Кіметтік емес сектордың адам құқықтары саласындағы жұмысы
Барлық құқық қорғау мәселелерін ашық әрі жариялы талқылау саясаты үкіметтік емес ұйымдарды адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына қатысты заң жобаларын, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, мемлекеттік бағдарламалар жобаларын әзірлеу және талқылау процесіне барынша кең тарту қажеттігін туғызады.
ҮЕҰ-ның облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдерінің жанындағы кеңестерінің қызметінің шеңберінде мүмкіндігі шектеулі адамдар, қарттар, балалар, босқындар, белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар тұратын мекемелердегі адам құқықтарының сақталу мониторингін жүзеге асырған орынды, оның нәтижелері Адам құқықтары жөніндегі уәкілге және адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға жауапты басқа да мемлекеттік органдарға жолданады. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі құқық қоғау мониторингін ұйымдастыруға әдістемелік көмек көрсетер еді.
ҚР Әділет министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитеті жанындағы қоғамдық кеңеске ұқсас уақытша ұстау изоляторларындағы, кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтарындағы, медициналық айықтырғыштардағы адамдардың құқықтарының сақталу мониторингін жүзеге асыру мақсатында ҚР Ішкі істер министрлігінің және оның аумақтық бөлімшелерінің жанынан қоғамдық кеңестер құрылуы мүмкін.
Үкіметтік емес ұйымдардың адам құқықтарын қорғау саласында әдістемелік және әдіснамалық көмек көрсету мәселесі маңызды болып табылады. Осы мақсаттарда ҮЕҰ ресурстық орталықтарына адам құқықтарын қорғау туралы тиісті материалдарды, адам құқықтары жөніндегі халықаралық шарттардың, Қазақстанның адам құқықтары саласындағы маңызды заңдары мен басқа да нормативтік құқықтық актілерінің мәтіндерін берген, мемлекеттік оргнадар мен үкіметтік емес ұйымдардың құқық қорғау мониторингінің жалпы стандарттарын әзірлеу бойынша бірлескен кеңестерін ұйымдастырған жөн.
Үздік құқық қорғау ұйымы немесе үздік құқық қорғаушы деген жыл сайынғы мемлекеттік сыйақы ҮЕҰ құқық қорғау қызметін ынталандырудың тетігі болар еді.
2005 жылғы маңызды қоғамдық-саяси оқиға ІІ Азаматтық форум. Оған дайындық барысында және форумда үкіметтік емес ұйымдар мемлекеттік органдармен және іскерлік құрылымдармен тығыз өзара байланысып оны іске асыру азаматтық секторды одан әрі нығайтуға және оның адам құқықтарын демократияландыру және оның мәдениетін бекіту процесіне белсенді қатысуына ықпал ететін ұсыныс дайындады. Форум барысында әзірленген барлық ұсынымдардың орындалуы бойынша күш-жігер салу қажет. Халықтың әлеуметтік-әлсіз топтарының құқықтары мен мүдделерін қорғайтын ұйымдарға, әсіресе өңірлік деңгейде қолданыстағы ұйымдарға білім беру, ағарту, сараптау-талдау, зерттеу, мониторингтік және адам құқықтары саласындағы басқа да жобаларды қаржыландыруды көздей отырып, ел өңіріндегі оң, сондай-ақ шетелдік озық тәжірбиені пайдалып мемлекетік қолдау көрсету қажет деп пайымдаймыз. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі құқық қорғау жобаларына конкурс өткізу барысында әдістемелік көмек көрсете алады.
Ағартушылық және білім беру қызметі
Қазіргі кезде мемлекеттік органдар БҰҰ 2004 жылғы 10 желтоқсанда қабылдаған, Адам құқықтары саласындағы білім берудің 2005-2007 жылдарға арналған бүкіләлемдік бағдарламасының бірінші кезеңін іске асыруға бағытталған Адам құқықтары бойынша білім беру саласындағы ұлттық жоспар жобасын әзірлеуде. Жобаны дайындауға үкіметтік емес ұйымдарды тарту және оны ата-аналар комитетін, мүдделі мемлекеттік органдарды, ҮЕҰ-ды, халықаралық ұйымдарды қоса алғанда көпшіліктің арасында талқылауды ұйымдастыру қажет деп пайымдаймыз, бұл осы кешенді құжатты дайындау кезінде түрлі пікірді ескеруге, сол арқылы тиімді іске асыруға мүмкіндік береді.
Адам құқықтары жөніндегі мемлекеттік тілде және Қазақстанның басқа этностарының тіліндегі материалдардың жетіспеуі адам құқықтары жөніндегі халықаралық шарттардың мәтіндерінің осы тілдерге аударылуын, оларды жариялауды және білім беру мекемелерінде кең таратуды, нормативтік құқықтық құжаттардың деректер базасына орналастыруды жүзеге асыруды талап етеді. Адам құқықтары жөніндегі әдебиетті мемлекеттік тілде және Қазақстанның басқа этностарының тілінде әзірлеу және енгізу проблемасы да өз шешімін күтуде. Бұл мәселелерді Адам құқықтары саласындағы ұлттық жоспардың жобасын әзірлеу кезінде ескеру қажет.
