Жаңа дәуір әдебиетіндегі ақын-жазушылардың шығамаларындағы «көкбөрі» ұғымы

Жаңа ғасыр әдебиетіде халық санасына көк бейнесін жақсы жағынан көрсетеді..Осындай тектілігімізді келешекке жеткізу үшінде жиырма бірінші ғасыр жазушыларыда өз үлестерін қосып жүр.

Қазіргі қазақ ақындарынан ізін сонау көне тарихтың сара жолына жақын тұрған – Тыныштықбек Әбдікәкімов. Оған өлең құрылымы мен поэтикалық жүйе, өзіне ғана ұқсас ойлау жүйесі куәгер.
«Ақпан прозасы»:
Алаштың несін айтасың,
Ата тілі отыз тіске қамаулы,
Ата Мекені обалсыздарға тонаулы.
Шүлдірлек көкпегі үшін,
Нан табу мектебі үшін,
Оқалы шекпен үшін,
Қыңсыған көк итке айналдырды, тәңірлік
Көк Бөрісін...

Т.Медетбек, Ж.Ерманмен ортақ мотив «Көк бөрі» тотеміне ғана аңғарылмайды. Әйтсе де, бұл жолы белгілі архетип «көк ит» антиномиясымен толықтырылады. Т.Ме­детбектегі «Арланға ұмтылған Төбет сияқты Қарға шаншылып Құйрығы ғана қалады»; «Апайтөс иттер Құйрығын бұтына қысып Үре алмай қалды» тақілеттес, Ж.Ерманда «Бәтіңкемді жалатып маң төбетке Маужыраймын маяның қуысында» тәрізді, Әбубәкір Қайранда «Ақ қанденге бәрі ғашық» бұлардың (Төбеттер-ай, аянышты ең не деген!) Құзырына құлап кеткен құмардың Иттер кетіп бара жатыр дәмемен («Иттер») сияқты тармақ, шумақтар логикалық, семасиологиялық қайшы­лықтардан ірілік пен күйкілік туралы концепт тудырады. Ж.Ерманның «Күзгі жырында» ғана «маң төбет» табиғат идиллиясына ұқсас суретте неғұрлым бейтарап кескінде алынғанымен, үйретінді мақұлық қылығын әр күйлі жағдайдағы субъектілер әрі түрлі қабылдайды. Ит – асыранды, қолға үйретілген, иесіне жағынады. Бұл тұрмыс, шаруа үшін ыңғайлы болғанымен, поэти­калық сана философиясы одан тәуелділік, бейімделгіштік, жасықтық іспетті сан алуан келеңсіздік заматтарын жақтырмауға ықыласты. Осыдан кейін мұндай түсінікте романтикалық эстетика түйірі жоқ деп айта алмаймыз. Қасқырдың анасы – табиғат. Ол – біздің арғы бастауға қатысты ырықсыздық деңгейіндегі тұрақты са­ғынышымыз. Бөрі – біздің тотеміміз. Адам­ның ой астарында ұжымдық бейсаналық күй-хикметтер осындай ежелден таныс нысандарға кезіккенде барынша жігерлі кейіп алуға ұмтылады. Ақындар логиканың өзін шарттылыққа бағындырады. Әйтпесе, нәпсі құмары иттердің ғана үлесіне жатпайды. Ә.Қайранның «иттері» нені ұнату түйсігінен де ажырап қалған. Т.Медетбек жырында М.Әуезов «Көксерегіндей» қас­қырдың қарсыласы да түр-тұрқы жағынан барынша кесек. Алайда «Аққасқадай» аяулы бөрібасар әдейі еске алынбайды. Ақ­қасқа – сирек құбылыс. Басқа үйре­тін­ділердің дала тағысынан жеңілуі заңды. Әдеттегі ит – жаман; ит – жақсы; қасқыр –жаман; қасқыр – жақсыға саятын тезис­терден бірінші және төртінші ұйғарым ғана поэтикалық шарттылық заңына сәйкес бөлек шығарылады. Бұл тұжырым осы таңдағы тіршіліктің тарғыл пішінін күйзе­ліспен жырлау парызына оңтайлы.
Поэзия арқылы көрініс табатын адам психологиясындағы шындық қоғамға тән таңбалық маңызды бейнелеуге тиіс. Әлеу­меттік ортаның белгілі бір құрамы осы тұрғыда ойланса, оны бекерге шығару қате. Ақындар тең емес жағдайдағы қасқыр бейнесіне үлкен жүк артады. Бөрінің мей­лінше ұнамды қасиетке иеленуі жоғарыдағы контекстерде реалистік дүниетанымнан гөрі дүниені қатып қалған күйде емес, протоплазма қалпында танығысы келетін пос­т­модернистік дүниесезінуге бейім­дігімен ерекшеленеді. Көк бөрі архетипі басқа мәтінде өзгеше реңкпен, тіпті патриоттық пафоспен де жырланып жатқанын мансұқ ете алмайсыз.

