Тұлғаның әлеуметтік өрлеуінің негізгі механизмдеріне сипаттама беріңіз

Американ психологы А.Маслоу өзінің «Мен» өзін жүзеге асыру `(самоактуализация) жөнінде» деген еңбегінде адамның өзгелерге қатынасы жөнінде былай деп жазған: «Өзгеге өзіңе қарағандай қара, ал екінші өзін айналаны қалай қабылдаса, өзгені солай қабылдайды». Американ ғалымы Э.Шостром А.Маслоудың бірінші типтегі адамын – актуализатор, екінші типті - манипулятор деп атайды. Осы екі типті зерттей отырып, актуализатор типін - әділ, ашық, қызығушылығы тұрақты, өзіне сенімді десе; манипулятор типі – адамдармен қатынас жасағанда барынша бетпердешіл екі жүзді, өзгелерге немқұрайлықпен қарайтын және т.б. деп есептейді.Манипуляторларды салыстыра отырып, олардың арасындағы айырмашылықтарды өзіне және өзгелерге қатынасын, негізгісі күнделікті өмірдегі мінез көріністеріне байланыстыдеп көрсетеді. Э.Шостром манипулятордың сегіз түрін анықтайды:

Диктатор (мінезінде ашық күшті мәнерге тән);

Шүберек (таусылмайтын ойында беріліп ойнау сипаты тән);

калькулятор(салқын, үнемшілдік тән);

жабысқақ (қорғансыздықты имитациялау мен үнемі қорғанды қажет ету тән);

бұзақы (айналасындағыларды өз қызығушылығына қарай террорлау тән);

жақсы жігіт (өзін тақтада деп ойнақтау тән);

сот (жазалау позициясымен объектіге қатынасын манипуляциясын демонстрациялау тән);

қорғаушы (өз мақсатына байланысты оларды қорғаушы рольін екі жүзділікте ойнау тән).

Тұлғаны әлеуметтік-психологиялық талдауда Юнганың типологиясы: экстровертті және интровертті түрлері ерекше маңызға ие. Бұл типтерді толықтыру мақстында психикалық төрт процесті: ойлау, эмоция, түйсік, интуиция қатысымен төрт түрі ішінара бөлді. Оларды: ойлағыштық, эмоциональдық, түйсінушілік, интуитивтік тип деп төртке бөлді.

Э.Шпрангер өмірлік құндылықтарына байланысты тұлғаның алты түрін:теориялық, экономикалық, эстетикалық, әлеуметтік, саяси, діни деп қарастырды.Американ психологы Хорни адамның басқа адамдармен қарым-қатынасына қарай тұлғаның үш типін қарастырды:

Үйірсек тип;

Агрессивті тип;

Жатырқаушы тип.

Үйірсек тип – сүйікті, сыйлы болу мен қамқорлықта болу үшін қарым-қатынасқа жоғарғы қажеттілікке ие және өзгелер бағасына «мені сүйер ме екен, маған қамқорлығы қандай болар екен?» деуші тип.

Агрессивті тип - өзгелерге қатынасын мақсатқа жету құралы ретін құру тән. Мұндай адамдар үстем болуда қарсылықты қаламайды, өзге адамды «маған көмектесіп, пайдасы тиеді ме?» деген тұрғыдан ғана қарайды.

Жатырқаушы тип – мұндай типтегі адамдар эмоциональді келеді. Олар топтық іс-әрекетке қатысқанды қаламайды, қарым-қатынасқа қауіппен, жамандықтан құтыла алмайсың деп өзгелермен қарым-қатынасын дистанцияда ұстауды қалайтындар. Егер біреумен кездесе қалса «мені жайыма қалдыра ма екен?» деген өзіне сұрақ қоятындар.

Норакидзе адамның мінезі мен ішкі себептер сәйкестігіне қарай тұлғаны үш типке бөледі:

Гормониялық тұлға;

Конфликтілі,қайшылықты тұлға;

Импульсивті тұлға.

Гормониялық тұлға – мінезі мен ішкі мотивтері: ниет, моральдық принциптер, борыштық сезім, нақты мінездері арасында дау-дамайы жоқ, үйлесімді тұлға. Әлеуметті бағдарланған және адекватты.

Конфликтілі, қайшылықты тұлға – мінезі мен себептер арасында қайшылығы бар, ниетіне іс-әрекеті, іс-әрекетіне ниеті үйлеспейтін адам.

Импульсивті тұлға – тек өз ниетіне байланысты ғана әрекет ететін, егер ниеті болмаса, іштей әсер етуге лайықты. Мұндай адамдар екі жүзділікпен өзін боямалап, іскер, ымырашыл, дербес етіп көрсетуі де мүмкін.

Адамның әлеуметтенуін қарастырмас бұрын адам табиғаты мен адамның даму үрдісіне қажетті шарттарды қарастырып алған орынды.

Тұлға күшінің табиғаты. Күш-толымды өмір, оның көптеген қыры мен мәні деген сөзі.Әскери, саяси, қаржылық, құқықтық дамадар ісінде күш бар. Дегенмен, адамдар мұндай күш иелеріне сене бермейді.

Тұлға күші басқа күш формасынан айырмасы бар.Сайлаушылар еркі мемлекеттік төңкеріс, брижа акциясының төмендеуі, мұғалім мен ата-ана және милиция қиқарлық, нұсқаушылары немесе жоғарылау төменге берге емес. Ол үстемдікке қатысы жоқ. Тұлға үстемдігі осалдардың көрінісі, олардың үрейі мен өззімшілдігінің белгісі.

Тұлға күші-білімге, бабылдық пен ынтымақтастыққа негізделеді.Тұлға күші-ақыл-ойды жүрегімен сезген және іске асырған даналығы мен тәжірибе

Тұлға күшін-молшылық, билік, даңқ және қызметтік жағдаймен салыстыруға болмайды.Мұндай күштілік уақытша қызмет жағдай, мәртебеге байланысты сағымда болумен тең. Қызмет жағдайы тоқтағанда мұндай тұлғалық күш жойылады. Сондықтан, мұндай тұлғалық күш көз баямалық сипатқа ие болады. Тұлға күші кедей, бай немесе білімді, білімсіз деп талғап барып келмейді және сонымен бірге ол кездейсоқта берілмейді. Ол адамның тырысуынан туындайтын ішкі қуат. Тұлға күші-адамның өзбетінше ойлануы, ниет шынайлығы мен тереңдігі, адамның өз өмірінде жинақтаған табиғи даналығы.

Тұлға күші-ақыл-ой, жүрек және дене саулығы мен еркінің (синтезі) бірлігі «тұлға күші» сыртқы қоғам жағдайына емес, тікелей тұлғаға қатысты күш. Ол уақыт және кеңестікте туындап жинақталады және ол олардан тыс өмір сүреді. Тұлға күші бүкіл ғұмырында бір кезеңнен екінші кезеңге өткенде жинақталып отыруы және ерік, ықылас және қиялына байланысты дамып, беки түседі.

Тұлға күші күнделікті тәжірибеге байланысты жинақталып, төрт ықыластан тұрады.

1.Қиындықты жеңіп шығу.

2.Өзін-өзі бақылау.

3.Үндестікте болу.

4.Мұраттылық.

Наши рекомендации