Естің жемісті болуы№ 2 сызба.
Естің жемісті болу шарттары
даярлығы |
дәлдігі |
кѳлемі (мѳлшері) |
тездіп |
ұзақтығы |
№3 сызба. Естің тиянақты әрі жемісті болуына Әсер ететін себептер.
нәрселердің байланыс жүйелерін, тірек боларлық желісін табу; 6) қабылдаған нәрселерді ѳз сѳзімен құрастыру, сѳйтіп қажетті материаалдарды есте қалдыруды жеңілдету; 7) ѳз еңбегін, оқуын дүрыс ұйымдастыра білу; 8) сапалы түрде қайталап, пысықтап отыру.
Мұндай талаптарды орындау адамның ақыл-ой кені болып саналатын ес пен тығыз ұштастыру; 5) қабылдаған жадында сақтауын дамытып отыруға пайдалы ықпал етпек.
Есте сақтаудың тиімді әдісі мен жемісті болуы қажетті материалдарды жаттап алуға байланысты. Бұл тәсілдің де ѳзіндік амал-әрекеті, жүйесі бар?. Кез-келген жаттау жемісті бола бермейді. Ғылымда есті дамытуға арналған жаттау тәсілін — мнемоника деп атайды. Бұл латын сѳзінен шыққан. Мәнісі — жаттап алу амалы, есті дамытудың тиімді жолының бірі. Естің жемісті болу шарттары № 2, 3 сызбаларда кѳрсетілген.
§ 4. Қайта жаңғырту, тану мен ұмыту
Қайта жаңғырту еріксіз және арнайы болып екіге бѳлінеді. Еріксіз қайта жаңғырту — мақсатсыз. Мысалы, музыканттың белгілі ән-күйлерді күнде орындауы. Арнайы қайта жаңғыртуда белгілі мақсат болады. Оған адам ѳзінің ерік-күшін жүмсайды, арнайы әдіс-тәсілдер қолданып, бұрынғы қабылдағандарын қайта жаңғыртып, жүзегё асырады.
Тану — естің бұрынғы қабылдағандарға кезіккенде көрінетін қайта жаңғыртудағы қарапайым түрі. Тану қабылдау дәрежесіне орай түрліше болады. Мәселен, кейбіреулер бұрынғы кѳргенін бірден айнытпай таниды, енді біреулер тіптен тани алмай қиналады. Тану үқсату- мен де байланысты. Мысалы, адам бір жерге келгенде, бұрын кѳрген сондай бір жерді есіне түсіріп, айналадағы нәрселерді соған ұқсатады.
Ес елестері. Жаңғырту бейне түрінде де болады. Бұрын қабылданған нәрселер мен қазір жоқ кѳріністің бейнесі еске түседі. Соған орай кѳрген нәрсенің бейнесі көзге елестейді, ал естіген нәрсенің дыбысы құлаққа келеді. Қабылдау процесіне бірнеше талдағыштар қатысады. Елестетулерді сѳзбен айтып та, пікірлер мен ой қорытындылары арқылы да тудыруға болады.
Елестетулер жалқы және жалпы сипатта да болады. Бір ғана нәрсені елестету — жалқы, ал жалпы елестету — тектес, ұқсас нәрселерді жеке-жеке қабылдау нә- тижесінде пайда болатын бейнелер. Жалпы елестетулердің тұрақтылығы, анықтығы жалқы елестетулерге қарағанда, солғын, кѳмескі болады. Адамның тікелей сезімдік танып білуі мен абстрактілі ойлау аркылы танымы арасындағы жалғастырушы кѳпір — елес деуге болады. Ѳйткені, елес ойлау әрёкетінде нәрселер мен құбылыстардың саналуан қасиет-белгілерінен елестеген жалқы нәрсенің қасиет-ерекшеліктерін ғана, жалпылап тануға бейімдеп отырады.
