Глисты боятся это средство, как огня
БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ «ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» КУРСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ туралы қазақша реферат
Қазіргі таңда қалыптасқан еңбек нарығы жоғары білімді, шығармашылық деңгейі жоғары, әрекеттің сан алуан түрлі саласында өз білімі мен біліктерін қолдана алуға қабілетті, қоғамда болып жатқан нарықтық – экономикалық, саяси – идеологиялық және рухани — әлеуметтік өзгерістер оған белсене араласып, оның талартарын өз бетінше шеше алатын, ортаға бейімделгіш, шығармашылық көзқарасы бар, жан – жақты үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыру талап етеді. Атап айтқанда, бүгінгі күні негізгі психологиялық мәселелердің біріне айналып отырған тұлға үшін өмірдің мағынасыздығы мен құнсыздығы, сондай – ақ, адамда кездесетін әр түрлі құбылыстардың алдын алу және өсіп келе жатқан ұрпақты өзін — өзі тәрбиелеуге үйрету қарқынды зерттеуді талап етеді. әсіресе, еліміздің өркениетті – техникалық дамуында қоғамның өндіргіш күші болып табылатын адам мүмкіндіктерін жан – жақты жетілдіру мен оның электронды жүйелермен өзара әрекеттестігін психологиялық зерттеудегі қоғамдық қажеттіліктердің барынша дамуы, шығармашылық пен ұжымдық еңбектегі тұлғалардың өзара қатынастарын жақсарту, сонымен қатар оқу процесінде оқытудың белсенді әдістері мен оның жаңа технолнгияларын енгізу, білім сапасын көтерудің тиімді жолдарын іздеу секілді көптеген күрделі мәселелерді шешу бірлескен іс — әрекеттегі тұлғаның өзін — өзі тәрбиелеуді тереңірек оқып үйренуді қажет етеді.
Адамның өзін — өзі тану арқылы қалыптастырудың әдіснамалық негізі ретінде оқыту жүйесіндегі көзқарастар, тұлғаның шығармашылық және кәсіби дербенстігін дамыту туралы идеялар; отандық және щетелдік оқыту теориясындағы, педагогика мен психологияда ізгіліктік дәстүрлер мен ой – пікірлер, бүгінгі тәрбиенің адамға бағытталған әлеуметтік – психологиялық қырларын қарастырудың маңызы артып келеді. Адамзат жинақтаған тәжірибені келесі ұрпаққа беру мақсатында сақтай отырып, оқытуды ізгілендіру үрдісінде негізгі бағдарды жеке тұлғаның азаматтық белсенділігін арттыруға, өзін — өзі тәрбиелеуді қалыптастыруға назар аударылуда.
Перед сном натирайте вены обычным...
Убрать запах изо рта можно капнув на язык 5 капель ...
Чтобы паразиты вывалились горой, нужно добавить в чай 2 ...
Глисты боятся это средство, как огня
Өзін-өзі танудың бірден-бір әдісі ол медитация, буддизмде медитация үлкен мағынаға ие. Медитация процесінде буддист өзінің жеке психикасын, өзінің Мен-бейнесін, сезімдерін, ойларын, ұмтылысын қарастырады. Осыған орай өзін-өзі тану медитация арқылы адамды босатады, өзін басқару табиғи жолмен іске асады, соның нәтижесінде әлеммен бірге үйлесімін табады. Адамның өзінің Меніне деген қызығушылығы, өзіне-өзі деген қызығушылығы түсінікті. Гераклиттің айтуы бойынша, барлық адамдарға «өзін-өзі тануы және ойлануы» тән. Әрқайсымызда әртүрлі ресурста қарастырылған көптеген «Мен» бейнесі қандай. Танудың субъектісі бола отырып, адам сонымен бірге өзі үшін объект ретінде де болады. Идеологиялық философияда «Мен» түсінігі субъект ретінде түсіндіріледі. Платонның айтуынша, жан-пассивті қабылдау емес, ол өз-өзімен әңгімелесумен сипатталатын өзіндік ішкі жұмыс. Платон бойынша жан ойлана отыра «өз-өзіне сұрап, әңгімелесіп қана барып не мақұлдайды немесе мақұлдамайды».
