Дамыта оқыту ұғымына қатысты теориялардың сәйкесінше авторларын табыңыз.

Р/с Аты - жөні Теориясы
  «Оқыту дамуда тек қана жуық арада болатын салдар ғана емес, алыс болашақта болатын салдарға ие болады, оқыту тек қана дамудың соңынан ғана, онымен қатарласа жүріп отыра алады, ол дамудың алдына түсіп, оны ары қарай итермелеп, онда жаңа қасиеттер туғызып жүре алады».
  «Даму» ұғымын педагогикалық заңдылықтарға негіздей отырып, адамның әртүрлі қиындықтардағы мәселелерді шеше білуге дайындығы деп түсіндіреді.
  Ақыл-ой кызметінің төмендегідей көрсеткіштері дамуды іске асырады деп есептейді. Олар: байқампаздық, өз ойын еркін жеткізе білу, практикалық іс-әрекеттер атқара білу.
  Оқу іс- әрекетін түсіндірілетін іс -әрекеттік мазмұн мен мағынаға толы болуы деп санайды..Ол оқу іс -әрекетінің жүзеге асуына көмектесетін құралдардың бірігуін “проблеманы шешу мен шешуге тырысу ,әдетте бұрыннан бар білімдерден қандайда бір жағдайларды шешу әдістері немесе құралдары ретінде алуды ұйғару” деп тұжырымдайды
  Теориясы бойынша ,оқу ойын және еңбекпен бірге жетекші әрекеттің типі. Оқу полимотивті және полимағыналандырылған іс әрекет деп қарастырылады.
  Оқу іс-әрекетінің негізгі бірлігі оқу міндеті болып табылатындығын атап көрсетеді. Оқу міндеттерін күнделікті өмірдегі басқа тәжірибелік міндеттерден ажырата алған жөн. Оқу міндеттерінің басқа барлық міндеттерден ең негізгі айырмашылығы, оның мақсаты мен нәтижесі субъектінің өзін өзгертуге бағытталады, яғни, субъектінің қарастырып, қолданып отырған заттарын өзгертуге емес, сол үшін пайдаланатын белгілі бір әдіс-тәсілдерді меңгеруге назар аударылады .
  Дидактикалық жүйесінің негізгі қағидаларының бірінде де баланың ақыл-ой күшін, қабілеттерін дамыту олардың білімге деген құштарлығын оятып, лаулата түседі делінген.
  Қандай болмасын іс-әрекетті оқу деп атап, оның нәтижесінде адамда жаңа инновациялық үрдіс – педа-гогикалық жаңалықтардың динамикалық бірлігі және ғылыми тұрғыдан тәжірибеде қолданылуы жүзеге асады дейді.П.Я.Гальпериннің анықтауынша :оқу субъект әрекетінің негізінде білімді ұғыну.
  Іс-әрекет - дегеніміз реакциялардың жиынтығы емес, әрекеттердің жүйесі. Оқу қызметінің негізгі нәтижесі болып оқушыдағы теоретикалық сананың және ойлаудың қалыптасуы болып табылады. Танымды оқу қызметінің бірінші деңгейіне И.И. Ильясов: а) оқу материалының мазмұнын түсіну; б) оқу материалдарды өндеу әрекеттерін жатқызады.
  Оқу әрекетінде оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін белсенділендіруде бірлескен-диалогтық танымдық іс – әрекетті қалыптастыру түсінігін енгізді

Жауаптары:

Л.С.Выготский
И.Я.Лернер
Л.В.Занков
С.Л.Рубинштейн
А.Н.Леонтьев
Д.Б.Эльконин
Я.А.Коменский
П.Я. Гальперин
И.И.Ильясов
С.М.Жақыпов

Мақсаты:Рефлексия жасауға дағдыландыру.

Әдістемелік нұсқаулар:

Кестеде берілген теорияларды оқып, сәйкесінше авторларын табуыңыз керек.Ол үшін дәрістер кешеніндегі 1,2,3,4 тақырыптарды қайталап оқыңыз.

Әдебиеттер:

1. Зимняя И. А. Педагогикалық психология Алматы 2005

2. Арзымбетова Ш. Ж. Дамыта оқытудың психологиялық - педагогикалық еңбектерінде зерттелу жағдайы // Білім берудегі менеджмент - Менеджмент в образовании. - 2012. - №1. - С. 98-103.

3. Тұрғынбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары. Алматы 2000

4. Қосым. М. М. Дамыта оқыту жүйесіндегі сабақтардың құрылымы мен кезеңдері // Педагогикалық кеңес. - 2012. - №1. - С. 11-14.

5. Смаилова З Дамыта оқыту технологиясының жеке тұлғанвң дамуына әсері «Бастауыш мектеп »2004

6. Даупаева К. Дамыта оқытудың дидактикалық принцптері «Бастауыш мектеп» № 2004

7. Буранбаева Л. С. Жаңа буын оқу кітабындағы дамыта оқыту қағидалары «Бастауыш мектеп» №9 2005

15 - Тақырып. Өзара ынтымақтасқан қарым-қатынас.

Талданатын мәселелер:

1. Өзара ынтымақтасқан қарым-қатынас туралы түсінік

2.Қарым – қатынас аспектілерімен жақтары

3. Қарым-қатынас типтері, формалары

4.Жағымды қарым-қатынасты қалыптастыру жолдары

Мақсаты: Өзара ынтымақтасқан қарым-қатынас мәдениетін дамыту.

Әдістемелік нұсқаулар:

1. Қарым – қатынас, оның мақсат, мазмұны, әдіс-тәсілдері, типтері

2. Вербальды, вербальды емес қарым-қатынас формаларын қолдану арқылы өзара жағымды қарым-қатынас орнату.

3. Өзара әртүрлі ұлттардың қарым-қатынас мәдениетін игеру.

Әдебиеттер:

1. Маркова А.К. Психологические критерий эффективности учебного процесса. Вопросы психологий № 4, 1977 г.

2. Сабыров Т. Оқушылардың оқу белсеңділігін арттыру жолдары. А., Мектеп, 1978 ж.

Наши рекомендации