Бауыржан Жақып: Көк түріктің мәңгі тірі рухымын, Көктегі Айға Көк бөрі боп табынған

·

Бауыржан Жақып:

Толығырақ: http://alashainasy.kz/akyn/bauyirjan-jakyip-kok-turktn-mang-tr-ruhyimyin-kokteg-ayga-kok-bor-bop-tabyingan-50675/
материалды қалай болсын қолдану тек қана Alashainasy.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі

Серіктің осыдан біраз жыл бұрын жазған «Қасқырдың монологы» атты өлеңі. Өлең ғана емес, рухтың құйындысы, елдің елдігі үшін жұлысып, талай-талай қанды ұрыстарды басынан өткеріп, сонау заманның жан шыңырауынан естілген қасқыр бабалардың зары бұл.

Ақын Серік Ақсұңқарұлының поэзиясында көк бөрінің символы ерекше орын алады. Құлдықтың қамытынан құтыла алмаған қара тобырдың бүгінгі лас тірлігіне күшті қарсылықты туғызу үшін ақын қасқырдың образына еніп сөйлейді.
Көк бөрі дейміз арғымыз киесі асқан,

Бұл жайлы талай жазылған, жазылар дастан.

Көгілдір аспан бейнесін баламаласам -

Құшағына тең қазақтың айқара ашқан.

Біз - ұрпақ білмей жүрмейік өткенді мүлдем,

Қиындай түсер келешек кешегі күннен.

Аңызға келсек, қазақтың арғы бабасын

Көк бөрі салып бауырына асырай білген.

Бар сырын ұқсақ бөрінің көзқарасынан,

Қол үзбес олар ешқашан өз баласынан.

Қазаққа осы мінезі керек-ау деймін

Еш перзент шетке кетпесін өз даласынан.

Ұрпағы ұлттың мерейін өрлеткей бүгін,

Шуағын беріп оларға тұр көктен Күнім.

Өжеттік, батыл, қайтпайтын мінезі менен

Еліме берсін бөрінің бірбеткейлігін.

Дүние, мал да, мол дәулет бізден де қалар,

Тұрғанда қолдап рухымен бөрі бабалар.

Жүректі тербеп жазылған өлең-жырларды

Ақын тегінен айырылып, өлексе үшін жұлысып итке айналып бара жатқан бүгінгі ұрпағының тірлігіне қапаланады. Еркіндікті аңсап, дүниеге асқақ қараған қасқыр бабаларының рухын қайта тірілткісі келіп, аспанға қарап ұлығандай болады.

Қасқыр-бабалар!
Бар ұлыстардың
Мазасын алып манадан –
Иттермен болған қанды ұрыстардың
Иісін сезем даладан.

Қаңқу сөз жүрек кегін үрлейді,
Қарлық-қарғысқа барабар.
Бізбенен иттің тегі-бір дейді..
Рас па, қасқыр – бабалар?!
Серік Ақсұңқарұлының өлеңдерінде қасқырдың символы айрықша орын алады. Оның поэзиясында «ақынның үшінші дауысы болып» (Томас Элиот ) көбінісе қасқырдың образы сөйлейді.

