Түйнек жемісті өсімдіктердің агробиохимиялық негізі

Биологиялық ерекшеліктері. Картоп - қалыпты өсуі мен дамуы үшін топырақтың және ауаның жоғары температурада болуын көп қажетсінбейді. Түйнектердің көктеуі 6 ...8ºС температурасы шамасында басталады, ал олар 17...20ºС шамасында неғұрлым қарқынды өсіп-өнеді және дамиды. Ауаның минимальды температурасы сақталғанда егілген өскіндер 36, кейде 50 күн дегенде 18...19ºС шамасында сақтағанда 19...20 күнде пайда болады. Сабағының өсуі мен дамуының оптимальды температурасы 20...25 ºС болып табылады. Бұдан жоғары температура картоптың өсуі мен дамуына кері ықпал тигізеді.

Картоп сабағы суыққа төзімсіз – 0,5ºС температурадағы суық пәлектің бір бөлігін зақымдайды, ал 1...2ºС температураға төмендегенде оның толық зақымдауына әкеп соғады.

Өсіп-даму кезеңі (отырғызудан жинауға дейінгі практикалық кезеңі) сортына байланысты 70...130 күн аралығында ауытқиды.

Картоп су, ауа және жылуды жақсы өткізетін терең қопсытылған топырақты қалайды. Картоптың өсіп дамуы үшін топырақтың оптимальды ылғалдылығы оның толық далалық су сыйымдылығының 60...80% болады. Максимальды суды қажетсінуі шанақтану, гүлдену және түйнек салу кезінде арта түседі.

Картоп қоректі, минералдық элементтерді көп қажетсінетін дақыл болып табылады. Ол минералдық және органикалық таңайтқыштарды жақсы қабылдайды. Сондай-ақ картоптың дамуына бор, марганец, мыс, цинк және басқа микроэлементтер айтарлықтай ықпал етеді. Дегенмен, картоптың микроэлементтерді сіңіруі көп болмаса да оның жетіспейшілігі (немес жоқтығы) өсуі мен дамуын тоқтатады.

Картоп – жылылық сүйгіш дақыл. Топырақтың тұқым отырғызылған тереңдігіндегі температура жоғарылған сайын картоптың отырғызу-көктеп шығу кезеңі қысқарады. Аталған тереңдіктегі топырақтың температурасы +18...25°С болғанда 13...15 күнде өніп, жер бетіне көктеп шығады.

 
  Түйнек жемісті өсімдіктердің агробиохимиялық негізі - student2.ru

Картоп түйнек саларда ауаның температурасы +15...18°С болғаны қолайлы (4 сурет).

4 сурет. Картоптың түйнек салуы

Картоп өсімдігінің суды қажет етуі оның өсуі мен даму процесіне қарай өзгеріп отырады. Ол алғашқы өсу кезеңіде ылғалды онша қажет етпейді, бірақ осы мезгілде шамадан тыс құрғақшылық болса, картоп тамырының дамуы нашарлайды, яғни өнімі төмендейді. Картоп үшін топырақтың ең жақсы ылғалдылығы оның толық су сыйымдылығының 70...80 пайызға тең екені анықталды.

Картоп жапырағы табиғи қурай бастағанына дейін осындай ылғалдылық болуы керек. Топырақта ылғал көп болса да қолайсыз, өйткені бұл дақылға залалын тигізеді. Картоптың транспирациялық коэфиценті 600...650-ге тең екенін ескерген жөн.

Картоп топырақта қоректік заттардың жеткілікті болуын қалайды.

Картоптың жақсы өсуіне ауа қажет. Топырақта ауа жетпеген жағдайда, әсіресе тығыз топырақта оның жер астындағы сабақтары бұтақтап кетеді, түйнекті де кеш байлайды, баяу өседі және кешігіп піседі. Оның ойдағыдай өсіп - дамуы үшін ауа еркін өтіп тұратын кеуекті топырақ қажет. Сондықтан картоп қара, қызыл - қоңыр топырақтарда жақсы өседі. Оған жақсы тыңайтылған құмдық және саздақ топырақтар да жарайды. Механикалық құрамы ауыр саздақ топырақ картоп өсіруге келмейді. Топырақтың қолайлы тығыздығы бір текше сантиметрге 1,0...1,2 грамм болуы қажет, ал бұл көрсеткіш 1,4...1,5 шамасында болса, онда картоп түйнегі қысылып, жөнді өспей қалады. Картоп қышқылы (рн- 4,5...5) топырақты ұнатады.

