Психодраманың әдістемелері

Психодраманы жүргізу кезінде келесі әдістемелер қолданылады:

1. Өз- өзін көрсету (самопрезентаця)

2. Монолог

3. Дублирлеу

4. Рөлдермен ауысу

5. «Бос» орындық және «биік» орындық

6. «Айна»

7. Мүмкін болатын болашақ өмірлік ситуацияларды ойнау

8. «Артыңда»

9. Идеалды басқа адам

10. Сиқырлы магазин

1. Өз- өзін көрсету (самопрезентация).Бұл ең қарапайым техникалардың бірі. Ол қысқа рөлдік әрекеттер сериясынан тұрады. Протагонист өз- өзін немесе өзіне маңызды адамды бейнелейді. Бұл әрекеттерде протагонист жалғыз қатысушы болып табылады және көрсетілім субъективті болып шығады.

2. Монолог. Бұл техника өзінің әрекеттерін сахна ортасында түсіндіру сияқты көрінеді. Монолог проблема авторының репликалары. Бұнда ол проблеманың мәнін ашады, өзінің ойлары мен сезімдерін айтып жеткізеді. Актердің көрсететін персонажы басқа адамдарға емес, өзіне арналады. Бұл тиімді әдіс протагонистке өз эмоцияларына сырттан қарауға мүмкіндік береді және жағдайға өзінің реакциясын анализдейді.

3. Дублирлеу.Психодрамада дублирлеу проблема авторының рөлін алатын екінші біреудің көмегімен жүзеге асырады. Ол адам автордың «ішкі дауысы» рөлінде болуы мүмкін.

Двойник немесе екінші «мен»- протагонисті кез- келген уақытта алмастыра алатын қатысушы. Егер протагонист өз әрекеттерін жалғастыра алмаса, двойник оған көмектеседі. Кейбір топтарда топ қатысушылары әрекетіне біресе протагонист, біресе двойник болып кіріседі. Двойник тура сондай күйді қабылдайды, тура солай әрекет етеді, осылайша ол протагонистке өз рөлін ойнауға көмектеседі. Ол нейтралды, ирониялы, құмаршыл және оппозиционер бола алады.

Нейтралды двойник-протагонистің сезімдерін қолдайды немесе біраз күшейтеді.

Ирониялы двойник-протагонистің рөлін ирониялы, юмористік түрде орындайды және проблеманы тереңірек зерттеуге итермелейді.

Құмаршыл двойник-протагонистің сезімдерін күшейтеді, оларды ашығырақ, нақтырақ қылады.

Двойник- оппозиционер-протагонист позициясына қарсы позицияны ұстауға тырысады. Ол оның зейінін альтернативті қылық- әрекет түріне аударуға тырысады.

4.Рөлдермен ауысу.Рөлдермен ауысу кезінде протагонист психодрамада қандай да бір фигура рөлін ойнайды, ал көмекші «мен» протагонист рөлін алады. Рөлдермен ауысудың мақсаты- көмекші «мен» ретінде ойнайтын адам протагонистің орындауына қарап өзінің рөлін анық ұғыну болып табылады.

Бұл әдістеме, бір жағынан протагонистің қиындықтарын түсіну, өзінің ойларын нақты білдіруге көмектесу болса, екінші жағынан- көмекші «менге» жағдайды өзіндік түсіну мен оған өзінің қатынасын білдіруге мүмкіндік береді. Мысалы, жұбайылар арасындағы ұрсысты ойнағанда, протагонист рөлінде әйел, ал көмекші «мен» күйеуі болғанда, оларды рөлдерімен ауысуды сұрайды. Бұндай жағдайда психодрамалық әрекет мүлде басқа бағыт алады: конфликтіні шешуге көмектесу немесе қандай да бір жағдайда әрекет- қылықтың адекватты формасын табу.

Рөлдермен ауысу кіші және орта жастағы балалармен жұмыста эффективті қолданылады. Балалар ата- ана мен үлкендер рөлін қызыға таңдайды, осылайша жаңа әлеуметтік тәжірибені меңгереді.

Үлкендерде рөлдермен ауысу- инсайтқа жетудегі эффективті және тез әдіс болып табылады.