Түркі халықтарының дала жырт­қышы қасқыр (бөрі) бейнесі қазақты

жауға шапқанда жауын­герлік рухын оятатын байраққа бедерленген

Қандай іс немесе бастама болсын алдымен идея түрін­де пайда болады. Қазақылық салт та белгілі бір идеологиялық шатыр­дың астында өсіп-өнгені, дамығаны сөзсіз. Ол шатырдың қазығы терең, діңгегі мықты болуы тиіс еді. Далалық өлкелерде тәуелсіз, еркін өмір сүру салтын қалаған қазақылық мүддеге қызмет ететін идеологиялық құралды тотем бабаларға деген наным-сенім атқарды. Түркілердің тотемі далалық өңірдегі ең жыртқыш, азулы әрі азатшыл аң –қасқыр. Қасқыр тотемі туралы әңгімелер ғұндар, көк түріктер, үйсіндер, оғыздар сынды ежелгі халықтардың көне мифтерінде сақ­талған.

Зәкенхан Тұрсынханұлының «Көк бөрінің көз жасы» еңбегінде XII – XIII ғасырдағы Орта Азияға Шыңғыс хан мен оның балаларының жасаған шапқыншылығы, жергілікті халықтың жанкешті қорғанысы, көрген бейнеті, көз жасы көркем тілде суреттеледі.
Ал, автордың романды неге «Көк бөрілердің көз жас» деп атағаны, менің ойымша кітаптың өз атында тұрған секілді. Себебі: Шыңғыс, Жошы шапқыншылығынан кейін күйзелген ел, жаншып басса да, жалғызын өлтіріп жылатып еңіретсе де берілмей бекем болған, езгінің астында ақситып азу тісін көрсеткен, қайсар да қайратты елді бөрі демей кім дерсің? [ 9 ]
Ал, қазақ тарихының басқа кезеңдеріне келсек, қай кезеңін алсақ та сол қайсарлықтың ізін көріп қалғандаймыз. Мысалы: жетпіс жыл бойы Кеңес еліне бодан болған, диктаторлық саясатта тәрбиеленген қазақ жастарының біртұтас Қазақстанның еркіндігі үшін жаппай көтерілуіне не себеп? Ата – бабамыздан мұраға қалған қанымызға сіңген ЕРКІНДІК пен БОСТАНДЫҚ сүйгіштігіміз бе, әлде сол қанымызға қосқан БӨРІ – АНАмыздың үлесі ме? Менің ойымша екеуі де, шындыққа ұласатын секілді. Себебі, басып – жаншып, өз ой, өз арманынан айрылған көнбіс халықтың бір күнде көтеріліске шығуына кім, не себеп? Әрине, бұған себеп қанға сіңген рухтық – киелі қасиет. Ертеңгі күнге деген сенім мен күшті біліктің арқасында қазіргі теуелсіздігімізге жеткеніміз дәлел.
«Көк бөрі», «Көк»- сөздері. Біз үшін киелі, қадірлі, қасиетті. Дәл осы сөз алпыс екі тамырында қазақтың қаны ойнаған бойындағы ар – намыс пен қазақтың қамын ойлаған мынау алып даламның төсін емген осы бір құт мекенде өсіп - өнген «көшпенділер» деп аталған бабалардың көшіне енген бар қазақтың қан жүрегінде сақталатын, құранның аятындай жатталатын сөз болса керек. Арқадағы Ақорданың төрінен көкке өрлеген көк байрақпен көгіме арғы тегі Көкбөрі деп саналған қайсар мінез қазақтың тәуелсіздік қыраны қалықтаған күні туды. Қанша ғасыр өтсе – дағы көнермеген, тозбаған, айтқан сайын рухыңды қозғаған, тыңдағанда көкірегіңде намыс оты маздаған дәл осындай құдіретті сөз, қазағымның бүгіні мен ертеңінде талай- талай жас оттарды маздатып, өшкенімізді жандырып, жоғалғанымызды іздеуге себеп болары қақ. Жаңа ғасыр таңы тағы атқанда, қазағымды әлем танып жатқанда, Көкбайрағым көтеріліп аспанға, ынтымақ пен ырысымыз жарасқан бұл шақтарда көк аспан, ата-баба рухына сиына отырып жахандану көшіне алға тарқанда Қазақстан елі Евразия ғана емес бүкіл әлемге танымал болды. Бұған көптен себеп елбасы президентіміз Н.Назарбаевтің ұстанып отырған достық, ынтымақтастық саясаты болса керек. Көк байрақтың астында, иманды сөзі аузында, «алла» деген, «көк тәңір» деген ел- жұртымның берекесі берік, алты ауызы түгел болғай!

