Лғажәнестуденттікұжымныңпсихологиясы.

Студентті ұжымдық қатынас процесіне енгізу қиын әрі күрделі шаруа.
Ең алдымен баланың жекелей мәнді екенін ескеру керек. Студенттерді - болашақ ұжым мүшелерін бір-бірінен денсаулықтарына, сыртқы көріністеріне, мінез бітістеріне, қатысу деңгейіне, біліміне, біліктілігіне т.б. қасиеттеріне қарап ажыратамыз. Сондықтан, олар ұжымдық қатынас жүйесіне әртүрлі болып енеді, жас жағынан әртүрлі реакциялар туындатады, кейде ұжымға кері әсерін тигізуі де мүмкін. Ұжымдық қатынас жүйесін-дегі тұлғаның жеке әлеуметтік тәжірибесіде маңызды келеді. Ол арқылы оқушының сана-сезім ерекшеліктері, құнды бағдарлау жүйесі, жүріс-тұрысы белгіленеді. Ал бұлар осы ұжымның дәстүр-тәртіптеріне, құндылықтарына сай келуі не сай келмеуі де мүмкін. Оқушы тәжірибиесі басқадай болған жағдайда тәжірибе ауқымы мен сапасына сәйкес өз құрдастарымен қарым-қатынас орнатуы қиынға түседі. Әсіресе, жеке әлеуметтік тәжірибе сол ұжымның құнды тәжірибесіне қарама-қайшы келсе, онда қарым-қатынас қиындыққа соқтырады.

Тұлға мен ұжым арасындағы қатынас тек тұлға сапасына ғана емес, ұжымға да байланысты. өз күшін, салт-дәстүрін құрған, басқарушы белсенділері бар, даму-дың жоғары деңгейіне қол жеткізген ұжыммен қатынас жақсы орнығады. Бұндай ұжым басқаларына қарағанда өзіне жаңадан кірген тұлғамен қатынасқа оңай түседі.

Әрбір адам аз немесе көп күш жұмсау арқылы ұжымдағы өз орнын табуға талпынады. Бірақ кейбір объективті немесе субъективті себептердің әсерінен тұлғаның барлығы бірдей табысқа қол жеткізе бермейді. Табиғи мүмкіндіктері бойынша жеке адам ұжымдағы кейбір құндылықтардың өзіне сәйкес келмеуінен өз жасқаншақтығын жеңе алмай,табыстарға қолын жеткізе бермейді. Әсіресе, ұжымның, достарының өзіне деген қатынасын бағалай алмайтын, өзін-өзі тануы мен бағалауы сияқты қасиеттері толық дамымаған бастауыш сынып оқушыларына мұның қиын соғуы мүмкін. Бұл педаго-гикалық жағдайдың объективті себептері бар: іс-әрекет-тердің бірсарындылығы, ұжымдағы оқушының атқаратын рөлінің тарлығы, ұжым мүшелері арасындағы қатынастың ұйымдастыру формаларының біртараптылығы мен мазмұнының жұтаңдығы, бірін-бірі қабылдау мәдениеті-нің кемшілігі, жолдасының ескеруге тұрарлық бағалы да қызықты қасиеттерін елей алмауы және т.б. Ғылыми зерттеулер нәтижесінде тұлға мен ұжым арасындағы қатынас дамуының кең тараған үш түрі анық-талған: 1) Тұлға ұжымға бағынады (конформизм); 2) Тұлға мен ұжым бір-бірімен үйлесімді қатынаста (гармония) болады. 3) Тұлға ұжымды өзіне бағындырады (лидерлік).

