Тақырыбы:« Тәуелсіздік жағдайындағы халықтық қозғалыстың даму жолдары».
Жоспары:
1.Қазіргі қоғамның дамуындағы басты жағдайы шынайы тәуелсіздік және консолидация
Сабақтың мақсаты:Қазіргі қоғамның дамуындағы басты жағдайы шынайы тәуелсіздік және консолидация туралы;
Қысқаша мәтіні:Қазіргі қоғамның дамуындағы басты жағдайы шынайы тәуелсіздік және консолидация
1.Қазіргі қоғамның дамуындағы басты жағдайы шынайы тәуелсіздік және консолидация
Қазақстан Республикасы бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді ел. Біздер, қазіргі ұрпақ, патриоттық тәрбие бергені үшін ата-бабаларымызға шынайы алғысымызды білдіруіміз керек.Бұл сезім жоңғар шапқыншылығы кезінде, азамат және Ұлы Отан соғысы жылдарында, кейінгі желтоқсан оқиғалары кезінде анық байқалып отырды. Әрбір елдің азаматтары өз елінің дамуына , оның өркендеп жетілуіне, ұлттық салт-дәстүрлерінің сақталуына атсалысады. Бұл істермен оның патриоттық сезімі көрінеді.
Қазіргі уақытта елімізде патриоттық сезім өзекті мәселе болып отыр. Жастардың көбі патриоттық сезімнің не екенін түсінбейді. Олар Еуропа елдеріне қызыға карайды. Бұны олардың іс-әрекеттерінен байқау киын емес. Сонымен қатар, ең ауыры-нашақорлыққа үйреніп, бұл жолға түсіп жатқан жастардың саны күннен-күнге көбеюде. Ал нашақорлық ұлттық генофондтың бұзылуына алып келетіні мәлім. Сондықтан да бұл ең маңызды келелі мәселе болып отырғанын бүкіл қауым түсініп отыр. Егер бұлардың жолына тосқауыл қойылмаса, онда біз ғасырлар бойы қалыптаскан тарихымызды, тілімізді, менталитетімізді, ұлттық ерекшелігімізді келер ұрпаққа жеткізе аламыз ба?
Ұлттық генофондтық бұзылы, ұлтымызды жоғалтуға дейін апаруы мүмкін екендігін ұмытпауымыз керек.
Біз бұл еңбегімізде жастарды патриоттыққа тәрбиелеудің тиімді жолдарын, осы мәселенің шешулі жолдарын қарастырдық. Әрине бұл бір жылда шешіле кететін мәселе емес. Оны шешу үшін, яғни жастардың бойында патриоттық сезімді ояту үшін бүкіл қоғам болып еңбек ету керек.
Біздің негізгі қарастырып отырған мәселеміз қазіргі жастарды патриоттық сезімге тәрбиелеу болғандықтан, жоғары сынып оқушыларын тәрбиелеу жүйесіне патриоттыққа байланысты сынып сағаттарының және осыған орай жарыстардың өткізілуі, қазақ зиялылары мен батырларының мұражайына апару, мектептерде сабақ басталарда әнұранның айтылуы енгізілуі тиіс.
Патриотизмнің мәнін ашу барысында, ең алдымен, осы патриотизм идеяларының ерте замандарда туып, қалыптасқанын айта кеткен жөн.
Патриотизм туралы идеялар.
Патриотизм идеясының дамуы Аристотель. Платон, Цицерон есімдерімен тығыз байланысты. Рухани дүниенің басты қасиеттері - адамгершілік, т.б. дәстүрлері Аристотель : «Адамның қалыптасуфына, оның жер бетіндегі міндетін атқаруына сабақтас қасиететр» - деп қарастырады.
Цицеронның пайымдауынша, Отан деген ұғымға ең алдымен, саяси орта, құқықтық қатынастармен байланысты бар адамдар бірлестігі және мемлекет кіреді.
Патриотизм туралы идеялары кезінде өздерінің шағармаларында екінші Аристотель атанған Әбу-Насыр ә-Фараби, Махмуд Қашқари, ақын-жыраулар: Асан қайғы, Доспанбет жырау Аймауытұлы, Бұқар жырау Қалқаманұлы, Махамбет Өтемісұлы да айтқан болатын. /2,3,4/ Халқын сүйген, халық мұңын жырлаған патриот ақын – Махамбет өз өлеңдерінде шаруалар көтерілісіне, әлеуметтік өмірдің шындығына көз жібере білген. Ол өзінің жалынды өлеңдерімен халықты озбырлыққа қарсы күресуге шақырады.
