Жетістік теориясы бойынша әдебиттерге аналитикалық шолу жасаңыз

Ресей психология ғылымдарының зерттеушілері К.Д. Ушинский, И.М. Сеченев, И.П. Павлов, В.М. Бехтерев, А.Ф. Ла-зурский, В.Н. Мясищев, А.А. Ухтомскийдің, К.А. Абульханова-Славская, Е.В. Козиевская, Е.Е. Лушников мотивация мәселелеріне байланысты құнды еңбектері бар.К.А. Абульханова-Славская жеке тұлғаның өмірлік стратегияның белсенді белгілерін бөліп көрсетеді:

- өмірдің тәсілін таңдау;

- «керек – бар» қарама қайшылықты шешу біліктілігі;

- өзін-өзі жүзеге асыру үшін жағдайларды құру және шығармашылық ізденіс.К.А. Абульханова-Славская жеке тұлғаның белсенділігін іс-әрекеттің субьектісі ретінде зерттейді.Л.М. Митинаның зерттеулері арнайы психологиялық технология көмегімен жасалған бәсекеге түсе алатын жеке тұлғаның мінездемесін дамытуға бағытталған. Технология жеке тұлғаның мотивациялық, ақыл-ой, аффектті және мінез-құлық құрылымын қайта құруды болжайды, нәтижесінде өмір әрекетінің сыртқы детерминациясы ішкіге ауысады. Жеке тұлғаның дамуының негізгі психологиялық жағдайы ретінде Л.М. Митина өзіндік сана деңгейінің жоғарлауын қарастырады.

Сонымен бірге жеке тұлғаның болашақ психологиялық фундаменті немесе бәсекеге түсе алатын кәсіптенген адам әрекетінің кез келген саласында базалық мінездемелері, яғни, тұлғалық бағыттылық, құзыреттілік және икемділік маңызды.Автор жеке тұлғаның және мінез құлықтың өзгеруінің төрт кезеңін бөліп көрсетеді: дайындық; саналы түрде түсіну; асыра бағалау; әрекет.Жеке тұлғаның дамуының негізгі процестерін біріктіреді: мотивациялық (I кезең), когнитивті (II кезең), аффективті (III кезең), мінез- құлықтық (IV кезең).Е.В. Козиевская жетістікке жету мо-тивациясының феноменін индивидтің кәсіби іс-әрекетімен өзара байланысты деп қарастырады. Жетістікке жетудің кәсіби мотивациясын дамытып және зерттеудің негізгі критерий ретінде жетістікке жетудің кәсіби мотиві ұғымы ұсынылады (6).Е.Е. Лушников жетістікке жету моти-вациясын оқу әрекетімен байланыстырады. Ол жетістікке жету мотивациясының келесі функцияларын бөліп көрсетеді: танымдық функция (білім алуға ұмтылысы); эмоционалды функция (эмоцияның оқу әрекетіне әсері); интегративті (жеткен нәтижені бағалау және өзіндік бағалау жұйесін бейнелейді). Автордың ойынша, жетістікке жету мотивациясының қалыптасуы педагогикалық құралдар жүйесінің құрылуын талап етеді. Бұл жүйенің жүйесін құрайтын фактор мақсаттар болып табылады.

Демек, жетістікке жету мотивациясының даму үрдісінің тиімділігін қамтамасыз ететін негізгі механизм бұл мақсат қою механизмі болып табылады.А.В. Сальков өзінің зерттеулерінде жетістікке жету мотивациясының дамуының негізгі процесі ретінде құнды таңдау деңгейін ұсынады, яғни, жаңа әлеуметтік жағдайда жеке тұлғаның саналы түрде жүзеге асыру мүмкіндігі.Мінез құлық типтерінің мәліметтерін талдау негізінде, автор табысты жеке тұлға ретінде қалыптаса алған индивидтің моделін ұсынады. Бұл адам:

1) Оның нәтижесі табыстылық ретінде бағаланады:

- жеке тұлғаның өзі ( нәтижені субъективті уайымдау);

- референтті топ ( субъект үшін маңызды адамдардың пікірін тыңдау);

- жетістік көрсеткіштерінің объективті мәліметтері;

2) Рефлексивті қабілеттіліктері жоғары дамыған:

- өзбетімен мақсат қою және оған жету тәсілдерін меңгеру;

- «болашақ бейнені» құру және дамудың болашағын көру.

3) Белсенді өмірлік позициясы айқын айқындалған.:

- өзін-өзі анықтау үш деңгейде (эмотивті, когнитивті, іс-әрекетте);

- жетістікке жету мотивациясы жоғары.

Д.К. Мак-Клелландтың мотивация-лық теориясында адам мотивтері мен қажеттіліктерін жүзеге асыру мүмкіндіктері, жетістіке жетуге ұмтылу, негізгі мотивтік түрткі болып, қанағаттанушылық пен нәтиже түрлерінің болуын жатқызған жетістікке жету мотивациясы қоғамдық тарихи жағдайлармен байланысты қарастырылып, қоғамдағы экономикалық даму, жетістікке жету мотивтерінің ұлттық деңгейімен” айқындалады деген қорытындыға келген.Жалпы, жетістікке жету мотивациясы бұл адамның қандай да бір іс-әрекетті сапалы және жақсы орындап, өзінің іс-әрекетінің нәтижелерін жақсарту болып табылады. Ал жетістікке жету мотивациясы жоғары адамдардың мақсат және міндеттерді қоюда өзінің мүмкіндіктерін шынайы бағалайды, қиындықтарды жеңуге ұмтылып, іс-әрекетте жоғары нәтижелерге жетуге тырысады.

Наши рекомендации