Ұмыту. Бұрын қабылданған материалдарды есте сақтамайынша, тани алмаймыз. Ұмыту дегеніміз — қабылданғанды, есте қалдырғандарды қажет болған кезде еске түсіре алмау, танымау немесе еске түсіру мен танудың қателесіп жаңылысуы. Ұмыту жүйке қызметінің күйіне байланысты. Жүйке жүйесі әбден шаршағанда не ауруға ұшырағанда, адамда үмытшақтық күшті болады. Ұмыту қабылданған материалдардың нашарлығына да байланысты. Жүйке жүйесінің нашарлауына орайұмытшақтық қартайғанадамдарда жиі кездесе береді. Мәселен, аты әлемге әйгілі табиғат зерттеушісі, ғалым Карл Линней әбден қартайғанда ѳзінің 40—50 жыл бүрьін жазғаң шығармаларын оқып отырып: «Шіркін-ай, мен осындай "шығарманың авторы болсам»,— деп таңырқапты. Атақты жазушы Вальтер Скотт «Айвенго» атты романын науқастанып жүрген кезінде жазыпты. Роман ба- сылып шығады. Ауруынан айыққан соң В. Скотт ѳз романының қай кезде жазылғанын еске түсіре алмапты. Мұндай құбылыс психологияда амнезия деп аталады және бұл құбылыстар мидағы тежелу, ѳшу заңдылықтарына байланысты. Бірақ өшкен, ұмытылған .байланыстар бір кезде жаңғырып, еске түседі. Бұл ес процесінде реминисценция делінеді. Мәселен, бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде немістерде тұтқында болған Ресей солдаты Германияда ұзақ жылдар бойы тұрып, кейін еліне оралады. Еліне келген соң арада бірнеше жылдан кейін бұрын меңгерген неміс тілін мүлде ұмытып қалады. Ауырып, ауруханаға түседі. Бір күндері бойы , сергігенде, ол орнынан тұрып, бүрынғыша немісше сѳйлеп кеткен.
Осы орайда, уақытша үмытуды сақтық тежелу деп атайды. Ұмыту — жүйке клеткаларындағы тежелу процестерінің дамуы, Адамның бүрынғы істеген қызметі қазіргі есте сақтау жүмысына бѳгет болса, оны проактивтік тежелу, ал бүрыннан есінде сақталған материалына кейінгі қызметі бѳгет болса, ретроактивтік тежелу делінеді. Мұндай жайттар мағынасы бір-біріне жақын материалдарды үйренуде жиі кездеседі. Оқу-тәрбие істерінде, әсіресе, сабақ кестесін жасауда осы мәселені айрықша ескеру қажет, яғни бір тектес пәндер мен тусінігі жеңіл, күрделі болып келетін пәндерді араластырып отырған жѳн.
§ 5. Естің даралық ерекшеліктері
Әр адам есінің ѳзіндік ерекшеліктері болады. Біреулер ееінде тез сақтап, анық жаңғыртады. Кейбіреулер белгілі бір нәрсені, суретті, ал басқалар сѳзді, енді біреулер ән-күйді, саз ырғағын есінде жақсы қалдырады. Ес осындай ерекшеліктеріне орай типтерге бѳлінеді. Мәселен: кѳру есі, есту есі, қиетыл-әрекет есі, аралас ес. Кѳру ёсіне бейім адам кѳргенін үзақ уақыт бойы ееінде сақтай алады. Үлы ақын А. С. Гіушкиннің есту есі ѳте күшті болған кѳрінеді. Есту есінің күштілігі мен нәзікті-. гі —қазақ ақындары мең жырауларына да тән қасиет.
Ес процесі есте қалдыру мен үмыту шапшаңдығына, олардың баяулығына орай мынадай тѳрт типке бѳлінеді: Есте сақтау Ұмыту
1.Шапшаң Баяу
2.Баяу Баяу
3.Шапшаң Шапшаң
4.Баяу Шапшаң
1-типтегі есі басым шәкірттер мен студенттер материалдарды бір-ақ рет оқыса да, тыңдаса да ееінде жақсы қалдырады. Есті дамытып, жетілдіріп отырудың басты шарты — адамның әр қилы іс-әрекеттері. Адам ѳміріндегі аса маңызды психикалық процесс — ес — ақыл-ой кені. Ақьіл-ойды тарих жасаған білім қорымен үнемі байытып, ерістетіп отыруға ұмтылу естің мән-мазмүнын тереңдете түспек.
Тѳртінші бѳлім
АДАМНЫҢ КѲҢ1Л-ҚҮЙ1 МЕН
ЭМОЦИЯСЫ ЖӘНЕ