Шығармашылтұлғатүсінігі.Адам тұлға болып тумайды, қалыптасады. Тұлғаның қалыптасуы мен дамуы үш факторға: тегі, ортасы және тәрбиесіне тығыз байланысты. Өзін қоршаған ортамен қатынасы арқылы адамның табиғи мәні ашылып, жаңа қасиеттері қалыптасады. Тәрбиенің сапасы тәрбиешінің тәрбие жұмысын мақсатты, жүйелі, кәсіби шеберлікпен жүргізуіне байланысты. Адам әлеуметтік жүйеде тәрбиеленіп, дамиды, қоғамда болып жатқан іс-әрекеттерге көзқарасы қалыптасады, нығаяды. Тұлға – біртұтас жүйе. Жүйенің басты мақсаттарының бірі – жас ұрпақты оқыта отырып жалпы дамыту, еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға дағдыландыру, жеке қасиеттерін ескеру, басшылыққа алу, әрі қарай ұштау, тұлғалыққа бағыттау.Шығармашылық бағыттың дамуы адамның өзін тұлға сезінуі мен айналасына өзіндік көзқарасы болуына байланысты. Шығармашылық бағыттың дамуына денсаулығы, психикалық қызметінің дамуы, негізгі шарты – әлеуметтік даму жағдайы негіз болады.Тұлғаның шығармашылық қасиеті кішкентайынан көріне бастайды, себебі, шығармашылық – бала дамуының қалыпты жағдайы. Алайда шығармашылыққа бейімділік бірте-бірте жоғала бастайды, ол балаға да, қоғамға да кері әсер етеді. Шығармашылықпен тұрақты және саналы айналысатын және өз мүмкіндігін жүзеге асыра алатын адам өмір талабына, өзгермелі еңбек шартына, өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі жетілдіруге тез бейімделеді «Шығармашылық» сөзінің төркіні «шығару», «ойлар табу» дегенге саяды. Демек жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деп түсіну керек. Философиялық сөздікте «шығармашылық – қайталанбайтын, тарихи қоғамдық мәні бар, жоғары сатыдағы жаңалық ашатын іс-әрекет» деп түсіндіріледі. Көрнекті психолог Л.Выготский «шығармашылық» деп жаңадан ашатын әрекетті атаған.Шығармашылықпен тұрақты және саналы айналысатын және өз мүмкіндігін жүзеге асыра алатын адам өмір талабына, өзгермелі еңбек шартына, өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі жетілдіруге тез бейімделеді.Шығармашыл адам жаңашыл, ізденімпаз болады, өмірі қызық, мақсаттарын жүзеге асыру барысында өз жолын өзі ашып, кедергілерді жеңе алады, үздіксіз алға жылжып отырады. Тұлғаның іс-әрекетінің, мақсатының бағыты тікелей әлеуметтік жағдайға байланысты. Әрбір бөлік бірін-бірі дамытып отырады да, жан-жақты дамыған әлеуметтік тұлғаны қалыптастырады. Ал, шығармашылық бағыттағы адамның қажеттілігі, қызығуы, идеялары мақсаттарын жүйелейді, айқындайды. Шығармашыл тұлға шығармашылық іс-әрекетте болады, іс-әрекеттің барлық түрінде шығармашылықпен дамиды. Балалық кезеңде шығармашылық бағыт оқу-тәрбие үрдісінде тиімді дамиды. Нәтижесінде баланың білімі, белгілі бір қабілеттері артады. Ол әр алуан жолмен, әсіресе, эстетикалық үрдіс ретінде оқушының болмысқа және өнерге көзқарасын қалыптастырады. Болмыс пен өнер адам өмірінде үлкен рөл атқарады. Өнер сөзсіз шығармашылық салаға жатады. Сонымен шығармашыл тұлға болу дегеніміз – дүниені тану және жаңарту арқылы тұлғаның болмысқа көзқарасын айқындауы.

илет-16

1. Студенттік топ құрылымы. Топ — әлеуметтік тұтастықтан белгілі бір нышандары негізінде бөлінетін адамдардың шектеулі шамадағы қауымдастығы; бұл нышандар атқаратын қызметтерінің сипаты, әлеуметтік не таптық қатыстылығы, даму деңгейі және т.б. болуы мүмкін. Топтардың шамасы, құрылымы мен құрамы өздері сол үшін топтасқан іс-әрекеттің мақсаттары мен міндеттеріне қарай анықталады. Топ мүшелерінің бірлескен қызметінің мазмұны топ ішіндегі динамиканың барлық үрдістеріне себепкер болады, бұлар: тұлғааралық қатынастардың дамуы, серіктестердің бір-бірін қабылдауы, топтық нормалар мен құндылықтардың, ынтымақтастық және өзара жауаптылық нысандарының қалыптасуы. Әлеуметтік топ; бір топ оқушы; Топталып оқу. Топ белгілі біріккен іс-әрекеттерімен сипатталатын адамдар жиынтығы. Ішкі және сыртқы топтық қасиеттеріне қарай топтарды келесі түрлерге бөлуге болады: санына, байланысына, ұйымшылдығына, ынтымақтастығына, тұрақтылығына, тұлға үшін маңыздылығына т.с.с.