5.«Бос» орындық және «биік» орындық.«Бос» орындық техникасын қолданғанда, клиент сахнадағы бос орындықта отырған өзінің антагонистін елестете отырып, өз проблемаларына әсер етеді. Клиент бұл фантоммен өзара әрекеттеседі, тіпті рөлдерімен ауысады. Басқа сөзбен айтқанда, клиент жоқ индивид позициясынан фантомды индивидпен әрекеттеседі.

«Биік» орындық техникасын қолданғанда қарапайым орындықтың астына бірдеңе қояды, яғни басқалардан биігірек болуы керек (ол басқалардан биік болуы үшін орындыққа шығуы мүмкін). Бұл клиент- протагонистке күш беруі үшін жасалады.

«Биік» орындық тәжірибесі клиентке қауіпті шындықпен тиімді күресуге көмектеседі.

6.«Айна».«Айна» жаттығуы мазмұны бойынша «Рөлдермен ауысу» жаттығуына жақын келеді. Айна протагонистке оны басқалары қалай қабылдайтынын ұғуға мүмкіндік береді. Режиссер дәл осы әдісті қолдануға кез жеткенін сезгенде, ол клиентке шетке тұрып, оны қосымша «мені» қалай бейнелейтінін бақылағанды ұсынады. «Айна» өздерінің іс- әрекетіне сырттан қарауға мүмкіндік береді және өзінің әрекеттеріне жаңа көзқарасты қалыптастырады.

Бұл әдіс топта қолданылады. Мұнда өзін жағдайға байланысты ұстауына басты назар аударылады. «Айна» клиент пен өзінің қосымша «менінің» арасындағы визуальді және вербалды байланысты тудырады.

«Айна» техникасы «Рөлдермен ауысу» сияқты, клиентке оны басқалары қалай көреді және оған қалай әсерленетінін түсінуге көмектесу үшін қолданылады. Режиссер бұл техниканы қолдану дұрыс деп санағанда, протагонист шетке тұрады немес басқа да көрермендермен бірге отырады. Ол қосымша «мен» актері оның рөлін ойнағанын бақылайды, яғни протагонистің өзін бейнелейді және протагонист жағдайының немес әрекет- қылықтың психодрамалық көрінісіндегі басқа көмекші «мендермен» әрекеттеседі. Олар клиенттің қылық- әрекетін өздері қалай көреді, солай бейнелейді. Осылайша, клиент өзінің бір бөлшегін басқалардың көзқарасымен көре алады. Бұл әдіс регрессивті және аутентифті клиенттермен жұмыста эффективті болып табылады.

7.Мүмкін болатын болашақ өмірлік жағдайларды ойнау.Қатысушылар, егер драматизделген проблемалық жағдай басқалай болғанда немесе басқа жолмен шешілген болса не істейтіндерін елестетулері керек. Мүмкін болатын жағдайлар ойналады. Бұл әдіс протагонисті болашақта мүмкін болатын жағдайға дайындау.

8. «Артыңда».«Артыңда» техникасының мәні мынада, яғни клиент сахнада орындыққа көрермендерге артпен отырады, ал режиссер көрермендерді клиентті талқылауға шақырады.

9.Идеалды басқа адам.«Идеалды басқа адам» техникасын қолдану клиенттің психодрамалық әрекеттің соңында қысымдылықты төмендетуге көмектеседі, сонымен қатар өзіне деген қатынасты сезінуге мүмкіндік береді. Психодрамада бейнеленетін «басқа адам» жұбайылардың, ата- ананың, достардың біреуі болуы мүмкін. «Идеалды басқа адам»- көмекші «менді» бейнелеуші болып табылады.

10.Сиқырлы магазин.Психодрамада кең түрде қолданылатын жаттығулардың бірі «сиқырлы магазин» ойыны болып табылады. Бұл техника клиентке өмірдегі өзінің шынайы мақсаттары мен армандарын түсінуіне көмектеседі: клиент «сиқырлы магазин» сатушысымен әрекеттеседі, оны көбінесе көмекші «мен» немесе режиссер бейнелейді. Режиссер қатысушылардан сахнада дүкен ашылғанын және онда керемет заттар: махаббат, ерлік, ақыл, дарындылық және т.б. сатылатынын елестетуді сұрайды. Магазин сатушысы клиентке қалаған нәрсенің барлығын ұсынады: байлық, бақыт, генийдің интеллектісі. Мысалы, біреу «сыйласымды» сұрайды. Дүкен қожасының рөліндегі режиссер нақтылайды: «қанша сыйласымдық керек», «кімнен», «немінеге байланысты» және т.б.