Картоп (Solanum tuberosum) – алқа тұқымдасына жататын бір жылдық өсімдік. Алғаш Оңтүстік Америкада өсірілген. Аса бағалы тағам, халықтың «екінші наны». Құрамында белок (өте бағалы амин қышқылдары), май, углевод (крахмал), А, В, Д, РР, әсіресе С витамині (100 мг түйнегінде 20 мг), минералды тұздар (Ca, P, Na, Cl, K, Te, I, S т.б.) бар. Картоп орамжапырақтан 2 есе, қызылшадан 3 есе құнарлы. Тамақ, кондитер, тоқыма, химия, крахмал-сіріне, парфюмерия өнеркәсіптерінің шикізаты.

Бір өлшем алаңнан жиналатын қоректік заттардың көлемі бойынша картоп алдыңғы орындарда орналасады. Көмірсулардан, ақуыздардан, кальций, фосфор, темір, натрий, хлор, калий тұздарынан, сондай-ақ микроэлементтерден басқа, түйнекте адамға қажет дәрумендердің бәрі дерлік және көптеген органикалық қышқылдар бар.

Адам ағзасының ақуыздарын құрастыруға қажет 20 амин қышқылдарының 14-і картоп ақсылында болады. Егер тауық жұмыртқасының биологиялық қоректілік құндылығын 100% десек, бидай ақуызынікі 63...65% болса, картоп ақуызынікі 84...86%. Картоптың техникалық дақыл ретіндегі маңызы да зор. Ол крахмал сірке, декстрин өнеркәсібінің шикізаты болып саналады, глюкоза, спирт өндіруге қолданылады. Картоп мал азығына да көптеп пайдаланылады. Малға түйнегі, пәлегі және өңдеу өнеркәсібінің қалдықтары беріледі. Отамалы дақыл ретінде жаздық бидайға, жүгеріге, қызылшаға, арпаға, тарыға, т.б. жақсы алғы дақыл болып саналады. Ол екпе сүрі жерде де тиімді. Қазақстандағы кортоп егістігінің көлемі 159,8 мың на (2002 жыл), оның 54% жуығы егіледі. Әр гектарлық орташа өнімділік 117ц/га құраса, Солтүстік облысындағы өнімділік – 74 ц/га.

Мәдени картоп – көпжылдық шөптесін, түйнек байлайтын, егістікте әдетте бір жылдық өсімдік болып саналады.

Картопты, топырақ астындағы түрі өзгерген сабағынан пайда болған өркені, қоректік заттар жиналатын түйнегі үшін өсіреді. Өсе келе түйнек үстінде, қатайған жасушалардан тұратын, қабықша пайда болады (5 сурет).

Түйнек жемісті өсімдіктердің агробиохимиялық негізі - student2.ru

5 сурет. Картоптың көзделуі

Түйнек бетінде дамып жетілмеген қабыршақты жапырақшалар сияқты көзшелер болады. Түйнектің өсуі жоғарғы жағындағы және бетіндегі көзшелерден басталады. Көзшелердің қолтығындағы үш бүршікшенің әдетте ортаңғысы, ең белсенді өне бастайды, қалғандары тыныштық күйінде болады. Пайда болған өскін зақымданса немесе сынып қалса, онда бүйіршік бүршіктерінің біреуі өне бастайды. Түйнектің өнуі – көктеуі – 6...7ºС басталады, бірақ өте бояу жүреді, ал 17...20ºС пәрменді өніп-өседі. Картоп бозқырауға шыдамсыз дақыл, 1...2ºС сол үшін қауіпті. Қазақстанның солтүстігінде өсірілетін әр түрлі кезеңде пісетін сорттар үшін белсенді температура жиынтығы 1000...1600ºС тең. Картоптың суға деген талабы жоғары. Суды мол қажетсінуі бүршіктену, гүлдеу және түйнек байлау кезеңдеріне тұтас келеді. Осы кезде ол үшін құрғақшылық өте қауіпті. Су жетпегенде түйнектің өсуі тежеледі, олар қатаяды және одан әрі үлкеймейді. Сонымен қатар осы кезде судың артық болуы да қолайсыз, себебі түйнекте су мол, ал крахмал аз болады және сақталуы нашарлайды, кеселге шалдығады. Топырақтағы судың мөлшері танаптыңсу сыйымдылығының 60...80% шамасында болса, оңтайлы деңгейде деп саналады.