Гегель бойынша «Мен» нидивидті білдіреді. Нақты, жеке индивидтің – жалпы «Мен» формуласының мағынасы ерекше. Жеке «Мен» тек қана өзге «Мен» қатынас арқылы анықталуы мүмкін. Гегель бойынша «Мен» — рух. Ғылыми көзқарастан қарағанда, психологияда өзін-өзі тану мәні толық қарастырылған. Мұндай өзін-өзі тану мағынасының шекте әрі әр алуан. Мыналарын атап өтейік:
— тұлғаның психологиялық денсаулығы және психикалық жағдайында өзін-өзі табу;
— өзін-өзі тану – ішкі үйлесімін және психологиялық кемелденуін табу ретінде;
— өзін-өзі тану – тұлғаның өздігінен тану үшін және өздігінен реттелудің бір ғана жолы. Әдетте, бұлар бір-бірлерімен тығыз байланысты, жекеленіп шығып кетпейді.
Нақты Мен — өзі туралы сезімі, ойы, ұмтылысы т.б. туралы түсінік жүйесі. Идеалды Мен – адамның болғысы келген Мені және оның уайымы мен тәжірибесі. Әлеуметтік орта – бұл нормалар, құндылықтар, көзқарастар, қылық әдістері т.б. кіреді. Нақты Мен және Идеалды Мен пайда болған сәйкессіздіктен үрей сезімі, қылықтың бейімделген формалары, әртүрлі психологиялық мәселелер туады. Осыдан өзін-өзі тану — өзінің тәжірибесін, терең уайымын меңгере алатын әдіс. Ол үшін тұлға өзін қалай қабылдайтыны, өзгелер оны қалай қабылдайтын себептерін ұғыну қажет. Өзін-өзі тану нәтижесінде адам тұлғасы өседі, өздігінен жетіледі және өздігінен актуализациялау қабілетіне ие болады, сонда ғана өмір мәнін ұғынуға, өмір қуанышын сезінуге мүмкін.
«Өзін-өзі тану» сондай-ақ, «пәнаралық тұрғыны да жүзеге асырады, барлық оқу пәндерін «адам – құдай — әлем» контекстінде біріктіріп қана қоймай, сонымен қатар өз бағдарламасында гуманитарлық білімді (философия, психология, дінтану, мәдениеттану, әлеуметтану, саясаттану, тарих, әдебиет) және табиғат туралы білімді (биология, физика, астрономия) біріктіреді. «Персонология» қағидасы іске асырылады, барлық пәндер өзара адамға деген қатынас тұрғысынан байланысты болады. Ол өзінің ішкі әлемін сыртқа кескіндейді және керісінше, осылайша әлем тарихының барлық оқиғалары оның өз өмірбаянының оқиғасына айналады.
Жаңа қазақстандық философия Шығыс пен Батыс дәстүрлерін синтездей отырып, түріктік, мұсылмандық мәдениеттің өзіндік ерекшелігіне негізделген ұлттық философияның үлгісін жасауда. Қазақтың далалық өркениетінің антологиясы мен антропологиясы не таза Шығыс (пайымдау, өз-өзіне тереңдеу) не таза Батыс (іс-әрекет, әлемде әрекет ету) стратегиясына теңбе-тең келмейді. Көшпенділерге табиғатты аялап қорғау, онымен белсенді өзара әрекеттесу тән. Осыдан ақыл-парасат пен жүректің арасындағы ала ауыздықты білмейтін (ақылды жүрек пен ар намысты ақыл) тұлғаның ерекше үлгісі қалыптасады. Қазақтық халық педагогикасы осы бүтіндік қағидасын, жан мен тәннің, физикалық пен психикалықтың бірлігін өзектілейді: тіршілік күйбеңінен бас тарту емес (көшпенді өзінің қоректенуін қамтамасыз ету үшін самарқау «медитация» жасай алмайды), жоғары, өмірде мәнді рухани –адамгершіліктік бағдарлармен және бағыттардан тұратын белсенді шығармашылықтық іс-әрекетте болады.Сол себепті де халықтық педагогика, адамның тұтастай, денелік пен руханилықтың бірлігінде қалыптастыру мәселесін қояды. Бұл түріктік антология, антропология мен педагогиканың өзіндік құнды тәжірибесін еркін қазақстандық философия өзіне кіріктіреді, солайша адам тұлғасын түсінудің өзіндік қағидаларын анықтайды.
