Ислам мемлекеті» делі­нетін лаңкестік топтың артында кім­дер­дің тұруы ықтимал? Олар кімдер деп ойлайсыз?

ДАИШ - ЗАМАН ҚАСІРЕТІ

(топтастырылған мақала-сұхбаттар)

Атырау, 2016 жыл

Редакциялық алқа:

Е.Шохаев, Ж.Есенғалиев, М.Кикимбаев, А.Құбашқызы, Ү.Оразбаева

Жинақта әлеуметтік парақшалардағы ДАИШ және басқа да террористік ұйымдардың теріс мәнін, сондай-ақ, радикалдық діни идея ұстанушылар қатарына кіріп кету қаупін көрсететін мақалалар топтастырылған.

«ДАИШ – заман қасіреті» атты мақалалар жинағы

Мазмұны

Бақытбек СМАҒҰЛ

ИМАНДЫ АЙДАЛАДАН ЕМЕС, АЙНАЛАҢНАН ІЗДЕ.. 5

Төлеу ҒИБАДАТ

ДАИШ ҰЙЫМЫ – ОЛАР КІМДЕР?. 12

Амантай РАУШАН

ДАИШ — АДАСТЫРУ МЕН АДАСУ.. 15

Мұхан ИСАХАН

ДАИШ – ИСЛАМҒА ЖАТ ҚҰБЫЛЫС.. 20

АЛЛАҒА ОРАЛУ МЕКЕНІ СИРИЯДА ЕМЕС, ӘРКІМНІҢ ЖҮРЕГІНДЕ, ӨЗ ОТАНЫНДА.. 25

Құдайберді БАҒАШАРОВ

ДАИШ-ТЫҢ ҚАУПІ АСҚЫНЫП ТҰР. 29

Ершат ОҢҒАРОВ

СИРИЯ МЕН ИРАКТАҒЫ СОДЫРЛАРДЫҢ ЖАСАП ЖҮРГЕНДЕРІ «ЖИҺАД» ЕМЕС.. 33

Еркінбек ШОХАЕВ

ТҮНЕКТЕ ЖҮРГЕН ТАҒДЫРЛАР. ДАИШ – АДАМИ ҚҰНДЫЛЫҚТАН АДА БОЛҒАНДАР ТОБЫ...................36

Жалғас САДУАХАСҰЛЫ

ДАИШ ТҰЗАҒЫ НЕМЕСЕ СОҚЫР СЕНІМНІҢ САЛДАРЫ... 42

ДАИШ: БЕТПЕРДЕНІҢ АРҒЫ ЖАҒЫНДАҒЫ КІМ?. 46

ПАЙҒАМБАР АЙТҚАН ХАУАРИЖДЕР – ОСЫЛАР. 56

Алау ӘДІЛБАЕВ

СИРИЯДАҒЫ СОҒЫС САРСАҢЫ... 64

Алау ӘДІЛБАЕВ

«ЖИҺАДҚА» ЖАНАСПАЙТЫН «САЙТАН ТІРЛІК». 71

Мұхиддин ИСАҰЛЫ

ДАИШ ТЕРРОРИСТЕРІ –ШЕЙХСЫМАҚТАРДЫҢ ЖЕТЕГІНДЕГІ САУАТСЫЗ ТОБЫРЛАР. 80

Сұлтанмұрат АБЖАЛОВ

ТҰТЫНУШЫЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯ - ТЕРРОРИЗМ ТҰЗАҒЫ... 86

Балғабек МЫРЗАЕВ

ДАИШ-ТЕН КЕЛЕР ҚАУIП ҚАНДАЙ?. 91

Александр ТАСБОЛАТОВ

ҚАНҚҰЙЛЫ ҚЫРҒЫН КІМГЕ КЕРЕК?. 93

Джеймс МИЛЛЕР (ағылшын тілінен аударылды)

ИМ ТОБЫНЫҢ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРАЛЫ... 103

ИМАНДЫ АЙДАЛАДАН ЕМЕС, АЙНАЛАҢНАН ІЗДЕ

Бақытбек СМАҒҰЛ,

Парламент Мәжілісінің депутаты,

Ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының

«Қазақстан ардагерлері» қауымдастығының

Төрағасы

Парламент Мәжілісінің депутаты, Ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының «Қазақстан ардагерлері» қауымдастығының төрағасы Бақытбек СМАҒҰЛМЕН әңгіме.

