Тақырып. Эго-психологиясы және оның тұлғаның психологиялық теорияларымен байланысы: Э.Эриксон

Жоспар:

1.Эрик Эриксон: эго — тұлғаның психологиялық теориясы

1. Э.Эриксон теориясы психоанализ практикасынан туындады. Э.Эриксон тұлға құрылымын З.Фрейд сияқты «Ид, Эго, Супер Эго» инстанцияларын бөліп қарастырады. Бұл концепцияның аса маңызды ұғымдары – топтық біртектілік және «Эго» – біртектілік. Топтық біртектілік бала өмірінің алғашқы күнінен-ақ бастап тәрбие берілген әлеуметтік топқа жатқызылуы, сол топқа тән түйсінулерді жаттықтыруға негізделеніп бағытталған. «Эго» біртектілік топтық біртектілікпен параллельді түрде қалыптасады. Және адамда өсу мен даму процесінде өтетін өзгерістерге қарамастан өзінің «Меннің» үзілместігін және табандылыққа, беріктілік сезімі субъектіде пайда болады. Эго – біртектіліктің қалыптасуы адамның бүкіл өмір бойы жүреді және бірнеше кезеңдерден өтеді.

Э.Эриксон бойынша тұлғаның өмірлік жолының деңгейлері

Өмірлік жолдың деңгейлері Әлеуметтік қатынастар аймағы Тұлғаның полярлық сапалары

Прогрессивтік даму нәтижесі

1. Нәрсетелік (0-1 жас) Ана немесе оның орнын алатын адам Сенімділік-сенімсіздік Энергия және өмірлік қуаныш

2. Ерте жас (1-3 жас) Ата-аналар Автономия-қобалжу, ұялу Тәуелсіздік

3. Ойнау жасы (3-6 жас) Ата-аналар, ағалары мен апалары Инициативтілік-кінә сезімі Мақсаттылық

4. Мектеп жасы (6-12 жас) Мектеп, көршілер Қолжеткізу-толыққансыздық Білім мен іскерлікті меңгеру

5. Жасөспірімдік жас (12-20 жас) Құрбы-құрдастар топтары Біртектілік-біртектілік диффузиясы Өзін-өзі анықтау, жанқиярлық пен берілгендік

6. Жастық шақ (20-25 жас) Достары, жақсы көретін адамдары Интимділік-изоляциясы Қызметтестік, махаббат

7. Ересектік (25-65 жас) Кәсіп, туған үйі Шығармашылық-тоқырау Шығармашылық пен қамқорлық

8. Кәрілік (65 жастан кейін) Адамзат, жақын адамдары Интеграция-өмірге көңіл қалу Данышпандылық

Өмірлік циклдің әрбір кезеңі үшін қоғаммен берілетін негізгі специикалық мәселе тән. Бұл мәселенің шешу индивидтің қол жеткізген психомоторлық даму деңгейінде, сондай-ақ бұл индивид өмір сүретін қоғамның жалпы қоғамның рухани атмосферасына да байланысты. Әрбір мәселені шешу екі шекті полюстердің арасындағы динамикалық қатынастарды бектуге негізделеді. Тұлға дамуын – дамудың келесі кезеңдеріне өту кезінде өз мәнін жоғалтпайтын бұл екі мүмкіндіктердің күрес мәселесі. Мысалы, егер де бірінші деңгейде бала да қоршаған әлемге деген сенімсіздігі қалыптасса, онда мектеп жасында мұғалімдердің әсерімен ол бала сенім жағына қарай таңдау жасай алады. Деңгейдің әр біреуінің емес қол жеткізген тепе-теңдігі өзін Эго – біртектіліктің жаңа формасын ашумен белгілейді және аса кеңірек әлеуметтік айналаға субъектісінің қосылуына мүмкіндік ашады. Эго – біртектіліктің бір формасына өту біртектіліктің дағдарысын тудырады. Оны Э. Эриксон «Бұрылу пунктары», «прогресс пен регресс, интеграция мен тоқтапқалулардың арасындағы таңдау мезеті деп атаған».

Дамудың бірінші дегейінде (оральды-сенсорлық) Эго біртектілік бірінші формасымен қалыптасуы басқалар сияқты даму дағдарысынан өтеді. Өмірдің бірінші жылының соңына қарай оның көрсеткіштері; тістердің шығуынан, жалпы қысым, өзін жеке индивид ретінде сезінудің күшеюі, ананың кәсіби міндеттеріне және тұлғалық қызығушылықтарына оралуының нәтижесінде «ана - бала» диадасының әлсіреуі. Бұл дағдарыс оңайрақ өтеді. Егер де әлемге сену мен сенбеу арасындағы қатынас бірінші жаққа қарай құрылса. Бұл қатынас балаға деген күтім сапасымен, оған деген махаббат пен нәзіктіліктің бар болуымен анықталады.

