзиясының күнәсі емес, сол кездегі қоғамньщ күнәсі біржақты солақай идеологияның кесепаты.

Кеңес өкіметін қолдап жазылған туындылар сапында Жамбылдың 1927 жылы жарық көрген «Замана ағымы» поэмасы да, Ә.Тәжібаевтың 1929 жылғы «Құлқара», X.Жұмалиевтың 1928 жылғы «Ерхожа мен Егізбай» поэмалары да - жаңа өмірге деген сеніммен жазылған дүниелер. Жамбылдың:

Айдын-шалқар сулары

Жасыл тоғай нулары -

Толған ырыс мол екен.

Сол жер түгел таланды,

Бар шұрайды өлшетіп,

Николай патша ол алды.

Туған, өскен жерлерден,

Қалың қазақ қуылып,

Бесіктен-ақ маған тап белгі таққан - student2.ru Бетпақ шөлге қамалды,

Көрді қыспақ заманды, -

деп, орыс патшасының империялық саясатын сынай білгенмен, суреткерлердің көбісі дерлік кеңес өкіметінің сұрқия саясатынан хабарсыз еді, кайта оған үлкен үміт артып еді. Азамат соғысында да, 1932-1933 жылғы аштық апатын да, 1937-1938 жылдардағы халық жауы деп, кінә тағылып, халық зиялыларының басына төнер қауіптен, тіпті, империялық саясаттың одан әрі терендеп жалғасатынынан хабарсыз еді. Сондықтан да, 30-шы жылдары Кеңес өкіметі, Қазан төңкерісі халыққа бостандық, тендік әкелді деген сенім-үміттің, жетпіс жылдан кейін тас-талқаны шығарын білмеді.

Бұл кездерде, яғни жиырмасыншы жылдар поэзиясында төңкеріс «көсемдері» қалай бағыт-бағдар берсе, солай жазу, сол бағытта жазу дерті дендеген болатын. «Көсемдердің» талабын талдауға, «осы қалай болар» деп ой қорытуға мүмкіндік бермеді. Бір қарағанда олардың жазған дүниелерінің ешқандай сөкеттігі жоқ еді. Бірақ, сөз бен істің іргесі түйіспей, әдебиетшілердің де, халықтың да алдануына, арбалуына әкеліп соқтырды. Мысалға, В.И.Ленин: «...Тап тартысының шиеленісіп азамат соғысына айналуынан, езілушілердің езушілерді құрту үшін, енбекшілерді құлдық атаулыдан азат ету үшін жүргізген бірден-бір заңды, бірден-бір әділетті, діни мағынасында емес, адамгершілік мағынасында бірден-бір қасиетті соғысынан шошынды, тарихи болашақты болжай алмады» (XXIII том, 156-бет) деп, төңкеріс жолынан бас тартқан ақын-жазушыларды қаралады. Мұнан барып төңкеріс поэзиясы, таптық поэзия, тап күресінің поэзиясы етек алды. Бірі түсінбей жазды, бірі амалсыз мойындап жазуына тура келді. Бірақ бұл да сол кездің өзіндік шындығы еді. Сондықтан, одан аттап етіп, қазір дүние өзгерді деп көз жұмып, көрмеуге болмайды. Төңкеріс заманының поэзиясы да, тап күресінің поэзиясы да заманға лайық өз үлесін қосты.

Бұл кезеңде саяси-әлеуметтік өзгерістердің негізінде сатиралық таптық өлеңдер өз өркенін жайды. С.Дөнентаевтың «Шошқа мен саудагер», «Бөшкенің зары», «Дәуітбек» сияқты өлең-фельетондары, I.Жансүгіровтың «Қонақ пен қожайын», «Белсенділерге» өлеңдері, А.Тоқмағамбетовтың «Күлкі-сықақ» өлеңдер жинағы, Ж.Сыздықовтың «Бір ауылнайдың баяндамасы», Қ.Әбдіқадыровтың «Бәйбіше мен бай», Ә.Тәжібаевтың «Сорлайды екенбіз», Ғ.Ормановтың «Абысындар аңызы» сынды өлеңдері көрінді.

Жиырмасыншы жылдары төңкеріс талабы, таптық көзқарас - көркем әдебиеттің басты мазмұны болды. Ақындар жаңа таптық процесті - анық қоғам үшін басталған ұлы күресті шығармаларына арқау етті.