Тамыры тереңге жайылған ағаштың, жапырағы да көгеріп мәңгі көктеп гүлденері шындық. Тамырын тереңге жайған, жапырағы жайқалған ағаш деп отырғаным қазақ ұлты ,қазақ елі, қазақ халқы. Бұл мен үшін мәңгілік ел бейнесінде көрініс тапты.

Мәңгілік ел –бұл қазақтың өткен тарихынан бастау алуы тиіс.Тамыры тереңге жайылған тарихтан сыр шертер болсақ , сонау көк түріктің сан ғасырдан арман етіп келе жатқан мәңгілік елі бүгінгі біздің жетістігіміз бен ертеңге қояр мақсат-мінтеттеріміз емес пе?

Көне түрік заманында бөрінің алтын, күміс, қола мен мыстан құйылған бас бейнесі мен тек қана ту емес сонымен қатар қару жарақ пен ат әбзелдерін әшекейлеген. Ол туралы ұлы КөнеТүрік қағанатының жерінде табылған археологиялық қазбалар айғақтайды. Бөрі басы бейнеленген заттар билік пен ерліктің, өрлік пен тектіліктің нысаны болды. Олар бөрі рухының қашан да жебеп жүретін салтына айналды.

Маңғыстаудың ең биік шоқысы Отпан тау болып есептеледі. Жаугершілік заманда ел іргесіне жау тигенде адайлар Отпан тау басына от жағып белгі берген. Оны көрген батырлар келісімді жерге жиылып, бас біріктіріп, жауға соққы берген. Сондықтан Отпан тау ел бірлігінің символы болып келді. Маңғыстаудың, исі қазақтың танымал ақындары Сабыр Адай мен Светқали Нұржан бас болып, 2003-жылы Отпан тау басына Адай ата кесенесін салды. Адай ата кесенесіне «Түгел түркі түбі бір, түп атасы – Көкбөрі» деген ұғымға сай Көкбөрінің алып бейнесі орнатылып, төменірек Ақсарай салынды.

ҚОРЫТЫНДЫ

Көк бөрі ұғымы қазіргі біздің көк туымызбен төтемдік мағынада байланысып жатыр.

Күлтегінен бастау алатын «Оғызнама» жырында, «Ертарғын» халықтық туындысында, Нысанбай жыраудың «Кенесары-Наурызбай» жырында Махамбеттің «Мұнар күн» өлеңінде Шалкиіздің «Ау, бөрілер, бөрілер», Дулат Бабатайұлының «Аягөз» өлеңінде ерекше рухтық сипатта жырланады.Алаш қайраткерлерінің өкілі М. Жұмабаев, Б.Күлеев шығармаларында, О.Сүлейменовтың «Бөлтіріктер» туындысында , Ф.Оңғарысыновнаның «Сиыну» өлеңінде, жаңа заман ақын-жазушылар шығараларында ұлттық намыс пен айбындылық көк бөрі әр түрлі сипаттағы символға ие болады.

«Көк бөрі», «Көк»- сөздері. Біз үшін киелі, қадірлі, қасиетті. Көкбөрі – түз тағысы, бірақ өте ақылды, аса сақ, қайсар, азулы жыртқыш, күшке көнбейтін өр мінезді еркін даланың батыры. Адам арыстанды да, жолбарысты да, аюды да таяқпен қорқытып, өзіне құл етті де, цирк аренасына шығарды. Ал, бөріні әлі күнге дейін ешкім бағындыра алмай келеді. Ол – айбындылықтың, еркіндік пен тәуелсіздіктің, бостандықтың символы.

