Психиатрия оқу пәні ретінде, оның міндеттері

БІРІНШІ БӨЛІМ

ПСИХИАТРИЯҒА КІРІСПЕ

1 тармақ

ПСИХИАТРИЯНЫҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Тарау

Психиатрия оқу пәні ретінде, оның міндеттері

Психиатрия клиникалық медицинаның бір бөлігі, оның міндеттері-психикалық аурулардың пайда болуын, клиникалық көріністерін зерттеу, емдеу мен алдын алу болып табылады. Психиатрия міндеттеріне сот-психиатриялық, әскери сараптама, психикалық бұзылыстармен науқастардың еңбекке қабілеттілігін анықтау және т.б жөнінде сараптамалар жүргізу кіреді.

Психиатрия курсын жүргізгенде талапкерлерге теориялық білім мен ауруды тану үшін тәжірибелік дағдыларды және психикалық бұзылыстары бар ауруларға бірінші реттік дәрігерлік көмек көрсетуді оқыту керек.

Болашақ дәрігер өзінің мамандығына байланысты психикалық сау және ауру адамды ажырата білуі керек. Егер, ол психикалық ауру болса, оған қажетті көмек көрсетуді ұйымдастыруды білуі керек. Психиатриялық көмек түрі жөніндегі сұрақ аурудың психикалық жағдайымен байланысты шешілуі керек.

Тәжірибелік емдеу сұрақтарын шешуде, әсіресе гигиеналық профильдегі дәрігер міндетіне, алдын-алу жұмыстарын жүргізу кіреді. Профилактика кеңестік медицинаның айрықша ерешеліктерінің бірі болып табылады және адамдардың денсаулығы үшін күресте маңызды рөль атқарады. Тиімді профилактика тек психикалық аурулардың емес, сонымен бірге соматикалық патологияның әртүлі формаларының туындауына бөгет болады, өйткені олардың туындауында эмоциональды стресс үлкен орын алады. Жалпы медициналық профилактика мен психопрофилактика психиатрияға үлкен үлес қосады. Сәйкес келетін мәселелерді талдай отырып, бұл тәртіптер адам денсаулығының психикалық және физикалық нығаюы жөнінде ұсыныс береді, әртүрлі аурулардың пайда болу мүмкіндігін төмендетеді, жеке бастың гармониялы дамуын қабілеттендіреді.

Біздің елімізде, жалпы мемлекеттік деңгейде әртүрлі зияндылықтарды, адам денсаулығына кері әсер ететін факторларды аластау жолында белсенді және кең түрде іс-шаралар жүргізіледі. Қоршаған ортаның ластануына қарсы күрес жүргізіледі, өндіріс жағдайында кәсіби зияндылықтар аластатылады және т.б. Елімізде адам денсаулығына кері әсер ететін әлеуметтік сипаттағы алғы шарттар жоқ. Азаматтардың білім алуға, еңбек етуге, квалификацияланған медициналық көмек алуға құқықтары конституциямен кепілденген және заң жүзінде бекітілген. Көлемді жалпы және арнаулы қызмет көрсетуден тұратын медициналық көмек ауруларды анықтауды, емдеуді және де оларды бақылаудың қажет түрлерін таңдауды қамтамасыз етеді.

Психиатрия ең негізгі медициналық саланың бірі ретінде өзіне көптеген ғылыми және практикалық мәселерді қосады. Теориялық, және де практикалық аспекттерден тұратын осындай мәселенің бірі психикалық бұзылыстардың таралуын және көрініс беру формаларын анықтау болып табылады. Психикалық бұзылыстардың таралуы және олардың тұрғындар арасында көрініс беру ерекшеліктері жөніндегі мәліметтер мен психиатриялық көмекті жоспарлау, этилогиялық маңызды факторларды анықтау үшін ғылыми нақты материал бола алады, сонымен бірге оның негізінде алдын-алудың тиімді шараларын жасауға мүмкіндік береді.

Психикалық аурулар өздерінің көрініс берулеріне байланысты біртекті емес. Олардың жеке формаларының таралу дәрежесін, көріністерін бағалау дұрыс әдістемелік негізде жүргізілу керек. Бұл принциптен ауытқу жалған теориялық және практикалық шешімдерге келтіреді. Психиатрлар психикалық ауруларды бейнелеу қабілеттілігінің және қоршаған ортаны танудың бұзылуына, өз жеке басын саналы қабылдаудың өзгеруіне алып келетін бас миы қызметінің бұзылысы нәтижесінде қарастырады. Ми қызметінің бұзылуы сыртқы (интоксикациялар, жарақаттар, ми қоректенуінің бұзылуы, психогениялар және т.б.) немесе ішкі себептердің, бейімділікпен, сонымен қатар өзге де факторлар кешеніне байланысты метаболизм ақаулары әсерінен пайда болуы мүмкін. Осының нәтижесінде науқастың өмір сүруге қабілеттілігі мен бейімделуі жекелей немесе толық бұзылады.