Екінші деңгей (бұлшықеттік-анальдік) ерте жасқа сәкес келеді. Ол кезде баланың мүмкіндіктері тез өсіп, ол жүре бастайды және өз тәуелсіздігін мен автономиясын ұстай алуын меңгере бастайды. Бірақ та нығайып келе жатқан дербестілік, өзінділік сезімі дүниеге деген қалыптасқан сенімділікті үзбеу керек. Бұл деңгейде ляззат алу аймағы ануспен байланысты. Қоғам баланы тазалыққа үйретуге ерекше мән бере отырып, оны өзінің қозғаушы мүмкіндіктерінің меңгерілуі үшін, өзінің жаңа автономдық «Меннің» бекітілуі үшін көрсетуге стимулдайды. Бала қылықтарын әлеуметтік жақталынбауынан өз қателеріне деген ұят, өз мүмкіндіктеріне деген қобалжу сезімдерін қалыптастырады. Тәуелсіздік сезімінің ұялу мен қобалжуға қарсы күресі басқа адамдармен бірігіп жұмыс істей алуымен өз айтқанында тұру қабілетінің арасындағы қатынасты орнатуға әкеледі.

Бұл кезде дербестілік (самостоятельности) сезімі арта түседі.Және де осы кездері әлемге деген қалыптасқан базалық сенімдікті үзбеу керек. Ата-аналар жағынан бақылау баланың – талап ету, иемдену және құрту сияқты – күнделікті өсетін қалауларының шектелуі арқылы ол өзінің жаңа мүмкіндіктерінің күшін тексергеніндей бұл сезімдердің сақталуына мүмкіндік береді.

Үшінші деңгей (локомоторлы-генитальді) бала қоршаған әлемді сапалы және белсенді түрде тани бастайды; ойын барысында бала өз құрдастарымен бірге өндіру процесіндегі адамдар арасындағы қарым-қатынас жүйесін меңгереді. Осының нәтижесінде балада шынайы үлкендермен бірге әрекетке қосылу, кішкентай ролінен шығу ниеті қалыптасады. Бұл оның инициативтілігінің және белсенділігінің дамуына әсер етеді.

Бұл жас кезенінде жыныстық идентификация жүреді және бала ер адам мен әйел адамның жүріс-тұрысының белгілі бір формасын меңгереді.

Төртінші деңгей (латентті) инфантильді сексуальдылықтың белгілі бір ұйқышылдығы және генитальді ересектің артқа шегінуімен сипатталады. Бұл деңей балаларда еңбекқорлықпен, жаңа білімдер мен іскерліктерді меңгеру қажеттілігімен байланысты. Бұл кезде мектеп өзінің мақсаттарымен, өзінің жетістіктерімен және түңілулермен балалар үшін «өз ішіндегі мәдениет» болып келеді. Баланың энергиясы мәдениетті (оқу, кружоктар, спорт және тағыда басқа), адамдар арасындағы қатынасты меңгеруге бағытталады. Еңбек және әлеуметтік тәжірибе негіздерін меңгеру балаға қоршаған адамдардың мойындауын және компетенттілік сезімін алуға мүмкіндік береді. Егер де жетістіктері аса үлкен болмаса, онда бала өзінің қабілетсіздігін, епсіздігін қатты уайымдайды. Компетенттілік сезімінің орнына толыққандылықсыздық сезімдері пайда болады. Бұл деңгей қауіптілігі адекватты емес және толыққандылықсыздық сезімдерінде болады. Егер де бала өзін аса табыстырақ құрдастарымен салыстыра бастаса, онда қоғаммен оған қойылған талаптарының сай келмеуі деген сезімдер туындайды.

Бастауыш мектепте оқу кезеңі – бұл белгілі бір кәсіп өкілдерімен өзінің байланысын сезіну, яғни кәсіби индентификацияның басталыуы.

Бесінші деңгей ең терең өмірлік дағдарысты сипаттайды. Эго – біртектілік бірінші тұтас формасы қалыптасады. Жас өспірімдік шақта дамудың барлық өтілген дағдарыстық мезеттері қайта тұрады. Жас өспірім енді барлық ескі мәселелерге саналы түрде және қоғам мен өзіне таңдаудың дәл осы маңызды екендігіне ішкі сеніммен қайта шешілуі қажет. Сонда әлемге, дүниеге әлеуметтік сенім, тәуелсіздік индивидуалдылық меңгерілген заттар тұлғаның жаңа тұтастығын қалыптастырады.