Кәсіби топтардың (журналистердің, мемлекеттік қызметшілердің, білім беру, әлеуметтік сала, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің) мамандандырылған сұраныстары біліктілігін арттыру, дайындау және қайта дайындау мекемелерінде осы сұраныстарға бейімделген адам құқықтары жөніндегі арнайы курстар әзірлеу және енгізу қажеттігін туындатады.
Адам құқықтары саласында біліктілігі жоғары мамандарды дайындау мақсатында, “Болашақ” бағдарламасының шеңберінде адам құқығының халықаралық құқық магистрі (Master of International Human Rights Law) мамандығын алуға грант санын арттырған, сондай-ақ осындай мамандықты қазақстандық жоғары оқу орындарына енгізген жөн.
Қазақстандық ҮЕҰ-ның барынша маңызды адам құқықтары жөніндегі халықаралық кампанияларға қатысуын түрлі өңірлік және республикалық акциялар ұйымдастыру арқылы, мұнымен Қазақстанның адам құқықтарына бейілділігін және адам құқықтарын құрметтеу идеясын тарату ынтымақтастығын жариялай отырып ынталандыру қажет.
Адам құқықтары саласындағы халықаралық ынтымақтастық
Халықаралық гуманитарлық құқық жөніндегі ведомствоаралық комиссияның және адам құқықтары жөніндегі халықаралық шарттардың жұмысын жандандыру қажет, өйткені комиссиялардың соңғы отырысы 02.12.2004 жылы ғана болды. Комиссиялардың мемлекеттік органдардың елдің халықаралық құқық қорғау шарттарының міндеттерін орындауы жөніндегі қызметін үйлестірудегі рөлі айтарлықтай. Комиссиядағы жұмыс түрлі мемлекеттік органдардың пікірін келісуге мүмкіндік береді, осы ведомствоаралық органның отырыстарында Адам құқықтары туралы халықаралық пактіге мемлекеттік органдар ұсынған барлық ескерпелер алып тасталған болатын.
Қазақстанға көптеген мемлекеттер демократияландыру және адам құқықтары саласындағы Орталық Азиядағы көшбасшы деп қарайды.осыған байланысты, адам құқығы саласындағы өңірлік ынтымақтастықты дамыту бойынш күш салуды жалғастыру қажет. Осындай ынтымақтастықтың өзекті мәселелерінің арасынан халықтың әлеуметтік-әлсіз топтарының, еңбек көшіп-қонушыларының, босқындардың құқықтарын көтермелеуді және қорғауды, адам құқықтары бойынша білім беру саласындағы іс-әрекеттің ұлттық жоспарларын әзірлеу бойынша ақпарат алмасуды, бірлескен зерттеулер жүргізуді және жобалар жасауды атап өтуге болады.
Қазақстан Республикасының адамның құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету жөніндегі оң тәжірбиесін шетелде жариялау жұмыстарын күшейту, сондай-ақ белгілі бір елде (мысалы, Amnesty International, Human Rights Watch, Save Children, Халықаралық Хельсинск комитеті және басқалар) адамның құқықтары мен бостандықтарының сақталуы бойынша халықаралық қоғамдық пікір қалыптастыратын құқық қорғау ұйымдарымен өзара әрекет етуді жүзеге асыру қажет.
Өзекті құқық қорғау мәселелері бойынша елдік және өңірлік бағдарламаларды іске асыруға ниеті бар белгілі шетелдік зерттеу және білім беру мекемелерінің әлеуетін пайдалану қажет.
Үкіметтік емес ұйымдардың халықаралық шарттарды орындауы жөніндегі Қазақстанның есептерінің жобасын дайындау және талқылау практикасын жалғастыру қажет. Құқық қорғайтын ҮЕҰ ақпараты елдің есептері үшін маңызды көз, өйткені БҰҰ-ың шарттық органдары өз пікірін қалыптастыру барысында ҮЕҰ ұсынған ақпаратқа сүйенеді.
Үкіметік емес ұйымдардың халықаралық құқық қорғау форумдарының жұмысына қатысуын әдетте халықаралық ұйымдар қамтамасыз етеді. Қазақстанда адам құқықтарыгың сақталуы мәселесін сындарлы талқылауды қамтамасыз ету, мемлекеттің азаматтық қоғаммен ынтымақтастықтағы адам құқықтары саласындағы пробламаларды шешу бойынша оң күшін жариялау мақсатында Қазақстан Республикасының ресми делегациясының құрамына ҮЕҰ-ның құқық қорғау өкілдерін қосқан орынды болар еді.