ХХ ғасырдың ортасына дейін қазақ халқы өз тарихында талай-талай заман тақыметін тартып, жер бетінен жоңғар елі сияқты құрып кету қаупіне де душар болған. Мәселен, академик М.Қ.Қозыбай дерегі бойынша қазақ жерінде XVII ғасырдың аяғынан 1916 жылға дейін 300-ге жуық ұлт-азаттық көтерілістер болған. Осының өзі ата-бабаларымызыдыңе елге деген, туып өскен жерге деген патриоттық сезімдерінің шынайы үлгілері бола алады./5/
Сонымен қатар елді, туған жерді қорғауға ата дәстүрінен сусындаған ақылды да парасатты халық перзенттері – Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Абылай хан, Бөгенбай, Қабанбай, наурызбай, Қарасай, Жәнібек, Райымбек, Есет, т.б. ұлы адамдар шықты /6/ Ешбір қиындықтың алдында басын имеген ата-бабаларымыз осы заманға дейін мәдени мұралар ғұн, сақ, сәмби, жужан, қыпшақ, оғыз дәуірінен бері келе жатқан мұралар.
Қазыбек бидің жоңғар қонтайшысына айтқан сөзін қазақтардың патриоттық сезімінің айқын белгісі дер едік: «Біз- қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, найзага үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбағанелміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса күң боламын деп тумайды. Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз. Танымайтын жат елге танысқалы келгенбіз, танысуға көнбесең, шабысқалы келгенбіз. Берсең жөндеп бітіміңді айт, не тұрысатын жеріңді айт»/7/
Әлихан Бөкейхан – дара тұлға, ұлт теңдігі жолындағы күреске бел шешіп кіріскен адам. Бұл кезде қазақ халқының бостандығын, егемендігін, тыныштығын аңсаған қазақ зиялылары үлкен бір топ құрып, тоқтамас қуатты күшке айналды.
1917 жылы болған Алаш құрылтайларында төмендегідей қаулы қарарлар қабылданды:
1/250 молданың қарсылығына қарамастан «мұсылман әйелдері саяси құқықтары жағынанда, азаматтық құқықтары жағынанда еркектермен тең құқылы болуға тиіс»
2/8 сағаттық жұмыс күні енгізілсін.
3/ апта сайынғы үздіксіз мерекелік демалыс 2 сағат болып белгіленсін.
4/ Мектепте оқыту ана тілінде жүргізілсін, тегін және міндетті бірдей бастауыш білім беру енгізілсін.
Арада көп уақыт өтпей, Алаш автономиясы кеңестік, коммунисттік зорлықтың құрбаны болды. Тәуелсіздік тапталып, ұлттық сана қанға боялғанымен Алаш Орда азаматтарының ісі өлген жоқ. Қазіргі тәуелсіздік сол жылдардағы бастаманың жалғасы деп қарастырамыз.
Ағартушылар мен жазушылар еңбегіндегі патриоттық сезім.
Өз ұлтына деген патриоттық сезімді қазақ ағартушылары – Шоқан Уалиханов, Ыбырай Алтансарин, Абай Құнанбаев шығармаларынан да көптеп табамыз.
Қашқариядағы саяхаты арқылы дүние жүзіне әйгілі болған Шоқан, Қазақстан халқының тарихы мен әдет-ғұрпы, діни ұғымдары жайында материал жинай отырып, сонымен қатар қырғыз елдің зерттеу экспедициясына қатысады. Орыстың прогресшіл – демократтарының еңбектерін оқып, үлгі етіп, ол : «елдер өздерінің экономикалық және мәдени жетістіктерімен алмасуы керек, егер олар өздерінің ұлттық өмірінің тар шеңберінен шыға алмаса, онда дамулары нашарлайды, мұның өзі қоғамдық прогресті ұзақ уақытқа тоқтатып тастауы мүмкін» - деп жазған. «Еуропаның, жалпы адамзаттың оғартушылығын игеру және осы мақсатқа жетуге бөгет болатын барлық қиындықтармен күресу, дамуға және мәдениетке ұмтылған әрбір халықтың көздеген мақсаты болса керек» - деген Шоқан Шығысұлы, жақын жолдасы Потанин үшін «Еуропаға ашқан терезе » сияқты болды. Шоқан Шығысұлы өз жолын халықты ағарту, оны бостандыққа, ғылым мен білімге жетелеу деп білген.
Қазақ ағартушы педагогі, қазақ балалар әдебиетінің атасы – Ыбырай Алтынсариннің өз халқының болашағына сенімі мол болды. Ол патриоттық сезім үлкейген кезде емес, жастайынан әрбір баланың бойында қалыптасатын сезім деген болатын. Сондықтан да ол алғашқы оқулық жазды. 1879 жылы оның «Қазақ хрестоматиясы» кітабы жарық көрді. Ағартушы әділетсіздікке, заңсыздыққа қарсы болды, халықтың сауатын ашып, өркениетті елдер деңгейінде көруді армандады.