Бас миы қызыметінің бұзылуы пайда болу сипатына және айқындалу дәрежесіне қарай әртүрлі болады және психикалық аурулардың ерекшеліктеріне, түрлері және ағымның стадияларына байланысты болады. Ми қызметінің терең емес бұзылысы бар ауруларда бейнелеуге қабілеттілік және қоршаған ортаны дұрыс тануы бұзылмайды, психикалық ауытқулар бұл жағдайда өзін нашар сезінумен және әлеуметтік адаптация қиыншылықтарымен басым көрініс береді. Ми қызметінің терең бұзылуымен жүретін ауруларда науқастың жүріс-тұрысы мен мінез-құлқы өзгеруі мүмкін, қоршаған ортаны тануы және қабылдауы дертті мотив сипатын алады. Аурулардың бірінші тобы шекаралық бұзылыстар деп аталады. Бұған негізінен невроздар мен психопатиялар жатады. Олар психикалық саулық пен психикалық бұзылыстар арасындағы шекарада болады. Екінші топты психоздар құрайды. Аурулардың осы топтарының әр біреуі біртекті емес және әрқайсысының өзінің табиғаты, клиникалық ерекшеліктері, болжамы бар.

Психикалық науқастардың сырқаттарының ерекшеліктерін ескере отырып, олардың жағдайын ажыратып анықтау маңызды орын алады. Осы сұраққа көп зерттеулер арналған, олардың негізінде психикалық аурулардың әртүрлі жіктеулері ұсынылған. Этиологиялық принцип бойынша құрылған жіктеулер аса ғылыми негізделген деп айтуға болады. Бірақ психикалық аурулардың шығу тегі әлі жеткілікті анық емес, және психикалық аурулардың жүйесі этиологиялық, клиникалық және басқа принциптерден құралады. Психикалық аурулар жіктелу жүйесіне психиатрия дамуының әртүрлі этапында орын алған жалпы теориялық ұстанымдар да ықпал етеді. Кеңес психиатрларының көптеген шет елдік психиатрлардан айырмашылығы, олар психикалық ауруларды соматикалық аурулар тәрізді этиологиясы, патогенезі және клиникасын топтай келе жүйелендіру мүмкін деп санайды.

Жеке психиатрия пәні теориялық және тәжірибелік тұрғыда жеке нозологиялық бірліктерді қарастырады.

Психикалық аурулардың жалпы ерекшеліктерін, оның жеке белгілерін (симптомдар), жеке психопатологиялық жағдайларын (симптомдар комплексі - синдромдар), психопатологиялық бұзылыстардың патогенетикалық механизмдерін зерттеу жалпы психопатология міндеттері болып табылады. Психикалық бұзылыстар түзілуінің психологиялық заңдылықтарын зерттеу патопсихология пәнінің еншісінде.

Науқасқа диагностикалық баға беру психикалық аурулардың жалпы халықаралық және ұлттық классификациясы негізінде жүргізіледі. Психикалық бұзылыстардың тұрғындар арасында таралуы жөнінде сенімді мәліметтер алу маңызды болғанмен, өкінішке орай психиатрлар үшін бұл мүмкін емес. Бұл жағдайлар бірнеше себептерге байланысты: психикалық бұзылыстары айқын емес психикалық науқастар дәрігер психиатрға сирек келеді. Оның себебі өз жағдайына сын көзқарастың болмауы, дәрігер психиатрдың есебінде тіркелгісі келемегендікке байланысты. «Психикалық қалыпты жағдай» шегінде болатын жағдайлардан жеңіл шекаралық психикалық бұзылыстар түрлерін ажыратудың анық жалпыға ортақ критерийлері жоқ. Соңғы аталғанға адамдардың жеке характерологиялық ерекшеліктері, транзиторлы жеңіл психикалық бұзылыстарды жатқызуға болады. Осыған байланысты тұрғындардың стационарлық немесе амбулаторлы психиатриялық көмекке келу нәтижелері бойынша алынған психикалық аурулардың таралуы жөніндегі мәліметтер өте тұрақсыз. Бұл деректер бойынша тұрғындардың 10-нан 20 пайызға дейінгі бөлігі психиатриялық көмекті қажет етеді. Айқын психикалық бұзылыстар айқындалған аурулардың саны жөніндегі мәліметтер нақтырақ және жалпы тұрғындардың 1-3 пайызын қамтиды.

Тұрғындардың арасындағы психикалық аурулардың таралуы жөніндегі мәліметтер анализі олардың артқанын анықтайды. Осындай мәліметтермен салыстығанда ғасырдың басында қазіргі көрсеткіштерде психикалық аурулар кездесуінің бірнеше рет өсуі көрініс беріп отыр. Психикалық ауруларды анықтау дәрежесі тұрғындар үшін психиатриялық көмектің қолжетімділігіне, психикалық ауруларға деген жанұясының, қоғамның төзімділігіне байланысты. Психиатриялық көмекке науқастардың жүгінуіне тұрғындар арасындағы психиатрияға деген бұрыс көзқарас та кедергі етеді. Дегенмен айтылған кемшіліктерді ескерген жағдайда да психикалық аурулар таралуы жөнінде және соңғы кезде динамикасының өсуі туралы жалпы қорытынды жасауға болады.