Эго-біртектіліктің (идентичность) қалыптасуы жас адамға дамудың алтыншы деңгейіне өтуге мүмкіндік береді. Оның мәні - өмірлік айырылмас серікті іздеу, басқалармен тығыз ынтымақтастықта болуды қалау, өзінің әлеуметтік топтың мүшелерімен жақын достық қатынастарға ұмтылу. Жас адам енді өзінің «Менін» жоғалтуға қорықпайды. Э. Эриксон жазғандай алдыңғы деңгейдің жетістіктері оған «тілекпен және дайындықпен өз біртектілігіңді (идентичность) басқалармен араластыруға» мүмкіндік береді. Қоршаған адамдармен жақындасуға деген ұмтылыстың негізі жүріс-тұрыстың басты модальдылықтарын толығымен меңгеру болып табылады.

Бұл деңгейдің қауіпті жағы – жалғыздық, толық жақындасуды талап ететін байланыстардан қашу. Э.Эриксонның айтуынша, бұндай бұзылыстар қиын «мінез проблемасына», психопатологияға әкелуі мүмкін. Егер де психикалық мораторий бұл деңгейде де жалғаса берсе, онда жақындасу сезімінің орнына өзінің ішкі әлеміне, өзінің «территориясына» ешкімді жібермей,дистанция сақтауға ұмтылады. Бұл ұмтылыстардың тұлғалық қасиеттерге – жалғыздық және изоляция сезіміне - айнала алатындығы туралы қауіп бар. Біртектілендірудің бұл жағымсыз жақтарын жеңуге махаббат сезімі көмектеседі. Э. Эриксонның айтуынша, «шынайы генитальдылық» бұл жасжеткіншек пен жасөспірімдерге емес, жас адамға қатысты айтыла алады. Және де фрейдтік өзгешеліктерге негізделіп, махаббат тек сексуалдық құмарлық қана деп түсіндірілмеуі қажет. Оның ойынша махаббаттың ересектік сезімдерінің пайда болуы және еңбек іс-әрекетімен ынтымақтастықтың шығармашылық атмосферасын орнату келесі деңгейге өтуін дайындайды.

Жетінші деңгей адамның өмірлік жолында ересек кезеңде орталық, центрлік ретінде қарастырылады. Э. Эриксон бойынша тұлға дамуы барлық өмір бойы жалғаса береді. Тұлға дамуы басқа адамдарға өзінің қажетті екендігінің субъективті сезімдерін растайтын жанжақтағы балалардың әсері негізінде жалғаса береді. Бұл деңгейдегі тұлғаның басты жағымды сипаттары ретіндегі өндіргіштік пен ұрпақтың жалғасуы шығармашылықта және нәтижелі еңбек іс-әрекетінде жаңа ұрпақты тәрбиелеу туралы қамқорлықта жүзеге асады. Адам істеген нәрсенің бәріне де «Мен» деген кішкентай бөлшекті қосады және сол арқылы тұлғаның баий түсуіне әкеледі.

Керісінше, егер де дамуда жағымсыз жағдай туындағанда өз-өзіне көп көңіл бөле бастаушылық көрініс береді де ол тоқырауға және тұлғалық бос қалуларға әкеледі. Бұндай адамдар жиі кездері өздерін өзінің жеке, жалғыз баласы сияқты қарастырады. Егер де бұндай тенденцияға жағдайлар жағымды болып келсе, онда тұлғаның физикалық және психологиялық инвалидизациясы басталады.

Өмірлік жолдың сегізінші деңгейі эго – біртектіліктің жаңа аяқталған формасының қол жеткізуімен сипатталынады. Белгілі бір жолмен адамдарға не заттарға қатысты қамқорлықты танытқан және де өмірден ажыратылынбайтын сәттіліктер мен сәтсіздіктерге бейімделген адамда ғана, балалардың ата-аналарында және идея мен заттарды жасайтындарда ғана барлық жеті деңгейдің жемісі – тұлға тұтастығы - біртіндеп пісіп жетіледі. Э. Эриксон жанның осы қалпының бірнеше құрамасын көрсетеді: бұл түсінушілік пен тәртіптің өзінің ұстанымында бәрінен де жоғары болатын тұлғалық сенімділік, бұл қандай жолмен келгендігіне қарамастан өткен өмірдің рухани мәні мен әлемдік тәртіп уайымдау ретіндегі адамдық тұлғаның постнарцисстік махаббаты және т.б.

Дамудың бұл деңгейінде ақыл-парасаттылық пайда болды. Өткенге көз жүгірту: «Мен бақыттымын» деуге мүмкіндік береді. Балалар және шығармашылық жетістіктер өзінің жалғасы ретінде қабылданады және өлімге деген қорқыныш жоғалады. Э.Эриксон бұны өлім алдындағы өмірге қызығушылықтың шетте қалуы деген.

Керісінше, бұндай тұлғалық интеграцияның жоқ болуы өлім қорқынышына әкеледі. Өмірді қайтадан бастауға аз уақыт қалғандығын түсіну адам үмітін үзеді.