Тарихқа көз жүгіртсек, ататегіміздің рухын, салт- санасын, қаҺармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман- тілегін жеткізетін құнды белгі де, біріктіруші күші де – Көкбөрінің таңбасы болған. Жер шарының Азия, Африка, Европа, Америка сияқты құрлықтарына түгел тараған түркі халықтарының ортақ Елтаңбасы – Көкбөрінің таңбасын қайта жаңғыртса, рухани мәдениетіміздің тегершігі тектес дәстүр-дағдыға енгізсе, бүкіл түркілердің атамекені, тарихи отаны – қарашаңырақтың иесі болып отырған қазақ жеріндегі біз үшін ардақтап, мақтан тұтар, киелі де, құнды жәдігерге айналар еді.

Дәл осы сөз алпыс екі тамырында қазақтың қаны ойнаған, бойындағы ар-намыс пен қазақтың қамын ойлаған, мынау алып даланың төсін емген, осы бір құт мекенде өсіп-өнген «көшпелілер» деп аталған бабалар көшіне енген бар қазақтың қан-жүрегінде сақталатын, құранның аятындай жатталатын сөз болса керек. Арқадағы Ақорданың төрінен көкке өрлеген көк байрақпен көгімізге арғы тегі Көкбөрі деп саналған қайсар мінез қазақтың тәуелсіздік қыраны қалықтаған күні туды. Қанша ғасыр өтсе-дағы көнермеген, тозбаған, айтқан сайын рухыңды қозғаған, тыңдағанда көкірегіңде намыс оты маздаған дәл осындай құдіретті сөз халқымыздың бүгіні мен ертеңінде талай-талай жас оттарды маздатып, өшкенімізді жандырып, жоғалғанымызды іздеуге себеп болары хақ.

Қалай болса да, ақын шығармаларындағы «Көк бөрі» — ешқашан айтылып таусылмайтын, алып тақырыптың тамаша кіріспесі сияқты . Біздің пікірімізше, кез-келген тақырыпты әрі қарай тарам-тарам, том-томдап өрбітіп, түбегейлі саралап, ой толғайтын ақын-жазушылардың ізбасарлары әлі де осы тақырыпты жан-жақты, терең талдап, мәңгілік ел идеясының рухымен байланыстыра зерттейтініне, өз туындыларының негізгі тақырыбы ететініне кәміл сенейік.

Бұл тақырыпты зерттей келе оқушылардың «Көк бөрі» ұғымы туралы және «Мәңгілік ел» идеясын терең түсіне біліуге, дәріптеуге негіздеу.

Нәтижесінде Қазақ әдебиетіндегі ақын-жазушылардың «көк бөрі» ұғымын қолдану сипаты, мәңгілік ел бейнесінде көрініс табуы туралы мектеп оқушылары жетік біле ме? деген сауалдар бойынша, мен 10-шы сыныптар арасында сауалнамалар жүргізілді. Сауалнама нәтижесі мынандай.

Сауалнама көрсеткіші бойынша оқушылардың «көк бөрі» туралы мүлдем білмейді деуге болмайды. Негізгі мағынасын ашуда біраз қиындықтар туындаған. Қазақ сыныптарында оқитын оқушылар ортаңғы пайыз көрсетсе, ал орыс сыныптарыда оқитын оқушылар төмен пайыз көрсетеді. Сондықтан, «көк бөрі» ұғымы мен елбасымыздың «Мәңгілік ел» идеясын сабақта, сыныптан тыс шараларда кеңінен түсіндіру, насихаттау шараларын жүргізу керек деген қорынтындыға келдік. Болашақта тіл-әдебиет мамандары қолдануға арналған кітапша шығаруға жоспарладық.

Наши рекомендации