«Өзін-өзі тану» курсы жас ұрпақты жан-жақты, үйлесімді етіп тәрбиелеу мен оқытуға барлық мүмкіндік жасауда. «Өзін-өзі тану» курсы жылдан-жылға қарқын дамуда. «Өзін-өзі тану» пәні балабақшалар мен мектептерге эксперимент ретінде енгізіліп отыр, сонымен қатар республика бойынша 96 білім беру мекемелерінде оқытылатын болады. «Өзін-өзі тану» курсын үйлестіруші Республикалық «Бөбек» оқу-сауықтыру орталығы. Өзінің құрылымдық бөлімшелері, оның ішінде 2003 жылы ақпан айында құрылған Адамның үйлесімді дамуы институты арқылы қажетті зерттеулер жүргізілді. Институтта Қазақстандық ғалымдар, мамандар адамның үйлесімді дамуын зерттейтін, жаңалық енгізетін әдіс-тәсілдерімен, «Өзін-өзі тану» курсының мұғалімдерін даярлау, қайта даярлау ісімен, оқу-әдістемелік, хрестоматиялық оқу құралдарын шығарумен айналысады.
Өзін-өзі тануда адам бір мезгілде танымның субъектісі ретінде де және объектісі ретінде де көрінеді. Өзін-өзі танудың дамуы адамның практикалық іс-әрекетінің барысында және өзге адамдармен өзара ықпалы жағдайында жүреді. Қоғамдық дамудың сферасы өзін-өзі танудың пайда болуы мен дамуы үшін ерекше рөлге ие – адам өзін өзгелер арқылы жанама түрде таниды.Өзіндік сана мен өзін-өзі танудың бір емес екенін атап айту қажет. Өзіндік сана неғұрлым кең ұғым — өзіндік санадан әрқашан өзін-өзі тану шығады.
Психологиялық позицияда өзін-өзі тану мәселесі психология дербес ғылым болып қалыптасқаннан кейін зерттеле бастады. Бұл салада көптеген қызықты әрі мазмұнды зерттеулер жүргізілген. Өзін-өзі тану тұлғаның маңызды бөлігі ретінде қарастырылған көптеген еңбектер бар. Сонымен қатар тұлға дамуының деңгейі өзін-өзі танудың дамуының деңгейіне пропорционалды екендігі жиі атап айтылды. Мінез-құлықтың реттеушісі бола отырып, өзін-өзі тану тұлғаның әрі қарайғы дамуына ықпал етеді. Ол сыртқы әсер мен тұлғаның ішкі күйі және оның мінез-құлық формалары арасындағы тепе-теңдікті белгілейді. Сондықтан өзін-өзі танудың дамуындағы жағымсыз ауытқулар тұлғаның үйлесімді құрылымын бұзып, адам мінезінің жетімсіз қалыптасуына әкеледі. Кейбір зерттеулерде өзін-өзі тану «Мен» ұғымымен теңдестіріледі, ал бұл құрылым тұлға ұғымының синонимі ретінде қарастырылады. Өзін-өзі тану тұлғаға қарағанда неғұрлым кең ұғымды білдіреді деген де пікірлер кездеседі. Ол өзін-өзі тану тұлғаға қарағанда әлдеқайда ерте пайда болып, өзінде неғұрлым кең мазмұнды сыйғызатындығымен дәлелденеді. «Мен», «Мен — бейне», «Өз өзінің бейнесі» сияқты ұғымдардың түсінік аясы «көмескі». Тұлғаны түсіндіру үшін де, өзіндік сананы сипаттау үшін де қолданылып, осымен соңғысының өзіне тән ерекше мазмұнын жоюға әкелетін, «Мен» ұғымын кейбір теріс пайдаланушылық та байқалады. Сонымен бірге нұсқалған ұғымдардың объектілері анық ажыратылмайды.