Бүгінгі күні Сирия мен Ирак аумағында орын алып отыр­ған қанды қырғын бүкіл әлемді әбігерге салуда. Әу бас­та сырт көзге «Араб көктемі» атты көтерілістің Сириядағы жалғасы секілді көрін­ген бұл үрдіс 2014 жылдан бас­тап жаңа сипатқа ие болды. «Араб көктемі» – әлеуметтік аз қамтылған қалың бұқараның авторитарлық билікке қарсы көтерілуі еді. Ал 2014 жылы осы дүрмектен бөлініп, «Ислам мемлекеті» («ДАИШ») атты жаңа дүмпу шықты. Халықты қанға бөктірген қанқұйлы топ өздерінің барлық сорақы істерін ислам шариғатымен ақтап алуға тырысып бағуда. Бірақ, сарапшылар «ДАИШ»-тың сыртқы күштердің әсерімен жа­салған исламофобиялық ойын екенін алға тартады. Сіз не айтасыз?

− Иә, «ДАИШ» бүгінде қан­­­төгіс жолымен Сирия мен Ирак­тың біршама аумағын жаулап алды. Қазір террорлық ұйым­ның аталған аймақтардағы қан­ды-қасап іс-әрекеттері әлем жұрт­шылығын шошындырып отыр. Оның қызметіне БҰҰ-на мүше көптеген мемлекеттермен бірге, Қазақстанда да тыйым са­лынған.

Ислам атын жамылған бұл қарулы құрылым бір күнде пайда болған жоқ. Бұл трансұлттық террорлық топ Ирактағы атышулы «Әл-Каида» террорлық ұйымы секілді он шақты әр­түрлі экстремистік топтардан құрылғандығы белгілі. «ДАИШ» террорлық ұйымы 2014-2015 жыл­дардың өзінде Таяу Шығыстың талай жерін қанға бөктірді.

Таяу тарихтан белгілі бол­ғандай, мұндай ұйымдар Сирия­дағы 2011 жылы басталған сұ­рапыл соғысты ұтымды пай­да­ланып, қару-жарақ, мұнай көз­дерін және тағы басқа бай­лықтарды оңай қолға түсіруді ғана қалайды. Өкінішке қарай, олар осы мақсаттарын жүзеге асыруға біршама қол жеткізгені бәрімізге мәлім. Алайда, мұның барлығы қандай құнмен іске асты? Толыққанды қалыптас­қан, тарихы мен өркениеті бай бү­тіндей бір елді геноцидпен қырып-жою орын алуда. Бү­гінде әлемдік БАҚ өкілдерінің мәлімдеуінше, соғыс зардабынан 1 миллионнан астам адам қы­рылып, 4 миллиондай адам елін тастап, босқынға айналып кетті. Қарулы қырғыннан аман қалғаны оқшауланған қалаларда аштық пен аурулардан жапа шегіп жатыр. Мұндай сұмдықтың басталуы мен жалғасуына жол берген қарулы топтарды әсте діни ұйым немесе мемлекет деп атауға болмайды.

Ислам мемлекеті» делі­нетін лаңкестік топтың артында кім­дер­дің тұруы ықтимал? Олар кімдер деп ойлайсыз?

– Әрине, ешбір қарулы топ бір мемлекеттің әскери қорғанысын тек өз күшімен бұза алмайды. Ол үшін көп қаражат пен сырт­қы күштердің қолдауы қажет. Айталық, Ауғанстандағы «Тали­банмен» жүргізілген соғыс, сондай-ақ, Солтүстік Кавказдағы қарулы қақтығыстардың еш­қай­сысы сыртқы күштердің қолдауынсыз жүзеге асқан емес.

Сирия мен Ирак − алпауыт мемлекеттердің саяси-эко­но­микалық мүдделері тоғысқан жер. Яғни, «ДАИШ»-тың пайда болуы, қаржылай қолдау табуы, қанатын кеңге жаюы сыртқы күштердің ықпалымен болып отыр. Әйткенмен, лаңкестік топқа көмек қолын созғандардың кімдер екенін дөп басып айту қиын. Бұл сауал аясында ақпарат кеңістігінде таласты пікірлер көп.

Наши рекомендации