Эпигенез уақытында негізгі тапсырмаларды шешуде оң және теріс тенденциялардың күресуі нәтижесінде тұлғаның негізгі «рақымшылдықтарын» («добродетели») қалыптасады. Позитивті сезімдер әр уақыттада жағымсыздарға қарсы қойылатындықтан, «рақымшылдықтар» да екі полюсті болып келеді. Міне солай базалық сенім базалық сенімсіздікке қарсыласудан ҮМІТ – АЛШАҚТАНУ туындайды; автономдылық қобалжу мен ұятқа қарсы ЕРІК – ИМПУЛЬСИВТІЛІК туындайды; инициативтілік кінәға қарсы МАҚСАТТЫЛЫҚ – АПАТИЯ; еңбекқорлық өзінің толық еместік сезіміне қарсы КОМПЕТЕНТТІЛІК – ИНЕРЦИЯ; біртектілік біртектілік диффузиясына қарсы БЕРІЛГЕНДІК (ВЕРНОСТЬ) – КЕТУ (ОТРЕЧЕНИЕ); жақындық жалғыздыққа қарсы МАХАББАТ – ТҰЙЫҚТЫҚ; ұрпақ санын көбейту өз-өзіне кетуге қарсы ҚАМҚОРЛЫҚ – БАС ТАРТУ; эго – интеграция өмірге деген қызығушылықтқа қарсы АҚЫЛ-ПАРАСАТТЫЛЫҚ – ЖЕК КӨРІНІШТІК туындайды.

Э.Эриксон концепциясы тұлға өмірінің эпигенетикалық концепциясы деп аталады. Эпигенетикалық принцип эмбриондық дамуды зерттеу кезінде қолданатындығы мәлім. Бұл принцип бойынша, өсеттіннің бәрінде жалпы жоспары бар. Бұл жалпы жоспарға негізделіп жеке бөліктер дамиды. Сонымен қатар олардың әр біреуінде даму үшін қолайлы кезеңдері бар. Бұл барлық бөліктер дамып, функционалды тұтастықты қалыптастырғанша болады. Биологияда эпигенетикалық концепция жаңа құрылымдар мен формалардың пайда болуында сыртқы факторлар рөлін бөліп көрсетіп, сол арқылы ілімдердің преформистикасына қарсы шығады. Э. Эриксонның көзқарасы бойынша, деңгейлердің кезектесуі – бтологиялық жетілудің нәтижесі, бірақ та даму мазмұны адамнан ол қатынасатын қоғамның мүшелері нені күтетіндігімен анықталады. Э. Эриксон бойынша кез келген адам, оның қатынасатын мәдениетіне қарамастан бұл деңгейлерден өте алады; осының бәрі адам өмірінің ұзақтығына байланысты.

Э. Эриксон жасаған жұмысына баға бере отырып, периодизацияны тұлға теориясы ретінде қарастыруға болмайтындығын түсінген. Оның айтуынша, бұл тек осындай теорияны құрастырудың кілті ғана.

Эриксондық схемада тұлғаның даму деңгейлерінің кезектестігі көрсетілген. Э.Эриксонның айтуынша, қарқын мен интенсивтілікте вариация үшін кеңістікті қалдырады. Сонымен «эпигенез схемасы ойлау мен ойланудың өзекті формасын ұсынады».

Қорытындылай келгенде Э.Эриксон концепциясы Кьеркегор атты философтың сөзімен айтсақ, бұл: «Өмір кері тәртіпте түсінілуі мүмкін, бірақ та басынан бастап өмір кешу керек».

Э.Эриксон (1902-1979) тұлғаның психосоциалдық дамуының 8 сатысын бөліп көрсетті. Оның әрбірінде адам мағынасы сананың, психиканың қарама-қарсы жағдайларының арасындағы кикілжіңнің (конфликт) болып табылатын спецификалық тоқырауды (кризис) бастан кешіреді.

1. Қоршаған әлемге сенім сенімсіздік (0-1 жас);

2. тәуелсіздік сезімі – ұят пен күмәнді сезіну (1-3 жас);

3. ынталық – күнә сезімі (4-5 жас);

4. еңбек сүйгіштік – жарты кештік сезім (6-11 жас);

5. белгілі бір жынысқа сәйкестігін түсіну – бұл жынысқа сәйкес келетін мінез-құлық түрлерін түсінбеу (12-18 жас);

6. интимдік қатынасқа ұмтылу – айналадағылардан оқшаулану (ерте есею);

7. өмірлік белсенділік — өзіне ғана бағытталу, жас шама проблемалары (қалыпты есею);

8. өмірді толыққанды сезіну (кеш есею)

Наши рекомендации