Жаңа әдебиеттің қалыптасу кезінде поэзия жанрлық жағынан да, форма мен мазмұн, тақырыптық жағынан да жаңа қасиеттерге ие болды. Рас, көркемдіктен гөрі жалаң үгіт, насихат жағы басым болды. Бұл тұста поэзияда көрінгендер С.Торайғыров, С.Дөнентаев, С.Сейфуллин, Б.Ізтөлин, Б.Майлин, I.Жансүгіров, С.Мұқанов, Ш.Иманбаева, А.Тоқмағамбетов, Ә.Тәжібаев, Ғ.Орманов, Ж.Сыздықов, сонымен бірге Ғұмар Қарашев, Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Мақыш Қалтаев, Шәңгерей Бөкеев, Әріп Тәңірбергенов, Тұрмағанбет Ізтілеуов, Нарманбет Орманбетов, Шәді Жәңгіров, Ығылман Шөреков, Бернияз Күлеев, Иса Байзақов, Нұрлыбек Баймұратов, Қуаныш Баймағанбетов, Қайып Айнабеков және басқалары. Олар қазақ кеңес әдебиетінің алғашқы дәуірінде поэзиянық дамуына айтарлықтай үлес қосқаны анық.

Ілияс Жансүгіровтың 1929 жылы «Жаңа әдебиет» журналында басылған «Күй» және 1928 жылы жарияланған «Кәмпеске» поэмалары - 1930 жылы жарық көретін «Дала» поэмасына барар жолдағы шығармашылық алтын көпір еді. Ал, Бейімбет Майлиннің «Бер, Мырқымбай қолыңдыдағы» Мырқымбай - заман, уақыт, қоғам тудырған тарихи тұлға болып қалыптасқан бейне.

Демократтық бағыт ұстаған бұқарашыл ақьшдар поэзиясы сапынан - Сәбит Дөнентаев поэзиясы аталса, еңбекші халық арасынан шыққан ел ақындарынан Жамбыл Жабаев пен Иса Байзақовтың шығармалары да жалпыға мәлім еді.

Жиырмасыншы жылдар поэзиясының тарихында көп ауызға алынбай келсе де, өлеңдерімен көрінген Ғұмар Қарашев пен Бернияз Күлеевті атау қажет. Екі тұлға да көркемдік ой құдіреттілігімен тез танылып, тез ұмтыла бастағандай әсер қалдырады. Бұған олардың ерте қайтыс болып кетулері де себеп болды.

Қорыта айтқанда, жиырмасыншы жылдар поэзиясы - жаңа орнаған Кеңес өкіметі тұсындағы екі ұдай күрестің, өмір үшін арпалыстың, от пен судың екі ортасында тұрғандай сезімді бастан кешірді. Төңкерісті қолдау, қолдамау, бостандық үшін күрес, таптық ара-жікті ажырату, бай-құлақтарды тап ретінде жою, азаматтық соғыс, кәмпеске, тағы басқа толып жатқан өмірлік проблемалардың қайнаған ортасында-қазақ поэзия қайраткерлері бұл өмірден тыс қала алмады, қайта оны халыққа көркем тілмен түсіндіру, ұғыңдыру мақсатында өлен-жырды ұлы қару етті. Сол жолда сан адасты, сан қателесті, бірақ, адасса да ақындардың жүрегі «халқым», «елім» деп жүріп адасты. Жол тапса да «елім-жұртым» деп жол тапты. Халық алдында көсемсөз айта білді. Оны жұрттың біреуі үқты, біреуі ұқпады. Қалай десек те, қай ақынды алсақ та жүрегінің түбінде «тәуелсіздік», «бостандық» деген ұлы ұғымдар жатты. Сол ұғым үшін жалаң үгіт өлеңге де барды, дегенмен ертеңін ойлаған талант-дарындар көркем ойдың баяндылығына ден қойып, науқандык жырлармен қатар, ғасырдан ғасырға жетіп, халықтық мұраға айналар дүниелерді жазуды да ұмытпады. Аласапыран өмірдің дүлейлі жолында ұмытылып, қиындыққа шыдамай тасада қалған дарын иелері де болды. Қасірет, қайғыға мойымай, басын тау мен тасқа ұрған дарынды есімдердің шоғырлы жұлдызы елдік, азаматтық ар-ождан поэзиясынан айнымады. Сол азаматтық поэзияны темірқазық еткен бірнеше ұлы есімдер жиырмасыншьг жылдар поэзиясынан өз орнын алып, енді айтылып зерттеліп отыр. Қорыта айтқанда, жиырмасыншы жылдардағы қазақ поэзиясы - қайшылығы мол күрделі жылдар поэзиясы.

Наши рекомендации