Балаларға қауіпсіз ақпарат ұсыну маңызды

- Өзіңіз айтып өткеніңіздей, экстремистік, террористік бағыттағы идеялар, радикалдық үндеулер негізінен ғаламтор ресурстары арқылы жүргізіледі. Ғаламторды жиі қолданатын баланы интернет насихатшылардан сақтандыру үшін не істеу қажет?

- Мемлекеттік органдар жеткізуге тырысып жатқан ақпараттарды оқуға машықтану қажет. Бұл тікелей ата-анаға қатысты мәселе. Әке-аналарымыздың діни сауатсыздығы көп жағдайда балалардың жат ағымға ілесуіне әкеліп жатады. Қазіргі таңда қажетті ақпаратты алуға толық мүмкіндік бар. Қазақстанның барлық аймағы бойынша, баспасөз беттерінде, телеэкрандарда, арнайы ашылған интернет-ресурстарда экстремизм мен терроризмге қарсы ақпараттық күрес жүргізіліп отырады. Балаға ең алдымен көмекке келетін агент ата-ана болып табылады. Сондықтан, мамандармен кеңесе отырып, балаларға террористік ұйымдардан келетін қауіптер туралы ескертетін көркем фильмдер, деректі кинолар, бейнероликтер көбірек көрсетіңіздер. «Қазақтелеком» компаниясы ұсынған арнайы қызметті пайдаланып, балаңызды қауіпті сайттардан, қажетсіз ақпараттардан сақтандыра аласыз. Баламен жиі сөйлесіңіз, ашық пікірлесіңіз.

Шетелден қаржы толастамай отыр

Сәләфтар проблемасы да қоғамда өткір тұр. Осы ағым жетегінде жүргендерді хақ исламға қайтаруға қаншалықты мүмкіндік бар?

-Сәләфтарды үш категорияға бөліп қарастыруға болады. Бірінші категориядағылар – деструктивті идеяларға терең беріліп кеткендер және ол идеяларды фанатизм деңгейінде насихаттайтындар. Мұндай адамдар әдетте үлкен немесе шағын топтардың басшысына айналады. Екінші категориядағылар діни ілімі, теориялық дайындығы болмаса да, өз іліміне берік сенеді. Үшінші топтағылар – сәләфизм бағытына енді-енді бой ұра бастағандар.

Ой. Пікір. Ұсыныс.

Ақтөбедегі әріптестеріміз қанды оқиғаны салафилік-уахабилік идеяны қолдаушылармен байланыстыруда.

Біріншіден, сәләфилікке ерушілердің діни сенімі мен ұстанымдары мемлекетке қарсы агрессиялық сипатта екені белгілі. Ал, адам баласының бойына қалыптасқан көзқа-растық агрессия түбінде іс-қимылға айналуы әбден мүмкін. Біз Ақтөбе оқиғасынан мұның іс жүзіндегі дәлелелін көріп отырмыз.

Екіншіден, қазірге дейін ғаламторда жарияланған бейнематериалдардан қылмыскерлердің жеткілікті деңгейде дайындықтары жоқ жастар екені көрінеді. Қаруды ұстауды да дұрыс меңгермеген. Бірақ, агрессиялық тұрғыдан қажетті деңгейде қан төгуге және өлуге дайын болған. Бұлардың арасында діни сауаты терең тұлғалар бар деп ойламаймын. Себебі, біздің еліміздегі сәләфилік ағымның уағызшыларының өзі жоғары деңгейде діни сауатты емес.

Үшіншіден, бұл топты ДАИШ-пен байланыстырушылар да бар. Ол жағын құзырлы органдар анықтай жатар. Бірақ, сол ДАИШ-тің теологиялық және діни идеологиясының сәләфилік екенін ешкім жасыра алмайды. Сондықтан, сәләфилік ағымға қатысты есебімізден жаңылмау үшін бұл мәселені назардан тыс қалдырмауға тиіспіз.

Төртіншіден, бұл оқиға елімізде сәләфилікке қатысты батыл саяси шешім қабылдауға тағы да қатаң негіз болады деп үміттенеміз. Біздің теологтарымыз, мамандарымыз олармен жеке жұмыс жүргізіп те отыр. Осы ретте оңалту процесінде кездесетін проблемаларды атап өткім келеді. Біріншіден, олар «хақ жолда жүрміз» деп есептейді. Сондықтан, біздің көмегімізді тура жолдан тайдырушылардың әрекетіне балайды. Екіншіден, жат ағым лидерлері оларға басқа ұстаздарды тыңдамауға «үкім» беріп тастаған. Сол арқылы олар салыстырып, шешім қабылдау мүмкіндігінен айырылып отыр. Үшіншіден, адасқандардың арасында топтан кетуді сатқындыққа балайтындар да бар. Яғни, теологтар пікірінің дұрыстығына көз жеткізе тұрып, адасқандардың арасында достарының барын айтып, екіұдай күй кешетіндер де табылады. Төртіншіден, жат ағымдар шет мемлекеттерден ұдайы қаржыландырылып отырады. Оларды қолдаушы беделді топтар еліміздің ішінде де бар. Атап көрсетілген алғашқы үш мәселемен біз күресе аламыз. Бірақ, төртінші мәселе – құқық қорғау органдарының құзырында.

ДАИШ ТҰЗАҒЫ НЕМЕСЕ СОҚЫР СЕНІМНІҢ САЛДАРЫ

Наши рекомендации