Тақырып.Аударма алды мәтін талдаудағы сөздіктер мен қосымша ақпаратты қолдану тиімділігі
Мақсаты: Аударма алды мәтін талдау жұмыстарын қорытындылау. Мәтін талдау жұмыстарына қорытынды талдау жасау.
Кілт сөздер:аударма, мәтін, сөздік, қорытынлыдау.
Жоспар:
1 Аударма үдерісінің қызметтік мағынасы бар. Аударманың қызметтік сипаты, біріншіден, бастапқы және аударма мәтіндер бірде қызмет субъектісінің қасиетттері түрленген форма (адамның тіршілік қызметінің заттанған ізі) түрінде, енді бірде адамдардың тіршілік қызметінің бөлшектене заттану мен заттандыру үдерісінің нәтижесі; екіншіден, мәтіндерді өндіруші продуценттердің (айтушылар мен тындаушылардың) мәтін тудырушы қызметінің өнімі болып табылуымен; үшіншіден, аударма сөз иесінің мағыналық интенциясын жаңғыртушы ретінде де, өзіне шығармаушылық бастауды – аудармашылық қызметті өзекті етудің іздерін сіңіруші ретінде де, репродукциялық қызмет болуымен; төртіншіден, аудармада қызметке тән барлық нышандардың болуымен айқындалады.
2. Аударма сондай-ақ ақпарат алмасу түрлі тілдерге (бірінші және екінші) жүзеге асырылғанда мәдениетаралық коммуникация актілерін білдіреді. Мәдениетаралық коммуникация ретінде жүзеге асырылатын коммуникацияның аудармада барлық компоненттері бар: коммуниканттар, интеракция, тілдік кодтар, функциялар, нәтиже. Сонымен қоса, ол мәдениетаралық коммуникацияда жоқ, аударманың өзіне ғана тән бірқатар нышандармен ерекшеленеді:1) ақпарат алмасуы екі тілдік кодтың негізінде жүзеге асады; 2) аудармашы бірінші және екінші тілдерді пайдалану негізінде хабарды бір тілден басқа тілге жеткізу үдерісінде аралық коммуникацияның түрі өткеріледі; 3) ақпаратмен мәдениетаралық алмасу үдерісіне екі емес, үш адам (сөйлеуші, реципиент (аудармашы), реципиент (мәтінді алушы) кіреді; 4) аударма мәдениетаралық коммуникация ретінде қоғамдық мәнге ие, қос тілді коммуникацияда қоғамдық сұранысты қанағаттандыратын құрал болып табылады; 5) аударманың нәтижесі әдеттегі мәдениетаралық коммуникацияның нәтижесінен өзгеше, себебі заттанған еңбек коммуникант1 пен реципиент1 білетін ортақ тілде емес, мәтінді алушы – реципиент2 тілінде көрінеді; 6) аударма үдерісінде екі түрлі тілдік мәтін сәйкестендіріледі; 7) мәтінді алушының нормативтік қондырғыларына сай дайындау бағыты ұсталынады; 8) екінші аудармашылық қызметті әлеуметтік ұстанымдар арқылы реттеу байқалады; 9) аудармашылық қызмет үдерісінде екінші мәтінде де аудармашының ізі сақталынады; 10) аударма – қос тілді коммуникация, онда сөйлеу және түсіну үдерістері екі рет – біріншіде сөйлеушілер мен реципиент1 арасында, екіншіде аудармашы мен мәтінді алушы – реципиент2 арасында актуальдендіріледі.
3. Мәтін тудырушы қызмет ретінде сипатталған аударманың мәні оны актуальдендіру үдерісінде коммуниканттардың тіршілік қызметінің түрленген формасы түрінде заттанған және өзінде қызмет объектісінің барлық қасиеттерін сақтаған тілдік материал – сөйлеу мен түсіну үдерістерінің ізі қалпында құрылады. Мәтін мен дискурс – барабар құбылыстар емес, себебі дискурс – үдеріс те, өзіне мәтіндермен қоса экстралингвистикалық факторларды (әлем туралы білім, пікір, қондырғы, адресаттың мақсаттары) сіңірген продуценттердің қызметінің нәтижесі де, яғни онда лингвистикалық та, әлеуметтік-мәдени де ерекшеліктері бар. Ол мәтіннен ауқымырақ. Мәтін – лингвистика тарапынан тұтас қатынас бірлігі ретінде қарастырылатын психолингвистикалық құбылыс, автордың ойымен бір тұтастыққа біріктірілген мағыналық элементтердің жүйесі. Негізгі қасиеттері: тақырыптың болуы, байланыстылық, тұтастық, құрылымдық, сөздің түрлі функционалды-мәндік типтерінің формасында өткерілу қабілеті, ақпараттылық. Аудармада пайдаланатын мәтіндерді әр түрлі критерийлер негізінде жіктеуге болады. Екі, үш тілді пайдалану нәтижесінде бастапқы және аударма мәтіндерді сипаттауға болады. Мәтіннің жүзеге асырылатын негізгі қызметтері бойынша бірнеше түрлерін атауға болады: (ауыз екі сөйлесу, ғылыми, қоғамдық-ақпараттық, ресми-іскерлік, діни, көркем мәтіндер).
Қазіргі халықаралық катынастар деп әлемдегі халықаралық қатынастар субъектілерінің арасында пайда болатын әр түрлі байланыстар мен кездесулер, акциялар мен әрекеттер түсіндіріледі. Осы қатынастардың базалық әлеуметтік негізі Жер планетасында өмір сүретін бірлік пен тұтастықты калыптастыратын адамзат. Дегенмен осынау бірлік пен тұтастық-қайшылықты нақтылық және көп бейнелі, әр түрлі, тіпті карама-қарсы мүдделердің түйісуінің бірлігі болып табылады. Осындай жаһандану үдерісіндегі халықаралық қатынастардың дипломатиялық коммуникацияны лингвистикалық тұрғысынан зерттеуде, сондай-ақ дискурсивтілік аспектісінде және стратегиялық тұрғысанан зерттеу халықаралық қатынас орнатудағы басты компоненттер болып қызмет атқарады. Зерттеу жұмысында дипломатиялық дискурсті кешенді сипатын көп деңгейлі құрылымда қарастыру және оның ерекшеліктерін айқындауға мүмкіндік берді.