· 1. Санына байланысты үлкен топтар (ұлттар, партиялар, таптар), шағын топтар (отбасы, ұшақ экипажы).

· 2. Байланысына қарай алғашқы шынайы (сынып, студенттік топ, өндірістік бригада), соңғы жағдайға немесе шартқа байланысты (университеттің студенттері, қаладағы немесе аудандағы мектепті бітірушілер, қаладағы зейнеткерлер);

· 3. Ұйымшылдығына қарай: ұйымдасқан, ресми (сынып, студенттік топ), ұйымдаспаған бейресми (көпшілік, жиын, жұрт).

· 4. Ынтымақтастығына қарай ынтымақты жоғары дамыған (студенттік топ, өндірістік бригада), ынтымақсыз төмен дамыған (бірінші сынып оқушылары).

· 5. Тұрақтылығына қарай тұрақты (ұлт, отбасы), тұрақты емес (мерзімдік, уақытша бригадалар).

· 6. Тұлғаға маңыздылығына байланысты эталоиды, референтті (шынайы немесе үлгі болатын қиялдағы топ), топтар.

· 7. Қоғамныңдамуынабайланыстыпрогрессивті (ұжым), регрессивті.

· 8. Іс-әрекеттіңтүрінеқарайойын, оқу, еңбектоптары.