Өзін-өзі тану саналы түрде мақсатқа бағытталған процесс ретінде сипатталады, яғни адам нақты бір мақсатты алдына қояды. Өзінде қандай да бір қабілетті, икемділікті арнайы әдісті қолдану арқылы өзін бағалайды. Міне, осы жерде саналы әрекетке айналады және оның заңдылықтарына бағынады. Егер адам өзін-өзі тануын әрекетке жиі айналдырып отырса, онда адам өзін-өзі терең және тез танитын болады. Біздің өміріміздің өзі бір қалыпты және кризисті жағдайлардын тұрады. Адам шешімді қабылдаған жағдайында ол тек жағдайды емес, сонымен қатар өзінің мүмкіншіліктерін және қасиеттерін жақсы білу керек. Мұндай жағдайлар да өзін-өзі тану белсенді жұмыс істейді, тұлға аз уақыт ішінде өзі туралы мағлұматты ала алады. Бұл кезендерге жататындар: 3 жас дағдарысы, мұнда бала алғаш өзін субъект ретінде ұғынады, алғашқы әлеуметтік Мен жүйесі қалыптасады, өзін білдіруге деген құштарлығы пайда болады; 7 жас дағдарысы, мұнда бала өзін оқу субъектісі ретінде ұғынады және өзін окушы ретінде бағалау мұқтаждығы пайда болады; жеткіншек дағарысы өзінің Менін сыртқы ортамен, құбылыстармен өзара әрекет контекстіне ашады. Ересек адамдарда да дағдарыс болады: 30 жас дағдырысы, зейнетке шығуымен байланысты дағдарыс.
Қабілет сияқты өзін-өзі тану қабілетін де дамытуға болады. Бұл үшін не қажет? Біріншіден, өзін-өзі тануда позитивті мотевацияны қалыптастыру керек; өзін-өзі тану механизмнің негізгі потенциалын толық қолдану керек – ұқсастыру және рефлексия; Рефлексия – психикалық құблыстардың мәнін тани білу қасиеті. Өзін-өзі танудың ерекше әдістері — өзін-өзі бақылау, өзін-өзі талдау, өзін-өзі тегістеу және тағы басқалар. Тұлғаның белсенді болуы оның қажеттілігіне байланысты. Қажеттілікті кең мағынада қарастырсақ – бір нәрсені қажетсіну, ал тар мағынасы — өмір сүрү жағдайында адамның тәуелділігін көрсететін жағдай. Адам биоәлеуметтік организм болғандықтан, қажеттіліктер де биологиялық және әлеуметтік болып бөлінеді. Биологиялық қажеттіліктерге: жылулық, сексуалды партнер тағы басқалары жатады. Әлеуметті қажеттіліктердің бастылары: еңбекке деген, білуге деген қажеттіліктері, қарым-қатнас қажеттіліктері жатады. Өзін-өзі тану процесі әртурлі белсенділік формалар сапасында көрінеді. Тану қажеттілігін қанағаттандыратын қоршаған шындық, әлем болып табылады. Осы қажеттіліктің қалыптасуынан адам болып қалыптасты. Еңбек, қарым-қатынас қажеттілігінсіз тану мүмкін емес. Өзін-өзі танудағы қажеттілігі өздігінше емес, басқа қажеттіліктермен бірге жүзеге асады, яғни Мен қажеттілігімен. Ең маңыздылары: Өзін-өзі сыйлау қажеттілігі, бұтіндік Мен қажеттілігі, өзін-өзі ұқсастыру қажеттілігі, өзгелерге өзін мақұлдату қажеттілігі т.б. Кейбір адамдарда негитвті қажеттіліктер даму мүмкін, оның белсенділігін мүлдем басқа жақа бағыттайды. Мысалы: өзін-өзі жою қажеттілігі, яғни өзінің мүмкіншіліктерін төмендеуге ұмтылу, өкпелеу, сынды қабылдау дайындығы, жазалау, бақытсыздық және оған қуану. Мұндай қажеттіліктердің туындауынан тұлғаны әртүрлі патологиясына алып келеді.