Шетелдік мамандармен келтірілген деректер ең алдымен шекаралық бұзылыстардың айтарлықтай өскенін көрсетеді. Психикалық бұзылыстардың бұл тобы қоғамдағы өмір жағдайына тығыз байланысты және жоғары көрсеткіші капиталистік қоғамдағы өмір жағдайына байланысты: эмоциональді стресс және психикалық кернеу (ертеңгі күй үшін үрей дискриминация және т.б.) және опасыз қызығушылықты, қаталдық, зорлық, байлық жолын қуудыәдетке айналдыру.

Біздің елімізде психикалық аурулардың таралу көрсеткіші өсу бағытында. Бірақ, ол аурулар санының артуымен емес, психиатр есебінде бұрын болмаған психикалық бұзылыстың жеңіл түрімен науқастардың анықталуымен байланысты. Айта кететін жай, біздің елімізде психикалық аурулар саны капиталистік елге қарағанда аз. Әсіресе қоғам өмірі жағдайына тығыз байланысты пайда болатын психопатия және невроздар қатынасында ерекшеліктер айқын байқалады.

Санк-Петербург пен Мәскеуде көптеген он жылдықтар бойы тиімді психиатриялық көмек жүргізіледі. Психоневрологиялық диспансер бақылауында барлық тұрғындар ішінен 3 пайызы психикалық аурулар болып табылады. Соңғы жылдары емханаларға қаралатын адамдардың психикалық жағдайын анықтауға ерекше көңіл бөлінеді.

1- кесте. Территориялық емхана базасында психоневрологиялық диспансермен, психиатриялық кабинеттерде бір жыл ішіндегі тіркеуге алынған психикалық ауруладың контингенттері көрсетілген. (Козырев В.Н., Смулевич А.Б., 1982).

Диагноз Барлық тіркеуге алынғандардың үлесті салмағы (пайызбен). Ауруханадағы Диспансер психиатриялық кабинет
Шизофрения Маниакальды-депрессивті психоз және циклотимия Психопатия Невроздар және реактивті жағдайлар Соматогения Мидың органикалық зақымдануы және қан тамырлар аурулары Тағы басқалары 37,6 38,7   13,1 7,0 16,1 10,1 14,9 22,3 9,5 2,1   6,4 13,9 2,4 5,9

Шетелдік және еліміздің мамандарының мәліметі бойынша психиатриялық көмек қажет ететін аурулар пайызы (10-30) жоғары, соның ішінде көптеген аурулар психиатрдан емделуден қашады. Психиатр емес дәрігер аурухана және ауруханадан тыс жағдайда да психикалық науқастарға көмек көрсетуге мәжбүр болады. Есте сақтайтын жағдай, психикалық науқастардың аз бөлігі ғана еңбекке қабілетін тұрақты жоғалтқан, қалған бөлігі жалпы өндірістік жағдайда жұмыс жасайды. Бұндай науқастар әртүрлі өндірісте жұмыс атқаратын дәрігер-профпатологтардың ерекше көңіл бөлуін қажет етеді. Профилактикалық шаралар және арнайы ем осы кәсіпте жұмыс атқаратын жұмысшаларға кәсіби зияндылықтардың психикаға әсерін ескере отырып жүргізілуі қажет. Сондықтан да, бұл жерде психиатриялық білім дәрігердің адам патологиясы жөніндегі ілімін кеңейтеді және оның қажетті, біріншілік мамандандырылмаған дәрігерлік көмек көрсетуіне септігін тигізеді. Бұл студенттерге психиатрияны оқытудың маңызды міндеттерінің бірі.

Келесі маңызды міндеттердің бірі - психикалық және соматикалық бұзылыстарды біріктіріп кешенді баға бере білетін болашақ мамандарды даярлау.

Бұл проблема барлық медицина мамандықтарының өкілдеріне қатысты және дәрігер үшін келесі мәселелерді қамтиды: әртүрлі аурулардың (психикалық емес) пайда болуындағы психологиялық факторлардың рөлі, сонымен қатар соматикалық патологияның қай түріне де бейімділігіндегі, аурудың жеке басының психологиялық ерекшеліктерінің маңыздылығы. Психиатриялық біліктілік әртүрлі аурулардың дамуындағы және болжамындағы психологиялық факторлардың рөлін дұрыс бақылауға, аурудың жеке басының психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, терапиялық және реабилитациялық режимін анықтауға, аса тиімді профилактикалық шараларды таңдауға мүмкіндік береді.

Әртүрлі психикалық бұзылыстардың пайда болуымен қатар соматикалық патологияның рөлі жалпыға белгілі. Еліміздің психиатрлары соматопсихиатрия бағытын жасады. Психикалық бұзылыстардың шығу тегін дұрыс түсінбей аурудың жағдайын бағалау мүмкін емес және емдеу әдісі дұрыс таңдалмайды. Медицина практикасында психотропты дәрілер кең қолданылады. Олардың тағайындалуы негізінен жетік білімді талап етеді.

Наши рекомендации