Топтағытұлғааралыққатынасты социометрия әдісімензерттейді. Бұләдістіенгізген Дж. Морено. Топтағыәрбірадамекітүрлі: іскерлік (ресми) жәнсжеке (бейресми) қатынастаболады. Біріншісітоптыңбүкілқұрамыменбіргеқұжатқатүсірілу, ал екіншісіұнату, жақсыкөру, достық, жолдастық, жеккөру, жауласут.б. себептернегізіндепайдаболады. Іскерлікқатынастарғашекқоюғаболады, ал жекеқатынасқашекқоюмүмкінемес. Іскерлікжәнежекеқатынастартұлғааралыққатынасжүйесінқұрайды. Тұлғааралыққатынасынзерттегенкездебақылау, эксперимент, әртүрліәңгімелесуәдістеріпайдаланылады. Мұндайәдістердіңбірі — таңдауболыпсаналады. Бұләдістітұңғышұсынғанамериканпсихологі Дж. Морено. Бұлөзбетіншеобъективтіәдісжәне оны әлеуметтікпсихологияныңбасқаәдістеріменбіргетұлғааралыққатынастызерттегенкездеқолдануғаболады. Топ — жалпыбелгілердіңнегізін (мақсат, іс-әрекеттүрі, әлеуметтікдеңгей, жасерекшелігі, адамдар саны жәнет.с.с.) құрастырғанадамдардыңәлеуметтікжиынтығы. Топ — жалпыбелгілердіңнегізін(мақсат, іс-әрекеттүрі, әлеуметтікдеңгей, жасерекшелігі, адамдар саны жәнет.с.с.) құрастырғанадамдардыңәлеуметтікжиынтығы.
2. Аудиторияғы ықпал ету психологиясы. Суырыпсалма сөйлеу, яғни импровизация, сөзді жанды да тартымды етіп, тыңдаушылар назарын ұстап, шешен мен аудитория арасындағы байланысты нығайтуға көмектеседі. Алайда импровизацияға шектен тыс беріліп, ол шешеннің даярлығына негізделмесе, бұл көп жағдайда шешенді өзінің тақырыбынан алшақтатып, оның сөзінің қисындық, мазмұндық қырларын көмескілендіреді. Тыңдаушыларға қажетті ықпал ету үшін сөйлеушіге арнайы психологиялық білік-дағдылар қажет. Олардың қатарына тыңдаушылар назарын аудару, ықпал етудің эмоционалдық және қисындық факторларын сабақтастыру, иландыру тетіктерін қолдану, қарым-қатынас түрін таңдау, аудитория ерекшеліктеріне сай ықпал ету құралдарын алмастырып отыру, көрнекілік құралдарын пайдалану және т.б. жатқызамыз. Ең алдымен, сөйлеушінің аудиторияға ықпал ету амалдары туралы айқын ұғым-түсінігі болғаны абзал. Шаршы топ алдында сөйленер сөздің басты ұтымды ерекшеліктерінің бірі – бұл орайда сөйлеуші қолында пайдалауға болар құралдардың бүтіндей бір кешені болады: дыбыстық, визуалды, вербальді, бейвербальді құралдар. Қарым-қатынастың бұл құралдарының барлығы да тыңдаушыларға логикалы, эмоционалды ықпал ету үшін, аудиториямен қарым-қатынас, байланыс орнату үшін қолданылады. Сөйлеушінің аудиторияға ықпал ету арналары: – Визуалды (аудиториямен көзбе-көз тікелей байланыс); – Паралингвистикалық; – Кинетикалық (ым-ишарат); – Лингвистикалық. Сөйлеушінің аудиторияға ықпал ету құралдары: – Көзқарас; – Ым-ишарат; – Тұрысы; – Дауыс (дауыс күші, деңгейі, тембры, сазы); – Интонация; – Сөйлеу жылдамдығы; – Кідірістер (логикалық және психологиялық). Айталық, сөйленер сөзді бастапқы кідірістен бастау қажет деген әдістемелік ереже көпшілігімізге етене таныс. Оның басты қызметі – психологиялық ахуал туғызу. Ол не үшін қажет? Ол, біріншіден, аудитория назарын белсендіру үшін қажет болса, екіншіден, сөйленер сөзді қабылдауға даярлану мүмкіндігін беру үшін қажет, үшіншіден, аудиторияны қажетсіз ширығу, не шулау секілді факторлардан арылтып, шешеннің де өз сөзіне терең үңілуі үшін де қажет. Кідіріс арқылы тыңдаушылар қызығушылығын арттыруға болады, кідіріссіз, сөзді күрт бастау арқылы оларды таңқалдыруға да болады. Міне, қарап отырсақ, бұл екі түрлі амал-әдіс те психологиялық құрал ретінде қолданыла алады. Оныңмақсаты – назараударту, қызығушылықтуғызу.

3. Оқытушы мен студенттердің өзара қарым-қатынасының стилі

Жасөспірімдер мен ұстаздар арасындағы өзара қарым-қатынас жасау мәселесі-психология ғылымындағы және тәлім-тәрбие ісіндегі әрі маңызды, әрі күрделі проблемалардың қатарына жатады. Бұл салада жүргізілген бірсыпыра зерттеулер мен осы бағытта жинақталған тәжірибелердің нәтижелері жасөспірімдер мен ұстаздар, оқушылар мен тәлімгерлер арасындағы қарым-қатынас орнатуда айтарлықтай ерекшеліктер мен сипаттар түрліше түсініктер бар екендігін көрсетті. Міне, мұндай мәселедегі елеулі жәйттің бірі-мұғалім мен шәкірттер арасындағы қарым-қатынас жасауда әрқилы қиыншылықтардың үнемі кездесіп отыратындығы. Шәкірттердің ұстаз бойындағы сапалары мен ерекшеліктері туралы көзқарастары мен өзіндік пайым-түсініктерін мынадай төрт топқа бөліп анықтап көрсетейік:
1. Мұғалімнің адамгершілік сапалары мен өзіндік қасиеттері; оқушыларға деген қатынасы;
2. Мұғалімнің өз пәнін жетік меңгеруі мен ұстаздық шеберлігі;