Өзін-өзі сыйлау қажеттілігі өзінің жеке талаптарына жоғарыда болу тенденциясымен қамтиды. Бүтіндік Мен қажеттілігінде бүтіндікті құрастыруға ұмтылыстығын білдіреді. Барлық осы қажеттіліктер бір-бірімен тығыз байланысты,бір-бірлерін өзара толықтырады. Бүтіндік Мен қажеттілігі, өзін-өзі сыйлау қажеттіліктер мен т.б. бар болуы өзін-өзі тану қажеттілігін арта түседі. Тану қажеттілігі басқа да қажеттіліктермен тығыз байланысты, оларды біз Мен қажеттіліктеріне жатқызамыз. Мысалы: Егер де адамда қарым-қатынас қажеттілігі көрініс алса, онда өзін-өзі тану қажеттілігі арта түседі. Қарым-қатынасқа түсу үшін өз-өзінді білуің керек. Өзін-өзі танудағы қажеттіліктердің көріну деңгейі мен олармен байланысты Мен қажеттіліктеррі өзін-өзі танудағы мақсаттар мен мотивтердің ерекшеліктерін анықтайды. Мотив-нақты бір әрекеттің талаптануы. Мысалы: қарым-қатынас қажеттілігінде қарым-қатынас мотиві, өзін-өзі тану қажеттілігінің де өзін-өзі тану мотиві белсене түседі. Қандай да бір мотивтің ықпалымен адам нақты бір мақсатты көздейді, әдіс тәсілдерді қолдана іске айналдырады. Мақсат – алдағы нәтиженің бейнесіне жету жолдарына байланысты. Мақсат кең тар, нақты және нақты емес, шын және жалған болып бөлінеді.
Өзін-өзі танудағы кең мақсаттарға өзінің тұтас тұлғасын тану және өмір мақсаттарын тану жатады. Өзін-өзі тануда Мен концепциясын тек қана саналы деңгейде ғана емес, сонымен қатар санасыз және сана үсті деңгейлерінде өзін тұлға ретінде тануды мақсат етеді. Келесі бір мақсат — өмір мақсаты. Әр қайсымыз өзімізғе мынадай сұрақтар қоямыз: Мен өмірде неге жеткім келеді? Мамандықтың қандай түрін тандауым керек? Өмір мақсатын танудың өзі өмірдін өзіне тұрақтылықты, мәнділікті береді.
Өзіндік сананың құрылымын қарастыру қажет және өзін-өзі тануға жататын жерін анықтау керек. Өзін-өзі танудың құрылымында Мен түрлі себептердің әсерімен орталық рөл атқаратын субъект ретінде көрінеді. Өзін-өзі тануды пайдалана отырып, ол бұл қызметті эмоциялық-құндылықтық қатынаспен тығыз шырмалып атқарады. Өзін-өзі танудың нәтижесі Мен бейнесі болып табылады. Мен бейнесі бірден пайда болмайды, алдымен өзі туралы түсінік қалыптасады. Өзін-өзі танудағы тар мақсатына Мен бейнесінің нақты сипаты кіреді, қазірғі уақытта біз үшін актуалды болып келеді. Олар әртүрлі координата жүйелерінде қарастырылады. Мысалы: біз ақыл-ой мүмкіншілектерін немесе мінез-қүлық ерекшеліктерін, зейіннің қасиеттерін немесе коммуникабелділікті танимыз. Егер де біз адам мен танысып жақындасқымыз келсе, онда өзіміздің коммуникативті қасиетімізді, ұнай білу, жақсы дос болу қабілетімізді тану маңызды.