Магазин сатушысы клиенттен төлем сұрайды, пациентке қымбат бір нәрсе. Мысалы: денсаулық, махаббат, тәуелсіздік, абырой. Бұл клиентті дилемма алдына қояды және әдетте тез арада өзінің ішкі дүниесіне үңілуге итермелейді.

Психодраманың қасиеті болып белсенді жұмысқа барлық топ мүшелерінің қатысуы табылады. Әсіресе көмекші «мен» рөліне таңдалғандар. Психодрамаға топтық нормалар , ортақ топтық тақырыптар сияқты топтық динамиканың аспектілері маңызды.

Тәжірибелі режиссер түрлі таңдаулы әдістемелерді қолданады, олардың көмегімен психодрамалық әрекеттің дамуын басқарады, катарсис пен инсайтты тереңдетіп, күшейтеді.

Арттерапия

Арттерапия біздің ғасырымыздың 30-шег жылдарында пайда болды.

Арттерапия (өнер терапиясы) терменнін ең алғаш рет Адреан Хилл (1938) өзінің санаторидегі туберкулезбен ауыратын адамдар жөнінде жазған еңбегінде қолданған адамдар жөнінде жазған еңбегінде қолданған.Бұл термин ауруханалар мен психикалық денсаулық сақтау орындарындағы өнермен қатысты іс-шараларда кеңінен қолданыс тапты. Психотерапияның бұл түрі өнерге негізделген, соның ішінде бейнелік және шығармашылық өнерге.

Арттерапия алғаш 3. Фрейд пен К.Т. Юннтың теориялық идеясының контексінде туындап, кейін гуманистік даму моделінде К. Роджерс пен А. Маслаудың концепцияларында кезінен қолданады.

Артерапияның негізгі көздеген мақсаты тұлғаның өзін-өзі тануы мен өзін-өзі айқылдауын, тұлғалық үйлесімділігінің дамуын қамтамасыз ету. К. Юнгтың айтуы бойынша өнер, әсіресе ақыздар мен мифтер адамның индивидуалдануына, өзін-өзі дамытуына, өзінің саналы және астарсаналы «Менің» теңестіруде өте маңызды.

Арттерапиялық әсер етудің маңызды техникасына белсенді қиял техникасы жатады. Ол адамның санасы мен астарсанасын саныстырып, оның қайсысының белсенді екендігін анықтау.

Гуманистік бағытты ұстанушылардың айтуынша арттерапияның коррекциялық мүмкіндіктері климетке өзін-өзі жариялауына, өзін-өзі ашуына яғни шығарымашылығының өнімі арқылы өз «менін» дәлелдеуіне, тануына жағдай жасаумен ерекшеленеді. Клиент жасап шығарған өнім немесе туынды оның өнерге деген қатынасын, көрсетеді. Шығармашылықтық нәтижесі айналадағы адамдарға ұнаған жағдайда клиенттің өзін-өзі бағалауы, өзін-өзі қабылдауы жоғарылайды.

Алғашқыда арттерапия психоаналитикалық көзқарасқа бағыттайды. Яғни клиенттің шығармашылық процесті көрсетеді делінді. Арттерапияның ауқымы өте кең 1960 жылы Америкада америкалық арттерапиялық ассоциация құрылды. Осындай ассоцияциялар Англия, Жапония, Голландия сынды елдерде де пайда болды. Психиятриялық және жалпынай емханаларда, клиникаларда, орталықтарда, мектептерде, абақтыларда, университеттерде жүздеген білікті арттерапевттер қызмет етеді.

Арттерапия негізгі және қосалқы әдістеме ретінде де қолданылады. Оның психологиялық – коррекциялық екі негізгі механизмі бар.

Бірінші механизм – бұл эстетикалық реакция табиғатымен байланысты яғни «жағымсыз аффект жағдайынан сезіміне ауысу» (Л.С. Выготский, 1987)

Наши рекомендации