Абай болса өз халқы, өз жерінің жақсы тұрмысына бөгет болатын жағдайларды жеңуге, ғылымды зерттеп, білім алуға қазақ жастарын шақырды. Өз қызметін Отан мен халық алдындағы борышым деп түсінген. Оның шығармалары бостандық сүйгіш халқының болашағына деген қамқорлықпен айшықталған. Оның патриотизмі туған ел табиғатына, мәдениетіне, тіліне, озық дәстүрлері мен ұлттық мінезінің жақсы жақтарына деген сүйіспеншілігінен көрініс тапты. Абай бүкіл қазақ халқын басқа халықтармен достыққа өмір сүруге, олардың жетістіктерін үлгі етіп, содан үйренуге шақырды.
Қазақ халқының білімпазда да көрнекті өкілдерінің ілімдері мен іс-әрекеттерінде екі бағыт байқалды: бір жағынан – олар туған жеріне, туып өскен еліне, Отанына деген сүйіспеншілік болса, екінші жағынан олар қазақ халқын басқа халықтармен достыққа шақырды.
Ізгілікті, өркениетті патриотизм әрқашан да халықтар достығы тәрбиесімен және идеясымен бірлікте болуы тиіс.
Ұлттық сезім, Отанға, елге деген сүйіспеншілік негізінде Алаш Орда қайраткерлері көп іс атқарып, тарихтың жарқын беттерін жаза білді. Егер Мыржақып Дулатұлы : «Оян қазақ» - деп, ұлттық сананың жаңа бір белесіне шақырса, Ахмет Байтұрсынұлы «Қазақ» газетін ашып, бүкіл алаш жұртын тәрбиеледі. Мағжан мен Сұлтанмахмұт орашылдық бұғаудан құтылатын күнді аңсады, туған жұртының отаншылдық сезімін тәрбиеледі.
Орыс революционер – демократтарды да бұл мәселе жөнінде көптеген құнды идеялар көтерген. Мысалға В.Г. Белинскийді алайық. Ол: «Отанға деген сүйіспеншілік жалпы адамзатқа деген сүйіспеншіліктен басталады» - деген болса, Чернышевский оның бұл ойын жалғастыра отырып былай дейді: «Отан деген, ең алдымен, халық. Белгілі бір жерде тарихи қалыптасқан халық, сол жерге тер төгіп, өз еңбегімен түрлендіретін халық, сол жердің бостандығы мен тәуелсіздігін қан төгіп нығайтатын халық, тек сол халық қана жерді әлеуметтік мағынада толтырып,Отан деп аталатын ұғымға айналдырады.»
Қазақ халқынын бертіндегі тарихында патриоттық тәрбие жүйесі бірқатар кемшіліктерге бой алдырды. Біріншіден, жат жұрттың әр түрлі қыспағында болғанымыздан, екіншіден кейінгі КСРО империялық, мемлекеттік саяси идеологиялық тұрғыдан басқарған тоталитарлық жүйенің жеке адамның Отанына, бабалар мұраты мен халық дәстүріне сүйенген патриоттық тәрбие көздерін жалған идеология арқылы жоюынан да байқалады. Соның нәтижесінде елі, жеі үшін жанын берген, халқына үлкен сүйіспеншілікпен қараған, қазақ елінің нағыз патриоттары қуғынға ұшыраған. Солардың ішінде Ахмет Байтұрсынұлы, Тұрар Рысқұлов, Міржақып.Дулатұлы, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Омарханұлы сияқты ірі тұлғалар бар.
Ж. Молдағалиев өзінің
Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тіліммен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген, - деп
Жырлаған «Мен қазақпын» поэмасы үшін қуғынға және әкімшілік қысымға ұшырады.
«Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты!»- деп басталатын Міржақып Дулатұлының «Оян,қазақ!» атты өлеңі, озбырлыққа, әділетсіздікке күресуге шақырған ұрандай болса, Ахмет Байтұрсынұлының:
Қазағым, елім!
Қайқайып белің,
Сынуға тұр таянып.
Талауда малың,
Қашауда жаның,
Аш көзіңді оянып!
Деген жалынды үндеуі түйсігі бар қазақты дүр сілкіндірді.
Қазақ халқының алдыңғы қатарлы өкілдері де өз қызметінде екі бағыт ұстады. Біріншіден, Отанға деген сүйіспеншілік, терең патриотизм болса, екіншіден, халықтар достығы идеясы. Себебі, адамгершілікті, өркениетті патриотизм қашан да халықтар достығының идеясымен, тәжірибесімен үндесіп жатуы заңды болып табылады.
Бақылау сұрақтары:
1.Патриоттық сезімнің қалыптасуы.
2.Патриотизм туралы идеялар.
3.Ұлттық патриотизмнің мәні.
4.Патриотизм идеясының дамуы.
5.Ұлттық сезімнің қалыптасуы.
Лекциялық сабақ №6.