Авторлық құқық саласындағы қадағалау құқығының түсінігі

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) бақылау және қадағалау органдары – заңнамаға сәйкес лицензиялауды және (немесе) өзге де рұқсат беру құжаттарын беруді, тіркеу есебіне қоюды, сондай-ақ тексерілетін субъектілер қызметінің осы Заңның 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі нысанасына байқау және тексеру жүргізуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар және олардың аумақтық бөлімшелері;

2) жедел ден қою шаралары – Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген, тексерілетін субъектілерге қоғамдық қауіпті салдарлардың туындауын болғызбау мақсатында тексеруді жүзеге асыру барысында және тексерулердің нәтижелері бойынша қолданылатын ықпал ету тәсілдері;

3) мемлекеттік бақылау (бұдан әрі – бақылау) – мемлекеттік органның тексерілетін субъектілерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға олардың қызметінің сәйкестігі нысанасында тексеру және байқау жөніндегі қызметі, оны жүзеге асыру барысында және нәтижелері бойынша жедел ден қоймастан құқық шектеу сипатындағы шаралар қолданылуы мүмкін;

4) мемлекеттік қадағалау (бұдан әрі – қадағалау) – мемлекеттік органның тексерілетін субъектілердің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауын тексеру және байқау жөніндегі қызметі, оны жүзеге асыру барысында және нәтижелері бойынша құқық шектеу сипатындағы, оның ішінде жедел ден қою шаралары қолданылуы мүмкін;

5) тәуекел – тексерілетін субъектінің қызметі нәтижесінде салдарының ауырлық дәрежесі ескеріле отырып, адамның өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы;

6) тәуекелдерді бағалау жүйесі – бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын органның тексерулерді жоспарлау мақсатында жүргізетін іс-шаралар кешені;

7) тексерілетін субъектілер – қызметіне бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, оның ішінде мемлекеттік органдар, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері.

2-бап. Қазақстан Республикасының бақылау және қадағалау

туралы заңнамасы

1. Қазақстан Республикасының бақылау және қадағалау туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгiленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.

3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы

1. Осы баптың 3, 4-тармақтарында және осы Заңның 12-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Заң құқықтық мәртебесіне, меншік нысанына және қызмет түрлеріне қарамастан, тексерілетін субъектілерге бақылау және қадағалау жүргізуді ұйымдастыру саласындағы қатынастарды реттейді.

2. Осы Заңда:

1) бақылау және қадағалау органдары жүзеге асыратын тексерулерді жүргізу тәртібі;

2) бақылау және қадағалау органдарының тексерулер жүргізу кезіндегі өзара іс-қимылының тәртібі;

3) тексерілетін субъектілердің бақылау және қадағалау жүргізу кезіндегі құқықтары мен міндеттері, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі шаралар;

4) бақылау және қадағалау органдарының және олардың лауазымды адамдарының тексеру жүргізу кезіндегі құқықтары мен міндеттері белгіленеді.

3. Осы Заңның 4 және 8-баптарын қоспағанда, осы Заңның күші:

1) инвестициялық преференцияларды көздейтін инвестицияларды жүзеге асыруға арналған келісімшарттар талаптарының сақталуын бақылауға;

2) жер қойнауын пайдаланушылардың пайдалы қазбаларды барлауды, өндіруді, бірлескен барлау мен өндіруді жүргізуге не барлауға және (немесе) өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға, не жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге арналған келісімшарттар талаптарын сақтауын бақылауға;

3) кеден ісі саласындағы мемлекеттік бақылауға байланысты қатынастарға қолданылмайды.

4. Осы Заңның күші, осы Заңның 8-бабын қоспағанда, мынадай:

1) прокуратура жүзеге асыратын жоғары қадағалау;

2) қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу барысындағы бақылау және қадағалау;

3) сот әділдігі;

4) жедел-іздестіру қызметі;

5) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының сақталуын бақылау салаларына қатысты қолданылмайды.

5. Осы баптың 3 және 4-тармақтарында көрсетілген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы талаптарының сақталуына, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылауға және қадағалауға байланысты бақылау мен қадағалау жүргізу кезінде туындайтын қатынастар көрсетілген салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.

Наши рекомендации