II.Оқушылардың субьекті тәжірибесін өзектілеу кезеңі.
ІІI.Жаңа сабақты оқып білу кезеңі:.
1.Сабақ тақырыбын таныстыру. 2.Шығарма тақырыбы жайлы мағлұмат беру. 3.Алматы қаласы туралы өз білгендерін сұрау. 4.Алматы қаласы туралы суреттермен таныстыру. 5.Сұрақ–жауап арқылы түсініктерін кеңейту. –Алматы қандай қала? -Алматы қай таудың етегінде орналасқан? –Алматының алмасы қалай аталады? –Алматы дегенде көз алдарыңа не елестейді? –Алматы көшелері қандай?
–Алматыда қандай көрікті орындар бар?
–Алматы қаласында қандай көлік түрлерін көресің?
–Медеу туралы не білесің?
–Көктөбе туралы естіп пе ең?
6.Жеке оқушыларға әңгімелеу.
7.Алматы қаласы туралы өз ойларын жазғызу. IV.Жаңа білім іс-әрект амалдарын қорытындылау кезеңі
–Бүгінгі біздің шығармамызға арқау болған қай қала?
–Шығарма бойынша не білдің?
– Алматы қаласы қандай қала екен?
–Алматы несімен әлемге әйгілі екен?
.V.Үйге тапсырма:
Ережені жаттау қайталау.VI.Рефлексия кезеңі: Жазба жұмыстарын тексеріп, оқушылар еңбегін бағалау, мадақтау.
Тексерілді:
Күні:11.02.15 Пәні: қазақтілі Сынып: 2«Ә»
Сабақтың тақырыбы:Бас әріппен жазылатын сөздер. Сабақтың мақсаты: Білімділік:Жер-су,адам, хайуанаттар аттарының бас әріппен жазылатынын меңгерту. Сөйлем ішінде кездесетін бас әріппен жазылатын сөздерді дұрыс жазуға үйрету; кейбір заттардың аттары бас әріппен жазылмайтынын ажырата алу,(мысалы; өсімдік аттары) Дамытушылығы:Қойылған сұраққа толық,түсінікті, дәлелді жауап беруге, өз ойын дұрыс жеткізе білуге дағдыландыру. Тәрбиелік:Оқушыларды ұқыптылыққа, сауаттылыққа, практикалық іс-әрекеттерді дұрыс атқаруға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:аралас сабақ.
Сабақтың ұйымдастыру түрі:түсіндіру, танысты сұрақ-жауап, талдау-жинақтау.
Сабақтың көрнекілігі:кесте, жұмыс дәптер. суреттер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Психожаттығу жасату.
Үлкенге де «Сіз»
Кішіге де «Сіз»
Бас иеміз құрметпен
Бәріңізге «Біз»
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
II.Оқушылардың субьекті тәжірибесін өзектілеу кезеңі.
– Үй тапсырмасының орындалуын тексеру.
– Жеке оқушыларға оқытып, дұрыстығын анықтау.
– Зат есім дегеніміз не?
– Зат есімдерге қандай сұрақтар қойылады? – Кім? Кімдер? деген сұрақ неге байланысты қойылады? – Не? Неге? деген сұрақ ше? – Зат есім байланысты ережелерді жатқа сұрау.
ІІI.Жаңа сабақты оқып білу кезеңі:
1.Сабақ тақырыбын таныстыру. 2.Кесте бойынша таныстырмалы жұмыстар жүргізу. 3.Күн ретін, сынып жұмысын жазғызу.
Көркем жазу. Сөздік диктант алу. Сөздерге тиісті сұрақтар қою.
Жолаушы, арыстан, бүлдірген, шағала, ұста, диқан, қарағай, тоңазытқыш, қаңылтыр.
Көп ойласаң-дана боларсың, Ойнасаң бала боларсың.
4.Оқулықпен жұмыс. 1-жаттығу. –Көп нүктенің орнына тиісті сөзді жазу. –Отбасында тағы кімдер бар толықтырып жазу. –Адамның аты-жөнін қандай әріппен жазғандарын, себебін түсіндіру.
2-жаттығу. –Жаңылтпашты жаңылмай айтқызу.
Жаңылтпаштың ішіндегі балалардың аттарын тауып, неліктен үлкен әріппен жазылғанын сұрау.
3-жаттығу. Шығармашылық жұмыс. -Өзі жақсы көретін үй жануарлары туралы қысқаша әңгіме жазғызу. Оларға ат қойғызу. –Үй жануарлары мен хайуанаттардың аты қалай жазылады. –Адамдар үй жануарларды не үшін өсіреді? Олардың пайдасы туралы айту.
4-жаттығу. –Мәтінді оқу. -Жер-су аттарын теріп жазу. Өздері білетін, жер-су аттарын жалғастыру.
IV.Жаңа білім іс-әрект амалдарын қорытындылау кезеңі.
– Бүгін не жайлы өттік?
– Бас әріппен жазылатын сөздер қандай сөздер? – Өсімдік атаулары бас әріппен жазыла ма?
–Мысалдар келтіре отырып, сабақты қорытындылау.
V.Үйге тапсырма беру: 5-жаттығу. 134 бет.
VI.Рефлексия кезеңі: Оқушылардың сабақтағы белсенділіктеріне қарай бағалау, мадақтау.
Тексерілді:
Күні:12.02.15 Пәні: қазақтілі Сынып: 2«Ә»
Сабақтың тақырыбы: Жалқы есім мен жалпы есім. (1) Сабақтың мақсаты: Білімділік:Жалқы есім және жалпы есім туралы түсінік беру. Жалқы есімге және жалпы есімге қандай зат есімдер жататынын ажырата білуге үйрету. Дамытушылығы:Жаттығулардан жалқы есімдерді тапқызу арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру; жалқы есімдерді бас әріппен жазуға дағдыландыру. Тәрбиелік: Халқымыздың батырларына деген сүйіспеншіліктерін артыру, практикалық іс-әрекеттерді дқрыс атқаруға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:жаңа сабақ.