3. Мұғалімнің класс ұжымын басқарып,оған жетекшілік ете алуы; 4. Мұғалімнің мінез-құлқындағы даралық сапалары, бойындағы қасиет ерекшеліктері.
Арнайы зерттеу нәтижелерін талдай отырып, мұғалім жайындағы шәкірттердің пікірлерін топтастыра отырып қарастырылғанда ұстазға тән 27 ұнамды сапалармен бірге 27 ұнамсыз ерекшеліктердің бар екендігін атап көрсетуге болады. Сол шәкірттердің мұғалімнің мінез-құлқы жайындағы ұнататын сапалары мен қарым-қатынас жасауда талап етілетін жағымды сипаттар мынадай:
Бірінші топқа жататын сапалық ерекшеліктер:

а) шәкірттердің адами қасиеттерін ескеріп онымен үнемі санасып отыруы;
ә) жасөспірімдер мен ересек адамдарға бірдей деңгейде қарым-қатынас жасап, олардың пікірлерімен санасу;
б) оқушыларға сенім білдіру;
в) шәкірттердің бойындағы кемшіліктерді көпшілік талқысына салмай,жеке өзіне оңаша айтуы;
г) шәкірттермен сөйлескенде үнемі сыпайылық пен әдептілік үлгісін көрсету;
ғ) кімге де болса игі тілекпен ықыласты көмек көрсету;
д) шәкірттердің жан дүниесін (психикасын) айтпай-ақ түсініп,үнемі сезімталдық көрсетуі;
е) әрбір істе үнемі әділетті болуы;
ж) шәкірттердің табысы мен ықылас-ынтасын тез аңғарғыштығы;
з) әркімге лайықты орынды талап қоюы.
Екінші топтағы сапаларға:
а) өз пәнін жетік біліп, бағдарламалардан тыс материалдарды қамти алатындығы;
ә) өзінің мамандығын өзге ғылымдармен ұштастыра білуі мен білімінің әр тараптығы; б)сабақты түсінікті әрі нақты жүргізуі;
в) өз ынтасымен қосымша әдебиет оқыған шәкірттерді тез аңғарып, оларды көтермелеп отыруы;
г) өз пәніне деген оқушылардың ықылас-ынтасын арттыра білуі; ғ) сабақты шебер ұйымдастырып, әрбір оқушының дербес жұмыс істеуін, сабаққа кластың түгел қатысып отыруын қамтамасыз еру.
Үшінші топтағы сапалар: а)қоғамдық ұйымдар мен кластан тыс жүргізілетін жұмыстарды қызықты әрі тартымды етіп өткізуі;
ә) оқушылардың белсенділігі мен дербестігін бағалап,балалардың бастамасын үнемі қолдауы;
б) балалардың пікірлерімен санасып, оған мән беруі және олардың талап-тілектерін ылғи ескеріп отыратындығы;
в) оқушыларға берген уәдесін қалайда орындайтындығы;
г) балалардың өзара қарым-қатынасына мән бере зер салуы, тату болуға бағыттай білетіндігі;
ғ) ұлдар ммен қыздар арасындағы достық қатынастарды дұрыс қалыптастырып, қамқорлық жасауы;
д) әрбір нәрсені істей білетін шебер ұстаз шәкірттеріне де көп нәрсе алатындығы.
Төртінші топтағы сапалар:
а) әрбір істі көңілді орындап сөзді тапқыр сөйлейтіндігі;
ә) мінез-құлқының қарапайымдылығы;
б) өзін-өзі меңгеріп, ұстамдық үлгісін көрсететіндігі.
Осындай топтастырып көрсетілген сапалар шәкірттердің ұстаздары жайындағы шынайы ой-пікірлерін білдіреді. Мұндай ұнамды сапалармен қатар, оқушылар өз ұстаздарының іс-әрекеті мен мінез-құлқындағы және шәкірттермен қарым-қатынасындағы ұнамсыз ерекшеліктері мен жағымсыз сипаттарын атап көрсетеді. Осы тұрғыдан алғанда ұстаздың ұнамсыз ерекшеліктерін де мынадай төрт топқа бөліп жіктеп көрсетуге болады.

№ 17 ЕМТИХАН БИЛЕТІ

Наши рекомендации