Картоп үшін суды, ауаны және жылуды жақсы өткізетін, көлемдік массасы 0,9-1,2 г/см3 тең, терең қопсытылған топырақ қолайлы болады.

Картоптың қарқынды өсуі және дамуы үшін қоректік заттардың мол болғаны дұрыс. Картоп егістігіне тыңайтқыш жүйесін жоспарлағанда әрбір тонна түйнек топырақтан 5 кг азот, 2 кг фосфор, 3 кг калий, 4 килограмдай кальций, 2 кг магний алып шығатынын ескерген жөн.

Осыған байланысты тыңайтқышты жоспарлаған өнімді және топырақтың агрохимиялық талдауын ескеріп енгізеді. Органикалық тыңайтқыш ретінде жартылай шіріген көңнің әр га 50...100 т сүдігер көтергенде енгізеді, ал тәлімі жерлерге сүрі жерді негізгі өңдегенде – 20...30 т/га.

Қазақстанның солтүстігінде ерте пісетін (60...65 күн) Прискульский ранний, орташадан ерте пісетін (65...80) Невский, рташа мерзімде пісетін (80...100) Огонек сорттары өсіріледі.

Ауыспалы егісте картоп танабының біреу немесе бірнешеу болуына қарамай, ең бастысы мынаны ескерген жөн: 1-картопты алдымен фитосанитарлық жағынан, ең жақсы алғы дақылдан, ал тәлімі жерлерде тек сүрі жерден кейін орналасуын; 2 картоп алдында өзі өсірілген танапқа 3 жылдан ерте қайта өсірілмеуі.

Картоп үшін ең жақсы алғы дақыл болып жоңышқа егістігінің қыртысы немесе қыртысының аудармасы, дәнді бұршақ дақылдар, ерте қырыққабат, қияр, пияз, жүгері саналады.

Картоп – топырақ тығыздығына аса сезімтал дақыл. Мұны ескермеу түйнек өнімін ғана кемітіп қоймайды, сонымен бірге оның тауарлық және тұқымдық сапасын да кемітеді. Мұндай жағдайлар жиі суландырылғанда, қатараралықтарды уақытында өңдемегенде, әсіресе механикалық құрамы ауыр топырақтарда кездеседі. Міне, сондықтан түйнек отырғызғанға дейінгі және өсімдікті күтіп-баптау кезіндегі топырақты механикалық өңдеулер, өңдеу қабаттарының мүмкіндігінше борпаң, суды және ауаны жақсы өткізуге бейімді, қабыршақсыз, кесексіз болуына немесе топырақ түйіршіктерінің тым шаңдануына жол бермеуі керек. Қатараралықты жиі өңдеу де топырақтың күйін нашарлатуы мүмкін, себебі оларды өңдегенде төменгі тамыр жайылатын қабаттар тығыздалады, оған қоса өндіріс шығындары арта түседі.

Суармалы жерлерде топырақты негізгі өндеуді алғы дақылдарды жинап алғаннан кейін ерте күздеаудармалы соқалармен 30-35 см тереңдікке жүргізеді. Көктемде топырақ пісіп жетілгенде оны БИГ-3 тырмасымен топырақ қабыршағын үгіту және арамшөптерді жою үшін жүргізеді. Көктемде жер жыртыға болмайды, ол топырақты қатты құрғатады. Жал жасау алдында топырақты жазық тілгішпен 14-16 см тереңдікте өңдейді. Одан кейінгі жал жасауды және түйнек отырғызуды, топырақтың өңделуі қабатын құрғатып алмау үшін бір мезгілде арасын үзбей жүргізген дұрыс.

Наши рекомендации